Қазіргі замандағы ақпараттық төңкеріс



бет1/5
Дата16.06.2023
өлшемі5,03 Mb.
#178864
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәдени-тынығу жұмысындағы ақпараттық технологиялар практикумы 2


Ақпараттық технологиялар – қоғам дамуының қозғаушы күші
Ақпараттық
мәдениет

Қазіргі замандағы ақпараттық төңкеріс

Дүниежүзінде ғаламат мол ақпарат жинақталды.

Адамзаттың жалпы білім жиынтығы бұрын өте баяу өсетін. Бірақ 1900 жылдан бастап ол әрбір 50 жылда, 1950 жылдан әрбір 10 жылда, 1970 жылдан – әрбір 5 жылда, ал 1990 жылдан – жылма-жыл екі еселеніп отырды.

Қоғам мен өндірісте ақпаратты үстемелей пайдалану және ақпараттық технологиялардың өте жедел даму процесі «Ақпараттық төңкеріс" деп аталады.

Қоғамды ақпараттандыру


Ақпараттындыру – әлемдегі қазіргі тоқырауға қарамастан тоқтаусыз дамып келе жатқан экономиканың бірден-бір саласы. Бұл ақпаратты тиімді пайдаланудың арқасында өндірісте энергияны, еңбекті, шикізатты барынша аз жұмсап, үнемдеудің нәтижесінде болса керек.
Ақпарат – адамзаттың дамуы барысында еш тозбайтын, қайта жаңа сапаға өтіп, молайып отыратын өнімнің айрықша түрі.
Ақпараттандыру – қазіргі қоғамды басқару мақсатында жүзеге асырылуы тиіс іргелі іс-шаралар жүйесі. Бұл қазіргі қоғам дамуындағы ең қажетті де кезек күттірмес мәселе.
Қоғамды компьютерлендіру
Қоғамды компьютерлендіру кезеңінде әсіресе компьютерлердің техникалық базасын жаңалау мен енгізуге күш салынады. Бұл ақпараттың сапалы жинақталуы мен өңделуіне тиімді жағыдай жасайды.

Ақпараттық қоғам


Компьютерлік техниканың және ақпараттық технологиялардың жедел дамуы ақпараттың түрлерін кеңінен пайдаланатын қоғамның қалыптасуына алып келді. Бұл – ақпараттық қоғам.
Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет