Б. А. Әрінова арнайы педагогика және психология негіздері


Арнайы педагогиканың қалыптасуы



бет4/9
Дата15.05.2020
өлшемі49,56 Kb.
#68570
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Арнайы педагогика(ворд)

1.2.Арнайы педагогиканың қалыптасуы

Антикалық дәуірде және орта ғасырларда дамуында ауытқушылығы бар балалардың көзін жойып отырған .Қайта өрлеу дәуңрңнде философия,медицина,педагогика салаларында (Эразм Ротердамский,Ян Амос Коменский ,Филипп Пинель,Ж.Э.Д. Эскирль)гуманистік бағыт қалыптаса бастады.

Дамуында әртүрлә ауытұушылықтары бар балаларға деген қоғамдық қатынастардың тарихына үңілетін болсақ инфантицид (балаларды шетінету) кезінен бастап –ақ эгоистәк және өзін-өзі жақсы жағынан көрсету қатынасының ұзақ уақыт бойы өзіндік ізін қалдырған.Антикалық дәуір тарихында баллардыжаппай шетінету қолданылған бұл кезең(біздің эрамызға дейінгі ІV ғ.)осылай аталған еді.Физикалақ немесе ақыл –есі кем әр бала терең шыңырауға лақтырылды.Бұл дәстүр Еуропаның кейбір жерлерінде орта ғасырларда да сақталып келді.

XVI-XVIII ғасырларда адам өмірін байлық деп түсінушілік қалыптасып ,кемістігі бар балаларға деген гумандық көзқарас орнықты ,сөйтіп,олардың өоғамға араласуының жолдарын іздестіру басталды.

Әлеуметтік өмірге икемсіз ,қарқаусыз,тұрмыстық жағдайға бейімделмеген ,әртірлі ғажайыптар туралы түсінігі бар өзімен-өзі болатын болатын адамдардың өзіндік ерекше өабілеттіліктеріне деген құрмет пайда бола бастады.Орыс мәдениетінде ноқайлардың бейнесі құрметті орынды иеленді.

Халық даналығындағы Иванушка-нақұрыс атты кейіпкердің әлеуметтік жағдайларға икемделген аөылды адамдардың өтірік айтып ,шындықты жасыруын көре алмауы (Никольская О.С.)кездейсоқ емес.

Кейінірек мұндай адамдарды әртүрлі кәсіпке ,өнерге баулу және оларды тәрбиелеп емдету туралы ойлану басталды.Аномальды балларды емдеу ісінің басында француз ағартушысы және дәрігер Ж.Итар (1775-1838) мен оның отандасы Сеген (1812-1880)тұрды.Олар дұрыс емдеуді тәрбиемен ұштастыру арқылы орындың дамуына мүмкіндік тудыруға болады деп санады.

«Арнайы педагогика» курсы аталған мәселе бойынша педагогикалық-психологиялық бәләмнәі интеграциялануым ұсынады.

Аталған пәннің құрамдас бөлімдеріне тоқталайық.Арнайы психологияның психология ғылымы мен тәжірибесінің жеке саласы ретінде шығеы өткен жұзжылдықтың 60-жылдарымен байланысты қарастырылады.Бұл уақытқа дейін ол адам дамуында кемістектердің болу механизмдерін қарастыратын дефектология ғылымының бір бөлігі болып келген .

Арнайы психология аноомальді балалардың психофизтологиялық ерекшеліртерін ,оларды тәрбиелеу заңдылықтарын оқытуды ,дамуында ауытқушылық бар әртүрлә категориядағы балалардың әлеуметтік бейімделуіне дайындығын және қайта оңалтуын зерттейді.

Арнайы педагогика – физикалық және психикалық дамуында кемістігі бар адамдардың қатарындағы педагогикалық жағдайда білім алуы қиын немесе мүмкін еместігінің қалыптасқан мәдениетпен анықталған,педагогикалық әдістер құралдар негізінде арнайы білім алудың теориясы мен тәжірибесі.

Бұл бағыттағы ғылымның дамуы Л.С.Выготский ,Т.А.Власова,И.И. Данюшевский,Л.В. Занков,Р.Е.Левин,Н.М. Морозова,И.А. Соколянский,В.Г. Петрова және т.б. ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.

Аталған курстың ғылымдармен өзара қатыстылығын пәннің зерттеу мәселесінің ,нысанынң,мақсат және міндеттеріннің анықталу тарихынан байқауға болады.

Кеңестік дәуірде біздің елімізде дефектология термині дамуында кемістігі бар балалардың арнайы білім алуының теориялық және тәжірибелік саласы ретінде қолданылады.

Оған ғылымда параллельді түрде арнайы пелагогика және арнайы психология сияқты қзара тығыз байланысқан өзара тығыз екі термин қолданылды.Дефектология терминінің пайда болуы мен бекуі КСРО-да педагогиканың қарышты дамуымен сабақтас болды.

Баланың тұлғалық дамуын ,сонымен қатар өсіп келе жатқан адамның физиологиялық,психологиялық және әлеуметтік аспектілерін жан-жақты зерттеу қажеттілігін айқындап әрі педогогикалық үдерісте олардың өзіндік ерекшеліктерін есепке алуды жүйелі қарастыру педагогиканың жетістіктері болып саналады.

1936 жылғы ОК БКП(б) «Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі педологиялық бұрмалау»атты қаулысына сәйкес педология және соған байланысты барлық мәлелелер (педологиялық мамандықтар ,оқулықтар және ғылыми еңбектер)жойылды және көрнекті ғалымдар қуғынға ұшырады.Мысалы,Л.С.Выготскийдің еңбектерін қолдануға 30 жыл бойы тыйм салынды.Дефектология педологиядан бөлініп шықты ,алайда дефектологияның проблемалық аясы аяқталмай сол қалпында қалды.

Бұл бағыттардың дамуы,сақталуы және қорғалуында КСРО ПҒА дефектология ғылымы зерттеу институтының И.И.Данюшевский ,А.И.Дьячков,Т.А.Власова,В.И.Лубовский сияқты әр кездегі басшылардың маңызы зор болды.

Білім берудегі гуманистік парадигмасындағы дефектология терминінің диагноздық маңызы 90-жылдардың басынан бастап әлемдік педагогикалық қауысмдастық және шетелдердегі педагогикалыө тәжірибелік байланыстардың дамуында көрініс тапты.

Дефектология термині сияқты коррекциялық педагогиканың да диагноз ретте терминологиялық анықталуында (дефект)нысанды тек оған қатысты (керрекция )терминімен алмастыру ғана қарастырылған.

Тұтастай алғанда, арнайы білімдік қызмет ретінде денсаулығында шектеулі мүмкіндіктері бар адамның немесе оның ата-анасының өмірлік жағдайында бұларды таңдауы, қолдануы немесе қабылдамауы туралы адамға, тұлғаға қатысты қолданылатын педагогикалық көмек қана сөз болады.

Коррекция термині мұндай арнайы педагогикалық көмектің жеке технологиялық компоненті болуы мүмкін немесе ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың ортасында қолданылуға құқылы болады.

«Арнайы педагогика» атауы әлемдік білім берудегі қазіргі гуманистік бағыттағы сәйкестелген: адамды кемсітуге жол бермеу, сыпайылық, таңбаның жоқтығы сияқты жалпы ұғымдық халықаралық педагогикалық термин ретінде қолданылады.

Special(ерекше, жеке-даралық) деп айтылатын ағылшын түпнұсқасында түсінікте педагогиканың бұл саласының тұлғаға бағытталғандығы, сонымен қатар нақты бір адамның білімденуіндегі қиын жеке-даралық мәселесін шеше алу қабілеттілігі атап көрсетіледі.

Аранйы педагогика мүмкіндігі шектеулі адамның білімдену мәселесінің барлық өміріндегі өлшеусіз спектрін дарынды балаларға қарағанда кеңірек қамтиды.

Аталған курс нысандарының аталу сәселесі біркелкі емес. Соңғы уақыттағы отандық құқықтық құжаттарда бұл атау денсаулығында шектеулі мүмкіндігі бар тұлғалар деп те көрсетіліп жүр. Осы мәселемен айналысатын ғылымның өзінің нақты терминдері болмағандықтан, аномальды (балалар, адамдар және т.б.), дамуында патологиясы бар (адамдар), кемістігі бар, дамуында ауытқушылығы бар және т.б. медициналық контекстегі ұсынылатын терминалогияны қолданады.

Бұл мағынада 70-жылдардың аяғында ағылшын мамандары ұсынған «ерекше білім беруді қажет ететін балалар (адамдар)» деген термин басқаларға қарағанда тиімдірек деп танылады.

Қазіргі ғылым адамның дамуындағы жетіспеушілік, ауытқушылық туралы айтқанда сол адамның қай жерінде және қандай мүмкіәндіктерінде сәйкессіздік бар екенін (соның ішінде балада) жалпы қабылданған әлеуметтік жағдайларда, мектептік., білімділік, табыстылық нормативтерінде, қоғамда орнатылған қарым-қатынас пен тәртіп нормаларында, яғни әлеуметтік мүмкіндіктің шектеулілігінің көзге көрініп тұрған жерін айтуға болады деп түсіндіреді. Сөйтіп арнайы психологияның арнайы педпгогика үшін маңыздылығы оның негізіне психологиялық дамуында әртүрлі бұзылушылықтың байқалуы бар адмдардың әлеуметтік бейімделуі мен тәртібі, оқытудың барынша тиімді әдңстерінің таңдап алынуы және кәсіби кеңкес беру мен бағдарлау жүйесінің құрылуымен анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет