Қазіргі таңда Интернет ақпараттық өзара қарым-қатынастың шынайы түрдегі негізгі факторы болып отыр, ал шындықты елемеу мүмкін емес


Ақпараттық жүйелердің web технологияларында өңделуі



бет2/15
Дата14.11.2022
өлшемі5,59 Mb.
#158137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Акмарал жумысы2013 13 05 2013
16448519630f7bcc7c-0ead-4940-8042-7dcfec1c7d23img, 2 5339427652178546381, олқ 6 сынып каз.т әдебиет, математика, 1-2023-1-001287884-1-1, 5 тапсырма Айтқұл Нұрғазы МиФ-19-1, тжб 9 геометрия
1 Ақпараттық жүйелердің web технологияларында өңделуі
World Wide Web –әлемдік компьютерлік торап бүгінгі күнге дейін құрамында алуан түрлі ақпарраттары бар миллиондаған сайттардан тұрады. Адамдар Internet технологияларын қолдану арқылы сол ақпараттарға қол жеткізеді. WWW кеңістігенде пайдалану үшін арнайы бағдарламалар – Web техноглогиялары қолданады. Web браузердегі бүкіл ақпарат WWW негізгі байт элеметтері болып табылатын Web парақтар түрінде беріледі.
Web-парақтар мультимедия технологиясын қолдағандықтан өзіне түрлі ақпараттарды біріктіре алады: текст, графика, дыбыс, анимация, видео. Web-парақтардың қаншалықты сапалы және әдемі жасалуы көп жағдайда торапқа байланысты.
Қолданушылар тартымды және графикамен, анимациямен мөлшерімен безендірілген, сонымен қоса, дұрыс, жылдам жүктелетін Web-парақтарды қарайды.
WWW технологияларының кең мүмкіндіктері WWW серверінің өсу нәтижесі, жалпы алғанда Internet өсуінің салдарынан пайда болады. WWW сервер- бар ақпараттарды сақтайтын,қолданушыларға гипермәтіндік құжаттарға қол жеткізетін глобальді немесе ішкі кропоративті торап. Қолданушы WWW серверімен қарым-қатынас жасау үшін арнайы бағдарламалық қамтама – браузер (англ. browser) яғни көру бағдарламасы деп атайтын қамтама қолданады.
WWW-серверінің жұмыс жасау схемасы келесідей:
1.Торапты қолданушы браузер деп аталатын бағдарламалық қамтама пакетін жібереді. Оның құрамына келесі функциялар кіреді:
Сервермен байланыс орнатады:
А) Қажет құжатты алады;
В) Алынған құжатты көрсетеді;
С) Қолданушы әрекеттеріне жауап қату- жаңа құжаттарға қол жеткіз.
Қолданушының әсер етуімен немесе браузерді жібергеннен кейін WWW- cерверімен байланыс орнатады және оған берілген құжатты алу үшін сұраныс жібереді.
2.WWW-сервер сұраған құжатты іздейді және браузерге нәтижені қайтарады.
3.Браузер құжатты алып, қолданушыға көрсетеді және оның қозғалысын күтеді.
1.1 Қазіргі заманда web-технологияның маңызы

Осыдан біраз жылдар бұрын компьютер арқылы ақпарат жіберу тек тәжірбиелі қолданушылар ғана білген болса, қазірде локольді және глобальді желіні пайдалану копьютердің өзі қандай танымал болса, дәл солай танымал бола бастаған. Қазіргі таңда комьютер комуникацияларын пайдалану үшін аса білімді қажет етпейді. Кез-келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш қиындықсыз интернет желісін пайдалануы веб технологияның жетістігі десе болады. Себебі интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология негізінде құрылады. Қарапайым тілмен түсіндірсек, кітапханадағы кітаптар жік-жігімен қалай реттеліп, қол жеткізгенге оңай орналастырыса, интернетте де дәл солай реттеліп, web порталдар, web сайттар, web парақтар түрінде келеді.


Web-сайт немесе сайт (ағыл. website, web – өрмек және site – «орын») – ол HTTP/HTTPS протоколдары арқылы іске асырылатын және тек бір ғана адреске бағытталған бір немесе бірнеше web-беттердің жиынтығы. Сайт беттері ортақ түпкі адреспен, сонымен қатар, әдетте, басты атаумен, логикалық құрылымымен, авторымен және бет келбетімен біріккен. Барлығына қол жететін сайттар жиынтығы дүниежүзілік өрмекті құрады.
Web-сайт – ол жарнама орны. Онда мекеме жайлы барлық керекті ақпаратты (мекеме қызметі, орындалған жұмыстары, байланыс телефондары, реквезиттер және т.б.) орналастыруға болады.
Ақпараттық жүйе тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка немесе билбордта, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т.б.) орналастыруға болады. Әрдайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар орнату жылдам және оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және қаражат жұмсалады.
Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Тұтынушы санынан қарай сайт мәртебесі артады. Web-сайт арқылы потенциалды тұтынушылар шеңбері кеңейеді. Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы сайтты таба алады, ол арқылы мекеменің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.
Сайттағы пайдаланушылар интернет арқылы қажетті деректерді көрсетіп, сұраныс жасау және тапсырыс беруі мүмкін. Сондай қызмет жасау арқылы пайдаланушылар сайттан керек деректерін тез тауып ала алады.
Web-сайт – пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін керек. Сайт көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды және т.б. жеткізуге болады. Сонымен қатар, сайтта «Сұрақ-жауап» бөлімін құруға болады, онда пайдаланушылар өз сұрақтарын, ойларын жазады және сол сұрақтарға толық, жоғары квалификацияланған жауап жазуға болады.
Міне, алда айтылған жағдайларға қарасақ Web технологиясының біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Қандай салада болмасын адамдардың тез және оңтайлы жұмыс істеуіне көмек береді. Инновация заманына қарай бұл салада ерекше қарқынмен дамуда. Енді бұл технологияның басқа да қырлы жақтарынан көрінуін уақыт өте келе күтудеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет