Б. Б. Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия астана 2007 Қазақстан Республикасы


Ұзақ күнгі жүрістен талмаған екі жарау баран шоқыта шабады. (6, 7) 12



бет98/107
Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95052
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107
Байланысты:
Хрестоматия Б.Белғара
Хрестоматия Б.Белғара
11. Ұзақ күнгі жүрістен талмаған екі жарау баран шоқыта шабады. (6, 7)
12. . Дәрмен енді атына қамшы басып, құйықтыра жөнелді. (5, 16)
Мұғалім бұдан кейін: «Балалар, бұл айтылғандардан басқа тағы қандай ат жүрісінің түрлерін білесіндер?» - деп сауал қойды. Балалар жапырлап айтуы, мұғалім толықтыруы бар,
ақырында мынадай жауап беріледі: Аттың жай жүрісінен шабуына дейінгі түрлерін санасақ, өте мол, мәселен: ілби басу, төрт тағандау, мимырттау, сау аяңдау, шерте аяңдау, лекіте аяңдау, қорғалау, жайғақтау, бүкең жүріс, көстеңдеу, бұлаң жүріс, бұлаңдау, бұлаң құйрық жүріс, жорту, көсілте жорту, бүлкілдеу, бүлк-бүлк желу, лыпыл қағу, желе жорту, салдырту, борт-борт желу, тапырақ желіс, көсіле желу, жосу, желе шоқыту, секектеу, текектеу, сыдырту, ызғу, зырлау, безу, арындай желу, шоқақтау, шоқыту, тыраңдау, ұра жөнелу, үдере сілтеу, ырғу, аңырату, жүйтку, тасырлата шабу, көсіле шабу, қарыштау, лекіте шабу, төпей шабу, құдия шабу, құйындату, құйғыту, т. б.
М. Әуезов тек табиғатты ғана сан қырымен нақты әсем бейнелеп қоймайды, ол адамдар қарым-қатынасын бергенде де сан сырлы сөз маржандарын тауып қолданады. Мәселен, әдетте біздер адам ренжіді, ашуланды деген сөздермен шектелсек, суреткер бар адам бірдей ашуланбайтынын, әр адамның өз мінезінен жағдайға байланысты түрліше ренжітетінін дәл беруге көңіл бөледі. Мысалдармен дәлелдейік (тағы да ашудың неғүрлым жай, бастапқы түрінен даму, биіктеу ретімен алуға тырысамыз):

  1. Кейісі, кірдеңі көп, кінәсі мен міні көп өмірдің күңгірт жүзді күзі жетті. (613)

  2. Оразбай оған қабақ тыржитып, қолын сілкіп, теріс қарады (5, 367).

  3. Шұбар жақтырмай, тыжырынып күле түсті: - Сенің аузыңдағы сөзінді айтқам жоқ. (5, 13)

  4. Ол қыңыр мінезіне басып, қиястана сөйледі... (5, 61)

  5. Енді Тәкежан да ішінде қыжылданып бір қиясқа мінді. (5, 127)

  6. Соны жақтырмаған Құнанбай қырыстанып:

- Мейілдерің! Маған десе, аяғына бас ұр Байдалы мен Байсалдың!- деді де, шығып кетті. (259)
7. Бұл айтқаны көптен ішін кернеп, уыттанып жүрген үлкен түйіні төрізді. (5, 333)
8. Әбді ғана қатуланған ашуынан айыға алмай тұрған бойында аса бір ауыр арман тастады. (5, 23)
9. - Көз ашылар бар ма, сірә, бұл дерттен?! - деп, қайнай сөйлегенде, кесек жүзіне діріл кіріп, көздері де намыскер ызадан жасаурап кетті. (5, 19).

  1. Сағынып келген елде аз топ тудырған мол жауыздыққа ызаланып, ширыққан жайы бар. (5, 206).

  2. Абайдың үлкен үйіне кірісімен Шұбарды көрген жерде Тәкежан жиырылып қырыс қарап қалды. (5, 127).

  3. Әсіресе, Бөжейдің үзеңгі жолдастары Байдалы, Байсал Қаратай, Түсіл, Сүйіндіктер ерекше сызданып алған. (209).

  4. Азғантай уақыт Шұғыл ойланып, Ерболға оқтай қадалып кірпік қақпай түйіліп отырды да, бір сәтте атып тұрды. (300).

  5. Көзге көрінсе, көп түйінмен, қазір өзі күреске түскісі келгендей, ызаланып қыстығып та кетеді. (5, 250).

  6. Тәкежан булығып күйіп сөйледі... (5, 128).

  1. - Сөзді доғар, босат жылқьшы!- деп, шетінен сызданып, сүрланып ап тепсініп түр. (5, 270).

  2. - Бірақ, тек, әлі жетсе алып көрсін!- деп, Бөжей бір-ақ томырылды. (181).

  3. Екі қашқынды айтты да, Оразбайдың бүлініп жатқанын жеткізді. (6, 96).

19. Ал Павлов түгі кетпеген кісідей, жаңағы сіресіп, шытырлап тұрған жандарм төресіне, тіпті бір елеусіз, болымсыз жандай қарады (5, 356).
20. Сол айтыпты: «Менің аңғаруымша, ояз бен одан арғы ұлықтардың да Абайға кәрленуі мығым көрінеді». (5, 369).
21. Оразбай Әзімбайдан естіп ашуланбаса, тулай берсін. (6, 226).
22. Мұнша тасырлап неден бүліндіңіз?- дей беріп еді, Дайыр сойдақ тістерін ақситып, арс еткендей әмір айтты. (6, 112)
23. Осы жайды Жұмаш пен Сейіл біресе түршігіп, біресе ызамен күле отырып айтысып берген еді. (6, 185).
Эпопеяда адамдар күлкісін бергенде де, суреткер әйтеуір бір күлуді емес, әр адамның шыққан тегіне, ой-өрісіне, мінез ерекшелігіне, жас мөлшеріне, көңіл-күйіне сай «өзіндік» күлкісі болуы қадағалайды.
Мәселен:

  1. - Ал мен ол жерге мынау шешең тіккен тобықты тымағымен барам ба, жоқ әлде енді қартайғанда дуанадай болып басыма сәлде орап барам ба? — деп өз жайын мысқылдап күліп алды. (6, 65)

  2. Ол қатарынан үш балуанды келістіре соқты да, түйіншек ішіндегі бәйге ақшасын қолына алған күйі ақсия күліп Абайға келді. (5, 393)

  3. Біресе кең ашылатын үлкен шұғылалы сұрғылт көздері, бір сәт қып-қызыл еріндері немесе сыңғырлап күлген сылдыраған үні мен бірлі-жарым тіл қатқан сөздері құлағына келгендей болады. (5, 200)

4. Қайтадан сылдыраған әсерлі, өсем күлкісі оянып, көңілді жүзі жөне де өзінің ақ-қызыл ажарымен әсемдене түседі. (6, 379)
5. Абай қатты сылқылдап күлгенде, Жұман оянып кетіп, басын көтерген. (5, 37)
6. Абай күтпеген сәтте, баяғыдағы бір әр мінезіне басып, ескісін еске түсіріп, сылқ-сылқ күлді. (6, 172)
7. Абай бар денесі селкілдеп сықылықтап күліп қапты. (5, 399)
Оразбай мен Есентайға осы жайдың шеті мәлім болса да, мына тұста айыздары қанып, кеңкілдеп күле берісті (6, 259)
Кәкітай олардың күлкісін біраз еркіндетіп жіберіп, екі көзі күлімдеп өзі де лекіте күлді де, енді жауаптасып, дауға кірісті. (5, 9)
Әбіш пен Мағаш үңгір ішін жаңғыртып сақылдап күледі. (5,
208)
Осы жайдың бәрін Базаралы неше алуан үнге салып, аса
шебер ойнақы артисше баяндай келгенде, тыңдаушы жұрттың көбі шек-сілесі қатып, тынымсыз қарқылдап күледі. (5, 400)
Сол бір олақ сөзді, әсіресе, қатты даурығып айтып, елден
бұрын өзі тарқылдап күлген-ді. (5, 373)

  1. Ауыз үйде қазанаспа жанында самауыр қойып жатқан ұзын мойын, ала көз жігіт Жұмаш та ырсылдап күліп жатыр. (6, 10), т.б.

Мұғалім одан әрі: «Балалар, күлкінің тағы қандай түрі бар? Кім айтады?» - деп сұрақ қойып, ақырында олардың сөздік дәптерлеріне мына сөздерді, сөз тіркестерін жаздыру керек: жымию, жымыңдау, жымың-жымың ету, күлім қағу, күлмең қағу, күлмеңдеу, езу тарту, ыржию, ырсия күлу, осқырына күлу, жылмия күлу, шалықтау, мырс-мырс күлу, мырсылдау, сынықси күлу, мардымси күлу, қасқая күлу, сыңқ ету, сыңқылдау, кеңк-кеңк күлу, жырқ ету, жырқылдау, жыртаңдау, жыртақтау, лақылдай күлу, ырбаңдау (орынсыз күлкі), ыржаңдау, ыржақтау, сылқ-сылқ күлу, шиқ-шиқ күлу, ырқ-ырқ күлу, дар-дар күлкі, т.б.
Эпопеяда Абай және оны жақтаушылар өмірі ескішіл, надан, тоңмойын күштермен тартысқа толы боп өткені мәлім. Суреткер айтыс-тартысты да кең сипаттап, сан қырымен көрсетуді мақсат еткен:

  1. Жамандасып, ішінен боқтасқандай кетіс. (5, 84).

  2. Жағаласып жарғылассаң, сондай сорлаған көп үшін аранда (5, 79).

  3. Бірақ, сүйте отырып, аз әңгіменің тұсына Базаралымен ырғасып кетті. (349).

  1. Бұның ауыздығын тістеп алғандай, бетімен кететінін біліп, Абай балалары мен шешелер көзінше енді ырғасып-қаржасқысы келген жоқ. (704).

  2. - Жаңағы молдалармен шарпысқан,- деп, Әбіш күлді де, - сөзіңізге қарағанда, сондайлық сөз үлгісінің орны бар екен дедім. (6, 143).

  3. Құнанбай Базаралымен көп салғыласуды енді өз бойына мін көре бастап, түсін суыққа салды. (350).

  4. Әуелі сөзге сараң, онан соң айтса, не қылса біреуді біреуге соқтыра, өшіктіре, қиян-кескі қиталастыра сөйлемесе іші кебетіндей
    болатын. (6, 95).

8. Сонымен, тіпті патшалықтың өзімен де алысқа шығып, сорлаған кедей крестьян атаулы жыл сайын, ай сайын алысып, қырқысып жатады екен ғой. (5, 95).
9. Бөжей өлген соң, жаздан бері екі жас сыртпен қақтығыспаса да, іштен барды сылып, ел тартысып, сілкісіп келе жатқан. (209).
10. Аянбай жұлысу ғана қалды. Мен қазір сол егеске бекіндім (6, 118), т.б.
Мұғалім бұдан кейін осы ретпен оқушылардың үйден мысал теріп келуін міндеттегені жөн. Айталық, суреткердің табиғатты бейнелеу шеберлігін таныту үшін: жаңбыр, күн батуы, жел, дауыл, боран, өсімдік, т.б. түрлеріне; адам портіретін кескіндеу өнерін әспеттеу үшін: көз, шаш, бел, бет, т.б. түрлеріне; адам қарым-қатынасын жан-жақты ашуын дәлелдеуге: мақтану, жағымсу, менменсу, күндеу, күндіктену, қорқыту, т.б. атауларға мысал теру, сирек қолданылатын сөздерді жазып, түсініктеме беру жұмыстарын тапсыру болар еді. Сонда әр оқушы қазақ тілінің де басқа тілдер тәрізді соншалық бай екеніне көзі жетіп, оны құрметтеуі өсе түсер еді. Бұл ғана емес. Ана тілі байлығына көзі жеткен, одан еркін сусындаған оқушы ол биікке өресі жетпеген әріптесіне қарағанда өмірдегі сан қырлы әдемілікті түсінуде, адамгершілікті ту етіп ұстауда көп ілгері кетер еді. Ендеше соншалық асылдан, көзқарасқа тиянақ, сезімге қанат беретін асылдан, оқушыларды мақрұм етуге хақымыз бар ма? Жасыратыны жоқ, құр: «қазақ тілі бай» деп өте шығып, оның байлығын дәлелдеу үшін тер төккісі келмейтін мұғалімдер бізде аз емес. Олардың біразының айтары: «Бәрін өтуге уақыт бар ма?» Біз айтар едік: «Уақыт жетпейтіні» желеу етіп бір жазушының он шығармасын сыдыртып, желдіртіп атап өткенше, бір шығармасын болсын, зерелеп талдау артық. Мәселен, бір жазушы творчествосына 10-12 сағат берілсе, ол бар шығарманы бірдей тең дәрежеге қамти беру керек дегендік емес. Шығарма жаздыратын тақырыпты неғүрлым терендеп өту, жекелеген туындылары шүқшия талдау программада, методика ғылымында әлдеқашаннан бар қағида. Ендеше он жыл оқытып, бірде-бір шығарма тілін жан-жақты талдамауымыз тәрізді кемшіліктен арылатын уақыт жетті демекпіз. Әрине, көркем шығарма тілін оқытудың бар жоқ-жітігі осы айтылғандармен түгенденді деуден аулақпыз. Тіл білім мамандары осы салаға арнайы назар аударар, сөйтіп аса маңызды, көкейкесті іс, мектепте көркем шығарма тілін оқыту мәселесі, ескерусіз қалмас деп сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   107




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет