ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(63). 2013 Қазақстандағы когнитивтік лингвистиканың бағыт-бағдары



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата24.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#154746
1   2   3   4   5
Байланысты:
402-1-790-1-10-20160118
тест педогог, тест педогог
1. Когнитивтік лингвистиканың пайда 
болуының өзегі, негізі болған, оған алғышарт 
болған зерттеулер. 
Тілді 
антропоцентристік 
парадигма 
бағытында зерттеудің бір саласы – ұлттық 
мәдениетімен, салт-дәстүрімен рухани болмы
-
сымен сабақтастыра қарастыру. Осы бағыттың 
басты көрінісі тіл білімінің этнолингвистика, 
лингвомәдениеттану, лингвоелтану тәрізді сала
-
лармен негізделді.
Бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар 
жалпы, қазақ ғылымында когнитивистика
жайында көзқарас білдіргендер деп Ә. Қайдар, 
Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Р. Сыздықова, 
Ж. Манкеева сияқты ғалымдарды атауға бо
-
лады, өйткені бұл ғалымдар этнолингвистика 
шеңберінде концептілер туралы да пікірлер 
айтқан.
Ұлттық тілді әрбір этностың дүниетаны- 
мымен, ұлттық мәдениетімен, өткен тарихы
-
мен, салт-дәстүрлерімен бірлікте қарау мәселесі 
тіл ғылымында ерекше өріс алып келе жатқан 


75
issN 1563-0226 KazNU bulletin. oriental series. №2(63). 2013
Ж.Ж. Есеналиева
когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттың 
тууына себепші болды. Қазіргі кезеңде тіл 
ғылымы жаңа антропоцентристік бағытта да
-
мып келеді. Жалпы зерттеулердің көпшілігінде 
тілдің құрылымдық жүйесіне мән беріліп келсе, 
қазіргі кезде тілді жаңаша кешенді түрде зерт
-
теу, соның ішінде танымдық бағытқа баса назар 
аударылып отыр.
2. Қазақ тілі мен мәдениетінің концепте- 
ріне талдау жасаған зерттеулер. 
Концепт» термині орыс тіл білімінде XX 
ғасырдың 20-30 жылдары қоршаған орта 
құбылыстарының тіл әлемінде бейнеленуін 
зерттеумен 
байланысты 
пайда 
болды. 
С.А. Аскольдов-Алексеевтің 1928 жылғы «Рус
-
ская речь» жинағында жарық көрген «Концепт и 
слово» деген еңбегінде концептілерді танымдық 
(познавательные) және көркемдік (художествен
-
ные) түрлеріне жіктейді, бірақ олардың аралық 
шегінің өзгеріп, кейде бір-бірімен астасып оты
-
ратынын да жоққа шығармайды.
«Концепт» терминінің теориялық негіздері 
Д.С. Лихачев, П.Д. Арутюнова, Е.С. Кубрякова, 
А.Н. Мороховский, Н.К. Рябцева, В.А. Маслова, 
А.Я. Гуревич, А. Вежбицкаяның еңбектерінде 
әртүрлі қырынан қарастырылды. 
Қазіргі лингвистикада концепті үш түрлі 
бағытта талданып, қарастырылады: лингвис- 
тикалық, когнитивтік, мәдениеттанымдық.
Концептіні 
лингвистикалық 
тұрғыдан 
қарастыруды дұрыс деп санайтын зерттеушілер 
(С.А. Аскольдов, Д.С. Лихачев, В.В. Колесов, 
В.Н. Телия) концептіні сөздің коннотативті 
элементтерімен 
қоса 
алғандағы 
барлық 
мағыналық әлеуеті, концепт сөздің кез келген 
мағынасында өмір сүреді деп қарайды.
Концептіні көптеген зерттеушілер бір 
тілде сөйлеушілерге ортақ концептуалдық ой
-
лау жүйесі, «менталдылықтың негізгі бірлігі», 
«мәдениеттің кілт сөздері», «ұлттық колориті», 
«ойлау мен қарым-қатынас құралы ретіндегі 
тілдің символдық-мағыналық қызметі арқылы 
көрінетін неғұрлым мүмкін мағыналар» ретінде 
қарап, бір сөзбен концепт дегеніміз мазмұндық 
формасында әрі символ, әрі бейне, әрі ұғым деп 
көрсетеді. 
Концептінің мәнін когнитивтік тұрғыда 
қарастыруды ұсынатын зерттеушілер (З.Д. По
-
пова, И.А. Стернин, сондай-ақ «Краткий сло
-
варь когнитивных терминов» сөздігінің ав
-
торлары С. Кубрякова, В.3 Демьянков, Ю.Г. 
Панкрац концептіні менталды ойлаудың бірлігі 
ретінде қарастырады. З.Д. Попова, И.А. Стернин 
концептіні «ауқымды ойлаудың бірлігі» ретінде 
қарастыра келіп, концептінің тілдегі фразео
-
логизмдерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, 
мәтіндерге, мәтіндер байланыстылығына талдау 
арқылы жан-жақты ашылып түсіндірілетінін жа
-
зады [1, 35]. Концептінің тілдік көрінісін талдау 
арқылы тілді тұтынушының санасындағы кон
-
цепт мазмұнын тани аламыз.
Үшінші бағытты ұстанушылар концептінің 
мәденитанымдық аспектісіне ерекше мән береді. 
Концепт олардың анықтауынша, адамның 
ментальды ойлау дүниесіндегі «мәдениеттің 
негізгі ұясы» ретінде түсіндіріледі. Концептіні 
түрлі қырынан карастыру барысында сол кон
-
цепт арқылы берілетін мәдени ақпараттың 
мазмұнына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы 
бағыттың өкілі Ю.С. Степанов концептіні 
мәдениеттің микромоделі ретінде қарастырады. 
Оның түсіндіруінше, «мәдениеттің ұйытқысы» 
бола отырып, концепт экстралингвистикалық
прагматикалық, яғни тілден тыс ақпараттарды 
білдіреді. 
Ғалым Э.Д. Сүлейменованың пікірі бойын
-
ша, ғаламның тілдік бейнесі, көбінесе, «түрлі 
дүниетаным мәселесі ретінде қаралады. Бүгінгі 
таңда ғаламның тілдік бейнесі ұғымында 
екі түрлі сипат бар. Оның біріншісінің 
нақты тілдерге және олардың арасындағы 
айырмашылықтарға қатысы жоқ болса, екіншісі 
нақты ұлт тілдерінің қатысуымен қалыптасқан 
лексикалық аталымдар жүйесі тәрізді тілдер 
арасындағы айырмашылықтарға бағыт-бағдар 
жасаушы ғаламның тілдік бейнесімен байла- 
нысты» [2, 39]. 
Автордың пайымдауынша, ғаламның тілдік 
бейнесі негізгі екі қызмет арқылы айқындалады: 
1) ғаламның негізгі бейнесін негізгі элемент
-
тер білдіреді; 2) тілдік тәсілдердің көмегімен 
ғаламның ғылыми бейнесі түсіндіріледі.
Ғалым 
А. Ислам 
концептіге 
мына
-
дай анықтама береді: «Концепт дегеніміз – 
этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың 
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең 
мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени 
құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін 
білдіретін құрылым» [3, 213].
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыт- 
тың 
қалыптасуында 
Э.Д. Сүлейменова, 
Н.Ж. Шаймерденова, Г.Г. Гиздатов, Ж. Манке
-


76
ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(63). 2013
Қазақстандағы когнитивтік лингвистиканың бағыт-бағдары
ева, Қ. Жаманбаева, Г. Смағұлова, Б. Хасанов, 
Б. Қасым, А. Ислам еңбектерінің маңызы зор.
Мәдени концепт – ұлт мәдениетінің ерек
-
ше қасиетін хабарлаушы ақпарат. Э. Оразалие
-
ва бұл мәселе туралы мынадай пікір білдіреді: 
«Мәдени концепті когнитивті концепті сөзінің 
беретін мәнінен өзгеше. Мәдени концепт – 
лингвомәдени таным бірлігі, онда ұлттық 
мәдениет көріністерінің жиынтығы бейнеленеді» 
[4, 135].
«Концепт» терминіне әртүрлі анықтама 
беру және түсіндіру, оның екі жақтылығын 
көрсетеді: біріншіден, тілдік таңба ретінде 
(лингвистикалық, мәдени және лингвомәдени 
бағыттар), екіншіден, ментальдықты көрсететін 
тілдің мазмұндық жағы (когнитивтік бағыт). 
Бұл бағыттар бірін-бірі жоққа шығармайды, 
қайта бір-бірімен тығыз байланыста болып, 
концепт менталды құрылым ретінде адам сана
-
сында социумның концептосфераға, одан кейін 
мәдениетке шығуы болып табылады. Концепт – 
мәдениеттің ажырамас бірлігі ретінде ұжымдық 
тәжірибенің нәтижесі.
Енді екінші топтағы зерттеулерге қайта 
оралсақ, ол зерттеулер концепт болғанда, қазақ 
этносының санасында материалдық объектілерді 
көрсететін, 
образды-ассоциативті 
жоғары 
деңгейде бағаланған «қамшы», «домбыра», 
«атамекен», «ұрпақ» сияқты концептер, соны
-
мен қатар ұлттық діліміздегі адами қасиеттерді 
көрсететін «намыс», «сабырлық», «қанағаттық», 
«ағайындық», тағы сол сияқты концептерді зерт
-
теген жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет