Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы



бет99/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
Қ.Мәшһүр-Жүсіпов,
Н.К.Крупская атындағы Семей
Педагогика институтының доценті.
ЖОСПАР - САБАҚ АЙНАСЫ


Мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының бәрі де жоспармен өтуге тиіс соның ішінде диктант, мазмұндама, шығарма жаздыру сабақтарына да жан-жақты ойланған мазмұнды жоспар керек.
Олар қашан және не үшін жүргізілетінін алдын ала белгілеп жобалаудан басталады. Белгілі бір тақырыпты өткен соң, диктант алуға, оны талдауға календарлық жоспарда екі сағат уақыт бөлу әдетте бар. Жалпы оқу процесін ұйымдастыру жұмысы үшін бұл секілді болжам жасау орынды. Себебі өткен материалды қорытып, одан оқушылардың қандай білім алғанын, әлде нелерді толық меңгере қоймағанын мұғалім есепке алуы тиіс. Мұндайда сынақтық мәні бар бақылау диктанты қолданылады.
Диктант алудың межелі деңгейіне жету керектігін, ол үшін қандай методикалық тәсілдер қолданылатынын мұғалім алдын ала белгілеп, класс оқушыларын соған даярлаудың жолын ойластырғаны жөн. Әйтпесе, басталған тақырып аяқталған соң, соған арналған бес-он сағат уақыт таусылған соң, енді диктант жаздыратын күнге жеттік деп кез-келген тексті ала сала, мақсатсыз жаздыра бастаудан толымды нәтиже шықпауы мүмкін.
Ендіше, бұл ат үсті, тек есеп беру үшін ғана жаздырылмайды. Бүкіл педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысын тұтас организм деп ойласақ, ал диктантты сол бүтін организмді құрайтын клеткалардың өзегі бір, тіні бір табиғи бөлігі іспетті түсінген жөн.
Үйрету мәнді т.б. диктанттарға, бақылау диктанты үшін тұтас мазмұны бар қолайлы текст табу - қиын мәселенің бірі. Өйткені жақын арада алуға ұйғарылған ол диктант тексінің саяси-идеялық мазмұны ұстамды, көркемдік сипаты жоғары, тілі таза да тартымды әрі мақсат-мәнісіне сәйкес грамматикалық категория мен орфографиялық объектілер жеткілікті болуы қажет. Демек, мұғалім жаздырылатын диктант тексін күн ілгері жан-жақты талдаудан өткізіп, оның сабақ мақсатын өтей алатынына көз жеткізгенде ғана, ол тиімді болмақ. Мәселен, бақылау диктантын жүйелі жоспар бойынша талдауға арналған және өзіміз қатысқан бір сабаққа назар аударайық.
Сабақ Гурьев облысы, Мақат ауданының В.Г.Белинский атындағы орта мектептің 8-класында өтті. Оның тақырыбы - бақылау диктантының қатесімен жұмыс. Мұғалім Гурьев пединститутының түлегі, 15 жыл шәкірт алдын көріп келе жатқан білімді де тәжірибелі ұстаз Роза Кәрина. Ол сабақты өткізу жұмысын методикалық түрғыдан кең ойластырып жоспарлаған. Ұстаз оқушылардың жазған диктантында жіберген қателеріне талдау жасауды, қатені түзеу жолдарын көрсетуді, сөйтіп, оқушылардың сауаттылығын жетілдіруге жаттығулар жүргізуді мақсат еткен. Көрнекілікке кодоскоп, магнитті тақта, программаланған таблица, тасымалы тақта, орфографиялық көрсеткіш пайдалану ұйғарылған. Сабақты бақылау, талдау, жаттығу әдістерімен өткізу белгіленіп, оның жүрісі сегіз пунктті жұмыс түрлерін орындауға жоспарланған.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі мұғалімнің класқа назар аударып, оқушылардың қатысы мен отырыстарын шолып байқауы сипатында тез өтті. Ұстаз бүгін бақылау диктантында жіберілген қателермен жұмыс жасалатынын, ондағы орфограммаларды дұрыс меңгерту үшін жаттығулар жүргізілетінін айтты.
Класс тақтасын «Диктант мазмұнында кездесетін грамматикалық категориялар» тақырыбы жазылып, оның астына жеті түрлі орфографиялық объектілер тізілді. Р.Кәрина бұл көмекші құралды диктант жаздырар алдында да оқушылардың назарына ұсынып, қандай-қандай емле ережелеріне көңіл қоюдың қажеттігін еске түсірді. Ал, қазіргі қайта пайдаланылған сәтте мұғалім осында көрсетілген грамматикалық категориялардың қайсысынан оқушылардың көбірек қате жібергеніне қысқаша хабарлама жасады да, енді сол қателердің жіберілу себептері мен дұрыс жазу жолдарын түсініп алу үшін саналы ойлануға тапсырмалар берді, яғни берілген ситуацияны шешу үшін оқушылар алдына міндеттер қойды. Сабақтың келесі буыны кодоскопты іске қосуға ұласты. Жаздырылған диктант текстінде қатесі бар сөйлемдерді кодопозитивке жазып, класс назарына ұсыну, ондағы қателерді ең әуелі сол қатені жасаған оқушыға тапсырып түзеттіру, егер түзеуге оның шамасы келмесе, басқа балалардың көмегімен орындаттыру жоспарланған. Іс жүзінде де дәл солай етілді.
Қай қатені қай оқушының жібергенін мұғалім талдау жұмысының нақ сол тұсында әдейі жарияламады. Оның мәнісі сабақтың тәрбиелік жағын ескергендік еді. Асылында, диктант қатесін бүкіл кластың қатынасуымен жөндеп алуды көздеген мұғалімнің жеке оқушы кемістігін көп алдына бетіне басып не ұялтып, не арландырып, сәтсіз күйге ұшыратпағаны мақұл. Сондай жағдайда әр бала осындай коллективтік ой еңбегіне татаусыз ашық көңілімен араласады. Белгілі бір іздестірілген, табылған қатені өзі жіберген кемістігі оқушының іштей сезіп отыруы мүмкін ғой. Ал кейбір оқушының диктантта өзі жіберген қатесін танымауы да ғажап емес. Оның себебі әлгі бала сол сөздің дұрыс жазылуын біле тұра, байқамай қате жазады. Олай етіп қазір ол есіне түсіре де алмайды. Өйткені ол өз біліміне сенеді, сондықтан қатесіз, дұрыс жаздым деп ойлайды. Енді келіп мұғалім осындай байқаусыздық жасап алған шәкіртін қатты жазғырса, онда оның өз оқушысын танып білмегені. Қай жағдайда болса да, бұл сияқты ағаттық, ұстамсыздық көрсету ұстазға бедел әпермейді. Оған қоса, ол жас баланың кінәсіз көңіліне қаяу түсіреді де, оларды өзінен аулаққа серпіп тастайды. Бұл тақылеттес жарамсыз әрекеттерге мұғалімдердің сақ қарауы тиіс. Ал Розаның шәкірттеріне әдептілік сезімі осы сәтте де айқын байқалды.
Кодоскоп арқылы қате түзету жұмысын мұғалім дидактикалық ережелерге лайықтап, уш сатымен қарастыруды жоспарлапты. Бірінші кезекте жіберілген сөздің астын сызып, қатені оқушыларға таптарды оқушылардың назары жеке сөздердің дұрыс жазылу емлесіне аудартылды. Мысалы, қате жіберілген көрнекті, космонавт сөздерінің астын сызып ерекшелеген. Оқушылар бұл сөздерді көрнекті, космонавт қүйінде түзеп, класс тақтасына жазды. Мұғалім мұнымен
шектелмеді. Көрнекті, космонавт сөздерімен түбірлес көрнексіз, көрнекілік, көрнекі және космос, космодром сөздерін ойластырып, сөйлемдер құрастырып, оларды тақтаға, сөздік дәптерлеріне жаздырды, сонымен бірге жазылу емлелерін пысықтады.
Екінші сатыда композитивке жазылып, экранға түсірілген сөйлемдегі қатесі бар жолдың оң жақ ақ шетіне сұрақ белгісі қойылған, бірақ қате жазылған сөз көрсетілмеген. Оқушылар тиісті жолдардан сондай-ақ, халықаралық, 104-тен аса, 2-ші рет қалпындағы қате жазылған сөздерді тауып, дұрысын тақтаға жазды. Бұл қателердің демеулік шылау, біріккен сөз, сан есімдердің жазылуынан жіберілгенін анықтап, олардың емле ережелерін еске түсірді.
Үшінші кезекте кодоскоп экранына түсірілген сөйлемдегі қате жазылған сөзді не жолды ешқандай белгімен нұсқамай, қатені оқушылардың өздері табу талабы қойылған. Бұл - проблемалы ситуация элементі. Әрі оңайдан қиынға қарай деген дидактикалық ережені дамыта оқыту принципіне ұштастыру болып шықты. Бұл жұмыстың алдыңғыларға қарағанда, оқушыларды ойлантарлық ықпалы көбірек тиді. Әйткенмен балалар алғашқы жұмыстар баспалдақтарынан, өтіп дағдыланғандықтан, бұл сатыға жеңіл көтеріліп, өз ақыл-ойларын ынталандыра жұмылдырды, іздестірілген ситуацияны өздері таныды, оның шешімдерін де өздері тауып, тиісті ережелерін еске түсірді. Осыдан кейін оқушылардың диктант дәптерлері өздеріне таратылды.
Сабақтың келесі буыны қате жіберілген грамматикалық категориялар бойынша жаттықтыру жұмыстарына жоспарланған. Бұл сабақтың әрі тиімді, әрі толымды кезеңі болды. Мұнда біріккен сөздердің, кейбір жеке сөздердің, сан есімдердің, демеулік шылаулардың жазылу емлелері жеке-жеке тақырып түрінде қайталанды.
Р. Кәрина сабақ мазмұнын байыта түсу үшін әдістерді де, көрнекі құралдарды да жаңартып қолдануға ерекше мән беріп, зейін қойды. Мәселен, сан есімдердің жазылу емлесін пысықтағанда, программаланған таблицаны пайдаланды. Таблицаның бірінші бағанында сан есімдер жазба түрінде беріліп, оң жақтағы бағандар маңдайшасына қайсысы дұрыс? сұрағы жазылды. Одан төмен үш баған сызылып, жазумен берілген сан есімдердің цифрмен жазғандығы дұрысы не терістігі жөнінен ықтимал варианттары көрсетілді. Оқушылар солардың ішінен дұрысын тауып, оны магнит дөңгелегімен белгіледі. Олардың дұрыс жазылу ережелерін айтып дәлелдейді. Жұмыстың бұл түріне жалғас ай, жыл атауларының цифрмен жазылуына римше, арабша цифрлардың емлесіне тақтада жаттығу жүргізілді.
Мұғалім талданатын сөйлемдердің идеялық, тәрбиелік, білімдік тиімділігін ескеріп, оған партия съездері, космоновтар өмірі, Ұлы Отан соғысы материалдарын пайдаланады. Оларда келтірілген сан есімдердің пәндері әбден пысықталды. Сонымен қатар, мұғалім оқушының жалпы сауаттылығына, әсіресе әріп элементтерін, көркем жазу шарттарын тақтада дұрыс орындауына бақылау жасап,
айырықша талап қойды. Жоғарғы кластарда арнаулы көркем жазу сабағы өтілмейтінін ескерген ұстаздың сабақтың осындай үлесімді сәттерінде оқушының каллиграфиясына назар аударуы да пайдалы.
Пысықталған тақырыптар өз алдына зерттеліп, оларға дербес қорытынды жасалады. Әрбір мәселені талқылау мұғалім әдіс-тәсілдерді де алмастырып, сабақтың қызғылықты өту жағына елеулі көңіл бөлді. Мәселен, кейбір жеке сөздердің жазылуын қайталау кезінде соңы б, в, г дыбыстарымен аяқталатын термин сөздердің айтылу және жазылу ерекшеліктері талқыланады. Мұнда ол «Өзімді тексеремін» таблицасын кордоскоптан көрсетіп, ондағы сөздерді балаларға дауыстап оқытты. Әрбір сөздің соңғы дыбысы қалай айтылып, естіліп тұрғанын айыртты. Сөз аяғындағы ұяң дыбыстың қатаң айтылатын (клупка, устафка, педагогтың, параттан) орфоэпиялыкГ зандылықтарын дәлелдетті. Бірақ айтылуы қатаң дыбыстар болғанымен мұндай сөздің түбірі соңында б, в, г дыбыстары жазылатындығын аңғартты. Осы арада Роза оқушыларды орыс тілінен меңгерген білімдерін шебер байланыстырып, пәнаралық сабақтастық принципті тиімді қолданды.
Термин сөздер алдындағы дыбыстардың ұяң екендіктерін танудың бір жолы оларға қазақ тілінің дауысты дыбыстан басталатын (клубы, отряд+ым - отрядым т.б.) қосымшаларын жалғап (клуб+ы - көру керектігін, сонда ол сөз соңындағы ұяң дыбыстардың айқын естілетінін дәлелдейді.
Р. Кәрина сабақ жоспарының бесінші буынында диктантты нашар жазған оқушыларға дербес тапсырма беруді белгілеген. Бұл тапсырманы үйде орындап келуге жеке-жеке карточка таратылды. Осыған ыңғайлас оқушыларға үй жұмысы тапсырылды. Онда бесінші класс материалынан сан есімнің емлесі, алтыншы кластан демеулік шылаудың жазылуы берілді. Одан әрі сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларға диктантта алған бағаларынан басқа қойылып, тиісті мадақтау айтылды. Мұғалім сабақты қорытып, орфографиялық көрсеткіш тақтасына наград, космонавт, қорытынды сияқты бірнеше сөзді қосты.
Сабақтың жақсы өтуі жан-жақты әзірлікке байланысты. Әзірлік түйіні сабақ жоспарына түседі. Сабақтың әзірлігі мен жоспары-өзектес мәселе. Әзірлік қандай болса, жоспар да сондай. Керісінше, сабақты қалай өткізуге көз жеткізіл, жоспар бағдарланбай тұрып, өз-өзінен әзірлік те жасалмаса керек. Істің бастауы жоспардан туындайды. Сондықтан да жоспар - сабақтың айнасы. Тілге тиек етіп отырған Роза Кәрина сабағының мазмұнды, ұтымды болып шығуы да - сол терең ойластырылған жоспардың жемісі.
С. Қазыбаев
Қазақ ССР-інің еңбек
сіңірген мұғалімі, педагогика
ғылымының кандидаты, Гурьев
пединститутының профессоры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   107




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет