«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»


ХҮІІ ғ.соңы жартысы – 1918 жж.Осман империясы және Араб елдері



бет3/5
Дата25.02.2018
өлшемі1,11 Mb.
#38207
1   2   3   4   5

6.ХҮІІ ғ.соңы жартысы – 1918 жж.Осман империясы және Араб елдері

Жаңа заманның басында Туркия Осман империясының ауқымды орталығы болды. Ол өзінің құрамына: Европа территориясы (Балқан түбегі, Қырым, Қара теңіз және Азов жағалауы аудандарымен) Азия (Кіші Азия, Аравия, Ирак – Месапатамия, Сирия, Полистина, Заковказьяның бір бөлігі) және солтүстік Африка кірді.

Әсіресе империяны қанаудағы шаруалардың жағдайлары ауыр болды. Балқан түбегінде помещиктердің феодалдық қанауы ұлттық және діни қанау сипатында болды. Шаруалары түрік эксплотациясына саясатына және өздерінің ислам дінін қабылдаған феодалдарына қарсы шықты. Мұсылман еместер «райя» (табын) деп аталды. Райя мемлекеттік қызметке қызмет етуге, соттан қорғауіздеуге және қару ұстауға құқы болған жоқ. Олардың киімдері мұсылмандардан басқаша болуға тиіс болды. Ислам дініндегі Аравия түбегіндегі араб халықтары, Ирак, Сирия, Палестина, Ливия, Гнунис және Алжирде түріктердің және өз феодалдарының эксплотациясы болды.

Осман империясының территориясында қолөнер өндірісі дамыған ірі қалалар өмір сүрді. Жібек маталар, атлас және барқыт, сыналар және піл сүйегінен жасалған бұйымдармен атағы шықты.Стамбулда, Израильде ондаған мың қолөнершілер болды.

Осман империясы бірнеше облыстарға және вассалдық жерлерге бөлінді. (Африкада және Аравияда) облыс және жердің наместниктері - әмірлер және палиалар - өз қолдарына әскери және азаматтық билікті біріктірді. Империяны басқаруда жоғарыға мұсылман дінбасыларының рөлі зор болды. Діни соттар заң бойынша барлығың басқарып отырды. XVI ғасырдың соңы – XIX ғасырдың басында Осман империясында феодалдық дағдарыс басталды, және Түркияға және басқа елдерге Еуропа колонизазорларының енуімен өмір сүруін аяқтады.

ХVІІ ғ ІІ- жартысында Осман империясы қоғамдық даму жағынан Батыс Еуропа елдерімен салыстырған да артта қалушы елдердің қатарында болды. Осы уақытта Англияда, Голландияда және басқа еуропалық елдер де буржуазиялық тәртіп орнай бастаса, ал Осман қоғамында әлі феодалдық қатынас жалғасып, нығая түскен болатын. ХVІІ-ХVІІІғғ Осман державасы мықты Еуропа, Азия, Африкамен салыстарғанда территория жағынан үлкен болды және маңызды сауда жолдарын бақылауда ұстады, көптеген елдермен тұтқындар билігінде болды. Сұлтандардың басқаруы мықты әскер арқасында сақталды. Ішкі аудандар арсындағы қатынас жақсы болмады. Әскери феодалдық тәртіп мәдениетпен шаруашылықтың дамуына кері әсерін тигізді. Мұсылман еместер немесе кяфирлер (сенімді еместер) қиын жағдайда болды. Оларға гректер, сербтер, болгарлар т.б жатты.

Еуропалық отаршылдардың Осман империясына енуі. Осман империясы әлсірегеннен француз, ағылшын көпестері империяға қол сұға бастады. XVI ғасырдың өзінде-ақ түрік сұлтаны Керемет Сүлеймен француз королі I Францискемен саяси келісім жасасып, сауда шартына қол қойылған болатын. Бұл келісім француз көпестерінс айрықша жеңілдік берді. XVI ғасырда мұндай келісімдерге басқа да мемлекеттер ие болды. Батыс еуропалық көпестердің саудадағы мұндай артықшылықтары капитуляция тәртібі деген атқа ие болды (капитал-келісім-шарттың тарауы). 1740 жылы Осман империясының үкіметі Францияға жаңа «бас капитуляцияның» шартын берді, бұрынғы ескі шарттардың орнына жаңа шарт енгізіліп, мәңгілікке күшін сақтайтын болып жарияланды. Франциядан кейін мұндай міндеттемеге еуропалык мемлекеттер: Англия, Ресей ие болды. Капитуляциялық жеңілдік Осман империясы үшін халықаралык міндеттемеге айналды, ал капитуляциялық ереже мәңгілікке бекітілді. Шетел тауарларына баж салығы өте аз мөлшерде салынып, көпестер салықтан босатылды XVIII ғасыр соңында Осман империясының сыртқы саудасы толығымен шетелдіктердің, француздар мен ағылшындардың қолына көшті. Еуропадан Түркияға мата, темірден жасалған әртүрлі бұйымдар әкелініп, ал Түркиядан мақта, жүннен жасалған киімдер, былғары, темекі, өсімдік майы шетке шығарылды.

Шетел капиталы империяның ішкі саудасына әсерін тигізіп, өзіне бағындыруға кірісті. Порттық орталықтарда грек, армян, еврейлерден тұратын компрадорлық буржуазия қалыптаса бастады.

XVIII ғасырдың соңына қарай Осман империясы тәуелді елге айналуға бет бұрғаны байқалды. Империяның шеткі аймақтарында түріктерге қарсы езілген халықтардың көтерілістері жиіледі. Өз бетімен көтерілген шаруаларды Ұлттық буржуазия жетекке алды. Бұл көтерілістер ұлт-азаттық қозғалыс сипатын алып, Осман империясын әлсірете түсті.

ІІІ Селимнің реформалары. ХVІІІ ғасырдың соны мен XIX ғасырдың басында ман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Селим сұлтан (1789-1807) қолдады. 1792-1796 жылдары Селим армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушының иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери-инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарынан тұратын соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батысеуропалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. ІІІ Селим жүргізген шаралар «жаңа жүйе» деген атқа ие болды.

Көптеген феодалдар мен мұсылман дінбасылары реформаға қарсы болды өйткені олар өздері пайдалынып жүрген жеңілдіктерінен айрылатындарын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычар корпустарын жояды деп түсінді. Сондықтан III Селимге қарсы феодалдық бүліктер басталды. Ал 1798 жылы Наполеон Бонапарт бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс басталды. Осы соғыстың барысында III Селим янычарларға бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806-1812) III Селим 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа барлық реформаға тиым салды.

Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделді билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегіне топтаса бастады. Оларды «рущук достары» деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Селимді таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбұлға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Селим кісі қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы II Махмұдты (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды, «рущуктік достар» маңызды мемлекеттік қызметтерді иемденді.

Елде реформа қайтадан басталды. Янычарлардьвд ашық наразылығына қарамастан Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жасаушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтың емес еді. Өйткені Түркияның тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын.

Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге бейім Ұлттық мемлекет құрғанда ғана жүзеге асатынды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.

ІІ Махмұт реформалары. Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілістілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасыларының қолдауына сүйенген ІІ Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың адам қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуык янычар өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар корпусы осылайша жойып жіберілді.

30-жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық, мәдениет салаларына қайта құру жүргізілді. Тимар (сипак) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды.

Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империянын бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет (губерния) пен санджаққа (уездерге) бөлінді, оллрдың билеушілерін орталық өкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жацаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министрліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды.

II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлда медициналық, әскери және теңіз-инженерлік училищелері ашылды. 1831 жылы түрік тілінде бірінші мемлекеттік газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді. Одан да маңыздырақ реформалар II Махмұт өлгеннен кейін іске асырылды.

Танзимат. 30-жылдардың аяғында реформаторлар арқа сүйейтін қоғамдық топтар көбейді. Сұлтанның шенеуніктері арасынан оқымысты зиялы топ пайда болды. Реформаны жақтаушы компрадорлық буржуазия күшейді. Түрік емес халықтардың бітпейтін ұлт азаттық қозғалыстары, сұлтанның Египет патшасымен (1831-1833 жылдардағы, 1838-1841 жылдардағы) соғысы, шетелдік державалардың араласуы, билеуші топтардың көрегенділігінің оянуы бірқатар жеңіл-желпі реформа жасауға түрткі болды. Реформаны жақтаушыларды түріктің көрнекті саяси қайраткері және дипломаты Решид-паша басқарды.

Ол сыртқы істер министрі бола тұра, реформаның бағдарламасын жасады. 1839 жылы қарашаның 3-і салтанатты жағдайда сұлтанның реформа туралы бұйрығы оқылды. Ол мыналарды жүзеге асыруға: 1)дініне қарамастан империяның барлық бағыныштыларының мүлкіне, намысына, өміріне қол сұғылмауына; 2) салықты мерзімінде қайта бөлу және өндіріп алу, салық жинау құқығын сатып алу жүйесін жоюды; 3) әскери қызмет етуге шақыруды әділетті жолға қоюға уәде берді.

Әбділ Мәжит сұлтанның бұл бұйрығы жалпы бағдарлама мен Рашид-паша көптеген реформалардың, танзиматтың (реформалар, қайта құрулар) бастамасы болды.

Реформа саясаты билеуші топтардың көпшілігі қарсы болған, ішкі қайшылықтарға толы жағдайда өтті. Решид-пашаның өзі де сыртқы істер министрлігі қызметі мен ұлы уәзірліктен бірнеше рет босатылып, бірнеше рет қайта тағайындалды. Соған қарамастан бірқатар қайта құруларды жасаушы және оның орындалуын бақылаушы Юстицияның жоғарғы кеңесі құрылды. Сауда соты құрылды, сауда жөніндегі заңдар шығарылды, акша реформасы жүргізілді. Шенеуніктерге тұрақты жалақы тағайындалды. Экопомиканы жақсартуға ұмтылған Мұстафа Решид-паша салық жүйесін қайта қарастырып, жан басы салығын жөнге келтіріп, арнайы салықтар, барщина жойылды.

Либералдық – конституциялық қозғалыстар мен “Жаңа османдар” қоғамының туындауы. XIX ғасырдың орта шенінде елде көпестер мен ұсақ шеберхана иелерінің саны біртіндеп көбейе бастады. Бүл танзиматтың нәтижесінен түңіліп, тығырықтан шығудың жолын іздестіре бастаған топтар еді.

Осман империясында сан жағынан аз, шығу тегі жағынан феодалдық-шенеуніктік, ал идеологиялық жағынан буржуазиялық интеллигенция пайда болды. Олардың арасынан жазушылар мен көсемсөзщілер шықты. Мысалы, Ибрагим Шинаси, Намык Кемаль және басқа қайраткерлер. Олар білімнің дамуын, Ұлттық әдебиеттің қалыптасуын жақтады. Сондай-ақ оларды елдің саяси және экономикалық даму мәселелері, оның еуропалық елдерге тәуелділігінің артуы қатты алаңдатады. Ибрагим Шинаси, ІІамык Кемаль және басқа ағартушылар өздерінің саяси көзқарастары жағынан Түркияны конституциялық монархияға айналдырушылардың жақтастары болды. 1865 жылы Стамбұлда Намык Кемаль мен оның жолдастары «Жаңа османдар» деп аталатын жасырын саяси ұйым құрды. Оның құрамына 250-ге жуық адам кірді.

«Жаңа османдардың» негізгі бөлігін прогресшіл жазушылар, журналистер, мұғалімдер, шенеуніктер, офицерлер құрады. Ұйымның негізгі мақсаты елде конституциялық құрылысты енгізу болды. Астыртын әрекет арқылы ұйым мүшелері сұлтанды елге конституция сыйлауға мәжбүр етуге сенім артты. Бірақ астыртын әрекеттері әшкереленіп, ұйымның көптеген мүшелері тұтқынға алынды, жетекшілері шетелге қашты.

Түркияның тарихында «Жаңа османдар» қозғалысы елеулі кезең болды “Жаңа османдар” халықтың білім алуы үшін күресті, сұлтан режиміне және елдің шетел капиталына тәуелді болуына қарсы бой көрсетіп отырды. Бірақ олар халықпен байланысы жоқ қастандық жасаушы ұйым болды.

Жас түріктер қозғалысының тууы. Шетелдік отаршылдардың езгісі, ІІ Әбділ- Хамит деспоттық режимі түріктің ұлттық капитализімінің дамуына тежеу болды. Түрік көпестері мен кәсіпкерлерінің жағдайы шетелдік фирмалармен салыстарғанда өте төмен болды. Бұл жағдай түрік буржуазиясының наразылығын тудырды.

1899ж Стамбулдағы әскери-дәрігерлік училишенің оқушылары “Бірлік және прогресс” деп аталатын жасырын қоғам құрды. Бұл ұйымға қатысушыларды жас түріктер деп атады.

Жас түріктердің ең басты мақсаты 1876ж конституцияны қалпы келтіру және еуропалық үлгідегі бірынғай буржуазиялық реформалар жасау болды.

1908-1909 жылдардағы жас түріктер революциясы. Жас түріктер қозғалысының өрлеуіне 1905-1907 жылдардағы орыс реаолюциясы үлкен әсерін тигізді. Ол Осмен империясында кен қолдау тапты. Сұлтан өкіметі революцияның Туркияға таралып кетуіне жол бермеудің барлық шараларын қарастырды. Ресеймен шектес Кавказ шекарасы жабылды. Ресей туралы хабарларға цензура енгізілді, әскери бақылау күшейтілді. Әскерде толқу күшейіп, әскерилер елде болып жатқан жағдайға қарсы ашық көтеріле бастады, жазалаушы экспедицияларға қатысудан бас тартты. Ресейдегі революцияның әсерімен империяның әр провинцияларында үкіметке қарсы шашыранқы бас көтерулер жиіледі. Осы аталған мәселелердің болуынан өкіметтін қаупы күшейе түсті.

1908-1909жж ревалюциялық жағдайлардың артуы жас түріктердің белсенділігін ұлғайтты. Жас түріктердің басшылары армяндық, македондық, албандық басқа да ұлттық ревалюциялық ұйымдармен жақындасты. 1908-1909жж Туркиядағы ревалюция түрік халқының саяси тұрғыдан оянуының ең алғашқы қадамы болды. Сипаты жағынан бұл буржуазиялық ревалюция болды. Жас түріктер өз өкіметін нығайту мақсатында жаңа шетелдік несиеге келісім жасасты.
7.ХҮІІ ғ.соңы жартысы – 1918 жж. Африка елдері

Солтүстік Африканың көп бөлігі Осман империясының құрамына кірді. Египет XVI ғасыр басында түріктермен жауланып алынды. Сол уақытқа дейін онда мамлюктік әскери-феодалдық кастасы үстемдік етті. Олардан египеттік сұлтандар гвардиясы құрылды. Түріктік жаулап алудан кейін, мемлекеттік Осман сұлтаны тағайындаған паша биледі. Осман империясының әлсіреуімен түрік сұлтанының Египеттегі үстемдігі формальді бола бастады. XVII ғасырдың аяғында мамлюктер өзінің саяси билігін қалпына келтірді.

Ғасырдың ортасында араб географтары Египетте батысқа қарай орналасқан Солтүстік Африка елдерін біріктірді, атап айтқанда Ливия, Алжир, Тунис пен Марокко, ортақ Магриб деген атқа ие болды. Магрибтің жергілікті халқы- берберлер (ежелде оларды ливиялықтар деп атаған). VII ғасырда Египет пен Солтүстік Африканы арабтар жаулап алып, араб халифатының құрамына енгізді. Мұсылман дінін ала келген арабтар іс басқаруды өз тілінде жүргізді де, жергілік тілді ығыстырды. Магриб халқы араб әлемінің құрама бөлігіне айналды.

Африканың солтүстік-батысында орналасқан Марокко XV-XVIғ. Португалия мен Испанияның отарлық агрессиясының объектісіне айналды. Марокконы Осман империясы жаулап алғысы келді. Мароккандықтардың қажырлы қарсыластығының арқасында, османдықтарға соққы берді, ал XVIII ғасыр басында бүкіл Марокко жағалауы европалық басқыншылардан босатылды (испандықтардың қолдарында тек Сеута, Мелилья және Алусемас қалды).

XV ғасырдан-ақ португалдық, кейіннен басқа да европалық саудагерлер мен құл сатушылар Марокконың оңтүстігіне, Мавритания мен Батыс Сахараға басып кірген. Бірақ жаңа заманның басында бұл елдер отаршылдардың езгісінде болған жоқ. Африка материгінің қиыр шығысында орналасқан Сомали түбегі XVII ғасырда османдықтардың номиналды билігінде болды.

Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан қазіргі кездегі Судан жерін көптеген тайпалар мен халықтар мекендеді. Біздің заманымыздан бұрын-ақ мұнда Арабия түбегінен арабтар көшіп келді. Елдің солтүстігіндегі халықтар ислам мен араб тілдерін қабылдады. Оңтүстікті нилот тайпалары мекендеді. Судан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы біртекті болған жоқ. Осы кезде арабтар Сахалем, яғни “жаға” деп атаған. Судан жері Сахараның көшпенді халқы мен Судан диқандар арасындағы тауар алмасатын жері болды. Көшпенді туагерлер берберлер мен араб тайпалары тұз, тері, мал әкеліп, оған астық, мата және басқа тауарлар айырбастап алды. XVII ғасырда Судан территориясында бірқатар феодалдық сұлтанаттар пайда болды. Ең маңыздың Нілдің батысында орналасқан Дарфур (астанасы - Эль-Фашер) және Ақ пен Көк Нілдің арасындағы Сеннар болды. Бұл екі ел алдыңғы қатарда болды, бірақ алғашқы қауымдық қатынасы сақталған. Құнарлы жерлер бай феодалдардың қолында болды. Олар шаруалар мен құлдардың еңбегін пайдаланды. Дарфур мен Сеннарда ирригациондық егін шаруашылығы мен қолөнерлік өндіріс едәуір дамыды. Сеннарда мақта өсірілді және мақталы мата өндірілді, одан басқа мемлекеттерге сатылды. Сеннар қаласы, аттас сұлтанаттың астанасында XVII ғасырдың басында 100 мыңнан астам халқы болды.

Қазіргі кездегі Судан территориясының батысынан, Ливияның оңтүстігінен, қазіргі кездегі Чад Республикасы, Орталықафрика Республикасы, Камерун, соңымен қатар Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігінің хауса, фульбе және канури халықтары мекендеді. Чад көлінің қасында Канури халқы Борну мемлекетін құрды. Борну мемлекеті ертефеодалдық типтегі, құлиеленушілігі дамыған ел болды. Хауса бірқатар құлиеленушілік қала-мемлекеттер құрды – Кано, Кацина, Даура және тағы басқа, қазіргі Нигерияның солтүстігінде орналасты. Бай құлиеленуші қала-мемлекеттер кең сауда-саттық жүргізді. Олар құлдар жасаған қолөнер бұйымдарын сатты. XIX ғасырда бұл жерлерге келген саяхатшылар құлдар жұмыс істеген шеберханаларды суреттейді.

Араб қайнар көздері Синегал мен Нигердің жоғарғы жағында Гана деген мемлекеттің бар өкілдігін хабарлайды (оның құрамына қазіргі кездегі Гана территориясы кірмейді). Гана басшылары XI ғасырда исламды қабылдап, оларға бағынатын тайпалар арасында таратты. Ислам мен қатар жазба тарап, мектептер пайда болды, қалалар мәдениет орталықтарына айналды. XI ғасырдағы араб географтарының біреуі Гана астанасын суреттеп (оның орналасуы әзірше белгіленбеген): “Қалада ғалымдар, заңгерлер және жоғарғы білімді адамдар тұрды”,- деп жазды. Гана өзінің алтын пайдалы қазбаларымен белгілі болды. IX ғасырда араб географы: “Гана мемлекетерінде алтын - сәбіз тәрізді өседі және оны таң атқанда жинайды”. Гана орнына жаңа мемлекттік одақ – Мали келіп, ол XIII-XV ғасырларда Сенегал мен Нигер жоғарғы жағындағы бүкіл кең аймақты қамтыды.

Гана мен Малидан шығыста, қазіргі Нигерия территориясында XV-XVI ғасырларда Батыс Африканың көп бөлігін бағындырған Сонгаи мемлекеті орналасты.

Бізде бар қайнар көздері Батыс Африкадағы ортағасырлық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық құрылым сұрағын толық жауап бере алмайды. Онда құлдардың еңбектері кең қолданылды. Сонгаи патшалары ақсүйектер мен дін басыларына жерді құлмен бірге таратты. Жерге отырғызылған құлдар феодалдық салықты пейілмен төледі және олардың жағдайы шаруалар жағдайынан айырмашылығы аз болды. Құл ұрпақтары дәстүр бойынша белгілі құқықтарға ие болып шаруаларға айналды. Ауыл тұрғындарының көбі бос қауымдар құрағаны белгілі, бірақ қайнар көздері олардың жағайы туралы мәлімет жоқ. Сонгаи патшаларының биілігінде және де рулық құрылым сатысында болған ұлыстар мен тайпалар болды. Сондықтан ортағасырлық Батыс Африка мемлекеттері, солардың ішінде Сонгаида ертефеодалдық типті мемлекеттер болды және олар ішінде зор салмақта құлиеленушілік сақталды, ал тұрғындардың басым бөлігі рулық қауымда өмір сүрді. XV-XVI ғасырларда Сонгаи мемлекті гүлдену кезіне келді. Араб ғаламдарының, дәрігерлерінің, архитекторларының көбі маврларды Испаниядан қуғаннан кейін Сонгаиға көшіп келді. Нигер өзенінде орналасқан Томбукту (Тимбукту) қаласы Каир және Бағдатпен қатар ірі мұсылман мәдениетінің орталығына айналды. Оның уневерситетінде Қазіргі кездегі Судан территориясының батысынан, Ливияның оңтүстігінен, қазіргі кездегі Чад Республикасы, Орталықафрика Республикасы, Камерун, соңымен қатар Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігінің хауса, фульбе және канури халықтары мекендеді. Чад көлінің қасында Канури халқы Борну мемлекетін құрды. Борну мемлекеті ертефеодалдық типтегі, құлиеленушілігі дамыған ел болды. Хауса бірқатар құлиеленушілік қала-мемлекеттер құрды – Кано, Кацина, Даура және тағы басқа, қазіргі Нигерияның солтүстігінде орналасты. Бай құлиеленуші қала-мемлекеттер кең сауда-саттық жүргізді. Олар құлдар жасаған қолөнер бұйымдарын сатты. XIX ғасырда бұл жерлерге келген саяхатшылар құлдар жұмыс істеген шеберханаларды суреттейді.

Араб қайнар көздері Синегал мен Нигердің жоғарғы жағында Гана деген мемлекеттің бар өкілдігін хабарлайды (оның құрамына қазіргі кездегі Гана территориясы кірмейді). Гана басшылары XI ғасырда исламды қабылдап, оларға бағынатын тайпалар арасында таратты. Ислам мен қатар жазба тарап, мектептер пайда болды, қалалар мәдениет орталықтарына айналды. XI ғасырдағы араб географтарының біреуі Гана астанасын суреттеп (оның орналасуы әзірше белгіленбеген): “Қалада ғалымдар, заңгерлер және жоғарғы білімді адамдар тұрды”,- деп жазды. Гана өзінің алтын пайдалы қазбаларымен белгілі болды. IX ғасырда араб географы: “Гана мемлекетерінде алтын - сәбіз тәрізді өседі және оны таң атқанда жинайды”. Гана орнына жаңа мемлекттік одақ – Мали келіп, ол XIII-XV ғасырларда Сенегал мен Нигер жоғарғы жағындағы бүкіл кең аймақты қамтыды.

Гана мен Малидан шығыста, қазіргі Нигерия территориясында XV-XVI ғасырларда Батыс Африканың көп бөлігін бағындырған Сонгаи мемлекеті орналасты.

Бізде бар қайнар көздері Батыс Африкадағы ортағасырлық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық құрылым сұрағын толық жауап бере алмайды. Онда құлдардың еңбектері кең қолданылды. Сонгаи патшалары ақсүйектер мен дін басыларына жерді құлмен бірге таратты. Жерге отырғызылған құлдар феодалдық салықты пейілмен төледі және олардың жағдайы шаруалар жағдайынан айырмашылығы аз болды. Құл ұрпақтары дәстүр бойынша белгілі құқықтарға ие болып шаруаларға айналды. Ауыл тұрғындарының көбі бос қауымдар құрағаны белгілі, бірақ қайнар көздері олардың жағайы туралы мәлімет жоқ. Сонгаи патшаларының биілігінде және де рулық құрылым сатысында болған ұлыстар мен тайпалар болды. Сондықтан ортағасырлық Батыс Африка мемлекеттері, солардың ішінде Сонгаида ертефеодалдық типті мемлекеттер болды және олар ішінде зор салмақта құлиеленушілік сақталды, ал тұрғындардың басым бөлігі рулық қауымда өмір сүрді. XV-XVI ғасырларда Сонгаи мемлекті гүлдену кезіне келді. Араб ғаламдарының, дәрігерлерінің, архитекторларының көбі маврларды Испаниядан қуғаннан кейін Сонгаиға көшіп келді. Нигер өзенінде орналасқан Томбукту (Тимбукту) қаласы Каир және Бағдатпен қатар ірі мұсылман мәдениетінің орталығына айналды. Оның университетінде жағдайларда тайпа басшыларымен феодал кньяздіктері ерікті түрде отаршылардың қызметтерін атқарды.

Бірақ жергілікті халық шетелдіктерге бағынбай оларға кебір жағдайларда қозғалыстарды ұйымдастырып отырды, бұл теңсіз күресте Африкалықтар елі-жері үшін батылдылығымен, төзімділігімен өз өмірлерін қиған, отаршылардың бұл күрестерде қару-жарақ арқылы ғана жеңістерге қол жеткізіп отырды.

XIX ғасырдың 60 жылдарында Вааля және Оранжева өзендерінің ағысындағы жақын орналасқан жерінде алмаз және алтын кендері табылып ашылған. Көптеген мемлекеттердің халықтары байып кетуді көздей отырып осы ауданға келген, осы шетелдің адамдары жергілікті халықтан бөлек басқа жерлерде орналасты. Сондықтан осы жерлерде жаңа қалалрмен ауыл-аудандар пайда болды. Мысалы Кимберли, Иоганесбург, бірақта табылған алмаз-алтындарды бірнеше ірі акционерлік қоғамдар монополизациялаған.

XIX ғасырдың 70-80 жылдары Африка континентін бөлісуге түскен Бельгия отары болды. Король II Леопольд халықаралық масштабта ұлы державаларға бәсекелесе отырып Африкада өзінің отаршыл империясын құрды. 1876 жылы Брюссельде географтар саяси қайраткерлер, АҚШ және Европа мемлекеттерінің ғалымдары қатысқан халықаралық конференция өтті. Конференция ұйымдастырушыларының мақсаты “әлі ешкім ашпаған өркениетке жол ашу”, және “ғасыр прогресіне лайықты, кірес жорығын” бастау деп ашық түрде айтты. Бұл конференцияда Орталық Африканың өркениетін зерттейтін халықаралық ассоцациясын құру келісім шарты бекітілді, осының нәтижесінде көптеген мемлекеттерде оның ұлттық мекемелері құрыла бастады. II Леопольд патша ассоцация қызметіне, атақты саяхатшыны Стенли.Г кіргізді. Стенли орталық азияны отарлауға бірнеше рет келісімге түсті .1879-1884 жж. Стенли Конго республикасының басейніне жана саяхатын бастады. Стенли ассоцацияның атынан 450-ге жуық келісімге отырды.

«Протекторат» және «Суверенитетті» беруге тайпа басшыларымен осылайша келісімге отырды. Бұл тайпа басшылары аталған терминдердің мағынасын тереңнен түсінген жоқ. Сондықтанассоция басшысы II Леопольд орталық африканың территориясынның занды суверены болды. Бірақта Бельгияның отаршылары халықаралық ассоцияның атынаң жұмыс атқарғанымен өздерінің отаршыл державалардың бәсекелестік қарсылықтарына тура тірелді. Де Браза басшылық еткен француз әскерлері Конгоның оң жағалауындағы аудандарды басып алды, осы бәсекелес державалардың қатарына көп ұзамай Португалия қосылды, Англия өз ықпалын күшейту үшін Португалияны қолдады, сонымен қоса Германия Франция қосылды. Осы державалардың бәсекелестіктерінің нәтижесінде, Берлинде конференция өтті, мында Европалық державлар және АҚШ катысты.

Афркадағы су жолдары мен сауданың ботандығы, туземецтердің жеке бастарының бағы үшін қүлдарды сатуды тоқтату күресі т.с.с.

Ең басты өзекті мәселелердің бірі Орталық Африканы бөлу. Сонымен Конго мемлекетінің басшысы Король II Леопольд болды.

Король Леопольд территориялық бөлісуде, Португалия мен Францияға жол берді. Леопольд өз мемлекетін теңізге шығару үшін барлық жағдайлар жасады, келешекте Бельгия Оңтүстік сонымен қоса Оңтүстік шығыс Катанг аудандарының жаңа ірі территорияларын иеленді. Отардың алаңы Бельгия территориясынан 80 есе артық болды.

XIX ғасырдың 70 жылдарында Сенегал аудандарын төменгі ағысында оның шығысындағы Атлантикалық жағалауындағы кейбір бекіністер ғана Франция иелігінде болды. Франция экспансиясының негізгі ауданы 70 жылдарда Сенегал ауданының бассейні болды.Ұзақ күрестердің нәтижесінде Француз отаршылары Кайор мемлекетің бағындырып алды,содан сон Француз әскері Нигерияға атанды. 1883жылы Француздар Бамако қаласын басып алып Батыс Африканың екі ірі мемлекетіне шабуылдарың жасады . Осы екі мемлекеттің басшылары Ахмад пен Самори болды, Ахмад мемлекетінің ықпалы Сенегалдан Нигердегі Тимбуктуге дейін кең байтақ территорияда билік етті, Ахмад Францияға қарсы күресу үшін тукулер, бамбара, сонике тайпаларын біріктіруге тырысты, ал Француздар осы тайпаларды бір біріне айдап салып отырды.

Соғыс 4 жылға дейін созылды. Француз әскерінің тұтқындарының көтерілістері болып отырды, окупанттардың ұсақ отрядтарын жойып отырған. Тек 1894 жылы Француз әскері жеңіске жетіп ірі сауда жолдарының торабында орналасқан Тимбукт қаласын басып алды. Сокотоға жақын жерде орналасқан аудандарда Ахмад өзінің көптеген сенімді әскерімен үнемі қозғалыстарды ұйымдастырып отырған. 1898 жылы Ахмад қаза болды. Француздар Ахмад мемлекетін басып алды бұл жеңістен кейін Француздар басқа да шабуылдарға бағытталды, Француздардың ендігі жаулау обьектісі болып, Молинк, Бамбара, Диула, Сенура тайпалары басын біріктірген Самори мемлекеті болып табылды. Самори осы одақты тікелей басқарды. Өзара талас-тартыстарды тоқтатып Самори өз елігін оң правинцияға бөліп олардың әр біреунен Губернаторларды тағайындады. Самори имам титулына ие болды.

Отаршылардың әскери қару жарағының мықтылығын ескере отырып, Самори соғысты тиімді жерлерде ұйымдастыруды ойластырды: Самори әскері засадалар жасап жауларға тылдан, сонымен қоса флангтен шабуылдар жасады. 4жылғы соғыстан кеиін Француздар Самори әскерін бағындыра алмаған соң 1886 жылы Самори мемлекетімен татулық келісімін бекітеді. Самори мемлекеті мықты әскери державаға айналады 7 жыл бойы сәтті нәтижелерге жетеді. Бірақта 1898 жылы Самори әскері Либери шекарасында талқандалып Самори тұтқынға алынып қаза болады.

Сенегал мен Суданды бір уақытта жаулаған Француздар жоспарлары бойынша Гвиней жағалауына басқыншылықтарын жалғастырған. Француздар Догомею мемлекетін окупациялаған, отаршыларға қарсы күресте ер адамдармен қоса әйелдер де қатысқан. Осы Француздардың жеңіске жетуінің бірден-бір себебі тек осы құл иеленушілермен, сонымен қоса феодалдар сатқындығының нәтижесінде осы догомеицтерді бағындырып өздеріне қаратты.

Бірінші дүние-жүзі соғысының қарсаңында Француз империалисттері батыс Афркадағы кең байтақ отаршыл территорияларды басып алды. Осы жаулау нәтижесінде қол астында болған мемлекеттердің қатарына Гвинея, Сенегал, Піл сүйегінің жағалауы ( Берег Слоновой кости ) Догомей, Судан енді.

Неміс байлары XIX ғасырдың 40 жылдардың өзінде-ақ Батыс Африка жағалауында әр түрлі факторилермен пункттерді ашты, ондағы Германия сауда мәселесі тек Англияға ғана жол беріп отырды. XIX ғасыр аяғында Африка отарлары үшін күрес күшейе түскенде, Гермения Того мен Камеруннан тыс жатқан территорияларды басып алуға тырысты. Атақты саяхатшы Бисмарк Нахтигалюге, осы аудандардағы герман протектораты енгізген инструкцияны берді. 1884 жылы жағалауларға жақын орналасқан пунктерде Германия жалауы көтерілді. Келешекте германдық агенттер, әскери отрядтардың қолдауымен Камерун Тогоның ішкі аудандарына Чад өзенінің және Нигерия Республикасының бағыты мен кіруге тырысты, дипломатиялық байланыста шекара жөніндегі шешімдердің нәтижесі. Германия, Того және Камерунға баратын жіңішке жолды иеленді. Германдық иеліктер Англия мен Франция отарларының қоршауында болды.

Отаршыл эксплуатация жүйесінде Того мен Камерунде өзгерістер болды, бірінші кезекте сауда компаниялар үлкен рөл атқарды. Ал келешекте концессионалдық компаниялар пайда болды, плантациялар пайда болды, осының нәтижесінде теміржол салынды, Германия жан басына салынатын салықты еңгізді, жұмыс тәжрибесін ұлғайтты. Мұндай қиын жқмыстарға үйренбеген плантациядағы адам саны жыл сайын азайып отырды, халық бұқарасының жағдайы қиын болғандықтан миграциялануға мәжбүр болды және көтерілістер ұйымдастырып отырды, бірақ олар қатаң жазаланды. Ұсақ кньяздіктермен феодал басшылары отаршылардың қызметінде болды

Бірінші дүние жүзілік соғысының басталуынаң Батыс Африка территориясында Герман отарларына Англия мен Франция әскері кірді. Тогода көп ұзамай Герман отарлары окупацияға ұшырады, ал Камерунде екі жылға созылған соғыс жүріп жатты. Тек 1916 жылдың ақпаныңда Германия әскері женіліп Камеруннен қуылып Испаниядағы Гвинеяға қашты.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет