Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал



бет2/53
Дата24.02.2022
өлшемі359,41 Kb.
#133031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
treatise4937
ЛОР-тесты-4курс-на-каз, Силлабус (1), Дип.-БАСТАУЫШ-СЫНЫПТА-МАТЕМАТИКАНЫ-ОҚЫТУ-ПРОЦЕСІНДЕ-КОМПЬЮТЕРДІ-ПАЙДАЛАНУ, Гуситтер соғысы, Білім беру үрдісі, гылыми этика, Тіл біліміне кіріспе. Тест тапсырмалары
Алғы сөз
Қазіргі заманның талабына сай, болашақ мамандардың білімі жан-жақты болуы тиіс, сонымен қатар олардың тәжірибесі мол және іскер болуы шарт. Осыған орай биология, биотехнология, экология мамандықтарында оқитын студенттер үшін химия пәні аса маңызды рөл атқарады, себебі әртүрлі технологиялық үдерістерде, тірі ағзадағы өзгерістерде және табиғаттағы тепе-теңдіктерде химиялық реакциялардың алатын орны ерекше. Химия пәнін игеруде зертханалық жұмыстарды орындау, олардың нәтижелерін түсіндіре білу басты орынға ие. Сол себептен ұсынылып отырған оқу құралында жалпы химия пәні бойынша жүргізілетін дәстүрлі зертханалық жұмыстардың әдістемелері (химиялық заттардың өзгерістері, химиялық реакциялардың энергетикасы, химиялық реакциялардың кинетикасы, сулы ерітінділердің қасиеттері, ерітінділер дайындау әдістемелері, тотығу-тотықсыздану реакциялары, тұздар гидролизі және т.б.) келтірілген. Сонымен қатар химиялық емес мамандықтар үшін, мысалы, биотехнология, экология, биология мамандықтарында оқитын студенттер үшін аса маңызды болып табылатын коллоидты ерітінділердің түзілуі, сапалық реакциялар, беттік құбылыстарды зерттеуге бағытталған зертханалық жұмыстардың әдістемелері орын алған. Әрбір зертханалық жұмыстардың алдында теориялық кіріспелер жазылып, соңында сұрақтар мен есептер келтірілген.
Оқу-әдістемелік құрал химия, биология, экология, биотехнология, сонымен қатар медициналық мамандықтарда қазақ тілінде білім алатын студенттер үшін аса құнды, пайдалы еңбек болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет