Қазіргі заманғЫ Әлемдегі саяси элиталар және олардың Әлемдік саясат пен экономикадағы рөЛІ



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата17.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#186214
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДЕГІ САЯСИ ЭЛИТАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК САЯСАТ ПЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
тесты 9 класс
Click to buy NOW!
PD
F-TOOLS
w
w
w
.tr
ack
er-softw
ar
e.
c
o
m
Click to buy NOW!
PD
F-TOOLS
w
w
w
.tr
ack
er-softw
ar
e.
c
o
m
Click to buy NOW!
PD
F-TOOLS
w
w
w
.tr
ack
er-softw
ar
e.
c
o
m
Click to buy NOW!
PD
F-TOOLS
w
w
w
.tr
ack
er-softw
ar
e.
c
o
m


89 
одақтардың орнына серпімді, өзгерістер мен айналымдарға көп ұшырайтын, 
тұрақсыз одақтар мен байланыстар жүйесі қалыптасты. Әлемдік элиталар 
байланыстарының артуы С. Хантингтон айтқандай, өзара тәуелді элиталардың 
«Давос мәдениетін» қалыптастыруға алғышарт жасайды [4]. Нәтижесінде, 
ұлттық мемлекеттік қоғамнан, қауымдастықтан, шектен тәуелсіз сезінетін, 
солай қабылдайтын «автономды трансұлттық элиталар» пайда болады. 
Шешімдер қабылдаудың ұлттық, мемлекеттік деңгейден жоғары ұлттық
мемлекетаралық, одақтық, әлемдік деңгейге біртіндеп ауысуы қатардағы 
азаматтардың ғана емес, ұлттық, мемлекеттік саясатта қазіргі уақытта жетекші 
топтағылардың да шешімдерді қабылдауға ықпал, әсер ету мүмкіндіктерін 
әлсіретеді. Яғни, жаһандану жағдайында шешімдерді қабылдау субъектілері 
жеткілікті түрде еркін, тәуелсіз, ал олардың шешімдерін қоғамның түсінуі қиын 
және қолжетімділігі төмен болады, бұл трансұлттық элиталардың саяси 
билігінің күшеюіне алып келеді. 
Алайда, аталған фактор зерттелетін мәселенің бір жағына ғана баға 
береді. Екінші жағынан, жаһандану үдерісінің қарқын алуына ұлттық
мемлекеттік элиталардың ұлтық экономика, саясат, мәдениет мәселелерін шешу 
және бақылау мүмкіндіктерінің төмендеуі жағдай жасайды. Нәтижесінде, саяси 
элиталардың өз мемлекетінде сайлаушылардың үстінен бақылау және сайлау 
үдерістерін реттеу мүмкіндіктері де азаяды, тіпті жойылады. Халықаралық 
жағдайда элиталардың саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік, діни, т.б. 
мәселелерді шешудің жауапкершілігі мен салмағы қарсы топтар мен қоғамдық 
ұйымдардың сынына, қоғамның өз билеушілеріне сенімсіздігі мен сын-
қарсылығына алып келетін, мемлекет ішінде сайлаушылардың мүдделеріне 
қайшы келетін шешімдерді жүзеге асыруға жағдай жасайды. Нәтижесінде, 
жаһандану жағдайында әлемдік аренада элиталардың билігі артады, ал 
мемлекет ішінде кемиді. 
Әлемдік элитада соңғы жиырма жылда болған өзгерістерді бірнеше топқа 
бөлуге болады:
1) әлемнің бірқатар елдеріндегі (Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, 
Орталық, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка елдерінің көпшілігіндегі) 
бұрын қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени жүйелердің 
дағдарысы, ыдырауы, жаңа жүйеге, қарым-қатынастарға көшуі, айналуы, 
алмасуы;
2) көптеген елдердегі саяси сауаттылық деңгейінің және жұмылдыру 
жұмыстарының бұрыс және қалыптан тыс формаларда жүруі және болуы; 
3) ұлттық, мемлекеттік және жергілікті заңшығарушы, атқарушы және сот 
органдарының қосымша жүйелік өзгерістерге ұшырауы (ұлттық сайлаушыларға 
бағынбайтын экономикалық, қаржылық және өндірістік құрылымдардың 
ұлғаюы, таралуы);
4) әлемдік деңгейде ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің таралуы 
және ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі заң, құқық қорғаушы органдарының 
оларға қарсы күресінің жүйесіздігі, белсенділігінің төмендеуі;
5) ресми және заңсыз көшіп-қону үдерістерінің артуы (әсіресе, даму және 
халықтың өмір сүру деңгейі төмен елдерден дамыған елдерге). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет