Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар



бет68/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
10.6. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар
Акционерлік қоғам түрінде құрылған коммерциялық банк акцияларды шығару және орналастыру жолымен жарғылық қор құрады. Акция, оны тарату кезінде мүліктердің қалдықтары мен оның пайдаларын бөлуде акционердің қоғамды басқаруға қатысу құқығын бекітетін бағалы қағаздарды білдіреді.

Дивидендтер төлеуді есептеу тәртібінің ерекше­лік­те­рі­не қатысты банк жарғысы артықшылық берілген (приви­ле­ги­рованные) акциялар шығаруды қарайды. Оны ұстаушы ма­ңызды жеңілдікті – дивидендтер алуға басымдық құ­қы­ғын пайдаланады.

Бағалы қағазда оның қожайынының аты көрсетілген бе, әлде жоқ па соған қатысты, банк атаулы акциялар шыға­ра­ды.

Банктердің бағалы қағаздар шығару процедурасына мы­­налар кіреді: 1) шығару туралы шешім қабылдау; 2) шығару туралы барлық қажетті ақпараттардан тұратын прос­пекті дайындау; 3) орталық мемлекеттік (ұлттық) банк мекемесінде проспектіні тіркеуден өткізу; 4) проспектіні жа­риялау; 5) бағалы қағаздарды алдағы уақытта тарату ту­ра­лы хабарламаны баспасөзде жариялау; 6) бағалы қағаз­дар­ды бөлуді ұйымдастыру; 7) шығару қорытындысын тір­кеу; 8) шығару қорытындыларын жариялау.

Облигация қаралған мерзімде белгіленген пайызды тө­леу арқылы қожайынға нақты құнын өтеуде оның эми­тен­ті шығарған міндеттемені бекітетін бағалы қағаз болып сана­лады. Акционерлік қоғамдардың, оның ішінде банк­тер­дің барлық шығарылған акцияларды толық төлеп бол­ған­нан кейін ғана жарғылық қордың 25% мөлшерінен ас­пайтын сомасында облигациялар шығаруға құқықтары бар.

Заемды шығарушы банк, оны өтеудің ыңғайлы фор­ма­ла­рын да таңдай білуі тиіс. Облигацияларды өтеу бе­ре­шек­ті бөліп-бөліп қайтаруды, сондай-ақ оны біржолғы сатып алу­ды білдіреді. Егер банк заемды ірі көлемде шығаратын бол­са, онда банктің төлем қабілеттілігін бұзбас үшін, оны өтеуді бөліп-бөліп жүзеге асыру дұрыс болып саналады. Банк­тің облигация заемдарының шарттары өзіне кре­ди­тор­лар мүдделерін қорғаудың элементтерін енгізуі тиіс. Мұн­дай элементтер келесілер болуы мүмкін: а) займ бойынша басқа банктерге пайыздар төлеуге кепілдік беру; б) ке­ңес­шілдік дауыспен жиналысқа бірігуге облигационерлерге құқық беру; в) облигацияларды ипотекалық жолмен жабу.

Банктің акционерлік қоғамның капиталына қатысуы несие беру мекемесіне салынған капиталдан дивидендтер алуға, сондай-ақ аталмыш қоғамның бірдей қожайыны саналуға мүмкіндік береді.

Банкке оларға берілетін несиелердің қайтымдылығын жақсарту үшін аталмыш несие мекемелерінің кәсіп­орын­дары мен азаматтарын сақтандыруды қамтамасыз ететін акционерлік сақтандыру қоғамының басты құрылтайшысы болып қатысу аса пайдалы болып саналады.

Бағалы қағаздарға инвестициялар тарту процесінде банк­тің салымдарды көбейту ережелерін сақтауы көз­де­леді, яғни маңызды шығындар тәуекелін төмендетуі тиіс. Банк бұған әртүрлі бағалы қағаздардың көпшілік бөлігі арасындағы салымдарды бөлу кезінде қол жетізуі мүмкін.

Коммерциялық банктің активті операцияларына сон­дай-ақ векселдердің (дисконт) есебі де кіреді. Делдалдық (ко­миссиялық) бастаулар кезінде банк, оның клиенттері шы­ғарған бағалы қағаздарды бірінші болып орналастыруға қатысады, мысалы қандай да бір болсын акционерлік қо­ғам­дардың шығарған бағалы қағаздарын орналастырады. Банктің оған қатысуы, тараптардың құқықтары мен мін­дет­те­рі белгіленетін эмиссиондық шарт негізінде жүзеге асыры­лады.

Банк бағалы қағаздар эмитентімен өзара қатынастарда ғана емес, сонымен бірге олардың сатып алушыларымен немесе сатушыларымен (бұрынғы инвестормен) де әріптес болып қатысады. Мұндай жағдайда тараптар мәміле жасау арқылы әрекет етеді. Банк мәміле бойынша өзіне келесідей қызметтерді орындауға міндеттеме алуы мүмкін:


  • соңғы сатуға ұсынатын, тапсырыс берушінің өті­ні­ші бойынша бағалы қағаздарға бағалау жүргізу;

  • тапсырыс берушінің атына және соның есебінен бағалы қағаздар сатып алу;

  • тапсырыс берушінің бағалы қағаздарын орналас­ты­ру;

  • бағалы қағаздар нарығындағы бағамдар мен мә­мі­лелер туралы тапсырыс берушіні хабардар ету;

  • бағалы қағаздар нарығының ағымдағы және болжанатын жағдайымен тапсырыс берушіні ха­бар­дар ету (тұтастай ел бойынша, жекелеген рес­пуб­ликалар, қалалар, бағалы қағаздар түрлері бой­ын­ша);

  • бағалы қағаздар нарығында тапсырыс берушімен бірлескен іс-қимылды жүзеге асыру;

  • бағалы қағаздар нарығындағы операциялармен бай­ланысты кез келген сұрақтар бойынша тап­сы­рыс берушіге ақыл-кеңестер беру.

Коммерциялық банк берілген қысқа мерзімдік ссу­далар бойынша кепіл түрінде қарыз берушілерден бағалы қағаздар қабылдауы мүмкін. Кепілге қойылған мүлік құны нақтылы баға бойынша емес, бағалы қағаздардың нарықтық бағамы бойынша бағаланады. Шығындар тәуекелін төмендету үшін банктердің кепілдікке қойылған мүлік құнының 50-70%-ы көлемінде ссудалар беруі дұрыс болып саналады. Сонымен бірге мұндай абайлап әрекет ету кезінде банк кездейсоқ жағдайлардан сақтандырылмаған. Бұл кепілдің қаралып отырған формасының өзіндік ерек­ше­ліктерімен түсіндіріледі. Өйткені аталмыш бағалы қағаз­дар­дың нарықтық бағамы төмен түскен кезде ол күтпеген жағдайда құнсыздануы мүмкін. Міне, коммерциялық банк­ке келесі ережелерді басшылыққа алудың не үшін қажет екен­дігі осыдан көрінеді.

Банк қарыз алушымен несие келісімін жасай отырып, салынған қағаздардың биржалық бағасының төмен түсуі жағдайындағы ережені қарауы дұрыс болып саналады. Егер клиент оны жүзеге асырғысы келмесе немесе оны жүзеге асыра алмаса, ол қарыздың қамтамасыз етілмеген бөлігін өтеуі немесе барлық ссуданы қайтаруы тиіс. Несие шарты бойынша мынаны атап өту көзделеді: банк клиенті міндеттемелерді орындамағанда, банктің талаптарын клиенттердің кешіктіруі пайда болған жағдайда, сондай-ақ кешіктірілген қарыздар пайда болғанда (клиентке ешқандай хабарламастан) банк салынған бағалы қағаздар мен ақшалай түсімдердің барлығын немесе бір бөлігін қамтамасыз етілмеген кешіктірілген қарыздарды өтеуге (жабуға) бағыттайды. Егер түсім сомасы көрсетілген қарыздан аз болатын болса, онда клиент банк алдында өзінің қалған барлық мүліктерімен жауап беруге міндетті.

Басқаша айтсақ, бағалы қағаздар кепілінің ерекшелігі, қарыз алушының жауапкершілігі кепіл құнымен сарқыл­май­тындығынан, қайта барлық мүлікке тарайтындығынан тұрады. Тек осындай келіс қана бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы несиелер беру кезінде банктердің коммер­ция­лық мүдделерін қорғайды.
Түйін
1. Лизинг – бұл шарттың бүкіл мерзімі ішінде оған де­ген меншік құқығын жалға берушіде қалдыру жағдайында, оларды өнімді пайдалану мақсатымен жалға алушы үшін жалға беруші сатып алған машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімдік жалға беру немесе жалға беру шарты.

2. Лизингтік мәміленің негізін мыналар құрайды: мә­міле объектісі; мәміле субъектілері; лизингтік шарт негізі; лизингтік төлемдер; лизинг бойынша берілетін қызметтер.

3. Лизингтік қызметтердің қазіргі заманғы нарығы: қаржылық, қайтымды, өтемақылық, қалпына келтірілетін лизингтердің алуан түрлі формаларымен сипатталады.

4. Факторинг – есеп айырысуларды ұйымдастыру саласындағы қызметтердің жаңа түрлері, клиенттің айналым капиталына несие беруімен ұласатын сауда-делдалдық (комиссиялық) операцияларының түрлері.

5. Факторингтің конвенциялық (ашық) және конфиденциалды (жабық) екі түрі өмір сүреді.

6. Факторингті қолдану төлемдер жасауды же­дел­де­теді, қарыздарды өтеуге кепілдік береді, шоттарды (есеп­тер­ді) жүргізу шығындарын азайтады және жабдық­тау­шылардан төлемдердің уақытылы түсуін қамтамасыз етеді.

7. Трасталық операциялар – бұл сенім операциялары. Банктер сенген тұлғалар болып қатысады және клиенттер атынан әртүрлі операциялар жүргізеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: мұрагерлікті басқару, қорғаншылықпен байланысты сенім хат бойынша операцияларды орындау. Агенттік қызметтер.

8. Коммерциялық банктердің халықаралық опера­ция­ларына мыналар кіреді: халықаралық саудада, ссудалық капиталдардың халықаралық нарығында инвестициялық қызметке қатысатын клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан түрлі қызметтер; шетел бағалы қағаздарын, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкасса қою үшін чектерді, векселдерді, банкілік акцептерді қабылдау.

9. Валюталық операциялар түрінде меншік құқығы мен басқа да құқықтардың валюталық құндылықтарға өту­і­мен байланысты операцияларды түсіну көзделеді. Оның ішінде шетел валютасын төлем құралы түрінде және төлем құжаттарын шетел валютасы түрінде пайдаланумен байланысты операциялар; халықаралық ақша аударым­да­рын жүзеге асыру және т.б. кіреді.

10. Жедел және қолма-қол-кассалық мәмілелердің ара жігі ажыратылады. Кассалық мәмілеге «СПОТ» валюталық операциясы, жедел операцияға – «форвард», фьючерстік операциялар, «опцион», «СВОП», «арбитраж» жатады.

11. Бағалы қағаздармен байланысты банктердің опе­ра­циялары – бұл акцияларды, облигацияларды шығару жә­не орналастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет