Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Әрекеттесетін заттар концентрациясының химиялық тепе теңдіктің ығысуына әсері



бет14/53
Дата24.02.2022
өлшемі359,41 Kb.
#133031
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
treatise4937
ЛОР-тесты-4курс-на-каз, Силлабус (1), Дип.-БАСТАУЫШ-СЫНЫПТА-МАТЕМАТИКАНЫ-ОҚЫТУ-ПРОЦЕСІНДЕ-КОМПЬЮТЕРДІ-ПАЙДАЛАНУ, Гуситтер соғысы, Білім беру үрдісі, гылыми этика, Тіл біліміне кіріспе. Тест тапсырмалары
3.3 Әрекеттесетін заттар концентрациясының химиялық тепе теңдіктің ығысуына әсері
Бұл жұмысты орындау үшін мына реакцияны қарастырамыз:
FeCl3+3KSCN↔Fe(SCN) 3+3KCl
Бұл заттардың ішінде Fe(SCN)3 тұзының түсі қанық қызыл, ал FeCl3 тұзының ерітінділерін түсі − сары, KSCN және KCl ерітінділері − түссіз. Сондықтан темір роданидінің − Fe(SCN) 3 концентрациясы өзгерсе, оның түсінің қанықтығы да өзгереді. Осы өзгеріске қарап, әрекеттесетін заттардың концентрациясы өзгергенде химиялық тепе теңдік қай бағытқа ығысатынын айтуға болады.
Бір стакандағы 20 мл дистилденген суға қаныққан FeCl3 ерітіндісінен 1-2 тамшы және калий роданидінің (немесе аммоний роданидінің) қанық ерітіндісінен 1-2 тамшы қосады. Алынған ерітіндіні пробиркаға бөліп құяды. Бірінші пробиркаға концентрациясы 0,3M FeCl3 ерітіндісінен 1 мл, ал екінші пробиркаға 0,6M KSCN (немесе NH4SCN) ерітіндісінен 1 мл құяды, үшінші пробиркаға KCl кристалынан аз мөлшерде қосады, ал төртінші пробирканы салыстыру үшін алып қалады.
Алынған ерітінділердің түсінің өзгергенін ескеріп, оларды төртінші пробиркадағы ерітіндінің түсімен салыстырады және химиялық тепе-теңдік константасының формуласын қолданып, бірінші, екінші, үшінші пробиркалардағы ерітінділер түсінің қалай және неге өзгергенін түсіндіреді.
Байқалған өзгерістерді жазады. Қарастырылған реакция үшін тепе теңдік константасының формуласын жазады. Тепе-теңдік күйіндегі жүйеге FeCl3, KSCN және KCl қосқанда ерітінділердің түсінің қанықтығы қалай өзгереді және тепе-теңдік қай бағытта ығысты?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет