5 тақырып. Тапсырыстық калькуляция Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Есептің тапсырыстық әдісі:қолдану өрісі мен оның айрықша ерекшеліктері. Тікелей шығындар есебі (материалдар және еңбек ақы шығындары) және оның тапсырыстық калькуляция жүйесіндегі тапсырысқа апару тәртібі. Өндірістік үстеме шығындар есебі. Орындалған тапсырыс және өткізілген өнім есебі. Тапсырыс, контракт бойынша өзіндік құнды калькуляциялау. Ақауды жөндеу шығындары мен қалдықтар есебі. Аяқталған контрактардан алынған пайда есебі. Аяқталмаған өндірісті бағалау және тапсырыс бойынша толықтыру сомасы.
6 тақырып. Функционалды калькуляция. Шығынды бөлудің функционалды жүйесі. Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы. Шығын топтары, шығынды тасымалдаушылар, қызмет түрлері бойынша шығын орталықтары. Шығынның мақсаттық калькуляциясы. Шығын калькуляциясының басқа да әдістері.
7 тақырып. Нормативтік калькуляция Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі. Өндірістегі нақты шығындар есебі мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау қағидаттары. Әдістің артықшылығы мен кемшіліктері.
Нормативтік (станлартты, бюджеттік) шығындарға түсінік. Жеке нормативтерді қалыптастыру тәртібі ұйымының нормативті базасына қойылатын талаптар.
8 тақырып. Шығындар баптары бойынша ауытқы есебі мен талдауы «Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуына түрткі болатын себептер. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар. Негізгі материалдар бойынша ауытқулар (бағасы мен материалдардың пайдалануы бойынша ауытқулар); негізгі еңбек бойынша (тиімділік және төлем мөлшелері бойынша ауытқуы); айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқулар (шығындар мен тиімділік бойынша ауытқулар); тұрақты үстеме шығындар бойынша (смета және өндіріс көлемі бойынша ауытқулар). Жалпы ауытқулар.
Өнім бірлігінің нормативтік шығындарының элементтері: тікелей материалдардың нормативтік бағасы; тікелей материалдардың нормативтік саны; нормативтік жұмыс уақыта (тікелей еңбек шығыны бойынша); тікелей төлемінің нормативтік мөлшері; айнымалы және тұрақты үстеме шығындардың нормативтік коэфициенті.
Тікелей материалдардың, тікелей еңбектің, үстеме шығындардың нормативтік шығындарын есептеу тәртібі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда нормативтік шығындарды пайдалану.
Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындар есебі. Нормативтік әдістің қағидаттары. Нормативтік әдістің модификациялары (нормативтік шығындардың толық және толық емес есебі).