Сөж тақырып: Пәннің зерттеу әдістері. Пәннің педагогикалық және методикалық рөлі



Дата23.02.2022
өлшемі326 Kb.
#132982
Байланысты:
срс 1 Абдуллаева Мафтуна
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ 4 ТОП, 0000f37d-7e777781, 4- дәріс Мәдениет анатомиясы

Мамандық: БӘД, ДШжС-4 Тексерген: Сыман Қ.Ж. Орындаған:Абдуллаева Мафтуна

«Оқушылардың даму физиологиясы»пәні– жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізін құрайды.

«Оқушылардың даму физиологиясы»пәні– жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізін құрайды.

«Оқушылардың даму физиологиясы» пәні ғылымның екі саласын қамтиды:

  • Жас ерекшелік физиологиясы.
  • Мектеп гигиенасы.

«Оқушылардың даму физиологиясы» пәні

«Оқушылардың физиологиялық дамуы» пəнінің мақсаты

Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту. Білім алушыларға қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлар әсері туралы ғылыми деректер негізінде жағдай мен өз денсаулығының қиындығын бағалауға мүмкіндік беру. Курста балалар мен жасөспірімдердің организміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері қарастырылады. Бұл курстың негізгі міндеті өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекетері процестерінің қалыпты өтуін қамтамасыз ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау. Сонымен қатар зиянды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірету және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар қарастырылады. Оқушылардың физиологиялық дамуы курсының міндеттеріне студенттерді болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді дамып келе жатқан организмнің жасқа байланысты ерекшеліктері туралы мәліметермен қаруландыру. Ал бұл оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайтудың, олардың түрлі оқу мен еңбек әрекеті кезінде жұмысқа қабілеттілігінің жоғары болуына негіз болып табылады.

«Оқушылардың даму физиологиясы» пәндерінің басқа ғылымдармен байланысы

«Оқушылардың даму физиологиясы» пәні анатомия және физиология, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика және т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарында жинақталған мәліметтерге сүйенеді.

«Оқушылардың даму физиологиясы»даму тарихы.

Жасқа байланысты анатомия мен физиология және балалар гигиенасы жалпы алғанда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамыды. Бұл тұрғыдан алғанда Н.Ф.Филатов, П.Ф.Лесгафт, К.Д.Ушинский, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, И.А.Аршавский, А.Г.Хрипкова, т.б. секілді ғалым дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады.

«Оқушылардың даму физиологиясы» дамуына Қазақстан ғалымдары да зор еңбек сіңірді. Физиология саласында академиктер А.П.Полосухин, Н.О.Базанова, профессорлар Қ.Д.Дюсембин, А.М.Бекетаев, І.А,Бірімжанова, Х.Қ.Сәтбаева жемісті еңбек етті. Гигиена саласында профессор Б.А.Атшабаров, академик Т.Ш.Шарманов, профессор А.А.Алдашев сынды ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

«Оқушылардың даму физиологиясы»зерттеу әдістері

Басқа ғылымдар іспетті жастық физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи тәжірбие, лабораториялық тәжірбие (эксперимент), функциялық жүктеме, антропометрия, телеметрия және т.б.

Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары, олардың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері.

Балалар мен жасөспірімдердің организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды.

Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының бірнеше заңдылықтары бар:

  • өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі бомайды;
  • мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
  • өсу мен даму баланың жасына байланысты;
  • функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
  • өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
  • өсу мен дамудың акселерациясы.

Назарларыңызға Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет