Баәдарлама мақсаты



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі153,58 Kb.
#93416
  1   2   3   4
Байланысты:
docx1548430792


«Ю.А.ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕБІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» МКМ



БЕКІТЕМІН:
Мектеп директоры
_________ М.Туркешев


Дарынды оқушылармен
жүргізілетін жұмыс
жоспары


Информатика пәні мұғалімі - Жунисбекова Гульвира
Акылбековна
2018-2019 оқу жылы
Кіріспе

Дарынды балаларды байқау бақылау, психологиялық ерекшеліктерін, сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін зерттеу негізінде бастауыш мектепте басталуы тиіс. Дарынды балалармн жұмыс жасау, оларды байқау, дамыту -мектеп ісінің маңызды аспектісі болуы тиіс.


Дарынды балалар :

  • көпшілікпен салыстырғанда интеллектуалдық қабілеті, оқуға бейімділігі, шығармашылық мүмкіндіктері жоғары;

  • белсенділікке ие;

  • білім алғанда қуанады.

Шартты түрде дарынды балаларды келесі категорияларға бөлуге болады:

  • балалар таңқаларлық жоғары интеллектуалдық қабілеттерімен;

  • ғылымның белгілі бір облыстарында арнайы дарындылық белгілері және нақты академиялық қабілеттері бар балалар;

  • шығармашылық қабілеттері жоғары балалар;

  • көшбасшылық қабілеттері жоғары балалар;

  • оқуда қандай да бір себептерге байланысты жетістіктерге жетпеген, бірақ жарқын танымдық белсенділігімен, ойлау қабілетенің мықтылығымен , психологиялық қалыптасуымен ерекшеленетін балалар.

Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы принциптер:

    • тұлғаның қалыптауына берілген мүмкіндіктерді барынша түрлендіру принципі;

    • сабақтан тыс жұмыстардың ролін жоғарылату принципі;

    • оқуды жекелендіру және күрделендіру принципі;

    • мұғалімнің қатысуын мейлінше азайтып оқушылардың бірлесе жұмыс жасауына жағдай жасау принципі;

    • оқушылардың өз бетімен қосымша білім алу қызметтерін таңдау принципі.

Дарынды балаларды байқау жалпы бақылау, психологиялық ерекшеліктерін, сөйлеу, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін зерттеу негізінде бастауыш мектепте басталуы тиіс. Дарынды балалармн жұмыс жасау, оларды байқау, дамыту - мектеп ісінің маңызды аспектісі болуы тиіс.
Дарынды балалармен жұмыс жасау формалары:

    • дарынды балалармен топтық сабақтар;

    • факультативтер;

    • конкурстар;

    • оқушылардың талғамы бойынша үйірмелер;

    • оқушылардың талдауы бойынша курстар;

    • олимпиадаларға қатыстыру;

    • жеке жоспарлар бойынша жоспарлар;

    • профильді сыныптарда сабақтар өту,

    • интеллектуалдық марафондар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет