Б. С. Майқанов ю. А. Балджи б. Ж. Айтқожина


Адамдар арқылы инфекцияның таралуы



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата06.12.2019
өлшемі4,27 Mb.
#53068
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
index
planir zemlep kurs lekcij na kaz yaz 2, Орман кейс

  5.3 Адамдар арқылы инфекцияның таралуы 
 
Жұқпалы  аурулардың  таралуына  адамдардың  да  үлесі  аз  емес, 
өйткені  инфекцияны  үлкен  қашықтыққа  тасымалдайды.  Мысалы, 
ауылдардың бірінде  шошқа обасы  ауруы  пайда болды.  Инфекция  көзін 
анықтай келе,  ауылда  алғашқы болып бір  шошқа бағушы  әйелдің  жеке 
пайдалануында  болған  торай  ауырып  қалды.  Сөйтсе,  ол  ауру  пайда 
болудан  бірнеше  апта  бұрын  ауру  торайы  бар  басқа  ауданда  тұратын 
таныстарына  барған  екен.  Бұл  ауданға  сұрау  салғанда  онда  оба  дерті 
өршігені анықталды. Бұдан бағушы әйел, оны өзі аңғармай, обаны басқа 
ауданнан  өзінің  ауылына  тасымалдап,  өзіне  және  мемлекетке  зиян 
келтірді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кейбір  жағдайларда  инфекция  тасымалдау  немқұрайлық  пен 
бейберекеттіліктің нәтижесі болып табылады. Мысалы, елді мекендердің 
біріндегі  ветеринарлық  дәрігер  ірі  қара  малдың  аусылмен  ауырғанын 
анықтады.  Жануарларды  қарап,  ауру  жануарларды  оқшаулау  бойынша 
қажетті  шаралар  қолданғаннан  кейін  ол  үйіне  кетеді.  3  күн  өткен  соң 
аусылмен  дәрігердің  сиыры  ауырып,  5  күннен  соң  аусылдың  айқын 
клиникалық  белгілері  пайда  болғанға  дейін  ол  бағылған  табын 
сиырларында  аусылдың  белгілері  пайда  болды.  Бұл  жағдайда 
ветеринарлық  дәрігерді  инфекцияны  саналы  түрде  таратты  деп  кінә 
тағуға  болмайды,  бірақ  немқұрайлық  пен  бейберекеттілік  орын  алғаны 
мәлім,  себебі,  ветеринарлық  дәрігер  аусыл  вирусының  қасиеттерін 
ескере отырып, инфекцияның  тасымалдануына қарсы сәйкес шараларды 
қабылдауы тиіс еді. 
 
 
 
 
 
 

 
139 
 
Сарапшы  ретінде  қатысатын  ветеринарлық  дәрігер  инфекция 
қайдан  енгенін,  оның  тасымалдануына  кім  және  не  себеп  болғанын 
анықтауға  міндетті.  Осы  арқылы  ол  сотқа  инфекцияның  тасымалдануы 
жауапкершілікке  тартылатын  тұлғаның  білместігі,  немқұрайлығы, 
бейберекеттілігінен, әлде инфекция таратамын деген жаман пиғылынан 
болғанын анықтауға көмектеседі.   
 
 
 
 
 
Жұқпалы  аурулардың  таралуына  кінәлі  адамдарды  жұқпалы 
аурулардың 
қасиеттерін 
біле 
отыра, 
немқұрайлық 
пен 
бейберекеттіліктен  алдын  алатын  шаралар  қабылдамай,  инфекцияның 
таралуына  себеп  болып,  нәтижесінде  мемлекетке,  ұжымшарға  немесе 
жеке  шаруашылыққа  зиян  келтірілсе  ғана  соттық  жауапкершілікке 
тартуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
140 
6 ТАРАУ 
СОТТЫҚ ТОКСИКОЛОГИЯ 
 
 
    Ғылым  ретінде  соттық  токсикология  18 
ғасырдан  белгілі.  Удың    әсерін  түсіндірген  Павлов 
үлкен  үлес  қосты.  Токсикалық  зат  белгілі  бір  жағдайларда  у  болуы 
мүмкін.  Уланудың  әсері  кейбір  жағдайларға  байланысты  болып  келеді. 
Қазіргі таңда медицина және ветеринарияға маңызды мәселелердің бірі,  
химиялық  заттар  тудырған  патологиялық  жағдайларды  ескерту,  емдеу 
және  анықтау  болып  табылады.  Қайрадан  синтезделген  химиялық 
заттарды  өндірісте,  ауыл  шаруашылығында    және    тұрмыста  кең 
қолданылу,  улану  оқиғаларының  өсуін  туындатады.  Қазіргі  уақытта 
барлық  әлемде    кең  қолданылатан  химиялық    заттың    жалпы  саны 
бірнеше миллионға жетті. 
 
6.1 У туралы түсінік 
 
У  туралы  түсінік  қатаң  бекітілмеген,  ол  жайттарға  байланысты 
ауысып  отырады.  Соттық  тәжірибеде  у  дегеніміз  мал  ағзасына,  белгілі 
бір мөлшерде енгеннен кейін, өзінің физикалық- фимиялық қасиеттеріне 
байланысты  ағза  денсаулығына  кері  әсерін  тигізіп,  оның  өліміне  дейін 
әкелетін  зиянды  заттарды  айтады.  Улы  және  улы  емес  заттар  арасына 
қатаң  шектеу  қоюға  болмайды,  өйткені  жиі  ағзаға  қажетті  заттармен 
уланған  жағдайлар  кездеседі,  олар  мысалы,  ас  тұзы,  кейбір 
микроэлементтер – фтор, мыс және т.б. осы заттардың аздаған мөлшері 
мал  ағзасы  ұлпаларының  құрамына  енеді,  ал  олардың  көп  мөлшері 
улануды тудырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ауыл шаруашылығында зиянкестерге қарсы күресте қолданылған 
химиялық  заттармен  жануарлардың  уланып  қалуы    жиі  кесдеседі. 
Мұндай  заттарға  келесілер  жатады:  1)  хлоорганикалық  қосылыстар 
(гексахлоран,  гексахлорбензол  және  т.б.);  2)  фосфорорганикалық 
қосылыстар  (метафос,  хлорофос,  карбофос,  метилмеркаптофос  және 
т.с.); 3) сынап органикалық қосылыстар (гранозан, меркуран, және т.б.); 
күшәла тәрізді қосылыстар (арсенат және кальций және натрий арсениті, 
париждік немесе швейфурттік көгі); 5) құрамында мысы бар қосылыстар 
(бордос  сұйықтығы,  күкірт  қышқылды  мыс,  мыстың  хлорлы  тотығы 
және т.б.).   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Жануарлар  мен  өсімдіктердің  өсіп-дамуына  кедергі  келтіретін, 
зиянкестерді  жоюға  арналған  мұндай  улы  химикаттарды,  ортақ  түрде 
пестицидтер деп атайды. 
 
 
 
 
 
 
 
Ауыл шаруашылығы жануарларының пестицидтермен улануы жиі 
кездеседі. Пестицидтермен улану көбінесе,  улы химикаттарды қолдану, 
сақтау,  тасымалдау  бойынша  қолданыстағы  ережелердің  бұзылуы 

 
141 
салдарынан  болады.  Сондай-ақ  жануарлардың  улануы  келесі 
жағдайларда  бақыланады:  1)  түтінімен  улы  заттарды  шығаратын 
химиялық  және  алюменилік  зауыттар  маңында  баққанда,    өйткені  ол 
заттар  сосын  шөпке  сіңіп  (фтор,  қорғасын)  ағзаны  улайды;  2)  Мал 
қораларын  дезинфекциялау,  дератизациялау,  дезинсекциялау  үшін 
қолданылатын заттардан (күйдіргіш натрий, хлорлы әк, мырыш фосфиді 
және  т.б);  3)  аурудың  алдын-алу  және  емдеу  үшін  қолданылатын 
заттардан (селен қышқылды натрий, төрт хлорлы көміртегі және т.б); 4) 
азықпен  бірге  берілетін,  бірақ  әдеттегі  мөлшерден  көп  заттардан  (ас 
тұзы,    карбамид);  5)  бүлінген  азықтардың  химиялық  процесстері 
әсерінен  немесе  микроорганизмдер    мен  саңырауқұлақтардың  көбеюі 
нәтижесінде пайда болған улы заттармен (микотоксиндер ботулизм); 6) 
құрамында  алкалоиды  (салонин),  гликозиді  бар,  синильді  қышқыл 
түзетін  циогенді  заттар    улы  өсімдіктермен  улануы  (цикутотоксин, 
рицин және т.б). 
  
6.2 Улануды соттық-ветеринариялық анықтау 
 
Күтімі мен азықтануы бірдей сау жануарлар тобы, кенеттен біркелкі 
клиникалық  белгілермен  ауырса,  мал  дәрігерінің  және  мал 
шаруашылығының  жануарларды  күтуші  жұмысшылары  жануарлардың 
улануына  күдіктенеді.  Егер  ауру  азықтанудан  кейін,  әсіресе  жаңадан 
түскен азықпен  қоректенгеннен кейін немесе суаратын жер, жайылатын 
жайылымды  өзгерткеннен  соң  басталса  бұл  күдік  күшейе  түседі. 
Улануға  диагноз  қояр  алдында  ең  алдымен  инфекциялық  ауруларды 
ескеру қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл  кезеңде  улану  мен  инфекциялық  аурудың  клиникалық 
белгілері  мен  патологанатомиялық  өзгерістері  ұқсас  екенін  ескеру 
қажет.  Мысалы,  ас  тұзбен  уланған  шошқаның  асқорыту  жүйесіндегі 
өзгеріс  вирусты  гастроэнтерит,  жіті  паратиф,  оба  ауруларындағы 
асқорыту жүйесіндегі өзгерістерге ұқсас болып келеді.  
 
 
 
Госсиполмен  улану-  ісікті  ауруға,  бұзылған  азықпен  улану- 
тұншығуға,  жылан  шағу-  эмфизематозды  карбункулға,  стрихнинмен 
улану- сіреспе ауруының клиникалық белгілеріне ұқсас.    
 
 
Мал  дәрігері  диагноздың  улану  екенін  анықтаған  соң,  істің 
қорытындысын  соттық-тергеу    жүйелерінде  қолдануға  болатындай  етіп 
жүргізу  қажет.  Ең  алдымен  өлген  немесе  лажсыздан  сойылған 
малдардан  алынған  патологиялық  материал  зертханаға  химиялық 
зерттеуге жіберілуі керек. Құжаттарды сәйкес түрде рәсімдейді-актілер, 
оны  толтырған  кезде  малға  берілген  азықтың  құрамы,  аурудың  қандай 
жағдайда пайда болғаны, аурудың клиникалық белгілері, емдік шаралар 
және  уланған  малды  союдың  жүйелі  түрдегі  қорытындысы  рет-ретімен 
жазылады.  Сонымен  бірге,  кейіннен  диагнозды  нақтылауға  қажет 
болатын заттардың барлығы сақталынады, мысалы күдіктелген азықтың 

 
142 
қалдықтары, құсықтың қалдығы, азық берілген ыдыс қалдығымен және 
тағы басқалар.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық-тергеу  органдары  сарапшы  ретінде,    бұл  шаруашылықта 
жұмыс  істемейтін  адамды  қатыстырады.  Сарапшы  алдында  келесі 
сұрақтар қойылуы  мүмкін:   
 
 
 
 
 
 
 
1. Малдың ауруы мен өліміне не себеп болды?  
 
 
2.Бұл жағдайда улану орын алды ма? 
 
 
 
 
 
3.Улану қашан және қандай жағдайда болды?   
 
 
 
4. Болжамды у қандай мақсатта қолданылды?    
 
 
 
5. Мал ағзасына у қандай жолмен түсті?   
 
 
 
 
6. Уланудың пайда болуына қандай шарттар септігін тигізді? 
 
7.  Мал    клиникалық  белгілері  және  патологиялық  өзгерістері 
бойынша улануға ұқсас аурумен ауырмады ма? 
 
 
 
 
Істің  жүргізілу  барысында  улануға  қатысты  басқа  да    сұрақтар 
қойылуы мүмкін. 
 
6.3 Мал ағзасына удың түсуі, әсері және шығу жолдары 
 
Мал  ағзасына  у  жиі  жағдайларда  асқорыту  жүйесі  арқылы  түседі, 
яғни әдетте у азықпен немесе  сумен бірге енеді. Дегенмен, мал ағзасына 
удың тері арқылы түсуі де мүмкін, мысалы оларды кенеге қарсы ваннаға 
түсірген кезде немесе теріге күшті әсер ететін заттар жаққан  кезде және 
т.б.,  сонымен  қатар  ветеринарияда  қолданылатын    көмірқышқыл  газы, 
аэрозольды  дезинфекциядағы  заттар  және  т.б.  тыныс  алу  жолдары 
арқылы енуінен туындаған уланулар сирек кездеспейді. 
 
 
 
Ағзаға  түскен  улардың  көпшілігі  ұлпалардың  жергілікті 
зақымдануын    туғызып,  қабыну  пайда  болады.  Барлық  улар,  сонымен 
бірге жергілікті әсер ететін улар да ұлпаға сіңіп қан мен лимфа арқылы 
барлық  ағзаға  тарайды.  Олардың  біразы  дененің    басқа  ұлпаларымен 
салыстырғанда,  белгілі  бір  ұлпаға  химиялық  ұқсастықтары  болып,  сол 
ағзада  көп  мөлшерде  жиналады.  Мысалы,  кумарин-бұлшықетте,  сынап 
пен  қорғасын  –  бүйрек  пен  бауырда,  күшәла-асқазан  мен  ішектің 
қабырғасында жиналады. 
 
 
 
 
 
 
Улардың  әсер  ету  механизмі  олардың  құрамы  мен  түрлеріне 
байланысты  болады.  Кейбір  улар  қышқыл,  сілті,  ауыр  металл  тұздары-
ұлпаларға    тиіп  кетісімен,  оларды  өліеттенуге  ұшыратады;  басқалары- 
нитрат,  нитриттер-қанға  түскеннен  кейін  гемоглобиннің  құрамын 
өзгертеді,  соның  салдарынан  ол  оттегін  тасымалдау  қабілетінен 
айырылады;  үшіншілері-  ас  тұзы  -иондық  тепе-теңдікті  бұзады; 
төртіншілері-  синильді  қышқыл-  ағзадағы  ферменттік  жүйені  бұзады; 
бесіншілері  –  алколоидтар-  орталық  жүйке  жүйесіне  әсер  етіп  оның 
қызметін бұзады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Көптеген  улардың  әсер  ету  механизмі  толығымен  зерттелмеген, 
және  де  әр  түрлі  малдардың  сезімталдығы  да  әр  алуан  болып  келеді. 

 
143 
Мысалы,  ірі  қара  мал  сынап  препараттарына,  мысықтар-фенолға 
сезімтал,  ал  тауықтар  стрихнинге  сезімталдығы  шамалы  және  ірі  қара 
малды өлімге келтіретін дозаны еш зиянсыз көтереді.   
 
 
Удың 
токсикологиялық 
 
әсерінің 
байқалуы 
малдың 
физиологиялық  жағдайына  да  байланысты  болады.  Мысалы,  суалған 
сиырлар  сүттенетін  сиырларға  қарағанда  уларға  сезімталдығы  нашар 
болады.  Арық, ауру малдар удың аздаған мөлшерінде, сау, күйлі малға 
қарағанда  өледі.    Удың  токсикалық  әсері  ағзаға  енген  тәсіліне  да 
байланысты болып келеді. Мысалы, күшәла тәрізді қышқылды жылқыға 
ауыз  арқылы  енгізгенде  өлімге  әкелетін  мөлшері  10-15г,  ал  егер  ол 
ағзаға тері жарақаты арқылы енсе- 2 г.    
 
 
 
 
 
 Ағзадан  у    сөлімен  бірге  сілекей,  тер,  сүт  ,  экскрет  зәр  ,  нәжіс  
немесе дем алумен шығады. Удың түрлеріне байланысты оның ағзадан 
шығуына әртүрлі мүшелер қатысады. Мысалы, стрихнин ағзадан асқазан 
арқылы;  ішімдік,  эфир,  көмірқышқыл  тотығы-  өкпе;  сынап,  қорғасын 
және  ауыр  металл  тұздары-  бүйрек  және  бауыр  арқылы  шығады. 
Сонымен  қатар  улар  ағзадан  жоғарыда  аталған  мүшелер  арқылы 
шыққанда, онда дистрофиялық өзгерістер пайда болады. 
 
6.4  Уланудың  клиникалық  көріністері  және  улану  кезіндегі  
патологоанатомиялық өзгерістер 
 
Жануарлардың  азықтануы  мен  суарудан  кейін  немесе  оларды 
пестицидпен  не  басқа  химиялық  заттармен  өңдеуден  кейін,  немесе 
жақын  арада  дезинфекция  өткізілген  қорада  малдардың  ұсталуынан, 
кейін бұған дейін сау мал болған жануарлардың кенеттен жаппай ауруы, 
уланудың айқын белгісі болып табылады.  
Уланудың 
белгілері 
көбінесе улардың топтарына байланысты болады. Жануардың қандай у 
мен  уланғанының  нақты  балауы  зертханалық  және  басқа  қажетті 
зерттеулер нәтижесінде анықталады. 
 
 
 
 
 
 
 Созылмалы  түрде  өтетін  улануда  ағза  мен  ұлпадағы  өзгерістер 
байқалады.  Мысалы,  фтормен  уланғанда  тіс  флуорозы,  сулемамен 
уланғанда бүйректің сулемалық некрозы және т.б.   
 
 
 
Улардың  көпшілігі  ұлпа  мен  ағзада,    басқа  аурулардағы  сияқты 
дистрофиялық  және  қабыну  процестерін  туғызады.  Өлімге  тез  әкелген 
жағдайда,  мүшелердегі  өзгерістер  анық  байқалмайды,  сонымен  қатар 
макроскопиялық  көрінбейді,    ал  дәл  сондай  у  мен  ұзақ  уақыт  бойы 
уланса  өзгеріс  анық  көрінеді.  Мысалы,  жылқылар  фтормен  уланғанда 
егер  мал  бірінші  тәулікте  өлсе,  онда  тек  асқазан  мен  ішектерде  бірен-
саран  нүктелік  қанталаулар  ғана  анықталады.  Ал  осы  удан  уланудан 
кейін екінші және үшінші тәулікте өлген малда асқазан мен ішектердің 
кілегей  қабаттарында  геморрагиялық  қабынулар  айқын  байқалады.   
 
Көптеген  улар аурудың ұзақ уақыт болғанына қарамастан, жарып-
сою кезінде байқалатын морфологиялық  өзгерістер туғызбайды (өсімдік 

 
144 
улары,  ботулин  токсині  және  т.б.).  Бірақ,    диагностикалық  мақсатта 
жануарлар  өлігін  жарып-сойып  тексеру  маңызды    орын  алады.  Егер  де 
ұлпалар  мен  ағзаларда  қандай-да  бір  өзгерістер  анықталмаса  да, 
клиникалық  суреті  бойынша  болжамдап  қандай  топ  уымен  уланғаны 
жайлы  анықтауға  болады.  Бұдан  басқа  өлексені  жарып-сойғанда 
зертханалық  тексеріске  материал  алады,  соттық-ветеринариялық 
сараптау кезінде жарып-сою актісі ең негізгі құжат болып саналады. 
         
6.5 Соттық- химиялық зерттеу 
 
Улануды анықтауда  соттық- химиялық зерттеудің маңызы ерекше 
зор болып табылады. Ол жануарлардың ішкі ағзалары және ұшада, ішкі 
мүшелерінің  бөлінділерінде,  азық  құрамындағы  уды  анықтау  үшін 
қолданылуы мүмкін. Аталған жағдайларда зерттеу оң нәтижелер  берсе, 
ол нақты дәлел болып саналады, егерде азық және басқа да материалдар 
у  мен  кейіннен  ластанбаса,  ал  улардың  зерттелетін  материалдың 
құрамында болуы улану тудыру үшін жеткілікті.  
 
 
 
 
Өлекседен  алынған  материалдарды  соттық-химялық  зертеудің 
бағасы  өзгеше.  Өлексе  материалдарын  химиялық  зерттеу    нәтижесінде 
улы  заттың  табылмауы,  жануардың  улануын  жоққа  шығармайды. 
Сонымен      қатар,  мал  өлексесін  соттық-химиялық  зерттеу  нәтижесінде 
анықталған улы заттар, әрқашан малдың  улануының  нақты дәлелі бола 
алмайды.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Соттық-химялық 
зертеудің 
нәтижелерін 
бағалаған 
кезде, 
анықталған  удың  мөлшерін  де  есепке  алу  керек.  Өйткені  қалыпты 
жағдайда, кейбір улар ағзада аз мөлшерде болады. Сондықтан осы және 
басқа  да  улардың  іздері,  ағзада  емдік  мақсата  қабылданған  дәрілер, 
химялық  заттармен  зарарсызданған  өсімдікпен    қоректенгеннен  кейін,  
анықталуы  мүмкін.  Сол  себепті  сарапшы  ағзадан  табылған  удың 
мөлшерін  есептегенде,  жоғарғыда  аталған  жағдайларды  ескере  отырып 
қортынды  шығаруы  қажет.  Соттық–химиялық  зерттеу  әдістері 
токсикология бойынша арнайы нұсқамаларда жазылған. 
                               
6.6 Уланудың жекелеген  түрлері 
 
 Фосфор  және  фосфорорганикалық  қосылыстардан  улану.  
Сары фосфор улы болып есептеледі. Жылқы мен ірі қара мал үшін 0,5-2 
г, шошқа мен қой үшін  0,1-0,2 г, ит үшін  0,05-0,1г, құс үшін  0,01-0,3г 
өлім    дозасы  болып  саналады.  Қызыл  фосфор  улы  емес.  Құрамында 
фосфор 
қосылыстары 
(суперфосфат, 
термофосфат) 
бар 
тыңайтқыштардың  улы  болуы,  жиі  жағдайда  оның  құрамына  фтор 
енуімен (шамамен 1%) байланысты. 
 
 
 
 
 
Ауыл шаруашылығында инсектофунгицидтер ретінде қолданатын  
фосфорорганикалық      қосылыстармен  (хлорофос,  тиофос,  метафос)  

 
145 
малдың улануы жиі кездеседі.  
 
 
 
 
 
 
Фосфор  және  оның  қосылыстарымен  уланғанда  мазасыздану, 
сілекей  ағу,  бұлшықеттің  дірілдеуі,  теңселіп  жүру,  жүйке  жүйесінің 
бұзылуы,  тыныс  алудың  қиындауы,  жүрек-қан  тамыр  жүйесі  мен 
асқорыту  жүйесінің  (іш  өту,  жұтынудың  қиындауы)  бұзылуы,  сарғаю 
белгілері байқалады.    
 
 
 
 
 
Патологоанатомиялық өзгерістер 3- кестеде келтірілген. 
 
Препараттарды  гистологиялық  зерттеу  барысында  бауыр  мен 
бүйректе,  жүрек  және  қаңқа  бұлшықетінде  майлы  және  түйіршікті 
дистрофия, холинэстераза ферментінің белсенділігі төмендейді. 
 
3-кесте.  Кейбір  улармен  уланған  кездегі  патологоанатомиялық 
өзгерістер 
 
Ағза 
немесе 
жүйе     
Өзгерістер сипаты         
У немесе уланудың түрі 
Қаңқа  бұлшық 
еті     
Кенеттен дамитын сіресу,  
 
Әлсіз сіреспе  
Дегенеративті майлану 
Стрихнин,  сапонин,  уытты 
утамыр, 
дендротоксикоз                             
Синилді қышқыл  
Фосфор, күшәла, соланин            
Тері 
Күйіктер 
(қабыршақты, 
ойық  жаралар),  
Дерматит  
 
Некроз                               
Қабыршақ  пайда  болатын 
қабыну  
Домбығу, 
сызат, 
ерін 
аумағының ісігі                                
Күйдіргіш 
сілтілер, 
қышқылдар 
 Күшәла 
(созылмалы 
уланғанда), жоңышқа  
Қастауыш, 
фенол                      
Зақымдалған  теріге  күшәла 
жергілікті әсер еткенде   
Стахиоботриотоксикоз 
Тері асты шелі 
Сары түске боялады 
Қырықбуын, 
фосфор, 
хлорқышқылды калий 
Ауыз қуысы 
Тіс  эмалінің  шұбарлануы 
және түсуі 
Фтор  (созылмалы  улану 
кезінде) 
Сүйектер 
Сынғыш, ұлғаяды 
Фтор 
Дене бітімі 
Сарымсақ иісті 
Ерекше  иісті  
 
Транссудат  
Фосфор  
Ерекше  иісі  бар  улармен 
уланғанда 
Қырықбуын,  дала  қышасы, 
мақта күнжарасы 
Сірі қабықтар  
Қанталаулар  
Фосфор,  синилді  қышқыл, 
түйежоңышқа,  жусан,  дала 
қышасы, 

 
146 
стахиоботриотоксикоз, 
ботулизм 
Жүрек  бұлшық 
еті 
Дегенеративті процесстер 
Фосфор,  фтор,  қырықбуын, 
дала 
қышасы, 
солонин, 
люпин   
Өкпе  
Іркілген гиперемия 
Стрихнин, люпин, мақта күн 
жарасы, 
ботулизм, 
стахиоботриотоксикоз 
Ауа жолдары 
Қабыну 
Дала қышасы 
Жұтқыншық 
Қабыну 
Күйіктер 
Ботулизм 
Концентрленген қышқылдар 
және сілтілер 
Асқазан  
 
Коагулияциялық некроз; ақ-
сұр қабыршақтар, 
қоңыр,  қара  қабыршақтар 
сары қабыршақ   
Колликвациялық некроз 
Ұлтабар 
қабырғасының 
тесілуі 
Фенол, формалин 
Тұз 
және 
күкірт 
қышқылдары 
Азот қышқылы 
Күйдіргіш  сілтілер  және 
Күшәла 
Қарын 
және 
ішектер 
Гастроэнтерит 
Күшәла, 
сынап, 
мыс 
тұздары,  фосфор,  фтор,  ас 
тұзы,  селитра,  улы  утамыр, 
жусан, 
соланин, 
мақта 
күнжарасы 
Ішектер  
Ішідегісінің толық болмауы  Барий тұздары 
Жуан ішек 
Некроздық колит 
Сұр пигменттелу 
Қан құйылулар 
Сынап, 
стахиоботриотоксикоз 
Қорғасын 
Фосфор, түйе жоңышқа 
Бауыр 
Майлы дегенерация  
Сары 
түске 
боялу 
Цирроз 
Күшәла, 
фосфор, 
фтор               
Фосфор, 
люпин                    
Созылмалы люпиноз 
Бүйрек  
Дегенеративті өзгерістер  
 
Некроз  
Гемохроматоз  
Некроздық нефрит  
Сынап,  фтор,  қырықбуын, 
птомаиндер 
Сулема  
Гемолиздеуші улар 
Сынап  
Қуық  
Қызыл несеп 
Күңгірт несеп 
Гемолиздеуші улар 
Фенол 
Қан  
Ашық-қызыл  
Қоңыр  
Ұйығыштығы нашар 
Синиль қышқылы, селитра 
Нитриттер 
Фенол, нитриттер, ботулизм 
 

 
147 
Мырыш  фосфидімен  улану.  Қазіргі  таңда  қолданылатын 
зооцидтердің  ішінде,  мырыш  фосфиді  малдарға  улылығы  жоғары, 
әсіресе  құстар  үшін  улы  болып  саналады.  Оны  негізінен  жиі 
кеміргіштерді  жою  үшін  қолданады.  Мырыш  фосфидімен  уланған 
жағдайда,  жарып-сойып  тексергенде    геморрагиялық  диатез,  асқорыту 
жүйесінің  алдыңғы  бөлігінің  шырышты  қабатының  қабынуын  байқауға 
болады.  Құстардың  асқорыту  жүйесінде  эрозия  мен  жаралар  пайда 
болады.  Паренхиматозды  мүшесінде  дистрофиялық  процесстер,  әсіресе 
бауырында майлы дистрофия байқалады. Мырыш фосфидімен уланудың 
айқын  белгісі  сарымсақ  исінің  білінуі  болып  табылады,  ол  негізінен  
жемсаудың ішіндегісінен анық білінеді.   
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет