БағА және оның ТҮрлері



Дата12.05.2023
өлшемі1,73 Mb.
#176564
Байланысты:
Баға түрлері, функциялары-лекция (1)
лек.мат КиЭАП т.5,зан-1
















Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар:
меншік түріне қарай мемл. (кесімді және реттелген) баға және еркін (нарықтық) баға;
қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры бағасы және тұтыну тауары бағасы;

экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы;

  • т ранспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы);

  • қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға;

статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы баға болып бөлінеді.

  • Мемлекеттік баға — мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.

  • Кесімді баға — мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы. o Реттелетін баға — мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.

  • Н арықтық баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. o Өндіріс қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады. o Көтерме сауда бағасы — ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда бағасы бөлшек сауда баға сынан төмен болады. o Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға. o Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу — түсіру шығындары, т.б. кіреді.
















Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет