Қазіргі кездегі экологиялық білім берудің Ғылыми педагогикалық негіздері


Ересек топ балаларын айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру



бет9/12
Дата13.01.2022
өлшемі60,41 Kb.
#111489
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
СТУД КЗ 2 ИНФОРМАЦИЯ
stud.kz-88862 (1), stud.kz-88862 (1), stud.kz-88862 (1)
2 Ересек топ балаларын айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру

2.1.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары

Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан қалыптастырып экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетін дамуын қарастыру қажет.

Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаттарының бірі – ересек топ балаларының экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту.

Экологиялық мәдениеттілік – адам сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру көп сатылы үрдіс[19].

Н.С.Дежникова экологиялық мәдениетті балалардың рухани дамуына дамуына әсер ететін, олардың экологиялық көзқарастарын қалыптатыратын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның ойынша, экологиялық тәрбиенің деңгейін ересек топ балаларының қоршаған ортаға деген құнды көзқарастары туралы қалыптасқан білім жүйелерімен анықталады[20].

Ересек топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру отбасы мен балабақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата –бабаларымыз экологиялық тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз берген. Мысалы, «Көк шыбықты сындырма, көктей соласың», «Аққуды атпа киесі ұрады», «Бұлақ көрсең көзін аш» деген сияқты тәрбиелік мәні бар сөздерді жастаынан естіп өскен бала зиянкестікке бармайды.

Жалпы экологиялық мәдениетті қалыптастыру табиғатқа деген сыни көзқарасын қалыптастыру арқылы ғана жүзеге асады Табиғатқа шықсақ ішкен жеген тамағымыздың қалдығын сөмкемізге салып алап қайтамыз. Барлық адамдарды осылай тәрбиелеу керек. Табиғатқа бардың ба, сол орынды тазалап кет. Міне экологиялық мәдениеттің өзөі осыдан шығады. Ол үшін алдымен санамызды түзеуіміз керек. Балаға кішкентайынан ағашты сындырма немесе бүлдірме десек, ол тәрбие санаға сіңеді. Сөйтіп біз ол тәрбиені балабақшада дамытып, мектепте және жоғары оқу оырдарында оқытып, ғылыммен байланыстырсақ, экологиялық мәдениеті бар адамды тәрбиелей аламыз[21].

Ересек топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыратын дидактикалық ойындар.Мысалы:

«Экологиялық пирамида»

Дидактикалық мақсаты.

Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу[22].

Ойын ережелері.

«Экологиялық пирамида» құрудың тәртібі. 6 текше қолданылады. Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесіншісі мен алтыншысында – «экологиялық пирамида » деген жазу бар.

Ойын барысы.

Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген беттерін көрсетеді.

Бірінші беті – күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға.

Екінші беті – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ.

Үшінші беті – күн, су, тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық, кірпі.

Төртінші беті- күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер.

Пирамида құрастырғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар екенін айтады. Балалармен оқиғаларды ойын ретінде жүргізе отырып, пирамиданың жекеленген сатыларын алып тастау кезінде, табиғат нысанының кез келгенінің жойылуы табиғаттыэкологиялық апатқа ұштастыратынына балалардың назарын аудару[23].

«Экологиялық тізбек»

Дидактикалық мақсаты.

Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат, өсімдіктер, улы өсімдіктер, жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру: табиғатта жануарлар да өсімдікткр де өз бетінше тіршілік ете алмайды.

Ойын ережелері.

Тыңдауға негізделе отырып, экологиялық тізбек құрастыру.

Ойын барысы.

Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекеленген буындарын қояды. Балаларға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағындағы цифрлаға қарап, тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді.

Мысалы:


Жапырақ – құрт – шымшық – ителгі.

Дәндер – тышқан – аққұлақ – жапалақ.

Ағаш – балаңқұрт – тоқылдақ – жапалақ.

Ағаш – қоян – қасқыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет