ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(63). 2013 Қазақстандағы когнитивтік лингвистиканың бағыт-бағдары


емес. Ол зерттеулердің теориялық мәні ба



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата24.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#154746
1   2   3   4   5
Байланысты:
402-1-790-1-10-20160118
тест педогог, тест педогог
емес. Ол зерттеулердің теориялық мәні ба
-
сым, 
өйткені олар концептілерді зерттеудің 
әдіснамалық 
негізін, 
вербальды 
емес 
қатынастағы және аударматанудағы көкейкесті 
мәселелерді қарастыруға септігін тигізеді.
Қазақ 
тілін 
когнитивтік 
зерттеуге 
арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде 
Қ.Ә. Жаманбаеваның «Тіл қолданысының 
когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік 
сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл 
жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт тео
-
риясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік 
модельдер, мұң концептісі, т.б. когнитивтік 
мәселелер қарастырылған [7, 156].
Профессор 
Ж. Манкееваның 
«Қазақ 
тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты 
мақаласында М. Бирвиш, Хомский, Лакофф, 
Коок, Г.В. Колшанский, Ю.Д. Апресян және 
тағы басқалардың есімдерімен байланысты 
когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен 
дамуына қысқаша шолу жасалады [6, 40].
Бұл 
топтағы 
іргелі 
зерттеу 
деп 
С.Е. Исабековтің «Когнитивтік лингвистиканың 
негіздері» атты сүбелі зерттеуін жатқызамыз. 
Өз монографиясында ғалым қазіргі когнитивтік 
лингвистиканың екі бағытын көрсетеді: 
1. Ментальды-информациялық 
немесе 
америкалық-батысеуропалық бағыт.


77
issN 1563-0226 KazNU bulletin. oriental series. №2(63). 2013
Ж.Ж. Есеналиева
2. Этномәдени немесе мәскеулік бағыт 
[10, 376].
Ментальды-информациялық және этномә- 
дени бағыттағы когнитивтік лингвистиканың 
қарастыратын өзекті мәселесі: адам және адам
-
зат тілі. Алайда бұл екі бағыттың ол мәселеге 
көзқарасы әртүрлі.
Ментальды-информациялық 
бағыттағы 
когнитивтік лингвистикада: 
1) адам қандай да бір этносқа, мәдениетке 
қатыссыз ақпаратты қабылдаудың, сақтаудың 
және тасымалдаудың белгілі бір жүйесі ретінде 
қабылданады, 
2) тіл – ментальдық ерекшелік, яғни 
адамдық когницияның құрамдас бөлігі ретінде 
қарастырылады. 
Ментальды-информациялық 
бағыттағы когнитивтік лингвистикада нақты, 
жеке ұлттық тіл емес жалпы адамзат тілі сөз бо
-
лады.
Жоғарыдағы екі бағыттың тағы бір ерекше- 
лігі – олар әртүрлі когнитивтік құбылыстарды 
және мәселелерді қарастырады, оларды әрқалай 
түсіне отырып, алдарына әртүрлі зерттеу 
міндеттерін қояды. 
Ментальды-информациялық 
бағыттағы 
когнитивтік лингвистика көбіне зерделейтін 
ұғымдары: когниция, когнитивтік жүйе, 
адамның психикасы, адам когнициясының 
құрылымы мен қызметі, адам организмінде 
болатын 
физиологиялық, 
психологиялық, 
когнитивтік процестер, білім, өзін-өзі тану, 
адамның танымдық қызметі, адамзат тілі, т.б. 
Ментальды-информациялық 
бағыттағы 
когнитивтік лингвистиканың негізгі міндеті 
ретінде адам когнициясының негізі – миды, 
нейрондық жүйені, жадыны, жалпы тілдік 
танымды, ақпаратты өңдеудің құрылымын 
қояды. 
Ментальды-информациялық 
бағыттағы 
когнитивтік 
лингвистиканың 
негізгі 
ұғымдарының бірі – «репрезентация». Табиғаты 
жағынан бұл ұғым да ментальды терминімен ба
-
рабар. Шын мәнісінде адамның миы, адамның та
-
нымы ментальды. Ментальды-информациялық 
бағытта бірінші орында ментальдылық және 
концептуалдылық тұрады. Бұл әрбір тілдің
артында концепт, концептуалдық құрылым 
тұратынын көрсетеді және когнитивтік лингвис- 
тиканың басты мақсаты – концептілердің форма
-
сы мен құрылымын, жасалу заңдылықтарын ашу 
және көрсету деп Серік Ергалиевич екі бағыттың 
ерекшелігін саралап, жіктеп, ерекшеліктері мен 
өзгешеліктерін зерделеп көрсетеді. 
5. Бесінші топқа ғалым белгілі ғалым 
З.Қ. Ахметжанованың ұлттық концептологиялық 
когнитивтік 
зерттеулерін 
жатқызамыз. 
Зерттеуші Қазақстандағы концептологиялық 
зерттеулерді шартты түрде бірнеше топқа бөліп 
қарастырады да «намыс», «тіл», «ағайын», 
«сөз», «бақыт» сияқты ұлттық концептілерді 
жан-жақты зерттейді [11, 56]. З.Қ. Ахметжано
-
ва Қазақстандағы ұлттық концептологияның 
негізін салушы.
Қорыта айтқанда, когнитивтік лингвис- 
тикада бәріне бірдей ортақ мәселе «ақыл – ой 
– тіл – репрезентациялау – концептуализация- 
лау – категоризациялау – қабылдау» ұғымда- 
рының когнитивтік шынжырдағы өзара қарым-
катынасын анықтау мәселесі болып отыр [12, 126]. 
Қазақстандағы когнитивтік лингвистиканың 
бағдары этномәдени немесе мәскеулік бағыттан 
өріс алған деп тұжырымдауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет