«Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында дебат сабағы



Дата19.01.2023
өлшемі14,83 Kb.
#165924
түріСабақ
Байланысты:
дебат қмж №1
1550844239

06.01.2023
«Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында дебат сабағы
Дайындаған : Төленбек Гүлім Рустамқызы
Дебаттың мақсаты: оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық қасиеттерге, тарихи құндылықтарға деген ойларын қозғау.Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: дебат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер , суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнату.
І кезең: «Белес» ; ІІ кезең : «Асу»;
Әр кезеңнің арасында 3 минут уақыт аралығында қарсылас топторға сұрақтар қою.
Мұғалім дебатты бастайды.
Қ. Кеменгеровтың бір шумақ өлеңі:
Маған керек емес ертегі,
Ертегіні өз басым да шертеді.
Тарих керек іргетасы халқымның,
Іргетассыз қаланбайтын ертеңі!
Дебатымызға қатысушы 8- сынып арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.
«Ақиқат» және «Парасат» топтары.
Әр топтың үш спикерлері бар. Әр спикердің міндеті бар.
спикер топтың таңдаған позициясы жайлы айтады,
спикерлер өз позициясын дәлелдемелермен нақтылайды және қарсыласушы топтың осал жақтарын атап көрсетеді.
Спикер корытындылай отырып, өз позицияларының дұрыстығын тағы да нақтылай отырып, оппонеттердің дәлелдемелерінің аздығын нақтылай түседі.
Мұғалім: Дебатымыздың 1 кезеңі бойынша ортаға шыққан топтарымыздың өзара амандасуы, жеребе арқылы таңдаған позицияларымен танысу. Әр топқа 6 минуттан уақыт беріледі.
Мұғалім: Дебатымыздың 2 кезеңі бойынша топтың 2 спикерлерінің 5 минут уақыт ішінде ой-пікірлерін неғұрлым мәдениетті шешендік сөзбен, нақыл сөздермен, нақты дәлелдемелермен, ғұлама адамдардың айтқан пікірлерімен жеткізе білдіруіне аса көңіл бөледі. Уақыттан аспауын қадағалау.
Сөз кезегі топ мүшелерінде.
3-Кезең «Шың» Мұғалім: Қатысушы топтардың 3- спикерлеріне сөз кезегін береміз. Сол биік шыңға өзінің позициясын жетік дәлелдеп, сөз өнеріне асқан шеберлік көрсеткен топ қана шыңға шыға алады. Бар күшімізді 3 кезеңді бастаймыз.
Әбу Насыр Әль-Фарабиден бір әмірші өз елінің болашағы туралы сұрағанда:«Сен ең алдымен жастарыңды көрсет,сонда мемлекеттің болашағын барлау қиынға соқпайды»,деген екен бабамыз.Расыменде қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар Мағжан Мұмабаев жырлағандай«Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты жігерлі қыз-жігіттер елдің ертеңі ,мемлекеттің тірегі.Бүгін мықты шығармыз,бірақ артыңнан ерген ізбасарларың сенен де мықты болған жөн.Сонда ғана жайнаған туыңның жығылмауына кепілдік бар.Бүгінгі сүрлеудің даңғылға айналуына сенуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет