Қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі32,58 Kb.
#92691
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тұрақты даму
Тұрақты даму
1 - қағида
«Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге асырудағы әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...»
2 - қағида
«Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және қоршаған орта салаларындағы негізгі қажеттіктерін әділетті түрде жүзеге асыруы керек».
3 - қағида
«Дамушы елдердің, солардың арасында, бірінші кезекте, ең төмен дамыған және экологиялық жағдайы қауіптілерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне басты назар аудару керек».
4 - қағида
«Әлем, даму және қоршаған ортаны қорғау бір-біріне байланысты және бөлінбейді» ([3]).
Орнықты даму принциптерінің өлшеуіші ретінде адам алынады. Соңғы жылдары әлем елдерін салыстыру білімділік деңгейін, адамдардың орташа жас мөлшерін және басты қажеттіктерін өтеу сапасын қамтитын адамдық даму индексі арқылы жүргізіледі. Адамдық көрсеткіштерді ескермейтін, тек табиғатты пайдалануға бағытталған, табиғи және әлеуметтік қоршаған ортада тұтынушылық пиғылдағы ұстаным шынайы кісілік байлықты дамыта алмайды: адамды белгілі бір жоспарлар мен стратегияларды жүзеге асыратын құрал ретінде қарастырған жөн емес, керісінше даму жоспарлары адамға қызмет ету керек. А. Печчеи атап өткеніндей, «адамда біздің барлық шешілмеген мәселелеріміздің негізі жатыр, онда барлық үміттеріміз бен ұмтылыстарымыз қордаланған, және ол біздің барлық арманымыздың түйіні» (Печчеи А. Человеческие качества. — М., 1980. - С. 183, 184). Өсу үшін өсу адамзаттың мүдделеріне қайшы келеді — ол өмір сапасын жоғарылатудан гөрі, керісінше, төмендетіп жібереді. Экономикалық даму гуманды мақсаттарға қызмет етуі керек және осы міндетке сәйкес болса ғана өзін-өзі ақтай алады. Қоршаған ортаның тежеусіз ластануы, қалалық конгломераттардығы автокөліктің көбеюінен пайда болған шу мен зиянды смог, тұлғасыз бюрократтану мен руханилыққа қарсы стандарттау, нәпсіқұмарлыққа жарнама мен өндірісті пайдалану, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс және халықаралық саудадан түсетін пайда арқылы өлшенгенде экономикалық даму болғанымен, ол адамзаттың түбегейлі мүдделеріне ыңғайлы және қолайлы емес. Орнықты даму жүйесінде барлық құрылымдар адамдық табиғаттың ізгі және гуманды негіздерімен айқындалады және мынадай адамгершілік құндылықтарын жүзеге асыруға бағытталған:

  • әлем азаматтарының тең құндылығының көрінісі ретінде бүкіл дискриминация мен қорлауға қарсы тұратын теңдік;

  • әрбір тұлғаның негізгі құндылықтарының және олардың бас-қалармен еркін үйлесімділігін білдіретін бостандық;

  • демократия және адамдардың экономикалық, саяси және қоғамдық өмірде толыққанды қатысуы;

  • ортақ мүдде мен өзара сыйласуды білдіретін және басқаға деген туысқандық пен сүйіспеншілік сезімін аңғартатын бірегейлік;

  • халықтардың өзіндік ерекшеліктерін дамытатын және әртүрлі елдердің арасындағы мәдени құндылықтар алмасуының құралы болатын мәдени әртүрлілікті сақтау;

  • салауатты қоршаған ортаны сақтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет