Қазіргі таңда Интернет ақпараттық өзара қарым-қатынастың шынайы түрдегі негізгі факторы болып отыр, ал шындықты елемеу мүмкін емес



бет12/15
Дата14.11.2022
өлшемі5,59 Mb.
#158137
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Акмарал жумысы2013 13 05 2013
16448519630f7bcc7c-0ead-4940-8042-7dcfec1c7d23img, 2 5339427652178546381, олқ 6 сынып каз.т әдебиет, математика, 1-2023-1-001287884-1-1, 5 тапсырма Айтқұл Нұрғазы МиФ-19-1, тжб 9 геометрия
2.4 HTML тілі туралы түсінік

  • HTML – құжат, бұл – HTML-кодтардан және құжаттың негізгі мәтінінен тұратын мәтін. HTML-құжаттарда мәтінді форматтау, құжаттың құрылымын салу, сілтемелерді және мультимедиа-объектілерді енгізу үшін белгі дескрипторлары немесе тэгтер деп аталатын арнайы кодтық сөздер қолданылады.

  • Интернет желісінің қайнар көзін санау 1961 жылдан іздеу керек. Сол кезде, интернеттің өсіп келе жатқан құрылымының ішінде дамыған көптеген тілдер мен протоколдар өндірілген. Web, тек Интернеттің бір бөлігі ғана екенін есте сақтау өте маңызды! Көптеген адамдар Web пен Интернеттің бір екенін ойлайды, бірақ бұл олай емес. Көптеген Internet протоколдар кеңінен танымал болған электрондық пошта мен бүгінгі заманға сай жаңалықтар топтарын қосқанда, сансыз Интернет қосымшаларының жұмыстарын жеңілдетеді.

  • World Wide Web бұл протоколдардың бірі ғана болып табылады, ал гипермәтінді белгілерінің тілі, яғни Hypertext Markup Language (HTML) – тек Internet арқылы ақпаратты жеткізу үшін қолданылатын тілдердің бірі ғана. Ал бұл осы тілдің С++ немесе Visual Basic сияқты жоғары дәрежелі программа тілдеріне жатпайтынын білдіреді. Компиляцияланып орындалудың орнына, HTML тілі Web-броузер ретінде танылған қолданушы агент тарапынан интерпретацияланады.

  • Негізінен, HTML тілі Web беттерін жасау үшін қолданылады. Ол World Wide Web түсінігімен оның құрылымынан алыс емес.

  • HTML дүниеге келуі мен оның пайда болу факторы тарихи тұрғыдан еуропалық элементарлы бөліктер физикасы орталығының программисті Тим БернерсЛимен тығыз байланысты. HTML-ді өндіру кезеңінде, БернерсЛи мына жағдайларға бет бұрған еді:

  • - Біріншіден, оқымысты ғалымдарға ақпаратты басып шығару, сақтау және түзетуге тәулікте 24 сағат бойынша мүмкіндік беретін құрал қажет еді;

  • - Екіншіден, қолданылатын есептеуіш платформаға, желіге және терминалға қарамастан, ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізуге берілетін мүмкіндікті жеңілдететін қандай да бір тіл керек еді.

  • Ғылыми мақсаттардың қолданбалы шешімі ретінде өндірілген HTML, алғашқыда тек мәтіндік аяға кіру үшін және зерттеу ақпараттарымен алмасу үшін қолданылатын еді.

  • Ең қызығы: графикалық аяны қолданылуы HTML-ң кейбір алғашқы мақсаттарына әсер етті, нәтижеде шектелген физикалық мүмкіндіктері бар адамдардың WWW-да жұмыс істеулері үшін және WWW-ң интернационализациялануы үшін қажет болған арнайы құралдар өндірілді. HTML-ң қайнар көзі – белгілердің стандарттық жалпыланған тілінің (Standard Generalized Markup Language – SGML) моделінде негізделген программалық кодтау тілі болып табылады. SGML, құжаттама мамандары тарапынан көптеген жылдар бойы техникалық құжаттарды белгілеу құралдары ретінде қолданылған жүйені береді. Форматтау тілі ретінде, HTML тілі SGML декларациялары мен құжат түрінің анықтамасын (Document Type Definition – DTD) қолданылады. Қазіргі кезде универсалдық құралы болып табылатын HTML гипермәтінді жеткізу протоколымен бірге (Hypertext Transfer Protocol – HTTP), әр түрлі типтегі компьютерлік құжаттардың өзара әрекетін жүзеге асыруға және ақпарат алмасу жылдамдығын тездетуге мүмкіншілік береді. Дегенмен, мұндағы болымсыз жағдай – әр түрлі желілер әр түрлі тілдерде «сөйлейді». HTML, құжаттарға кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, әр түрлі компьютерлердің, платформалардың және желілердің арасындағы құжаттарды аудару мәселелерін шешеді.

  • HTML – бұл клиент немесе қолданушы тарапынан осы процесті мүмкін етіп шығарады. HTML тілі HTTP – протоколы көмегімен жұмыс істейді, бұл протокол кодты серверден клиентке алып барады. HTML ақпаратқа қол жеткізудің өте қолайлы жолы болып келеді. Ондай болса, осы барлық түпті өзгерістер не үшін қажет? Мұның себебі, интернеттегі көптеген басқа өзгерістер сияқты HTML-дің кеңінен жайылуында. Оның сахнаға шыққаннан кейін Internet түсінігі өте танымал және жалпыға бірдей ортақ «дүниежүзілік өрмекші ауын» (Всемирная паутина) беретін болды. Internet тек академиктер кеңсесінің үстелінде ғана емес, қарапайым азаматтардың үстелінде де пайда болды. Ол ақпараттың құрылымын өнімге айналдырып жіберді. Гипермәтіннің қолданылуы Internet «ландшафтың» түпкі тұрғыдан өзгертті. Біз гипермәтіннің Web-аясы мен гипермедианың сызықты болып табылмайтынын білеміз. Бұл ақпаратты сызықты, яғни тізбекті (бір беттен кейін келесі бетті) ретпен қарап шығудың орнына Web қолданушыларға сілтемеге басып, көмекші ақпарат пен керекті жерлерге көшуге мүмкіндік жасайды. Бұл сондай-ақ HTML-беттердің авторлары Web-аясымен таныс болып, оның ішінде әсерлі архитектураны қалай жасау керек екенін білулері керек екенін білдіреді. Көптеген адамдар тізбекті түрде ойланып, мәтінді бір беттер кейін келесі бетте басынан аяғына қарай оқып үйреген, осы Web-тің сызықсыз қасиеті адамды шатастырып жіберуі мүмкін. Қолданушыларға берілетін ақпараттың бүкіл мағынасы Web-беттерінің құрылымына тәуелді. Онымен қоса, Web-баулар не тізбекті бетті құрылымға, не болмаса, оларды қолданушыға таныс болып келетін иерархиялық құрылымдардың негізінде жасау қажет. Бұл жағдайда қолданушылар, өздерін ыңғайлық пен қауіпсіздікте сезенетін болады. Сызықсыздықты жақсы түсіну үшін Web-те көптеген сілтемелері, новигация құралдарымен жарнамалық безендірмелері бар соңғы Web-бетті ашқан кезіңізді еске түсіруіңіз қажет. Мұндай типтегі басудың жақсы мысалы ретінде порталдарды атап өтуге болады, олар Web-тің қалған бөлігіне кіруге мүмкіндік береді. Порталдардың көмегімен, ақпаратты ұйымдастыруға болады, порталдарды жиі кезеңдерде талап етілген деректер көрсетіледі.

  • Бұл – броузерге арналған командалар жиынтығы, бұларсыз бірде-бір сайт жасалмайды. Командалар тэгтерінің көмегімен орындалады. HTML кодты блокнотта броузер арқылы көру үшін, тышқанның оң жағын басу және мәзірден сәйкес мәтін жолын таңдау жеткілікті. Оларға тэгтер мен атрибуттар көмегімен код жазылады. HTML-дың кез келген бастаушы программистіне кодты үйреніп кодты алу оңай болады, себебі ол код бастапқыда көп нәрсені білмейтін және бастаушы программистер үшін ойластырылған.Ал егер, нақтырақ айтсақ, html – кодпен жасалатын жұмыс программалау деп аталмайды.

  • HTML (Hyper Text Markup Language) сөзбе сөз аударғанда, «гипермәтінді белгілеу тілі» болып аударылады. Бұл тіл Web-беттерді жасаған кездегі программалаудың негізгі тілі болып табылып, белгілі командалар көмегімен беттің әр түрлі элементтерін (мәтінді, графиканы, кестені және т.б.) орналастыру үшін қолданылады. Өзінің қарапайымдылығының арқасында, ол басқа программа тілдерінен бөлек тұрады. Оны информатика негіздерін білмейтін қарапайым мектеп оқушысы да түсініп, үйрене алады, себебі алғашқыда ол ПК қолданушыларының кең ортамы үшін ойластырылған болатын. HTML-дың көмегімен қарапайым және қиын емес сайттарды жасауға болады. HTML-тілі тек броузерлер және графикалық HTM-редакторлары (визуалды режимдегі WEB-беттерін құрау үшін арналған арнайы программалар) тарапынан оқылады.

  • HTML-тілінің командаларын тэгтер деп атайды. Бүкіл беттегі мұндай командалардың толық жиынын HTML-код деп атайды. Кез келген тэгтің атауы бұрыштық жақшалардың (< >) ішіндегі бір немесе бірнеше әріптерден тұрады. Бұл әріптердің жиыны жай алына салмаған, оларға ағылшын тілінен келген сөздер, қысқартылған сөздер мен сөздер аббревиатурасы сәйкес келеді. Бұл тэг қызметін оңай анықтау үшін арнайы жасалған. Мысалы, тэгіндегі table (кесте) сөзі кестенің құрылымына команда береді, ал (ағылшын address – адрес сөзінің бірінші әрпі) сілтеме құрайды,
      тэгіндегі ol аббревиатурасы (ағылшынша ordered list – реттелген тізім) сәйкес тізімнің жасалуына сілтейді. Тэгтер беттегі қандай да бір әдістің басталғанын білдіретін ашышы тэгі мен осы әрекетінің беттің қай жерінде бітетінің көрсететін жабушы болып бөлінеді. «/» символы «жабуды» білдіреді.

    1. HTML-кодта тэг, негізінен, беттің қандай да бір элементінің өзгеру әдісін ғана көрсетеді. Объектілерді форматтаудың барлық параметрлерінде өз мәні бар атрибут болады. Атрибут тэгке элементтің форматталу мінездемесін (бұл ALIGN – түзетуі, COLOR – түс өзгерту немесе басқа толық тізім болуы мүмкін) көрсетеді, ал оның мәні реттік сипатта немесе нақты және түсінікті ағылшын сөздерімен (мысалға, left – солға, top – жоғарыға және т.б.) беретін атрибутқа қажетті параметр. Беттің кодында тэгтің атрибуттары «бір орын қалдыру (пробел)» арқылы жазылады, ал атрибут мәні тырнақшалардың ішіне жазылып, өзара теңдік белгісімен бөлінген. Барлық жоғарыда айтылғандарға мысал келтірейік:

    кесте элементтері
    - ашушы және жабушы тэгтер, ал width, height, border, align, bordercolor – оның атрибуттары, олардың мағынасын ағылшынша-орысша сөздікті алып қарастыратын болсаңыз, бірден түсініп алуға болады, ал қалғаны атрибуттар мәндері болып табылады.

  • Атрибуттардың барлығы көрсетілуі мүмкін, тек қажет болғанша ғана қолданылады. WEB-бетте элементтердің параметрлері жиі қолданыла беретін болса, стильдердің каскадтық кестесін қолданған жөн.

  • Мұнда түс атрибутын айырып көрсету керек. Оның мәнінде әрқашан дерлік өте түсінікті RGB (қызыл/жасыл/көк) моделі қолданылады. Ондағы негізгі түрде көрсетілген түстер екі тәсілмен араласады: пайыздық құрамда олар 00-ден басталып 99-ға дейінгі (кодта бірге жазылады) мәндерге ие болады. Мысалы: bordercolor=”#003366”, мұнда %-R, 33%-G және 66%-B.

  • Оналтылық жүйеде, 0-ден 9-ға дейінгі он сан және алты (A,B,C,D,E,F) әріп (кодта бірге жазылады) жазылатын есептеулер. Мысалы: bordercolor=”#00C3D6”. Әрбір мәннің алдына «#» символы қойылатынын байқаңыз.

  • «align» атрибуты HTML-тіліндегі кеңінен жайылған және өте маңызды атрибуттарының бірі болып табылады. Ол басқа элементке объектінің орналу жерін немесе өзара түзелу әдісі бойынша бетті толығымен көрсетеді. Элеметтің ені мен биіктігі мен экран кеңістігіне байланысты пайыздар арқылы немесе басқа элементке қатынасы бойынша және пиксельдермен беріледі.

  • HTML-дің дамуын айта отырып, оның бір орында тұрғанын айтуға болмайды. WEB-мастерге барлық жаңа мүмкіндіктерді беретін, HTML-дің (дегенмен соңғы HTML 4.01 спецификациясы санау 1991 ж. шыққан болса да) көптеген элементтері пайда болып жатыр. Дегенмен, мұнда өндірушілердің бір сүрінетін жері бар – барлық броузерлер бір элементті бірден түсінбеуі мүмкін. Бастаушы программистер көптеген HTML-редакторларда болатын және осы мәселені шешуге көмектесетін арнайы іштей құрылған құралдарға бет бұрулары керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет