Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


шексіз  ӛмірі  мен  ӛлімі  һақында»



Pdf көрінісі
бет24/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

шексіз  ӛмірі  мен  ӛлімі  һақында»  деп  аталатын  тӛрт  бӛлімді  трактатын 
жазады. XVIII ғ. орыстың Қайта ӛркендеу дәуірінің басқа да ӛкілдері сияқты 
Радищев те бұл зерттеуінде деист ретінде кӛрінді  – жанның ӛлетінін, сосын 
барып жанның мәңгілік ӛмір сүретінін дәлелдеді. Ол былайша пайымдайды: 
ӛмірдің басты мақсаты  жетілуге ұмтылу, сол себепті де «1) ӛлген соң, адам 
бұрынғы тәнінен айырылып, ӛзінің жеткен жетістігіне лайық дамыған, одан 
да жетілген басқа тәнге ие болады; 2) адам үздіксіз жетілу үстінде болады деу 
орынды».  Осы  ойын  дамыта  отырып,  Радищев  адамның  басқа  тіршілік 
иелерінен айырмашылығы – сана-сезімі бар, бірақ ең бастысы әрі маңыздысы 
моральдық  әрекеттерді  жүзеге  асыра  алады  деді:  «Адам  жақсылық  пен 
жамандықтың  не  екенін  білетін  жер  бетіндегі  жалғыз  тіршілік  иесі»  және 
«адамның  басты  қасиеті  –  қаншалықты  шексіз  жетіле  алатын  болса, 
соншалықты да азғындалуы мүмкін».  
 А.Н. 
Радищевтің 
әлеуметтік 
кӛзқарастарына 
француз 
ағартушыларының  жаратылыстану  құқығы  мен  қоғамдық  келісім  теориясы 
негіз болды. Ломоносов та, Радищев те адамдардың әуел бастан тең құқылы 
екенін, 
құқықтың 
теңдігін, 
еркіндігі 
мен 
міндеттерін 
институционализациялау керектігін сеніммен айтты.  
Г.  Сковороданы  (1722-1794  жж.)  орыс  топырағынан  шыққан  Сократ 
деуге болады. Ол орыстың ӛзіне ғана тән философиясын қалыптастырды, ал 
оған  дейінгілердің  бәрі  жасанды  әрі  кӛшіріліп  алынған  болатын  (А.  Ф. 
Лосев). Аңыз бойынша бұл кезбе кедей философ ӛзінің құлпытасына «Әлем 
мені  сүріндірсе  де,  құлата  алмады»  деген  эпитафия  жазып  қалдырған  екен. 
Мұнда «әлем» деп кезбе тақуа «сыртқы ӛмірді, әуре-сарсаң ӛмірді» айтады.  
Бұл  «шаруа  философтың»  философиялық  кӛзқарастарындағы  негізгі 
идея  –  антропологизм.  Ол  таным  тек  адам  арқылы  ғана  жүзеге  асады  деді. 
Адам  –  микрокосм,  танымға  негіз  болатын  ӛмірдің  қазығы.  Ол  болмыс 
мәселесіне үлкен мән берді және онда үш әлем бірдей ӛмір сүреді деді: адам 
болмысы  (микрокосма),  Жаһан  болмысы  (макрокосма)  және  «үлкен  және 
кіші  әлемдерді  әрі  байланыстырып,  әрі  ӛзінде  бейнелейтін  «символдық» 
шындықтың болмысы».  
Сол  себепті  оның  жүйесіндегі  екінші  басты  идея  –  мистикалық, 
тылсым символизм, ол болмыс пен оның жасырын жақтарының арасындағы 
табиғи  байланыстарды  аңғаруға  мүмкіндік  береді.  Антропологиялық 
символизмге  сүйене  отырып,  Сковорода  Інжілді  махаббаттың,  тіпті 
ғашықтықтың  басты  нысаны  ретінде  қарастырады.  Сол  себепті  де  оның 
метафизикасына  да,  теологиясына  да  мистикалық  тән.  «Ерік  пен  ақылдың 
ғажайып  тереңдігі  бір»,  бірақ  ӛмірде  олар  екі  бӛлек,  сол  себепті 
бастапқыдағы тұтастыққа қалай да жетуге ұмтылады. Ерік керемет құдіретті 
күш,  бірақ  соқыр,  ал  ақылдың  кӛзі  ашық  болғанымен,  күші  жоқ.  Ӛмірдегі 
мақсат «туған шаңыраққа оралу», сӛйтіп ақылдың кӛмегімен шындыққа кӛз 

жеткізу,  ал  еріктің  күшімен  танымға  жету.  Осылайша  Сковороданың 
ойынша,  табиғатыңды  танып  білу,  ӛмірде  ӛзіңді  тану,  ӛзіңнің  рухыңның 
әмірін  терең  сезіну,  ӛзіңнің  «Менің»  туралы  ойлап-толғану  үлкен  бақыт 
деген тұжырымға келеді.  
Билікті  ӛзгерту  туралы  әлеуметтік-саяси  идеялар,  тарихи  процестің 
қозғаушы күштері мен тарихтың дамуындағы тұлғаның рӛлі декабристердің 
еңбектерінде баяндалады (П. И. Пестель, И. Д. Якушкин және т.б.). Ӛзіңнің 
заманынан  озық  туған  П.И.  Пестель  (1793-1826  жж.)  жаңа  буржуазиялық-
демократиялық  басқару  формасын  қалыптастыру  үшін  революция 
жеткіліксіз,  ол  елге  тәртіпсіздік  әкеледі.  Әскери  тӛңкеріспен  ғана  шектеліп, 
сосын  реформаларды  біртіндеп  жүргізу  керек  деді.  Ол  ӛтпелі  кезеңнен  – 
уақытша  Жоғары билік диктатурасын ӛткеру  кезеңінен ӛту  үшін 10-15  жыл 
мерзім  керек,  сол  уақыт  ішінде  аграрлық  мәселені  шешу  керек. 
Крепостнойлық құқықты жойған соң, шаруаларға жер беріп, бостандықтарын 
қамтамасыз ету қажет. Пестельдің әлеуметтік бағдарламасын сипаттай келіп, 
Герцен  оны  Ресейдің  «социализмге  дейінгі  бірінші  социалисті»  деп  атайды. 
Сӛйтіп,  оны  «орыс  социализмі»  теориясының  да  тікелей  кӛшбасшысы  деп 
таниды.  
Чаадаев  П.Я.  (1794-1856  жж.)  –  орыс  батысшылдығында  діни-
философиялық  бағыттың  ӛкілі.  Оның  басты  назарында  –  тарих  пен 
бостандықтың  метафизикалық  мәні  мен  тарихи  мәселелері,  Батыс  пен 
Ресейдің  ӛзара  қарым-қатынасы,  адамның  жеке  арналып  қойылған  орны 
болды.  
Ол  Әлемнің  діни  маңызы  мен  жоғары  санасы  (әлемдік  ақыл-ой),  адам 
табиғатының  маңызын  құрайтын  ұрық  туралы  ілімнің  негізін  қалады. 
Чаадаев адамның әлемдегі орны мен арналып қойылған орнын «ақыл-есі бар 
тіршілік негізінің соңғы шегінің күш салуы», рухтың әлемдегі соңғы арналып 
қойылған орнын табуы деп анықтайды.  
Адамзаттың  мақсаты  «біздің  ӛмір  сүру  мәніміздің  әлемдік  мәнге 
қосылуында»  дейді.  П.Я.  Чаадаев  Ресейдің  бұрынғысы  мен  қазіргісін  сынға 
алады.  «Философиялық  хаттар»  трактатында  Құдай  патшалығының 
жасампаздығы  жүріп  жатқан  трагедиялық  қарама-қайшылыққа  қарамастан, 
мәдени-тарихи үдеріс сакральды (қасиетті) сипатқа ие екендігін кӛрсетеді. 
 Бұл  тарихи  нәрсе  провиденциализм  базасында  оның  философиялық 
кӛзқарастарын  құрайды.  Ойшыл  осыны  ӛзінің  бүкіл  ӛмір  бойы  негіздеп, 
дәлелдеді.  Тургеневке  жазған  хатында  Чаадаев  Ресей  туралы:  «кӛрегендік 
эгоист болу үшін бізді ӛте күшті қылды, ол бізді ұлттардың мүддесінен тыс 
қылды  да,  барлық  адамзаттың  мүддесін  тапсырды...  біздің  ұзақ  уақыт  бойы 
жалғыздығымыздың логикалық нәтижесі осындай», – деді.  
Ол дамудың барлық жолдарын сыни тұрғыда бағалады. Чаадаев ӛзінің 
«Хаттарында»  Ресей  халқы  туралы  былай  деді:  «әлемдік  дамудың  тарихи 
жолдарынан қалып қойған», сондықтан «...әлемде жалғызбыз, әлемге ештеңе 
берген  жоқпыз»;  бірақ  «Ресейдің  «ӛнім  бермейтін»  тарихи  бұрынғысы 
танымал мағынада «оның игілігі болып есептеледі»: біздің болашағымыз әлі 
алда». 

Ол  еуропалықтарға  артық  прагматизмді,  «механицизмді»,  соңғы 
индивидуализмді және рухсыздықты күнә ғып қойды: «Еуропа елдерінде бәрі 
де ақылмен, рақымшыл, адамгершілікті діни сезіммен жасалмайды». 
Ол  ӛзінің  кӛзқарастарын  тарих  жолына  негіздей  отырып,  «Мәдени-
тарихи үдеріс үлкен күшпен алға бағытталуда» деді. Ол дамудың барлығына 
бірдей жолының тарихи болашағы туралы ойларынан шабыт алды. Дамудың 
барлығына  бірдей  жолы  қайырымды,  ізгілікті,  заңды  ойларға  негізделген 
болатын. 
Батыс  адамдары  үшін  «...аманат,  әділеттілік,  құқықтық,  тәртіп 
идеялары»  әлеуметтік  әдет-ғұрыптың  элементтеріне  айналған  болатын, 
сондықтан  Батыстан  үлгі  алуға  болатын  еді.  Руханилық,  жалпылық, 
ортақтық, қайырымдылық Ресей халықтарына тән нәрселер еді.  
Бірігуге қалайша қол жеткізуге болады? Чаадаев бұл сұраққа былайша 
жауап  береді:  біз  «ӛз  еркімізге  қарама-қарсы  жақсылыққа  керемет  күшпен 
ұмтыламыз, соған толығымен сенуге болады».  
Чаадаев Ресей діни синтезді іске асыруға тиіс деп таныған: православие 
ӛте  күшті  механикаландырылған  католик  шіркеуінің  денесін  жандандыруға 
қабілетті  деп  есептеді.  Біз  Еуропада  бар  құндылықтардың  бәрін  игеруге 
тиіспіз деді. 
«Телескоп»  журналында  орыс  тілінде  жазылған  бірінші  хатына 
байланысты  І  Николай  оны  «жынды»  деп  хабарлап,  үй  тұтқыны  ретінде 
ұстай  отырып,  қоғамнан  аластатты.  «Философиялық  хаттар»  мен  мақалалар 
тыйылды.  Мақалалары  тек  қана  ХХ  ғасырдың  басында  «Философия  мен 
психология  мәселелері»  атты  журналда  жариялана  бастады.  Чаадаев 
Батыстың  даму  жолдарын  қолдаушы  бола  тұра,  батыс-еуропа  тарихын 
насихаттаушы  болған  жоқ  әрі  Ресейдің  дүниежүзілік  рӛл  атқаратынына 
сенімді  болды:  болашақта  «Біз  Еуропаның  ақыл-ой  түйіні  боламыз». 
«Жындының  апологиясы»  мақаласында  ол:  «Біз  әлеуметтік  тәртіптің  үлкен 
бӛлігін шешуге, адамзатқа тән маңызды сұрақтарға жауап беруге тиіспіз». 
И.В. Киреевский, А.С. Хомяков, К.Н. Леонтьев сияқты славянофилдер 
мен  тағы  басқалар  орыс  діни  философиясының  шыңы  болып  саналатын 
философиялық  қозғалыстың  негізін  салды.  Орыстың  дербес  философиялық 
ойлары  ХІХ  ғасырдың  басында  пайда  бола  бастады.  Н.  Лоссковскийдің 
анықтамасы  бойынша  «орыс  қоғамы  Кант,  Фихте,  Гегельдің  неміс 
идеализміне  Шеллингтің  табиғат  пен  эстетика  философиясына  еліктеу 
кезеңін  бастан  ӛткерді.  Бұл  дербестіктің  бастауы  Киреевский  мен  Хомяков 
сияқты  славянофилдердің  аттарымен  тығыз  байланысты.  Олар  ешқандай 
философиялық  жүйе  құрған  жоқ,  бірақ  христиандық  философияның 
(соборлық  пен  рухтың  тұтастығы  тұжырымдамасының)  негізін  салды  және 
орыс рухани-тарихи үдерісінің ӛзіндік ерекшелігін дәлелдеді.  
Таным  теориясында  Хомяков  пен  Киреевский  орыс  интуитивизмін 
ұстанды. Оны Н. Лосский «гносеологиялық реализмнің формасы» деп атады. 
Олар  «тұтас  білім»  тұжырымдамасын  дәлелдеуге  ерекше  мән  берді.  Онда 
сезімдік, 
ақыл-ой, 
мистикалық 
кӛкейкӛздерді 
үйлестіре 
отырып 

«металогиялық ұстанымдарының» дайын білімін алуға болады деді. Кейіннен 
В.Соловьев бұл идеяны ӛзінің тұтас білім тұжырымдамасында қолданды.  
И.  Киреевскийдің  (1806-1856)  айтуынша,  Ресейді  құтқару  –  Еуропа 
мәдениетіне  еліктеуден  емес,  православяндық  ағарту  мен  православьяндық 
мәдениетті  дамытуда.  Ол  ӛзінің  «Еуропаны  ағарту  сипаттамасы  және  оның 
Ресейді  ағартуға  қатынасы  туралы»  мақаласында  протестантизм  мен 
католицизмнің ішкі байланысын кӛрсетті. 
Протестантизмде  реформаның  жүруі  ортағасырлық  схоластикада 
негізделген  протестантизмнің  реформасының  жүруінде  таласты  шешудің 
бастамасы  күшейе  бастады.  Осыған  байланысты  Еуропа  мәдениеті  ӛмірдің 
рухани негіздерін  тиісті  дәрежеде  бағаламады,  онда прагматизм  мен  атеизм 
басым бола бастады. Оның ойынша, католицизм де, протестантизм де бірлік 
пен  еркіндікті  қарама-қарсы  қойып,  діни  ілімге  толып  тұрған...  ӛзара 
махаббаттың  мінез-құлықтық  заңы  негізінде  бірлікке,  еркіндікке  шақырған 
христиандықтың бастапқы рухын бұрмалады. 
Киреевский:  «Шығыстың  шіркеу  иелерінде  ақылдың  жиынтығы,  – 
«рухтың  бүлікшіл  емес  ішкі  тұтастығы»  барлық  мінез-құлық  пен  ойлаудың 
негізі  бар,  мұны  орыс  халқы  иемденген»,  –  деп  есептеді.  Ол  Ресей 
«православиелік  ағарту  ісі  қазіргі  заманғы  бүкіләлемдік  қозғалыстарды 
меңгерсін,  әлемдік  даналықты  байыта  отырып,  христиандық  ақиқат 
толығынан адам ақыл-ойы үстемдік етуі қажет» деп сенеді. 
А.С.  Хомяковтың  (1804-1860  жж.)  «Дүниежүзілік  тарих  туралы 
жазбаларында»  славянофилдік  тарих  толығырақ  берілген.  Онда  ол  адам 
баласының  алғашқы  бірлігі  туралы  айтып,  тұрақты  мәдени,  географиялық 
немесе  этникалық  орталықтарынан  айырылған  халықтардың  дамуының 
тарихи  моделін  баяндайды.  Мұндай  модель  адамзат  тарихына  екі  рухани 
бастаманың 
(архетиптер) 
(рухтың 
еркіндігін 
мойындағандар 
мен 
мойындамайтындар) айқасына негізделген. 
Әртүрлі  этностар,  Хомяковтың  айтуынша,  ӛздерінің  мәдениеттерін 
дамыта  отырып,  дүниежүзілік  тарихқа  қатысушылар  болып  қалады. 
Сондықтан  ол  халық  ӛмірінің  тұтастығын  күшпен  бұзуға  және  оған 
мәдениеттің бӛтен формаларын кіргізуге қарсы болды. 
Киреевский  мен  Хомяков  орыс  мәдениетінің  ӛзіндік  ерекшеліктерін 
жоғары  бағалады:  –  Ресей  Еуропадан  жоғары  тұр,  Еуропа  мәдениеті  тірек 
ететін ұстанымдар керемет деп айта алмаймыз – деп есептеді. Олар І Петр-ді 
«Еуропаға еліктеу салауатты мемлекет пен мәдени құрылысқа кепіл болады» 
деп қателескенін айтып сендірді.  
Олардың ойынша, орыстар Еуропаға қарағанда ұлы, ӛзіндік ерекшелігі 
бар  мәдениетті  енгізушілер.  Бірақ  бұл  мәдениеттер  бірін-бірі  жоққа 
шығармауға тиіс. Әйтпесе, олар біржақты болып кетеді.  
Бұл  ойларды  жазушы,  әрі  публицист  К.Н.Леонтьев  (1831-1891ж.ж.) 
ескере  отырып,  тотальдылық  (ұжымдық)  философияны  дамытады.  Оның 
ойынша,  кез  келген  қоғамның  тарихы  ӛзінің  даму  жолында  3  кезеңді  ӛтеді: 
жасӛспірім  –  қарапайым;  кемеліне  келіп,  гүлденіп  тұрған  күрделі  және 
кәрілік  аралас  жеңілдік.  Соңғы  кезең  қиындау,  ӛйткені  үкімет,  идеология 

оның тууына қолынан келгенше кедергі болады. Ең нәтижелі кезең – екінші 
кезең.  Бұл  Батыс  Еуропада  орта  ғасырларда  болды,  сондықтан  ол  бұзылу 
кезеңіне де жетті.  
Леонтьев  капитализмді  құлдырау  толық  «арсыз  және  арамза» 
құбылысы  деп  қарастырды.  Жазушының  ойынша,  Ресей  эмансипацияға, 
прогреске,  ӛтірікке  байланысты  үшінші  кезеңге  жақындап  келе  жатты.  Осы 
кезде  оны  ұстап  тұру  үшін  барлық  консервативтік  күштерді,  соның  ішінде 
патшаның ӛз бетімен билеуі мен православиені жұмылдыру керек. 
Леонтьев  «прогресті  рационалды  түрде  тануға  да,  түсіндіруге  де 
болмайды,  ӛйткені  ол  сенім  пәні»  деп  сендірді.  Даму  үдерісінің  ӛзі 
натуралистік  тұрғыда  түсіндірілді.  Ол  ішкі  деспоттық  бірлікпен  бекітілген 
түрсіз  және  қарапайымдылықтан  күрделіге,  гүлденуге  бірте-бірте  кӛшу 
ретінде болды.  
Мұндай бірлік ондағы бекітілген күрес пен азап шегуге қарамастан ӛте 
ыңғайлы болды. Ал әдемілік адамнан да қымбат.  
Тәңірі адамдарды бірдей ғып жаратқан жоқ, ол біркелкілікті қажет деп 
санамады.  Публицист  құлдық  пен  зорлық-зомбылықты  ақтай  отырып,  ол 
ұлттық  қамалдың,  рухани  ерекшеліктің,  мәдени  жанданудың  құнды  бағасы 
деп есептейді. 
Леонтьев  қоғамның  ең  керемет  болып  іске  асырылуын  византиялық 
модель  деп  есептейді.  Діни  тұрғыда  ол  аскетизмді  және  православиелік 
догматизмді,  саяси  тұрғыда  –  абсолюттік  монархияны,  мінез-құлықтық 
тұрғыда  –  жеке  ұстанымдардан  бас  тарту,  жер  бетіндегінің  бәріне  кӛңілі 
толмау т.б. насихаттады. Леонтьев революцияның жақындап келе жатқанын 
сезе  отырып,  бұл  үрдістердің  себебі  жеке  меншіктік  пен  байлықты  қуу  деп 
сендірді. 
Бұл  жағдайдан  шығудың  жолын  Ресейдің  Шығысқа  қарай  қайта 
бағдарлануы  мен  саяси  экспансия  жолымен  жаңа  әлемдік  христиан 
орталығына  айналдырудан  кӛрді.  Қоғамдағы  тұрақтылықтың  негізі, 
Леонтьевтің  пікірінше,  селолық  қауым  мен  қатаң  сословиелік  бӛліну. 
Славянофильдіктің  идеяларына  сүйене  отырып  Н.Я.  Данилевский  (1822-
1885 жж.) еуразиялық тұжырымдама жасады.  
Г.В.Фроловскийдің  анықтамасы  бойынша,  «Еуразиялықтар  Рухтан 
емес,  Тәннен  және  Жерден  күш  алғысы  келеді».  Негізі,  бұл  кӛзқараста 
кейіпкер бейнесі мәдениеттің жаңа үлгісін кӛрсетеді, адамның ӛз-ӛзіне деген 
қарым-қатынасы,  эгоизмсіз,  адамдардың  ӛз-ӛзімен,  табиғатпен,  қоғаммен 
үйлесімді  қарым-қатынасы  ретінде  түсіндірілетін  «соборлық»  негіздегі 
адамдардың қарым-қатынасы. 
 Ол «Ресей мен Еуропа» кітабында ӛз-ӛзімен болып, тұйықталып қалған 
адамдардың,  адамдар  бірлігін  бұзушы  ретінде  мәдени-тарихи  типтердің 
теориясын дамытады.  
Ол  ұлттық  мәдениет  имманентті  (ішкі)  түрде  басқа  мәдениеттермен 
ӛзара әрекет етушілік бағытта дамиды дегенді дәлелдейді, сонымен қатар бұл 
теория бойынша ұлттық мәдениеттің дамуы жеке ӛзіндік негізде ӛтуге тиіс, 
басқа 
мәдениеттің 
әсеріне 
ермей 
немесе 
оның 
табыстарына 

шығармашылықпен  қайта  қарастыру  арқылы  ӛтеді.  Н.Я.  Данилевскийдің 
айтуынша, 
бұл 
шарттарды 
орындағанда 
ӛзінің 
ерекшелігімен 
қайталанбайтын  еуразиялық  мәдени  салтты  жасауға  болады.  Оның  бұл 
теориясы  мәдениеттің  кӛптігімен,  әртүрлі  салалығымен,  мәдени-тарихи 
прогрестің еуроцентралистік идеяларынан бас тартуды болжайды. Бұл теория 
бір мәдениетті басқамен ауыстыруды болдырмайды.  
Данилевский  адамдарға  бірыңғай  «жалпыадамзаттық  құндылықтарды» 
зорлап  беру  қаупін  кӛрсетеді,  ӛйткені  құндылықтар  нақты  тарихи  сипатта 
болады.  Бұл  жағдайда  жалпыадамзаттық  құндылықтар  ұғымын  Батыс 
қоғамының құндылықтары мағынасында қолданады.  
Шындығында,  еуропалық,  соңғы  жылдары  американдық  мәдениеттің 
экспансиясы  басқа  халықтардың  мәдениеттерін  дамытуға  тиімсіз  жағдай 
жасайды.  
Кең  контексте  мәдениеттің  жаhандануы  (еуропаландыру  мен 
америкаландыру)  этностарды  таратуға,  басқа  ұлттардың  тұтастығы  мен 
ынтымақтастығын  жоюға  әкеп  соғады.  Данилевский  мұны  сол  кездегі 
әлеуметтік-тарихи  қауымдастық  ретіндегі  елестен  шығарған  болар.  Осы 
ұлттарға  территория,  тіл,  мәдениет,  тарихи  тағдырлар  бірлігі  тән  болатын. 
Бұлардың социомәдениеттік негізін тұрақты этностар құрайтын. 
Тарихи-мәдени  үрдістің  мультижелілік  сызбасы  С.Н.  Трубецкойдың 
(1862-1905 жж.) «Еуропа мен адамзат» атты кітабында дәлелденді.  
Онда ол мәдени-тарихи үрдістің желілік даму тұжырымдамасын сынға 
алады.  
Ресей  ойшылы  прогресті  әртүрлі  халықтардың  мәдениеттеріндегі 
әртүрлі мүмкіндіктерді жүзеге асырушы ретіндегі прогресс идеясын қарама-
қарсы  қойып,  прогресс  туралы  дәстүрлі  алға  апарушы  күш  ретіндегі 
кӛзқарасты қайта қарастырады.  
Трубецкой  «Ақиқат  және  жалған  ұлтшылдық  туралы»  мақаласында 
ұлтшылдықтың  жалған  3  түрі  туралы  айтады.  Біріншісі  –  ӛзіндік  ұлттық 
мәдениетті  елемеуге  негізделіп,  мәдениеттің  денационализациясына  әкеп 
соғады; екіншісі – соғысушы шовинизм, сол мәдениетті таза жеткізушілерді 
жоғалтуға әкеп соғады; үшіншісі – мәдени консерватизм. Ол лаң туғызатын 
мәдени  тоқырауға  толы,  бұл  «мәдениетті  ӛлтірудің»  жаршысы  болып 
саналады.  Трубецкой  жалған  ұлтшылдықтың  бұл  түрлерінен  сақтану  керек 
дейді. Олардың біріге алатын қабілеттері бар және аралас типтер құра алады, 
оларға ортақ бір қасиет – шын ұлтшылдыққа қарама-қарсылық. Олар ұлттық 
санаға негізделмейді, ылғи да ұлттық мәдениетке шақырады.  
Кӛпұлттық  мемлекетке  шынайы  жалпы  еуразиялық  ұлтшылдық  оған 
кіретін  ұлттарға  конгениальдықты  болжайды.  Осындай  мемлекетте  «хор» 
және «полифониялық», тұтас ұлт мәдениет секілді мемлекетті де жасайды. 
Трубецкой  Еуразия  халықтары  ӛз  менталитеттеріне  орай  еуропалық 
болып  кетпейді,  батыс  ӛркениеті  шеңберінде  ӛз  құндылықтарын  да 
дамытпайды.  Олардың мәдениеті  «еуропалықтардан  кем  емес»,  жай ӛзінше, 
басқаша болып келеді. Ол әртүрлі мәдениетті салыстыра отырып талдағанда 
барлық  мәдениеттердің  және  халықтардың  теңдігі  мен  сапалы  мӛлшерлеуге 

болмайтындығы  туралы  қорытындыға  келеді.  Соборлық  идеяларға 
негізделген  православие  мәдениеті  рационалдық  қарама-қарсы  қойылды. 
«Жалпыеуразиялық  ұлтшылдық»  еңбегінде  Трубецкой  осы  мәселелер 
тӛңірегінде қызықты ойлар айтады.  
Оның  Батыс  адамы  «тұтастық»  категориясын  түсінуге  қабілетсіз,  ол 
логикалық  абстракцияны,  этиканы  казуистикаға,  ал  ғылымды  таза 
деструктивті талдауға жатқызуға деп қабылдайды дегеніне келісуге болады. 
Оның  талдауында  ғарыш  біртектес,  әмбебеп  нәрсе  емес,  кӛпшілік 
«әлемдерге»  ыдырайтын,  мәні  әртүрлі  деп  айтылады.  Осыдан  келіп 
Трубецкой  «мәдениет  пен  тілдер  әрқайсысы  ӛзінше  бӛлек»  деп  қорытады. 
Ресейдің  мәдени  полифонизмі,  геосаяси  жағдайы  оның  ерекше  тарихи 
жолымен байланыстырды. Ол орыс мәдениетіне әртүрлі бағыттарда ізденуге 
тура келеді, әртүрлі халықтардың элементтеріне келісуге байланысты барлық 
күштерін  жұмсауға,  бір-бірімен  сәйкес  келетін  екі  мәдениеттің 
құндылықтарын іздеуге тура келеді – деді. 
Трубецкойдың айтуынша, адамға (халыққа) шынайы ӛзін-ӛзі тану ғана 
оның  ӛмірдегі  орнын  кӛрсетіп  береді.  Сонымен  қатар  ол  ӛзіндік  ұлттық 
мәдениет  дұрыс,  тек  сол  ғана  этикалық,  эстетикалық,  улитарлық  талаптарға 
сай деп кӛрсетіп, оны кез келген мәдениет арқылы жоғарылатады. 
Еуразиялықтардың  жаңа  ілімінде  жаңалық  –  қоғам  дамуы  әлеуметтік-
табиғи  тұтастықтың  қалыптасуы  ретінде  қарастырылады  және  оны  әр 
халықтың мәдени-тарихи орны ретінде түсінуге болады. 
Сол елдің немесе басқа елдің мәдени-тарихи дамуын зерттегенде олар 
«орнын  дамыту»  деген  кӛпмағыналылық  ұғымын  пайдаланады.  Ол  тарихи 
зерттеулерде қоғамның жүйе құрушы уақытша емес, кеңістіктік үйлестіруші 
факторы  ретінде  ғана  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Л.Н.  Гумилев  ӛзін 
«соңғы  еуразиялықпын»  деп  санап,  былай  деді:  «Евразиялық  болудың, 
идеократиялық  мемлекеттің  ӛзіне  тән  басты  сипаты  –  оның  барлық 
элементтерінің ӛзара байланыстылығы мен ӛзара тәуелділігі». 
Гумилевтің  пайымдауынша,  Идеократия,  яғни  идеялар  ӛкіметі 
«евразиялық болудың негізі». Ол евразиялық болудың сипаты идеократиялық 
мемлекеттің теориясында барлық теориялық элементтердің ерекшелігі болып 
ӛзара байланыстылық пен ӛзара тәуелділік саналатынын айтты.  
«Мәдени  және  тарихи  салт-дәстүрлерінде  жалпылық»  бар  халықтар 
жиынтығы  белгілі  бір  «даму  жерінде»  автаркиялық  шаруашылық  (жердің 
ерекшелігене қарай) жүргізеді, – деді. 
Гумилевтің пікірінше, «тұтастықты» құрайтын «жекелей де», «тұтастай 
да» мәдениеттің ұлттық сипаты мен асыраушы ландшафт пен этностың ӛзара 
әрекеттерінің сабақтастығы сақталады. 
 
 
 
 

9.4. В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, М.А. 
Бакуниннің философиялық және қоғамдық-саяси кӛзқарастары, 
нигилизмі 
 
В.  Белинскийдің  (1811-1848  жж.)  кӛзқарастарында  публицист  және 
әдебиет  сыншысы  неміс  философиясының,  атап  айтқанда,  романтизм 
эстетикасының,  Шеллингтің,  Фихтенің,  Гегельдің  идеяларының  әсерімен 
қалыптасты.  Гегельге  еліктеу  із-түзсіз  кетпеді.  Белинский  прогресті 
«қоғамның даму заңы» деп насихаттады. Бірақ ұзағынан «гегеляндық» бола 
алмады,  1840  жылдың  басында  прогрестің  гегельдік  тұжырымдамасының 
рационалдық детерминизмін сынға алынды. Ол «жеке тұлғаның, субъектінің 
индивидиумнің тағдыры әлем тағдырынан маңыздырақ» деп пайымдады. 
Белинскийдің  «атаққұмар»  кейіпкері  «идеялардың  идеясы  – 
социализммен»  тікелей  байланысты  болды.  Шындық  пен  қажыр-қайратқа 
негізделген қоғамдық құрылыстың идеалы, бәрінен бұрын тұлғаның тәуелсіз 
құқығы,  әлеуметтік  және  саяси  қанаудың  кез  келген  формаларынан 
бостандығы  шындыққа  толы  болып,  іске  асырылуы  керек.  Публицист  бұл 
құрылысты оңай түсінді, социализм кезінде бай да, кедей де, патша да оған 
берілгендер де, ағайындық та болмайды деп сенді. 
Ол  «метафизикалық  түрде  мықты  емес...  ӛлі  әрі  ессіз  табиғат 
индивидумға  ӛгей  шеше  секілді  қарайды  деп  жазды.  Егер  табиғат  аяусыз 
болса,  онда  ол  әр  адамға  қамқорлық  жасайды.  Виссарион  Белинский  қатаң 
философия жүйесі сияқты жеке антропология жасаған жоқ. 
Алайда оның ойлары антропоцентристік сипатта болды.  
Бұл ойды Белинскийден басқа да батысшылдықтың ӛкілдері бӛлісті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет