Бабалар сөзі


жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім?



бет10/10
Дата26.01.2022
өлшемі121,43 Kb.
#114851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
бабалар сөзіІ тәрбие көзі сценарий 14.06
11-апта инклюзивті білім беру, ҚМЖ 3-тақырып)
жүргізуші: Дүниеде ең жақының кім? Оқушы: Тату болса – ағайын жақын

Ақылшы болса – апайың жақын Бауырмал болса – інің жақын. Инабатты болса – келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын – қарындасың.
  1. жүргізуші: Дүниеде не қымбат?


Оқушы: Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді – апаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.



  1. жүргізуші: Дүниеде не қиын?


Оқушы: Арадан шыққан – жау қиын.
Таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын. Іске аспаған серт қиын. Ақылынан адасып,



Өзің түскен өрт қиын. Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас миың.
(Музыкалық үзіліс)


1-жүргізуші: Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)


  1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)




  1. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)




  1. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)




  1. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)




  1. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)




  1. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)




  1. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),




  1. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).




  1. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).




  1. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).




  1. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)




  1. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)




  1. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).




  1. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)

Осыдан соң сайыстың қорытындысы шығарылады.1-жүргізуші: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе

үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.


  1. оқушы: Атам - кітап, мен - дәптер,

Ақыл толы сөзіне. Қызығам да әлбетте Көшіремін өзіме.



  1. оқушы: Еш дүкенде сатылмас,

Тегін кітап атамыз. Қанша оқысаң сарқылмас Өмір – кітап – атамыз.



  1. оқушы: Беттер ашық ұдайы,

Оқылатын кітап ол. Сырын ашып ұдайы Тоқылатын кітап ол

Соңы концерттік бағдарламамен жалғасады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет