Б. Б. Жахина тіл дамытуға арналған жаттығулар (лексика тарауы бойынша) Алматы Білім



бет2/3
Дата13.08.2017
өлшемі1,33 Mb.
#23489
1   2   3

Қара, . . . көз. Салпаң, ... қүлақ. Көк, . . жапырақ. Адал, . . . адам. Жуан,... жіп.

1. 3 "Көп мағыналы сөздер" тақырыбына байланысты тіл

дамытуға арналған жаттығулар.
1-жаттығу.
Мақсаты: 1. Өлең мәтініндегі бір мағыналы және көп мағыналы

сөзді атандар, яғни лексикалық талдау жасаңдар.

2."Белін" сөзін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрыңдар.
Мен елімнің,

Күзетемін көктемін.

Алтын қырын,

Жасыл көлін, көк белін.

Күзетемін

22

Жас ұрпақтың күлкісін,



Күзеткендей жер бақытын

Көкте күн.

(Ғ. Қайырбеков)

2-жаттығу.


Мақсаты: 1. Төменде берілген сөздерді "көп мағына", "омоним"

ретінде келтіріп, бірнеше сөйлем құрандар.



Жаз, бет, ер.

2. "Көп мағыналы сөз" бен "омонимдердің" ұқсастығы неде,

айырмашылығы неде?


3-жаттығу.
Мақсаты: 1. "Омонимдер" мен "көп мағыналы сөзді" бір-бірінен

ажыратып, олардың бір-бірінен ерекшелігін түсіндіріңдер.


а) Олар мұғалім келгенде орындарынан атып тұрды. ә) Тулкі ағаш арасынан шыға келгенде мылтығын атып жіберді. б) Жас ағаштар шешек атып құлпырып кеткен. в) Бекбол атты ерттеп ерте жүріп кетті. г) Куат атам шақшасын алды да, насыбай атты.)

2. Түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, омонимге үш сөйлем, көп мағыналы сөзге үш сөйлем жазыңдар.
4-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген сөздер бойынша мағынаны айқындайтын сөз тіркесін, содан соң сөйлем құрандар.

мінез ағаш

кісі кісі

жеңіл ...... қатты ......

...... ......

...... .....


23
5-жаттығу.


Мақсаты: 1. Жұмбақтардың шешуін тауып, сөйлемдеп сөздерге

лексикалық талдау жасаңдар.

2. Жұмбактағы "көп мағыналы" сөзді тауып, сөйлем құрау арқылы

бірнеше мағынасын көрсетіндер.


а) Зерек бала қолданса,

Көңілі тояр.

Жалқау бала қолданса,

Қол - аяғын бояр.

(сия)
ә) Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәні түсінуге жараған.

(әріптер)
6-жаттығу.
Мақсаты: 1. Асты сызылған сөздердің қайсысы тура, қайсысы

ауыспалы мағынада қолданылғанын ажыратып, қолданылу

ерекшелігін түсіндіріңдер.

а) Таң атып келеді. ә) Солтустікте н жұмсақ салкын жел соғып

тұр. б) Жау тагы бас көтеріп, Берікболдар жатқан жылғаға қарай

беттеді. в) Қаптаган жау беті тагы қайтарылды.

2. Ауыспалы мағыналы сөздің тура мағынасына сөйлем құраңдар.

3. Көп мағыналы сөздің пайда болу жөнін түсіндіріңдер.
7-жаттығу.
Мақсаты: 1. Күлкілі өлең жолдарындағы сөздердің бір

мағыналылығын ажыратындар. 2. Көп мағыналы сөзді тауып,

тағы да мағынаны аша түсетіндей сөйлем құрандар.
Тентек

Екі тентек шекісті:

Бас жарылып, шеке істі.

Бірі іздеп жүр дәрігер,

Бірі үйінде әбігер.

"Ақ сандық, көк сандық"

24

3. Өленді жаттап алыңдар. "Менің досым" деген тақырыпта шағын әңгіме жазындар.


8-жаттығу.
Мақсаты: 1. Төмендегі сөз тіркестерін келтіріп, сөйлем кұрандар. Олардың ерекшелігін түсіндіріндер.
а) теңіз толқыны, ауа толқыны, өмір толқыны.

ә) темір жол, өмір жолы, құс жолы.
2. Сөйлемдердегі сөз мағынасын ауыстыру арқылы пайда болған жаңа мағынаны түсіндіріңдер.
9-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген өтірік өлең жолдарындағы "бөгет" сөзінің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрау арқылы дәлелдендер.

2. Өлеңді жаттап алыңдар.



Инемен жер қазып,

Су шығардым шөл жерге.

Елекпенен су тасып,

Бөгет салдым көлдерге.
10-жаттығу.
Мақсаты: Бұрыс па, әлде дұрыс па? 1. Төмендегі сөз тізбектерін оқып шығып, қандай мағынада қолданылып тұрғанын анықтаңдар.

2. Әрқайсысына үш-үштен сөйлем құрандар.


төсек есік

егін шаң



сал жузік қақ

таңдай

көз шеге

құс

25

11-жаттығу.


Мақсаты: 1. Өленді мәнерлеп оқып, "арық", "жау" сөздеріне

омоним болатындай етіп сөйлем құрандар. 2. Көп мағыналы сөзге

ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіріңдер.
Жаңбыр жауғанда
Жау, жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр.

Арық суы мол болсын.

Өсімдіктер көп болсын.

Жауған жерің шөп болсын.

Мал азығы......

Ауыл аймақ.....

"Ақ сандық, көк сандық "


  1. Ұйқасын тауып, ойды аяқтандар.

12-жаттығу.


Мақсаты: 1. Көз деген сөздің әр түрлі мағынасы бойынша сөйлем

құрандар.

2. Олардың қайсысы көп мағыналы сөз, қайсысы омоним екенін

ажыратып, көп мағыналы сөздің астын бір, омонимнің астын екі

сызықпен сызыңдар.

/. Көз көру мүшесі.



2. Көз — күннің сәулесі, нұры.

3. Көз заттың тесік жері.

4. Көз заттың басталатын жері

5. Көз — біреудің ескерткіш заты.
13-жаттығу.
Мақсаты: 1. Мына жаңылтпаштағы "ат", "ақ" сөздерінің мағынасын кеңейтетіндей бірнеше сөйлем құрастырыңдар.

2. Жаңылтпашты жаттап алып, орфоэпиялық норманы сақтай отырып айтып шығындар.

26

/. Атам:



"Балама ат аламын ", деді.

Апам:

"Балама ала мата аламын ", деді.

Атасы ат ала ма ?

Апасы ала мата ала ма ?

2. Асқат

Жамап-жасқап,

Жасапты ақ сапты аспап.

Ақ сапты аспабы

Жап-жақсы аспап.

"Ақ сандық, көк сандық"
14-жаттығу.
Мақсаты: 1. Төменде берілген сөздерді қатыстыра отырып көп

мағыналы сөйлемдер жаса.

Үлгі: Асанның беті ұялғаннан қып-қызыл болып кетті.

Теңіздің беті толқып жатыр.



Бет. Жуз. Дауыс. Шық. Қол. Аяқ.
15-жаттығу.
Мақсаты: 1. Төмендегі жұмбактардың шешуін тап.

  1. Жұмбақ ішіндегі асты сызылған сөздермен көп мағына жасауға бола

ма? Өз мысалыңмен дәлелде.

/. Бір жансыз мойнында бар екі кұлақ,



Ойнайды дәл устінде оншақты лақ.

Бар екен маңдайында жалғыз көзі.

Болады тоқсан турлі айтқан сөзі.

(домбыра)

2. Басы жоқ, төрт аяқты жансыз бір зат.

Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат.

Көтерген әр уақытта барлық затты.

(үстел)
16-жаттығу.
Мақсаты: 1. Өлең жолдарының ұйқасын тауып аяқта.

2. Көп мағыналылыққа ие сөздерді тауып, олармен сөйлем құрастыр.

27

1. Қолыма алып ж...... ы (журналды)

Қызығып көп оқимын.

Жақсы сөзін үйреніп,

Көңіліме т.....н (тоқимын).


  1. Жоқ ауызы, құлағы,

Қабырғада т. . . . ы (тұрағы).

Кім келсе де үйіне

Хабар беріпт. . . . ы (турады).

(радио)
17-жаттығу.
Мақсаты: 1. Төменде келтірілген нақыл сөздерді оқып шығып, мазмұнын түсіндіріңдер.

2. Асты сызылған сөздердің қандай мағынада қолданылғанын ажырат.



1. Оқу білім бұлағы.

Білім өнер шырағы.
2. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.


  1. Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.
18-жаттығу.
"Дұрыс па, әлде бұрыс па?"

Мақсаты. Төмендегі сөз тізбектерін оқып шығып, қандай мағынада қолданылғанын анықта.

жұмыс таудың

есеп көлдің



жердің хабар етегі көйлектің жеңіл

өлең жердің

ой жылдың

жук
28

Ой тақтай

сөз мінез

терең шұқыр түзу сөз

шөп адам

қуаныш кітап

бояу

сиыр



қоңыр жел

қарындаш

күн

19-жаттығу.


Мақсаты: 1. Мына сөз тіркестері арқылы көп мағыналы сөйлем

құрастыр.



Асау тұлпар, алтын сағат, бұлақтың көзі, ауыр жол, қоңыр жел, алтын астық, қисық мінез.

20-жаттығу.


Мақсаты: Қазақ тілінің сөздіктерін пайдалана отырып,

төмендегі келтірілген сөздерге омоним болатын сөздерді тауып

жазындар, оларға түсінік беріңдер.

Барыс. Бақ. Бақыр. Баспа. Безеу. Би. Блок. Бөген. Бұршақ. Дана. Жады. Жазу. Жару. Жастық. Жете. Қию. Өлең. Салт. Бұлақ. Сыртган. Тап. Еңбек.


21-жаттығу.
Мақсаты: Сөздерді оқып, мағыналарын анықта. Сөздердің көп мағыналылығын тусіндіріп, синоним сөздермен топтап жаз.

Алыс. Суйкімді. Сұлу. Тартымды. Қашық. Өнді. Тәуір. Алшақ. Келбетті. Жаман. Ұстамды. Нашар. Әдепті. Қара. Байқа. Аңғар. Тәрбиелі. Көргенді. Білімді. Үлкен. Кең.


22-жаттығу.
Мақсаты: Сөйлемддерді оқып, құрамынан омоним болатын сөздерді

тауып, олардың қандай мағыналарда қолданып тұрғанын айт.

29

Жауға жанынды берсең де, сырынды берме. Бөлменің ішінен сырдың исі шығып тұр. Жүрегі ауырған адам жастықты биік қойып жатуы керек. Жастық шақта білім, өнерге ұмтылған жөн. Қиылған қара касы, қарақаттай мөлдіреген көзі, қалың қара шашы үйдің қараңғылығын қоюлап тұрғандай. Ұшақтың қарасы үзілгенше Сәуле бір орында қозғалмай тұрып қалды. Алыстан бір қара көрінді.


23-жаттығу.
Мақсаты: Сөйлемдерді оқып, омоним мен көп мағыналы сөздерді екі бағанға ажыратып жаз.

Арқасын босағаға тіреп, өткір қара көзімен бөлменің ішін бір шарпып өтті де, Жұмабекке қарады. Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Таудың басында ақ қар әлі де жатыр, ери қоймапты. Байсал енді шұғыл істелінетін жұмыстарды атады. Мөлдір бұлақтың көзінен бір шелек су алды.


24-жаттығу.
Мақсаты: Мақал-мәтелдерді оқып, әрқайсысының

мағынасын қалай түсінетінінді айтып бер.

Жалқаулык аздырады, еңбек оздырады. Жаңбырмен жер көгереді, алғыспен ел көгереді. Өзінді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе. Қайтып кірер есігіңді қатты жаппа. Бақыт сандықта кілтпен ашасың, кілтті аспанда өнермен ұшасың. Тұлпар шаба жетіледі, сұнқар ұша жетіледі.
25-жаттығу.
Мақсаты: Төмендегі етістік сөздерді жақша ішіндегі сөздермен

тіркестіргенде, олардың қандай мағынаға ие болатынын анықтаңыздар.

Осындай тіркестерді ездеріңіз де ойлап табыңыздар.

Қату (түн, сүт, мұз, қабағы, буыны, сілесі, басы, аяғы);

Қану (ұйқы, шөлі, шайға, әңгімеге, сусыны, айызы);

Табу(мал, ойлап, ақыл, бала, бабын, пайда);

Қағу(кутың, зар, ырсыл, есік, барабан);

зо


  1. 4 "Омоним" тақырыбына байланысты

тіл дамытуга арналған жаттығулар
1-жаттығу.

Мақсаты: 1. Үзінділердегі асты сызылған сөздердің,

мағынасын қалай түсінесіндер. Ондай сөздер қалай аталады?

а) Көл жағалай отырған қу менен қаз.

ә) Тағы сене бастаймын,

Күнде алдағыш қуларға.

(Абай)

б) "Егіндікке тусіп журер, дөңнен асыра құ", - деп атасы

мұны атқа отырғызды.

в) Мен жазбаймын өлеңді ермек ушін.

г) Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек.

(Абай)
2-жаттығу.
Мақсаты: Көп нүктенің орнына басынан да, аяғынан да бірдей оқылатын омоним сөзді тауып қой. Ол қай сөйлемде қандай мағына білдіріп тұр?

а) Жанардың әжесі алмадан... жасады.

ә) Қатты жерге... тұрар.

Қайратты ерге бақ тұрар. (Мақал).

б) Етектегі Баймағамбетке қолымен көлбей сілтеп: "Алдағы

қорым тасты... ", - деген белгі жасап еді.

(қақ)

(М. Әуезов)
3-жаттығу.
Мақсаты: Төмендегі сөздерге омонимдес сөздерді тауып, сөйлем

құрандар.

Үлгі: Бүгінде саны жүзге жетті. Пышақтың жүзі кетіліпті.

Жүз, жастық, сыр, өкпе, жарық, ас, қас, тамақ.
4 -жаттығу.
Мақсаты: Дос, туыс, жұбай сөздерінің синонимдерін дұрыс тапсаңдар олардың бастапқы әріптерінен құралатын сөз

31

төмендегі сөйлемдерді толықтырып, әр түрлі мағына береді. Ондай сөздер қалай аталады?



а) Жапырақ кетті, ... кетті,

Куз балған соң кетті куй

ә) Үй тапсырмасын бар зейініңмен орында, жаттығуды

дәптерге қатесіз....
5-жаттығу.
Мақсаты: Берілген жаңылтпаштағы омоним сөздерді тауып,

жаңылтпашты жаңылтпаш айтудың ережесіне сай айтыңдар.



Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты,

Қыс түсті, қысқы істі қыста істе.
6-жаттығу.
Мақсаты: Берілген жұмбактың шешуін тауып, асты сызылған

сөздің омонимін табыңдар.



Жарық тунде — жалдасың,

Караңғыда қорқады.

(көлеңке)

"Ақ сандық, көк сандық"
7-жаттығу.
Мақсаты: Омоним сөздердің мағынасын ашындар.

Үлгі: Кір көйлегінді киме - таза емес кейлегінді киме.



а) Кір көйлегіңді киме.

ә) Үйге аяғыңды тазалап кір.

б) Ат — адамның қанаты.

в) Қызының аты Меңсұлу екен.

г) Дәлдеп атсаң, оғың теріс кетпейді.
8-жаттығу.
Мақсаты: Берілген мысалдарда жаз сөзі омоним сөз бе, жоқ әлде

көп мағыналы сөз бе соны ажыратыңдар.



Дем алып, бойыңды жаз.

Аттың жалының ұйысқанын жаз.

Плакатты жаз.

Жыл мезгілдерінің бірі — жаз.

32

9-жаттығу.


Мақсаты: Есім тұлғалас төрт етістік ойлап, мағынасын сөйлем

арқылы дәлелде.

Үлгі: Даланың апай төсінде бір қара көрінді.

Жан-жағыңа жіті көз жіберіп, дұрыстап қара.
10-жаттығу.
Мақсаты: Берілген мақалдардағы асты сызылған сөздерге омонимдес сөздерді тауып, оларды әрқайсысының мағынасын айқындайтын сөйлем құрандар.

а) Алма піс, ауызга тус.

ә) Шамадан аспа,

Кемеріңнен таспа.

"Ақ сандық, көк сандық"
11-жаттығу.
Мақсаты: 1. Бауыр сөзінен төмендегі ұғым мен мағына беретіндей етіп бес сөйлем құрандар.

а) Бауыр — дене мушесі.

ә) Бауыр - адамның немесе жануарлардың ішкі жағы.

б) Бауыр - беткей, етек.

в) Бауыр - іні-қарындас, туысқан.

г) Бауыр - ұнату, жақсы көру.

• 2. Өздерің құраған сөйлемдердегі бауыр сөзі көп мағыналы сөз бе, әлде омоним бе? Түсіндіріңдер. Көп мағыналы сөз бен омонимнің бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын айтындар.


12-жаттығу.
Мақсаты: 1. Жаңылтпаш мәтініндегі дыбысталуы бірдей сөздің көп мағыналы сөз бе, әлде омоним бе екенін айтыңдар. 2. Өленді жаттап алып, нақышына келтіріп оқыңдар.

а) Орманбай аңшы,

Марқабай малшы.

Тұра қап алшы,

Құрығыңды суға малшы.

33

ә) Өте мерген Орман атты,



Ор тубінен ор қоян атты

Оқ тиген соң өте қатты,

Ор тубінен ор қоян атты.

"Ақ сандық, көк сандық "
3. "Ор" сөзіне омоним болатын сөз ойлап, сөйлем арқылы мағынасын дәлелде.
13-жаттығу.
Мақсаты: 1. Мына сөздерді омоним етіп қолданып, бірнеше сөйлем

кұрандар.



Жаз, түс, ер, тер, аш, жас, ай.

2. Бір зат пен құбылыстың атын, екіншісі қимылды білдіретін омоним сөздер ойлап, сөйлем құрандар.


14-жаттығу.
Мақсаты: Берілген жаңылтпаштағы "салдық" сөзіне "омоним"

болатын сөйлем құрап, тексті өз сөзіңмен аяқта.


Қабат-қабат үй салдық.

Үйлер толы күйсандық.

-------------------------------

-------------------------------


15-жаттығу.
Мақсаты: "Ат" деген сөздің әр түрлі мағынасы бойынша сөйлем құрандар.

а) Ат — жануар мағынасында;

ә) Ат — кісінің есімі мағынасында;

б) Ат - қимыл (оның өзі іштей бірнеше мағына береді).

2. "Сырт" деген сөздің әр түрлі мағынасы бойынша сөйлем кұраңдар.

а) Сырт — електеуіштік мағына;

ә) Сырт - теріс қарау, қарамай кету;

б) Сырт — мекендік мағына.

34

16-жаттығу.


Мақсаты: Асты сызылған сөзге омоним болатын сөзді тауып, сөйлем құрау арқылы өлең жолдарын аяқтаңдар.

а) Алма маған алма берді,

ә)......

б)Салма жесең аздап же де,

в)...

г) Сырда сұлу жыр туыпты,

д)......
17-жаттығу.
Мақсаты: 1. Асты сызылған сөздердің мағынасын айқындаңдар.

а) Көкшенің көгін бұлт басты. ә) Мал көкке тойынды. б) Жаңа мектептің ашылу салтанаты басталды. в) Аздан соң есік ашылып, Майқанова көрінді. г) Көркемтай кейбір кундері аш та қалып журді.

2. "Аш" сөзін көп мағына беретін жағдайда бірнеше сөйлем кұраңдар.
18-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген өлең мәтініндегі "бас" сөзіне омоним

Болатындай әрі көп мағынаны білдіретіндей жағдайда төрт сөйлем

құрандар.

Ей, бөгеме, жолды аш.

Бол тез, асық, шапшаң бас.

Келіп қалдым зымырап,

Ал басамын аулақ қаш.

"Сырғанақ" Ғ. Орманов


  1. Өлең жолдарын жаттап алыңдар.

19-жаттығу.


Мақсаты: 1. Өтірік өлеңдегі асты сызылған сөздердің мағынасын

айқындаңдар. 2. Сол сөзді қатыстырып, басқа мағынаны білдіретін

сөйлем кұраңдар.

35

а) Құмырсқаға қой бақтырдым,



Жапалаққа жайдақ міндім.

Тумай жатып тілім шығып

Өлең айтып сайрап тұрдым.

ә) Мысықты торғай бүріп өлтіріпті,

Әкепті қозы сүйреп бөлтірікті.

Теректің бұтағына алма өсіпті,

Басына қарағайдың көл тұрыпты.

"Жыл он екі ай"
2. Өлең мазмұнын өз сөздеріңмен баяндай біліңдер, әрі мәнерлеп жатқа айтыңдар.
20-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген жаңылтпаштағы "аралар" сөзіне омоним

болатындай етіп, бірнеше сөйлем құрандар. 2. Жаңылтпашты

жаңылмай айтуға тырысыңдар.

Арғы арал, бергі арал,

Ол аралдарды жайлаған мал аралар,

Қырдың қызыл түлкісін қырағы алар.

"Ақ сандық, көк сандық»
21-жаттығу.
Мақсаты: Түсіндірме сездіктен төмендегі сөздердің омонимдік қатарын тауып жазып, оларға түсінік беріңіз.

Жаз. Баспа. Жақ. Жай. Бала. Бақ. Асық.


22-жаттығу.
Мақсаты: Төмендегі сөздерді оқып, омоним, синоним, антоним сөздерді топқа бөліп көшір.

Туыс. Алыс. Дәу. Бет. Ет. Ат. Қой. Дерт. Ағайын. Кесел. Зәру. Кең. Тума. Жабайы. Келбет. Суық. Тар. Қараңғы. Ыстық. Зайыбы. Жылы. Жарық. Жарақ. Үзын. Тілім. Ай. Қысқа. Үй. Күн. Көрі. Тұщы. Жас. Қалың. Жұқа. Кер. Зәру. Жамағат. Қат. Ауыр. Ащы. Мал. Көрме, Сал.

36

23-жаттығу.


Мақсаты: Төмендегі асты сызылған сөздердін қайсысы негізгі мағынасында, қайсысы туынды мағынада тұр.

Сапар аяғының аздаған ақсақтығы болмаса, сырт бейнесінде ешбір міні жоқ, келбетті жігіт еді. Бірақ әлі де болса ынтада кемшілік, жүрісте ақсақтық бар. Осы кезде ат-көлігін жайғастырып жүрген Дина келді. Сәруар, калқам, ат-көлік аман келдің бе? Жәмила аяқ астынан ауырып, ауруханаға түсе қалды. - Жоқ, олай деме, дос адамын, жамандағандарына ішім ауырады.

24-жаттығу.
Мақсаты: Түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, төмендегі сөздерден омоним сөздерді бір бөлек, көп мағыналы, ауыспалы мағыналы сөздерді бір бөлек теріп жазып, олардың мағыналық айырмашылықтарын көрсетіңіз. Әрі омоним, әрі көп мағыналы, ауыс мағыналы сөздерді жеке колданыңыз.

Бас, баспа, баспалдақ, баспақ, белдеу, бел, боздак, бозғыл, болыс, бөлу, булық, бұқа, біте, бітім, желбегей, жүздік, жым, жіңішке, жіті, заңғар, зауал, шық, кәсіп, кес, керімсал, тебін, той, тірек, түбек, түр, ұзақ, ұрпақ, үкі, үйір.


25-жаттығу.
Мақсаты: Төмендегі нақыл-өсиет сөздердің мағынасын түсіндіріп, асты сызылған сөздердің омонимдік қатарьш құра.

Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой. Ақыл ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. Аузына келгенді сөйлеу - наданның ісі, аузына түскенді жеу — хайуанның ісі. Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң, көптен құр қаларсың. Дүниеде көбірек тұрғың келсе, өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе былапытта.

37


  1. 5 "Синоним" тақырыбын оқытуға байланысты тіл дамытуға


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет