Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет26/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

Л.Н.Толстойдың «Тәубе», «Менім сенімім неде?», «Құдай патшалығы 
біздің ішімізде» атты еңбектерінде жамандыққа күшпен қарсы болмау – оның 
моральдық  ілімінің  негізі  болды.  Оның  ойынша,  адам  болмысының 
драматизмі  ӛлімнің  бұлтартпастығы  мен  адамға  тән  ӛлшеуді  аңсаудың 
қайшылықтарында  болады.  Ӛз  рухын  құтқару,  ӛмірге  мән  беру  үшін  адам 
тіпті  ӛзі  жамандық  пен  зорлықтың  негізгі  нысаны  болса  да,  жамандық, 
зорлық  жасамау  керек.  Оның  моральдық  ілімінің  мағынасы  –  жамандыққа 
жамандықпен жауап бермеу, жамандыққа зорлық жасаумен жауап қайтармау 
керек, – деді. 
Л.Н.Толстой  ӛз  еңбектерімен  күн  кӛретін  қарапайым  адамдардың 
рухани тәжірибелеріне қарай отырып, олар ӛз рухтарын ӛлтірмеу үшін Құдай 
заңдылықтарымен ӛмір сүруге тырысатынын түсінді . Ол барлық адамзаттың 
басқа  бір білімі бар  және ӛмір  сүруге  мүмкіндік  беретін  ақылға  сыймайтын 
сенімі бар екенін мойындайды. Оның философиясында сенім ұғымына адам 
ӛмірінің  мәні  туралы  білімі  кіреді.  Оның  нәтижесінде  адам  ӛзін  жоймайды, 
қайта  ӛмір  сүреді  деген.  Сенім  –  ӛмір  күші.  Осыдан  келіп,  Толстой:  «егер 
сенімге негізделсе, онда адам ӛмірінің мәні бар»  – деп мәлімдейді. Жазушы 
ӛнегелілік  идеалының  мәнісі  ескіні  бұзып,  ӛмірге  жаңа  негіз  салған  Христ 
ілімінде  толығынан  айтылған  деп  есептейді.  Алайда,  ұлы  реформатордың 
ілімі Евангелиеда баяндалған, оның айтуынша, ол православие догмасы мен 
басқа христиан шіркеулерінде бұрмаланған. 
Толстой : «Махаббат адамның ӛмір сүру жағдайының қажетті әрі рахат 
шарты. Оны ертедегі діни ілімдер де мойындаған»  – деді. Барлық ілімдерде 
Египет  даналарында,  браминдерде,  стоиктерде,  буддисттерде,  даосистерде 

достық  қалып,  аяушылық,  қайырымдылық,  қолдаушылық  және  махаббат 
рахымшылықтың  бастыларының  бірі  болды.  Жазушы  Христос  махаббатты 
мәнгі  идеал,  ӛмірдің  жоғары  заңы  ретінде  алынатындардың  деңгейінде 
биікке жоғарылатып жеткізді. 
Оның  баяндауларында  Христиан  махаббаты  мынадай  ӛсиеттерде 
берілген: «Ашуланба!», «Әйеліңді тастама!», «Ешкімге ешқашан ант берме!», 
«Жамандыққа күшпен қарсы тұрма!», «Басқа халықтарды дұшпан санама!». 
«Тарих  философиясы»  баяндауында  Толстой  адамзаттың  тарихи 
қозғалысын  қарастырды.  Ол  қозғалыс  үзіліссіз,  бұл  қозғалыстың  мәнін 
аңғару  –  тарихтың  мақсаты  деп  есептеді.  Толстойдың  пікірінше,  тарихта 
бостандық  пен  қажеттілік  маңызды  рӛл  атқарады.  Бұл  философиялық 
категориялар  адамдардың  әрекеттері,  қоғам  және  объективті  табиғат 
заңдарымен ӛзара қарым-қатынасты білдіреді.  
Бостандық  –  «шын  қажеттілікті  тануға»  сүйене  отырып,  адамның  ӛз 
қажеттері мен мақсаттарына сәйкес әрекет етуі.  
Қажеттілік  –  сол  кездегі  жағдайларда  бола  алмайтын,  бірақ  міндетті 
түрде  болатын  нәрселер.  Ол  бұл  құбылыстардың  ішкі  маңызды  ӛзара 
байланысынан,  қарым-қатынасынан  және  ӛзара  әрекетінен  шығатын 
құбылыстардың  дамуы  деп  түсінді.  Бостандық  пен  қажеттіліктің 
арақатынасы ылғи ӛзгеріп отырады, яғни дін, дұрыс мағына, адамзат, құқық 
ғылымы мен тарихтың ӛзі қажеттілік пен бостандықтың арасындағы қатынас 
деп түсінеді. 
 
9.7. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы 
рационализм мен иррационализм; неогегельдік, неокантшылдық, 
эмпириомонизм, интуитивизм, экзистенциализм (Н.Н. Страхов, Б.Н. 
Чичерин, А.И. Введенский, А.А. Богданов, Н.О. Лосский, Л. Шестов) 
 
Н.Н.Страхов  (1828-1896  жж.)  –  ғалым,  табиғат  сынақшысы  және 
жазушы. Ол ӛзінің «Әлем тұтастық ретінде» еңбегінде әлем үйлесімді және 
органикалық  тұтастық  болып  табылады,  онда  бәрі  бір-бірімен  ӛзара 
байланыста болады. Олар «тірілер мен құбылыстардың иерархиясын» құрады 
және  оның  қақ  ортасында  адам  тұрады,  –  деп  тұжырымдады.  Ол  прогресті 
жақтаушы  және  рухани  ӛмірдің  эволюциясының  негізін  жасаушы  болып 
табылады.  
Страхов  Ресейде  де,  Батыста  да  рухани  мәдениеттің  тӛмендеуін 
байқады.  Оның  себебі  –  «материализмнің,  позитивизмнің,  нигилизмнің 
бәлелі кесірінде», деп кӛрсетті (Н.Лосский).  
Страхов  славянофилдік  тұрғыдан  Ресейдің  рухани  кӛтерілуін 
философиядағы материализм, позитивизмнің деструктивті сипатта болуында 
деп атады.  
Орыс  заңгері  және  тарихшы  Б.Н.Чичерин  (1828-1904  жж.) 
либерализмдік тұрғыда гегельдік мұраны талдап түсіндірді. Ол орыс тарихын 
жазудың  «мемлекеттік  мектебінің»  кӛрнекті  ӛкілі,  конституциалық 
монархияның  жақтаушысы  болды.  Ол  тек  монархияда  ғана  либеральдық 

идеялардың  тәуелсіз  құқықтары  мен  тұлға  бостандығына  негізделген 
қоғамдық  ӛмір  мен  мемлекеттіктің  берік  үйлесімді  бірлігіне  қол  жеткізуге 
болады  деп  сендірді.  Чичериннің  негізгі  философиялық  идеялары  оның 
«Ғылым  мен  дін»  (1879),  «Ғылымдағы  мистицизм»  (1880),  «Логика  мен 
метафизиканың  негізі»  және  т.б.  еңбектерінде  баяндалған.  Жас  кезінде 
гегельдік  философияға  қатты  еліктеп,  ол  әрі  қарай  да  оның  тұғырлы 
ұстанымдарын басшылыққа алды.  
Чичерин:  нағыз  шындыққа  философиялық  тұрғыда  қарау  «қарама-
қайшылықтардың»,  бәрінен  бұрын  материалдық  әлем  мен  «ойлайтын 
субъектілердің» үйлесім табуында, – деп жазды. Ақылды тірлік иесі ретінде 
адамдардың  іс-әрекетін  прогрестің  әмбебап  –  онтологиялық  сипаты 
анықтайды,  ең  сонында  бұл  әрекет  абсолюттік  рухта  тамырланады,  ол 
адамзаттың  және  әлем  дамуының  диалектикалық  үдерісін  бағыттайды. 
Чичерин  тек  адамға  тән  бостандықты  жоғары  бағалады.  Ол  шекті  және 
шексіз тірлік иесі бола отырып, адам басынан бастап Абсолютке қатысты», – 
деді.  
Адамның  «абсолюттілігі»  мен  «шексіздігі»  бірінші  кезекте  оның 
ақылымен  және  абсолюттік  рухтың  ақиқат  түрі  ретінде  анықталады. 
Чичериннің  айтуынша,  әлемдегі  ӛтіп  жатқан  құбылыстарды  аңғарудың 
«жоғары  ғылымы»  тарих  болып  табылады,  атап  айтқанда,  тарихтың 
метафизикасы.  Тарихи  үрдістерде  ол  идеялардың  даму  логикасын 
айқындайды.  Онда  ол  осы  үрдістің  мәнін  кӛрсетеді,  сондықтан  тарихи 
пәндердің арасында адам ойының тарихы, философия тарихы үлкен маңызға 
ие болады.  
А.И.Введенский 
(1856-1925 
жж.) 
Петербург 
университетінің 
профессоры,  Ресейдегі  неокантиандықтың  кӛрнекті  ӛкілі.  Ол  ӛзінің 
зерттеулері  мен  лекция  курстарын  «Канттық  критицизмге»  негіздеді. 
Введенский неоканттықтың керемет түрін логизмді (аналитикалық ойлаудың 
предикаты  мен  субъектінің  арасындағы  логикалық  байланыс  туралы  ілім) 
жасап  шығарды.  Оның  маңызы  мынада  –  априорлық  ұстанымдардың 
кӛмегімен  «жалпы  синтетикалық  пайымдауларды»  дәлелдеу.  Алайда,  бұл 
ұстанымдар танымдық субъектінің ой-пікірлері болып табылады, бірақ олар 
тәжірибемен  дәлелдене  алмайды.  Логизмде  дәлелденбейтін,  жалпы  және 
қажетті  синтетикалық  пайымдаулар  сипатында  шындықтар  бар.  Оның 
тұжырымын талдаулық деп атауға болады. Ол «талдаулық пайымдау сияқты 
ой қорытындысын кейбір жүйелер ретінде қарастырады!». 
Введенский Канттың ізбасары ретінде оның этикасын мойындап, бірақ 
ӛнегелік мінез-құлықты толық түсіну үшін практикалық ақылдың (Құдайдың 
бар  екеніне,  жанның  ӛлмейтіндігі  мен  еркін  ерікке  сену)  үш  канттық 
жорамалдың аз ететіндігін, бұларды тӛртіншімен – «бӛтен рухтану» туралы, 
басқа  «Мендердің»  барлығына  сенуге  негізделген  кӛз  жеткізулер  мен 
толықтырулар қажеттігін айтады.  
Орыс  философы  –  идеалисі,  экономисі  және  саяси  қайраткері 
А.А.Богданов  (Малиновский)  (1873-1928  жж.)  ӛткен  ғасырдың  90-
жылдарының басында революцияшыл –халықшыл болды, содан кейін социал 

–демократтардың  позициясына  кӛшті,  кейіннен  большевиктерге  қосылды. 
Богдановтың  бірінші  ғылыми  еңбегі  –  «Экономика  ғылымының  қысқаша 
курсы»  болды.  Богданов  «Табиғатқа  тарихи  кӛзқарастардың  негізгі 
элементтері»  атты  еңбегінде  философияның  стихиялық  материализмінен 
марксистік философияның тексерісіне келді.  
Богданов  ӛз  философиясындағы  эмпириомонизмнің  Мах  пен 
Авенариустың  эмпириокритицизмінен  басымдығын  атап  кӛрсетеді.  Ол  екі 
түрлі  тәжірибені  – (физикалық  және психикалық)  анықтаумен  шектелмейді. 
Олардың  арасындағы  генеративті  байланыс  пен  тәуелділікті  –  ұжымның 
тәжірибесіне  «физикалық»  қатарды,  ал  «психикалық»  қатарды  жеке 
тәжірибеге  апару  жолы  арқылы  орнатады.  Богдановтың  бұл  ұжымдық 
тәжірибені  жеке  тәжірибенің  орнына  қайта  қоюы  –  тәжірибені  идеалистік 
түрде  түсіну  кезінде  қоғамдық  ғылымдарға  махизмнің  кіріп  кетуін 
жеңілдетті.  
Богдановтың  кӛзқарастарында  идеализм  мен  релятивизм  қоғамдық 
сананы  түсіндіру  кезінде  кӛрінді.  Ол  сәулеленудің  материалистік 
теориясының орнына сананың болмысқа «ыңғайлануы» идеясын жасады. Ол 
содан кейін мынадай қате пікірге келді: «фетиштік» сана «практикалық түрде 
ынғайлы»,  қоғамда  «мақсатқа  лайық»  және  «толығынан  қолжетімді».  Оның 
айтуынша,  жалпы  философиялық  ұғымдар  –  материя,  рух,  субстанция, 
абсолюттік  ақиқат  сияқтылардың  белгілі  бір  дәуірде  және  сол  дәуірден  тыс 
жерде  ешқандай  маңызы  жоқ.  Адамдардың  еңбек  қатынасынан  туған 
«танымның  пұттары  және  фетиштерін»  білдіреді.  Ақиқатты  «ұжымдық 
тәжірибені  ұйымдастырушы»  ретінде  қарастырады.  Сондықтан  оны  жалпы 
мағыналылықтағы «объективтілік деп түсіндіреді». Ол үшін осындай уақыт, 
себептілік, заңдылық тәжірибенің ұйымдастырушысы түрінде кӛрінеді. 
Богданов  материалистік  диалектиканы  «әлемдік  дамудың  формальды 
заңы»  деп  есептеп,  оған  «тепе-тендіктің»  механикалық  теориясын  қарама-
қарсы қойды. 
Богдановтың  пікірі  бойынша,  ӛндірістік  қатынастар  дегеніміз  –
«алғашқы  ұйымдастырылған  идеологиялық  комбинациялардың  тобы». 
Сондықтан  «қоғамдық болмыс» пен  «қоғамдық  сана»ұғымдарын  бірдей деп 
есептеуге болады.  
Орыс 
философиясындағы 
иррационализмнің 
кӛрнекті 
ӛкілі 
экзистенциалист 
Л. 
Шестов 
(1866-1938 
жж.) 
болды. 
Оның 
шығармашылығына  Шекспир,  Достоевский,  Толстой,  Плотин,  Паскаль,  С. 
Кьеркегор,  И.  Кант,  Ф.  Ницше  үлкен  әсер  етті.  Ол  Бердяев  сияқты 
марксизмнің  жолын  қуушыдан  бастаған  ізденістерін  былайша  сипаттайды: 
«менің  алғашқы  философиядан  оқытушым  Шекспир  болды».  Ол  «Оймен 
тану және ашық айту» атты кітабында былай деп жазды: «Шекспирден кейін 
Кантқа  тап  бердім,  бірақ  Кант  менің  сұрақтарыма  жауап  бермеді.  Менің 
назарым басқа жаққа – Жазуға ауды».  
Тертуллианнан  алынған  эпиграфы  бар  «Афина  мен  Иерусалим» 
еңбегінде  «Афина  мен  Иерусалимнің»,  Академия  мен  Шіркеудің,  еретиктер 
мен  христиандардың  арасында  ортақ  не  бар?  деген  риторикалық  сұрақтар 

қояды.  Адам  ӛмір  сүруінің  қайғылы  болатындылығын  уайымдап,  ӛмірдің 
қайғысы мен сұмдықтарын дұрыс деп санайтын рационализмді сынға алады. 
Шестов  ақылдың  шектеулілігін  сенім  жеңеді  –  деді.  Ол  бұл  байланыста 
қорқыныш  табиғи  нәрсе  емес:  «оны  ақылы  бар,  ӛзін  Құдайдың  орнына 
қоятын  біреу,  шағатын  жылан  сияқты  күбірлеп  оқиды;  адамға  Құдай  емес, 
кепілдік  керек  деп  болжайтын  ақыл,  діннің  толқымалы  уәделерінің  орнына 
алдап беріп жібереді. 
Алхимияда, Құдай сӛздерінде және философияда нәтижелері аянышты 
болуы адамдардың ақылды тастамай ертіп жүруінен және нақ сол жерде бас 
тарта  алмауынан,  ақылға  заттардың  табиғаты  бойынша  кету  немесе  тынуға 
сенуінен  болды.  Ол  ӛзінің  таным  теориясында  гносеологияның  міндеті 
«ақылды  басқарушы  рӛлден  алып  тастау  немесе  құқықтарын  шектеу»  сәтін 
анықтау  екенін  ашық  айтты.  Орыстың  діни  экзистенциалисі  ӛз  кезегінде 
күнәлі  болуға  әкеп  соғатын  ештеңенің  алдында  болатын  қорқыныштың 
себебі  ақыл  болып  табылады  деп  сенеді.  Оның  ойынша,  ақыл  таным 
теориясының  ажырамас  бӛлігі,  ол  «метафизиканың  алдында  болу  керек». 
Философия  әлемді  тану  теориясының  қажетті,  бірақ  жеткіліксіз  бӛлігі,  ол 
дінмен толықтырылуы керек.  
Шестов «Киргегард және экзистенциалдық философия» атты кітабында 
иррационалдықтың  адам  болмысындағы  рӛлі  мен  орнын  қарастырады. 
Гусерльге  дейін  егер  «барлық  жерден  қуылып  жүрген  даналық  пен  терең 
ойлау  ӛзіне  орын  тапса,  тек  қана  «басын  қоярға  жер  таппай»  жүрген 
рақымшыл  философтың  кеудесінен  тұрақты  мекен  табуы  мүмкін»  деп 
міндетті  ойлау  қабылданған  болатын.  Бірақ  ол  даналық  пен  рақымшыл 
адамның  философиясынан  шын  мекен  беруден  бас  тартады.  Ол  мысқылдай 
отырып  былай  деді:  оларға  жеке  немесе  қоғамдық  игі  қайырымдылық 
кӛмегіне жүгінуге тура келсе де, «ӛмір сүруге керек құралдарды олар басқа 
жерден табуы керек». Мұндай кемістік барлық адамзат баласына тән.  
Шестов: «Гуссерль сияқты адамдар да ақыл куә болудан бас тартатын 
Құдайды  мойындағысы  келмеді»,  –  деді.  Бұл  оның  философияда  жаңа  сӛз 
айтуға байланысты Гуссерльдің шағымына жауап еді. Шестов философияны 
қатал ғылым деп есептейді. Бұл ол үшін ӛмірді қолдан келгенше беймәлім әрі 
проблемалық етуді бейнелейтін ӛнер. Ақыл – әлемді тануда соңғы саты емес, 
дін сияқты «діннің пұттары» сияқты, оның айтуынша, «ақылдың пұттарына 
қарағанда атағы жағынан кем емес», – деп тұжырым жасайды.  
Орыс философиясында интуитизм теориясын Н.О.Лосский (1870-1965 
жж.)  жасады.  Ол  кӛрнекті,  ірі  орыс  философы  еді.  Кезінде  Ленин  оны 
Кеңестік  Ресейден  «философия  кемесінде»  зиялы  қауымның  кӛрнекті 
ӛкілдерімен  бірге  айдауға  жіберген  еді.  Лосский  «субстанциональды 
қайраткер»  ретінде  «Мен  туралы»  антропологиялық  ілімді  жасады; 
«иерархиялық  персонализм»  жүйесін  негіздеді;  философиялық  ойлардың 
тарихына зор үлес қосты.  
Лосскийдің ағылшын тілінде шыққан «Орыс философиясының тарихы» 
АҚШ пен Батыс Еуропада «Орыстың діни-философиялық ойларын» зерттеп 
білу бойынша классикалық негіз болып, дүниежүзілік атаққа ие болды.  

Оның  қаламынан  шыққан  басқа  да  еңбектер  француз,  словак,  неміс, 
орыс 
тілдерінде 
жарияланып, 
танымал 
болды: 
«Абсолюттік 
қайырымдылықтың  шарты»;  «Этика  негіздері»,  «Гносеологияның  негізгі 
мәселелері», «Сезімтал, интелектуальды және мистикалық кӛкейкӛз», «Құдай 
мен әлемдік жамандық» (1941 ж. жазылған мистикалық кӛкейкӛзде ашылған 
Құдайдың  проблемаларын  метафизикалық  түрде  ұғыну  және  фашизм 
масқаралары  мысалында  қарастырылған  жамандық  мәселелері).  «Логика», 
«Ерік бостандығы» және т.б. шығармалары дүние жүзіне әйгілі болды. Орыс 
философтарының  шығармалары  арқылы  Лосский  «нағыз  философ  таза 
адамгершілікті,  қайырымды  болып,  нақты  сенімнің  иесі  болу  керектігін 
кӛрсетті».  Ол  тек  қана  –  кәсіби  ойшыл  емес,  Ақиқатқа  қызмет  етуші  болу 
керек, – деді.  
А. Бергсонның кӛзқарастарын дамыта отырып, Лосский «Үйлестірілген 
қабылдау» туралы ілімді жасайды. Бұл ілімнің мәні – жеке сезім ағзаларына 
жағдай  жасау  және  оған  сәйкес  ми  қабатындағы  физиологиялық  үрдіс 
арқылы адамның қоршаған ортадағы шынайы заттарды ажырата алу актілері 
мен  адам  есін  аударатын  ынталандырғыш  қызметін  атқаратындығы.  Бұл 
кӛкейкӛз  Құдайды  ең  жоғары  құндылық,  рахаттану,  ақиқат  махаббат, 
қайырымдылық ретінде түсінуге мүмкіндік береді. 
 
9.8. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы 
діни-идеалистік философия және рационализм: Н.А. Бердяев, Б.А. 
Флоренский, И.А. Ильин, Г.Г. Шпет, С.Н. Булгаков, С.Л. Франк 
 
Н.А.Бердяев  (1874-1948  жж.)  Лениннің  нұсқауымен  1922  жылы 
«философиялық  кемеде»  большевиктер  Кеңес  үкіметіне  бӛтен  әрі  қауіпті 
«элемент»  ретінде  елден  жер  аударып  жіберген  жүздеген  «алтын» 
философтардың, профессорлардың және жазушылардың бірі. 
Шетелде жүріп ол кӛптеген кітаптар мен мақалалар жазды, бірақ олар 
цензуралық  түсінікпен  орыс  тілінде  аударылмады.  Оның  негізгі 
шығармалары  «Тарихтың  мазмұны»,  «Шығармашылықтың  мазмұны», 
«Теңсіздіктің 
философиясы», 
«Адамның 
тағайындалуы 
туралы», 
«А.Хомяков.  Құлдық  пен  бостандық  туралы»,  «Достоевскийдің  дүниеге 
кӛзқарасы», «Еркін рухтың философиясы», «Орыс идеясы», «Ӛзін-ӛзі тану», 
«Ресейдің тағдыры». Ӛз шығармашылығының басында «Легальды марксизм» 
бағытында  ол  халықшылдық  идеологиясына  қарсы  болды.  Марксизммен 
әуестенуіне, социал-демократтардың қозғалыстарына қатысуына байланысты 
ол 1989 ж. университеттен қуылып, тұтқынға алынды. Бердяев марксизм мен 
неокантиондықты  байланыстыруға  әрекет  жасады,  бірақ  кейіннен  одан  бас 
тартты.  Ол  пролетарлық  «мессиандық»  идеяларын,  диктатура  мен 
революциялық  зорлықты  қабылдамай,  ӛзінің  жеке  шығармаларын  жазуға 
кірісті. Бердяев адамның ӛмір сүруі мен болмыстың мазмұнын персонализм 
мен экзистенциализм бағытында ұстанып қарастырады. 
Ол  объективті  ақиқат  (абсолюттік)  кластың  (эмпирикалық)  санаға 
тәуелсіз 
болады 
және 
адамға 
оның 
ӛмір 
тәжірибелері 
және 

құндылықтарының мақсаттарымен байланысты ашылады . Болмыстың мәнін 
адам тек «антропоцентристік» түрде ғана түсінеді, – деді. 
«Ӛзін-ӛзі тану философиялық ӛмірбаян тәжірибесі» кітабында Бердяев 
марксизмнен діни-мистикалық персонализмді тарихи іздеу нәтижесінде, ӛмір 
философиясы  мен  экзистенциализм  арқылы  ӛзінің  ӛткен  даму  жолын 
сипаттады.  Ӛзінің  рухани  эволюциясының  кезегінде  –  марксизмнен 
персонализмге  дейін,  Бердяев  орыс  ӛмірінің,  орыстың  діни  және 
философиялық ойларының, адам рухының тереңдігінің, адам бостандығының 
және шығармашылық еркіндігінің жарқын тұстары мен кӛлеңкелі жақтарын 
ашық кӛрсетті. 
Оның 
замандасы 
орыс 
философы 
В.В.Зеньковский 
«Орыс 
философиясының  тарихы»  кітабында  Бердяевтың  идеяларын  тӛрт  кезеңге 
бӛлуге болады», – деді.  
Бірінші кезеңде – этикалық проблематиканың артықшылығы жасалады;  
Екінші кезеңде – кӛзқарастарда діни- мистикалық ӛзгеріс болады;  
Үшіншікезеңде  –  историософия  мен  эсхатология  кӛлемінде  белсенді 
сұрақтарға ізденіс болады;  
Тӛртінші кезеңде – персонализмді негіздеу мен кайта жасау. 
Бердяевтің  мұрасы  ӛте  зор.  Оны  бір  ғана  жіктемесімен  айтып  беруге 
болмайды.  Ол  орыс  және  европалық  философиялық  ойларды  жинақтайтын 
жинақ  сандықшасына  (оның  кӛптеген  еңбектері  ағылшын,  француз  және 
неміс  тілдерінде  жарияланған)  түрлі  нақты  тұжырымдар  жасап  берді; 
Тұлғаның ӛзіндік және терең трактовкалары, бостандық пен еркіндігі жоқтық 
(әлеуметтік құлдық); махаббат пен шығармашылық рухтың кӛрінісі ретінде; 
Ресейдің  әлемдік  қауымдастықтағы  орны;  тағы  да  басқа  қазіргі  заманғы 
мәселелер. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы – барлық кездердегі 
адамның еркіндігі.  
Бердяевтің айтуынша, адам барлық әлемдік күштердің түйіні – күрделі 
экзистенциалды құрылғысы бар микрокосм. Бердяев жеке адам тұлғасын, ол 
ғарыштың  немесе  қоғамның  бӛлігі  емес,  керісінше,  қоғам  мен  ғарыш  адам 
тұлғасының  бӛлігі.  Сондықтан  жеке  болмыстың  биполярлық  әлемін  ӛзінде 
ұстайды.  Осыған  қарамастан,  біздің  әрқайсысымыз  басынан  Құдайшылмыз, 
ал шындық ӛмірде адам кӛбіне Құдай секілді емес, аң секілді кейіпте болады. 
Жеке  адам  рухының  тереңінде  адамның  рухани  бостандығының  әлеуеті 
жатады.  Бердяев  былай  дейді:  Адам  ӛмірімен  салыстырғанда  «бүкіл  ӛмір  – 
ештеңе  емес...  бәрі  сыртында,  адамның  заттық,  материалдық  рухтың  терең 
түбіндегі  символдары».  Осылайша  адам  «тұрмыстық  емес»  мінезі  болады. 
Оны адам ӛзі ішінен жасап алады. Бердяев бостандықтың үш түрін айқындап 
берді: 

 
Алғашқы иррационалдық бостандық, яғни еріктік; 

 
Рационалдық бостандық, яғни моральдық міндетті орындалуы

 
Соңында, Құдайдың махаббатымен берілген бостандық. 
Бостандықты  Құдай  жасамайды  «оның  жасалған  бостандыққа  билігі 
жоқ».  Ол  ұлы  «ештеңеде»  еріксіз  тамырланады.  Бұл  бостандық  жақсылық 
пен  жамандықтың  үстінде  тұрып,  екеуін  байланыстырады.  Материалдық 

және табиғи тұрмыста жамандық пайда болғанда, бұл бостандықтың орнына 
құлдыққа әкеп соғады.  
Тарихтың  барлық  ӛн  бойында  адам  бостандық  үшін  күресті,  сонда  да 
еркіндікке  қол  жеткізе  алмады,  олар  оның  бір  түрін  екіншісіне  ауыстырды. 
Басында  адам  табиғаттың  құлы  болды,  онымен  тәуелсіздік  үшін  күресте 
мәдениетті,  мемлекетті,  ұлттық,  кластарды  жасады...мемлекеттің  ұлттың, 
кластың  құлы  болды.  Келесі  кезеңде  адам  иррационалдық  қоғамдық 
күштерді игеруге тырысты, ӛркениетті жасады, бірақ ұйымдасқан қоғамның 
және  техникалық,  машинаның  құлы  мен  құралы  бола  бастады.  Мұнан 
шығатын  жол  бар  ма?  Ол  «Тарихтың  мазмұны»,  «Теңсіздіктің 
философиясы»,  «Орта  ғасырдағы  жаңа  нәрселер»  еңбектерінде  бұл 
сұрақтарға жауап беруге талпынды. Бұл еңбектерде ол тарихи үрдістің мәні 
«жақсылықтың  иррационалдық  бостандыққа  қарсы  күресінде  кӛрінеді»  деп 
кӛрсетті.  Сонымен  қатар:  «Мессиандық  –  тарихтың  басты  тақырыбы: 
шындық  пен  ӛтірік,  шын  нәрсе  мен  құпия...  Бүкілдүниежүзілік  тарихта  үш 
күш  бар:  Құдай,  тағдыр  және  адам  бостандығы».  Сондықтан  тарих  күрделі 
болып  саналады.  Тағдыр  адам  ӛмірін  иррационалдық  күштердің  аренасына 
айналдырады.  Барлық  ұлы  халықтар  мессиандық  сананы  бастан  кешіреді  – 
дейді ол «Ресей тағдырында». 
Иррационалдық  бостандық  үстемдік  құрса,  онда  объективті  шындық 
бұзыла  бастайды  да,  алғашқы  хаосқа,  еріксіздікке,  теңсіздікке,  құлдыққа 
келеді.  Сондықтан  революциялар  ештеңе  жасай  алмайды;  бірақ  олар 
шығармашылық түрде бола алмайды; тек қана бұзады. 
Бердяев  капитализация,  демократия,  социализм,  коммунизм  сияқты 
әлеуметтік  құбылыстардың  дұрыс  және  жоққа  шығаратын  жақтарын 
қорықпай  кӛрсетіп  берді.  Осы  кӛп  «измдердің»  біреуі  де  «рухани 
проблемаларды  шеше  алмайты,  керісінше,  капитализм  және  социализм, 
коммунизм еріксіздіктің, құлдықтың жаңа формалар түріне айналып жатыр. 
«Тарихтың  мазмұны»  атты  кітабында  Бердяев:  «адамға  құлдықтың  жаңа 
түрлерінің қаупі тӛніп тұр: олар социализмнің нәтижелері болып табылады, 
Махаббатқа  негізделген  жалғандықты,  шын  соборлықты  ауыстыратын  ӛз 
қажеттерін қанағаттандыру үшін жеке тұлғаның еріксіз қоғамға қызмет етуі.  
Жеке  тұлғаның  бостандығы  және  оның  шығармашылығы  Бердяевтің 
ӛзінің  ішкі  тәжірибесінің  нәтижесі  болды.  Ол  діни  адам  ретінде,  ӛзінің 
күнәлары  үшін  қайғырған  кезеңді  ӛтті.  Бірақ  Бердяев  ол  санадан  тыс, 
тұйықталып  қалған  жоқ,  шығармашылық  жеңіске  жету  үшін  оларды  жеңіп, 
үлкен шығармашылық күшке ие болып, шығармашылық биікке кӛтерілді.  
Бердяевтың  ойынша,  әрбір  адам  «ӛзі  туралы  Құдайдың  идеясын»  ӛзі 
табуы керек, ӛзін-ӛзі іске асырып, «Құдайдың әлемдегі ойларын іске асыруға 
кӛмектесу  керек».  Ол  Құдай  қажеттілік  патшалығында  емес,  еркіндік 
патшалығында  әрекет  етеді,  –  деді.  Бердяев  табиғатта  емес,  тірі  жанда  ғана 
керек  бостандық  пен  қажеттіліктің  басы  бірікпейтіндігін  қарастырып, 
«Бостандықтың  болмыстық  емес  табиғаты  бар»,  –  деді.  Бердяев 
метотарихтың тұжырымдарының басын біріктіріп, тарихтың мәні «тарихтың 
сыртындағы шекараларында» жатыр, – деді. Ол тарихи үрдістің тұтастығын: 

«мақсатқа  тарихтан  тыс  жететін  жақсылық  пен  жамандық  арасындағы 
күрес»,  –  деп  есептейді.  Осы  «екі  тарихтың»  арасында  айырмашылық  бар. 
Тарихи  уақыт  «алға,  болашаққа,  жаңалыққа»  шақырады.  Метатарихтың 
экзистенциальдық  уақытында  «ӛткен  мен  болашақтың,  басы  мен  аяғының 
арасында айырмашылық» жоқ. 
Сондықтан ӛмір Құдайлар үстемдік ететін патшалықта тарихтың емес, 
метатарихтың  бӛлігі  болып  табылады.  Олардың  арасында  алынбайтын 
қырлар  жоқ:  «Метатарих  тарихтың  фоны  ретінде  ылғи  қатысып,  орын 
алады».  
Ол  әлемдік  және  тарихи  үрдістерде  заңдылықпен  дамудың  қажеттілігі 
жоқ, берілген бағдарлама да жоқ. 
Оның  айтуынша,  реакциялар  мен  қараңғылықтар  кезеңі  ретінде, 
шығармашылық  пен  жарып  шығулар,  «жаңа  әлемді»  ашу  сияқтылардың 
мүмкіндігі  бар.  «Жаңа  әлемді  ашуда»  адамның  шығармашылық  әрекеті 
экзистенциальды 
уақытта 
ӛтеді. 
Бердяев 
адамның 
шын 
«шын 
шығармашылық 
әрекетін 
қарастыруда 
орыс 
жанының 
ұлттық 
ерекшеліктеріне  негізге  алады.  Оның  ойынша,  орыстың  ұлттық  типінің 
негізінде  екі  қарама-қарсы  бастама  жатыр:  1)  табиғи,  тілдік,  дионисийлік 
апат;  2)  аскеттік  бағыттағы  православие.  Оның  ойынша,  орыс  халқы  ӛз 
жанының құрылымы бойынша шығыстық болып есептеледі. 
Ресей  –  христиандық  Шығыс,  екі  жүз  жыл  бойы  Батыстың  әсеріне 
ұшырады  да,  ӛзінің  барлық  мәдениетінің  жоғары  қабаттарында  Батыс 
идеяларын  насихаттады,  сондықтен  орыс  халқының  тарихи  тағдыры 
бақытсыз  және  қайғылы  болды.  Оның  дамуы  да  қауіпті  сипатқа  ие  болды: 
атап  айтқанда,  ӛркениеттің  түрлерінің  ӛзгеруі  мен  үзіліп  отыруына 
байланысты. 
«Ресей  тағдыры»  атты  кітабында  ол  осы  қауіптің  себептерін  ашуға 
тырысты. Ол оны орыс халқының еркінің әлсіздігінен кӛрді. Сонымен қатар 
қоғамдық  ӛз  бетімен  тәрбиелеу  мен  ӛзіндік  тәртіптің  болмауынан  деген 
пікірге  келді.  Бердяевтың  ойынша,  орыс  қоғамына  іштей  айқындалу 
қабілеттілігі  жетіспейді.  Бердяев  орыс  адамын  орта  оңай  «жеп  қояды». 
Сыртқы барлық кӛңіл-күйлік реакцияларға тез берілгіш деп есептейді. 
Оны  жаны  бір  орында  тұрмайды,  ӛйткені  оның  мәні  –  мещандық, 
«жергілікті  адам  емес»  болғандығында.  Ол  шексіз  ізденістерге  толы, 
кӛрінбейтін Китеж қаласын, болмаған үйін іздеуге арналған. 
 «Оның  алдында  алыс  қиырлар  ашылып  жатыр,  оның  діни  бағытта 
сызылған  кӛкжиек  жоқ.  Бұндай  жан  абсолюттік,  Құдайлық  шындықты, 
жанын  құтқару  үшін  жалыннан  жаңа  ӛмірді  іздеп  жүріп  жанып  кетеді». 
Бердяев:  орыс  жаны  ӛз  халқының  қайғысы  үшін  қайғырады,  оның  қайғы  –
қасіреті  тоқтауды  білмейді.  Ол  ӛмір  туралы  соңғы,  лағнет  сұрақтардың 
шешімін толық бойына сіңірген. «Орыс рухының құпиясы осында». Бұл рух 
барлық  нәрседе  абсолюттікке  ұмтылады.  Бірақ  тарихи  –табиғи  үрдістерде 
орташалық  басым  болады.  Сондықтан  орыстың  абсолюттік  бостандықты 
аңсауы практикада құлдыққа әкеп соқтырады. 

Бердяев  осындай  халықтың  жанының  ерекшеліктері  арқылы  орыс 
коммунизмінің  мәні  мен  қайнар  кӛздерін  түсіндіргісі  келеді.  Орыс 
коммунизмін, оның екі жүзділік мінезінен кейін түсіну қиын. Бір жағынан, ол 
әлемдік,  интернационалдық  құбылыс,  ал  екінші  жағынан,  бұл  құбылыс  –
орыстық және ұлттық болып табылады. 
Бердяевпен  келісе  отырып,  орыс  топырағындағы  алғашқы  марксизм 
орыстың  батысшылдығының  соңғы  формасы  болды.  Орыс  марксистерінің 
бірінші  ұрпақтары  революциялық  зиялы  қауымның  ескі  бағыттарымен, 
халықшылдықпен  күресіп,  оған  алғашқы  соққыны  берді.  Орыс  марксизміне 
сай  капиталистік  индустрия  жұмысшы  класының  дамуы  мен  құрылуына 
әкеліп  соғуы  керек  еді.  Бұл  құтқарушы  –  класс,  сондықтан  марксистер 
крестьяндықтың пролетариаттығын жақтады. Оны халықшылдар жібермеуге 
тырысты. 
Марксистердің  ақырында,  революциялық  азаттық  күресі  үшін  шын 
әлеуметтік  базаны  таптық  деп  ойлады.  Табиғи  шын  сүйенуге  болатын 
әлеуметтік  күш  –  бұл  «ұйымдастырылып  жатқан  пролетариат».  Бұл 
пролетариаттық 
кластық 
революциялық 
санасын 
дамыту 
керек 
революциялық  зиялы  қауымды  жоққа  шығарған  крестьяндыққа  бару  керек, 
фабрикадағы  жұмысшыларға  бару  керек.  Марксистер  ӛздерін  реалистерміз 
деп санады, шынында осы кезде Ресейде капитализмнің дамуы жүріп жатқан 
болатын.  
Ол  объективті  әлеуметтік-экономикалық  үрдіске  ғана  емес, 
революциялық  зиялы  қауымға,  жеке  тұлғаға  сүйенгісі  келді.  Пролетариат 
марксизмі  мен  большевизмі,  Бердяевтың  айтуынша,  эмпирикалық  шындық 
болудан қалды немесе пролетариат эмпирикалық шындық ретінде жойылған 
болатын.  Ол  халықтың  арасында  аз  ғана  кӛлемде  болды,  бірақ  олар  жақсы 
ұйымдастырылған және тәртіпті еді. Бердяевтың пікіріне келісе отырып. 
 Ленинге  «Маркстің  атынан»,  «Бірақ  Маркс  бойынша  емес» 
революциясын  аяқтауға  тура  келді.  Ол  Ресейдегі  революция  «марксизмнің 
пролетариаттық  діні  ретіндегі»  тоталитаризмдік  марксизмнің  атынан 
аяқталды. Осыған қарама-қайшылық ретінде Маркс адам қоғамының дамуы 
туралы 
айтты. 
Бердяев: 
революциялық 
халықшылдыққа 
емес, 
ортодоксальды,  тоталитарлық  марксизмге  революцияны  аяқтауға  мүмкіндік 
болды.  Онда  Ресей  алғашқы  орыс  марксистері  қашып  кете  алмайтын 
капиталистік  даму  кезеңін  аттап  ӛткен  болатын.  Ол  осы  кезде  большевизм 
утопиялық  емес,  әжептәуір  шын,  1917  ж.  Ресейде  болған  барлық  жағдаятқа 
сай болғандығын кӛрсетеді. Кейбір кезде белгілі бір дәрежеде ол нағыз орыс 
дәстүрлеріне орыстың «әмбебап әлеуметтік шындықты» іздеуіне, басқарудың 
орыстық әдіс-тәсілдеріне, зорлауға билік жүргізуіне берілген болып шықты. 
Бердяевтің  айтуынша,  бұл  орыс  тарихының  барынша  алға  жүруімен 
және  халықтың  шығармашылық,  рухани  күштерінің  әлсіздігі  арқылы 
айқындалды. Сондықтан «коммунизм Ресейдің болмай қоймайтын тағдыры» 
ретінде болып, бұл орыс халқының тағдырының ішкі кезеңі деп саналады. 

Бердяевтің айтуынша, орыс революциясының зардапты кезеңіне жалпы 
халық  массасы  коммунистік  идея,  коммунистік  рәміздер  арқылы  тәртіпті 
түрде ұйымдастырылған болатын. 
Ол  бұны  орыс  мемлекетінің  алдындағы  коммунизмнің  беделі,  еңбегі 
деді.  Ресейдің  анархиялық  құлдырауы  коммунистік  диктатура  арқылы 
тоқтатылды.  Бердяев:  –  Осы  кезде  шіркеу  халық  ӛмірінде  басқарушы  рӛлін 
жоғалтты,  ол  соборлық  рухты  жоғалтуға  әкеп  соқты.  Оның  ойынша,  әрбір 
адамның абыройы мен ӛзіндік құндылықтары, рухани бостандығы үшін бұл 
қатерлі мәнге ие. Оның айтқаны шынымен дұрыс болып шықты.  
Коммунизм  мен  социализмге  қарсы  болып,  прагматикалық,  жалған 
ұжымдық  зияндылықты  сезіне  отырып,  Бердяев  ӛз  персонализмінің 
тұжырымдамасын  жасап  шығарды.  Оның  ойынша,  жеке  адам  тұлғасы 
(персона) – тарихтың басты қозғалтқыш күші. 
Оның  құқықтары  мен  бостандығына  мемлекет  пен  қоғам  сүйенетін 
болуы  керек.  Бердяев  әлеуметтікке  жеке  тұлғалық  бастама  приматын 
жариялады. Жеке тұлғаның бӛлектену тұжырымдамасын жасады. 
Ол индивидтің қоғамдық пайдалы істерге тотальдық бағынуына қарсы 
болды.  Абсолюттік құндылық  ретінде  адамның рухани, бостандығын  жария 
етіп, тиісті ӛмір жағдайлары мен бостандыққа ажырамас құқықты негіздеді. 
Бостандық проблемаларының нәтижесін қорытындылай келе, Бердяев «Адам 
тағдыры» атты кітабында:  – жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі іске асыруы дегеніміз – 
парықсыздықтан  саналылық  арқылы  жоғары  саналылықтың  биік  шыңына 
шығу» – деді. Ол : «Ресей тұлғаның діни эмансипациясынан ӛту керек», яғни 
«әулие  орыс»  түсіндірмесінде  діни  бостандықты  түсіну  үшін  қоғамдық 
сананы  қайтадан  бағыттау  керек.  Осы  тұрғыда  адамның  шығармашылық 
әрекеті Құдайлық ӛмірге толықтырулар жасауды кӛрсетеді. Сондықтан ол тек 
қана  антропологиялық  емес,  кейбір  теогоникалық  (Құдайлық  –  ғарыштық) 
маңызға  да  ие.  Бердяев  индивидуализмді  орнына  келтіріп,  ақтап  шығарды. 
XX  ғасырдың  басы  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  орыс  зиялы  қауымы 
ұжымдық идеологиямен әсерленген болатын. 
Олар  христиандық  Русьте  моральдық  құндылықтарды  қайта 
жаңғыртуға шақырған ӛнегелілік пен рухани бірігу проблемаларын кӛтерді.  
Достоевский сияқты олар моральдық құндылықтарға елдің бетін бұрып, 
халықтың  рухани  қайта  жандануы  мен  мәдениетінің  іргетасын  қалауға 
үміттенді. 
 Философияның  басты  сұрағын  негізге  ала  отырып  шындықты 
Флоренский  былайша  сипаттайды:  бұл  –  шынайы  шындық,  жоғары  ұлттық 
тұтастық, сонымен қатар философияның тәжірибені саралай отырып мынаны 
түсіну  керек:  шындық  нені  айқындайды,  абстракциялық  қалпын  немесе 
айқын  шындықты  ма?  Кӛріп  отырғанымыздай,  жоғарыдағы  екі  жағдай  да 
шындыққа  жанасады,  бірақ,  жалпы  шындық  діни  кӛзқараспен  айқындау 
арқылы  біз  махаббаттты  –  ақиқат  және  шынайылық  деп  түсінеміз.  Яғни 
махаббатты  белгілі  бір  қатынаста  ӛмір  сүрумен  сипаттайды.  Сондықтан 
Флоренский  бұны  былайша  тұжырымдайды:  бұл  біздің  санамызда 
қалыптасқан  объектінің  субъектісі  емес  кӛшірмесі  немесе  Канттың 

ойлағанындай  ойдың  пайда  болуы,  нақты  ӛмірдің  объектісі.  Басқаша 
айтқанда  ақиқат  «Шынайы  ақиқатты»  тікелей  пайымдау  процесіндегі 
интуициямен танылады. Бірыңғай ақиқат «аспанда» ғана мүмкін. 
Оның  метафизикасы  ӛте  биiк  бағаға  лайық.  Осылай  А.Ф.Лосев 
«Флоренский  платонизмнің  терең  тұжырымдамасын  бердi,  ол  мен  Платон 
туралы  оқығанымның  бәрінен  асып  түседі»деп  мойындады.  Белгiлi 
экономист,  дiни  философ  С.Булгаков  «Мәдениеттiлiк  және  шiркеулік 
кездесті»  деп  есептеді.  Афина  және  Иерусалим,  бұл  органикалық  байланыс 
тарихи-шіркеулік мағынаның дәлелі болып саналады. 
 И.А.Ильин  (1883-1954  жылдар)  –  Мәскеу  университетiнiң  құқық 
философиясының  профессоры,  большевиктердің  бұйрығымен  шетелге 
қуылған.Ол  «Философияның  дiни  мағынасы»,  «Рухани  жаңарудың 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет