Бағдарлама және Қатысушылар



бет2/3
Дата22.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#12102
1   2   3

20 стр.

ТОМАС ГРЭМ

АҚШ


Kissinger Associates басқарма директоры


Ресей және еуразиялық саясат мәселелеріне жауап береді.

2011 ж. бері – Джексон атындағы Йель университеті Жаһандық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері.

Оған дейін кіші Джордж Буш әкімшілігінде Ресейге қатысты саяси мәселелер жөніндегі президенттің арнайы көмекшісі болды. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Ресей бойынша аға директор қызметін атқарды.

2001-2002 жж. – АҚШ Мемлекеттік департаменті аппаратында саяси жоспарлау директоры. Әлемдегі бейбітшілік үшін Карнеги қорында Ресей және Еуразия бағдарламасының аға ғылыми қызметкері. 1984-1998 жж. АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігінде дипломатиялық қызметте болды.

Әлемдегі жетекші БАҚ-да ресейлік саясат және АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы бойынша комментатор. Гарвард университетінің саяси ғылымдар докторы дәрежесін, Йель университеті русистика бакалавры дәрежесін иемденген.





ДОМИНИК ДЕ ВИЛЬПЕН

Франция


Француз республикасының бұрынғы премьер-министрі (2005-2007)


1995-2002 жж. - Француз республикасы Президент әкімшілігінің жетекшісі. 2002-2004 жж. - Сыртқы істер министрі. 2004-2005 жж. - Ішкі істер министрі.

Тарих, халықаралық қатынастар және өнер тақырыбына жазылған кітаптардың авторы. Атап айтқанда, Наполеон және француз-қытай суретшісі Зао Ву Ки туралы жазды. Сондай-ақ өнер саласына, әсіресе, қазіргі заманғы өнерге ықыласы айрықша.

2008 ж. Азия, Таяу Шығыс және Африка аймағында трансұлттық инвестициялар бойынша стратегиялық кеңес беру компаниясын құрды.

Париж саяси зерттеулер институты және Әкімшілік ұлттық мектебінің юриспруденция бакалавры дәрежесін иеленген.




21 стр.

АЛЕКСЕЙ ДОЛИНСКИЙ

Ресей


Capstone Connections, серіктес


Мемлекеттік және жеке меншік, сондай-ақ коммуникация және консалтинг саласында жұмыс тәжірибесі бар.

Бірнеше жыл М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде қоғамдық дипломатия туралы дәріс оқыды. Зерттеу тәжірибесі Harvard Berkman Center for Internet and Society and United Nations Peacekeeping Situation Centrе орталығындағы қызметті қамтиды. Азия-Тынық мұхит аймағы мен Еуропадағы корпоративтік дипломатия саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырған.

Алексей Долинский Флетчер мектебінің құқық және дипломатия дәрежесін, Санкт-Петербор мемлекеттік университеті мен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің бакалавр және магистр дәрежесін иеленген.

Саяси ғылым кандидаты. Дүниежүзілік экономикалық форумның Global Shaper қоғамдастығының мүшесі. Ресей үкіметі жанындағы Сарапшылық кеңес мүшесі және Ресей халықаралық кеңесінің сарапшысы.







ЭВЕЛИНА ЗАКАМСКАЯ

Ресей


Тележүргізуші, Россия-24

Бұрын: «Мир» телерадиокомпаниясының «Маяк» радиосы бағдарламалар жүргізушісі.

2006 ж. бері – «Россия-24» телеарнасының жүргізушісі.

«Мнение» қоғамдық-саяси ток-шоуы мен «Дүниені өзгертетін идеялар» ғылыми-көпшілік фильмдер циклының авторы және жүргізушісі. Эвелина Закамская «Россия-24» телеарнасының ірі халықаралық форумдардағы сессияларының модераторы.

«Мнение» бағдарламасы Ресей телевизиясында беделді пікірталас алаңына айналып, күн тәртібіндегі өткір мәселелер талқыланды. Бағдарлама студиясына ғылым мен билік өкілдері, тең дәрежеде ресейлік және еуропалық саяси қайраткерлер, мемлекет басшылары келетін.

Тверь мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.



22 стр.

МҰСТАФА ЗАҺРАНИ

Иран


Халықаралық саяси зерттеулер институтының бас директоры

Еңбек жолын 1981 ж. Иран Сыртқы істер министрлігінде бастап, онда түрлі қызметтер атқарды. 1982-1984 жж. Венадағы елшілікте, 1999-2004 жж. Иранның Нью Йорктегі Тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді. БҰҰ-ның иран-ирак кикілжіңін реттеуге бағытталған № 598

Резолюциясын қабылдауға арналған келіссөздерге қатысты.

1993 ж. бері Сыртқы істер министрлігі Халықаралық қатынастар орталығында қызмет етеді.

Негізгі зерттеу саласы – иран-американ қарым-қатынасы, экономикалық санкциялардың әсері және халықаралық қатынастардың сын теориясы.

Информатика және халықаралық қатынастар саласындағы дәрежелерді иеленген. 2002 ж. Теһран университеті халықаралық қатынастар саласында докторлық дәреже алған.





МҰРАТБЕК ИМАНӘЛИЕВ

Қырғызстан



КР СІМ Дипломатиялық академиясының профессоры

Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігін екі рет – 1991-1992 жж. және 1997-2002 жж. басқарған

1993-1996 жж. ҚХР-да Төтенше және Өкілетті елші болды.

2002-2007 жж. - Орталық Азиядағы Америка университетінің профессоры. 2005-2009 жж. Қоғамдық саясат институтына жетекшілік етті. 2009-2012 жж. – ШЫҰ бас хатшысы.

Азия және Африка елдері институтын бітірді. КСРО Ғылым академиясы шығыстану институты тарих ғылымының кандидаты.

Ресей, Қытай, Түркия, Үндістан, Қазақстан және Қырғызстанда жарық көрген 100-ден астам жарияланым авторы.


23 стр.

КЛИФФОРД КАПЧАН

АҚШ


«Еуразия» тобының төрағасы

Геосаясат пен нарықтағы жаһандық макротренд маманы. Сондай-ақ Ресейдің сыртқы және ішкі саясатын зерттейді.

АҚШ Өкілдер палатасы Халықаралық қатынастар комитетінде аға кеңесші қызметін атқарып, Еуразия, Солтүстік Африка және шетелдік көмек мәселелері саласына жетекшілік етті.

90-шы жылдары – Ресей және Еуразия мәселелері жөніндегі Мемлекеттік департаменттің қызметкері. 2000-2002 жж. Мәскеудегі «Еуразия» қорының вице-президенті болды. Кейін Вашингтондағы Никсон орталығында вице-президент қызметін атқарды.

Ресей, Еуразия, Иран және АҚШ-тың сыртқы саясаты туралы көптеген мақалалар мен эсселердің авторы. АҚШ-тың Ресей және Еуразия елдерімен қарым-қатынасы тақырыбына дәріс оқиды. АҚШ пен Еуропаның жетекші басылымдары мен ақпараттық телебағдарламаларында комментатор.






СЕРГЕЙ КАРАГАНОВ

Ресей


ЖЭМ ҒЗУ әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетінің деканы, СҚСК Президиумының құрметті төрағасы

1991 ж. бері РФ СІМ Сыртқы қорғаныс және саясат кеңесінің мүшесі, сондай-ақ 1993 ж. бері РФ Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Ғылыми-консультациялық кеңес жұмысына атсалысып келеді.

«Россия в глобальной политике» журналын құрушы. 2004 ж. бері РФ Президенті жанындағы азаматтық қоғам және адам құқығын дамыту кеңесінде жұмыс істейді.

2009 ж. бері Сыртқы экономикалық банктің Сарапшылық кеңесі және Ресей Экономикалық даму министрлігі жанындағы Тәулсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері-қатысушылары мен инвестициялық ынтымақтастық және интеграциялық ықпалдастық мәселелері жөніндегі кеңесіне енген.

2014 ж. «Ортақ жоба - еуропалық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейлі көрнекті қайраткерлер тобына» енгізілген.

28 кітап пен брошюра аторы және жауапты редакторы. Экономика, сыртқы саясат, қарулануды бақылау, стратегия және ұлттық қауіпсіздік, Ресей сыртқы және әскери саясаты, оның ұлттық қауіпсіздігіне арналған 500-ге жуық мақала жариялаған.


24 стр

ЖАҺАНГЕР КАРАМИ

Иран


Теһран университеті Халықаралық факультетінің профессоры


Ресей және еуразиялық зерттеу бағдарламаларының ғылыми қызметкері.

Ресей және Орталық Азия тақырыбына жазылған 50-ден астам мақаланың авторы. Ресей сыртқы саясаты, Ресейдегі қоғам мен мәденитеттің дамуы, ресей-иран қарым -қатынасы, иран-ирак соғысындағы Кеңес Одағының рөлі туралы 10 кітабы жарық көрді.

Теһран университетінде халықаралық қатынастар бойынша доктор дәрежесін алған.





ЕРЛАН ҚАРИН

Қазақстан



Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі жанындағы сарапшылық кеңес мүшесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық кеңесінің және Қазақстан Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі.

2013 – 2014 жж. бері – Вашингтондағы Америка университетінде шақырылған профессор. 2008 ж. бастап Президент әкімшілігі ішкі істер саясаты бөлімінің меңгерушісі. 2000-2003 жж. Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігін басқарды. 1998-2000 жж. Қазақстан даму институты Саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары болды.

Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.


25 стр.

ТАТЬЯНА КАСТУЕВА-ЖАН

Франция


Француз халықаралық қатынастар институты Ресей/ЖТМ орталығының жетекшісі


2005 ж. бері Ресей/ЖТМ орталығында зерттеуші. Сондай-ақ электронды үш тілді policy-oriented Russie. Nei. Visions топтамасын шығарушы. Жылына бір рет шығатын «RAMSES» мен «Politique etrangere» тоқсандық журналына, сондай-ақ халықаралық және француз баспасөзіне жазып тұрады.

Татьяна Кастуева-Жан 1994 ж. Орал мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген. 1998 ж. Сьянс По (Париж) / ММХҚИ (Мәскеу) халықаралық қатынастар бойынша франко-ресей магистратурасының дипломын, сондай-ақ 1999 ж. Марн-ла-Валле университетінің DEA халықаралық қатынастар дәрежесін иеленген.

Зерттеу саласы – Ресей сыртқы және ішкі саясаты, soft power, Украина, Ресей университеттері және Ресейдегі жоғары білім беру сапасы.





ШИГЕО КАТСУ

Жапония


Назарбаев Университетінің президенті

Катсу отыз жыл Дүниежүзілік банкте еңбек еткен: 1979 ж. «Жас кәсіпқойлар» бағдарламасы бойынша Дүниежүзілік банк мүшесі болды. Көп ұзамай ол Батыс Африка аймағына инфрақұрылым маманы, ал 1985 ж. банктің Бениндегі тұрақты өкілі болып тағайындалды. 1989-1991 жж. Катсу мырза Жапония экспорт-импорт банкіне елдің экономикалық саясатын талдау департаменті директорының орынбасарлығына жіберілді. Қытай Департаментіндегі (1992-1995 жж.) сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азиядағы (1999-2003) тізбекті тағайындаулардан кейін ЕОА аймағының вице-президенті болып, алты жыл осы қызметті атқарды. 2009 ж. желтоқсанда Басқарушы директорлардың Арнайы кеңесшісі болды.

2011 ж. мамыр айынан АСЕАН+3 макроэкономикалық зерттеу кесесі Консультациялық тобының мүшесі. 2014 ж. «Қазақстан-2050: заманауи инклюзивті қоғам жолында» кітабының редакторы болды.


26 стр.

БИЛАХАРИ КАУСИКАН

Сингапур


Сингапурдың ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі

2001-2013 жж. Сингапур СІМ-де екінші тұрақты хатшы және тұрақты хатшы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша директор, Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша хатшы ның орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ Сингапурдың БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі, Сингапурдың Ресейдегі елшісі болды.

Сингапур Үкіметінің мемлекеттік басқару алтын медалімен және қызметі үшін медалімен марапатталған. Бернардо О'Хиггинс (Чили) ордені және «Азаматтық қызметі үшін» (Оман) орденінің иегері.

Раффлз институтында, Сингапур университетінде және Нью-Йорктегі Колумбия университетінде оқыған.





ЭНДРЮ КАЧИНС

АҚШ

Джорджтаун университеті Еуразия, Ресей және Шығыс еуропалық зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері


Стратегиялық халықаралық зерттеу орталығында «Ресей және Еуразия» бағдарламасын басқарған. 2000-2006 жж. Карнеги бейбітшілік үшін халықаралық қорында қызмет етті. Ресей-Еуразия бағдарламасына (2000-2003) жетекшілік етіп, Мәскеудегі Карнеги орталығын басқарды. (2003-2006).

Ресей сыртқы және ішкі саясаты бойынша халықаралық деңгейде мойындалған сарапшы. Еңбектері жиі жарияланады. Ресей және Еуразия мәселелері бойынша жеке сала мен үкіметке кеңесші ретінде тартылады. Соңғы зерттеулерінің бірі американ-ресей қарым-қатынасы мен «қайта қосылу» саясатына, Ресейдің азиялық стратегиясына және Ресейдің Қиыр Шығыс энергетикасындағы рөліне арналды.

Бакалавр (Амхерстс колледжі), магистр және доктор (Джонс Хопкинс университетінің Алдыңғы қатарлы зерттеулер мектебі) дәрежесін иеленген.


27 стр.

КЕМАЛ КИРИШШИ

АҚШ


TUSiAD, Брукингс институты АҚШ және Еуропа орталығының аға ғылыми қызметкері


Босфор университетінде әр түрлі қызмет (халықаралық қатынастар профессоры, Еуропалық зерттеулер орталығының директоры, Саясаттану және халықаралық қатынастар факультетінің деканы) атқарды.

Ғылыми-зерттеу саласы – еуропалық интеграция, миграция және этникалық кикілжіңдер, Түркия мен ЕО қарым-қатынасы, түрік-американ қарым-қатынасы, Түркияның сыртқы және сауда саясаты.

Түркияның сыртқы саясаты, Түркия-ЕО қарым-қатынасы мен миграция тақырыбындағы бірнеше кітап пен көптеген мақалалардың авторы.

Лондон қалалық университетінде доктор дәрежесін, Англиядағы Кент университетінде магистр дәрежесін, Босфор университетінде бакалавр дәрежесін (қаржы және менеджмент) иеленген.







ФИЛИП ЛЕ КОРРЕ

АҚШ


Брукингс институтына шақырылған ғылыми қызметкер


1988-2003 жж. француздың жетекші басылымдарында жұмыс істеген: Халықаралық француз радиосының Қытайдағы тілшісі, Азия мен Лондондағы Le Point тілшісі болып жұмыс істеді. Ұлыбританияда La Tribune бюросын басқарды.

2001-2003 жж. Лондондағы шетелдік басылымдар қауымдастығының президенті болды. Сондай-ақ Гарвард университетінде ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді. 2004-2007 жж. Франция Қорғаныс министрлігінде аға кеңесші, содан кейін жеке меншік салада - 2007-2012 жж. Shanghai World Expo кеңесшілер тобын басқара отырып, Pub-licis Group серіктесі болды.

2005-2014 жж. - Sciences Po Париж университетінің доценті. Ле Корре Азия және Еуропа мәселелеріне арналған көптеген жарияланым авторы. Ғылыми-зерттеу саласы – Еуропа мен Азия арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынас, Қытайдың сыртқы саясаты, Франция. 2016 ж. «Қытайдың Еуропаға ендеуі» кітабы жарық көрмек.


28 стр.

ДЖА ЯНГ ЛИ

Оңтүстік Корея Республикас ы



Корей халықаралық экономика саясаты институтының вице-президенті


Ханиянг университеті Халықаралық зерттеулер жоғары мектебінің доценті; РҒА Экономикалық зерттеулер институты Қиыр шығыс бөлімінің құрметті профессоры.

Экономист және зерттеушілік қызметте 20 жылдан астам кәсіпқойлық тәжірибесі бар. Ханиянг университеті Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығында профессор-зерттеуші болып жұмыс істеді. Wolfson колледжінде (Оксфорд) шақырылған профессор; Гарвард университеті Дэвис орталығында шақырылған ғылыми қызметкер; Мичиган университеті Ресей және шығыс-еуропалық зерттеулер орталығында шақырылған ғылыми қызметкер; КЭЖИ Зерттеуді жоспарлау және үйлестіру департаментін басқарды; сондай-ақ Корея Республикасы президенті жанындағы Бірлестік Ұлттық кеңесінің Консультациялық комитетінде болды.

Кореяның Ресей және ТМД елдеріне қатысты экономикалық стратегиясы тақырыбына сан-салалы зерттеу жүргізді.

Мәскеу мемлекеттік университетінде экономика бойынша докторлық дәреже және Ханиянг университетінде МВА дәрежесін иеленген.

Моңғолиядағы Шыңғысхан атындағы университеттің құрметті доктор атағын алған.





ЛИ ФЕНЛИҢ

ҚХР


ҚХР Мемлекеттік кеңесі дамуды зерттеу орталығы жанындағы Еуропа және Азия елдерінің әлеуметтік даму институтының директоры

50-60 жж. мемлекеттік көшбасшылардың аудармашысы (орыс тілі) болды. Содан соң КСРО-дағы Қытай елшілігінде қызмет атқарды. 1988-1998 жж. Ресей және Шығыс Еуропа елдері: Болгария, Румыния және Молдовада елші болды. 1995 ж. ҚХР-дың Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.

Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саясат жөніндегі консультативтік кеңесінің мүшесі; Қытай халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының аға кеңесшісі. Сондай-ақ Бейжің университетінің профессоры.

Харбиндегі Шет тілдер институты мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ды бітірген.




29 стр.

ЛИ ЮНСИУАҢ

ҚХР

Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы жанындағы Ресей, ШығысЕуропа және Орталық Азия институының директоры


Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу жөніндегі Бүкілқытайлық қауымдастық төрағасы; Шанхай ынтымақтастық ұйымын зерттеу Қытай орталығының атқарушы директоры. «Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу» журналының бас редакторы.

1975-1999 жж. ҚКП ОК аударма бюросында қызмет етті. 1999-2004 жж. және 2009-2011 жж. «Гуанмин Жибао» газетінің Мәскеудегі тілшісі болды. 2005-2009 жж. ҚХР Мемлекеттік кеңесі Дамуды зерттеу орталығы жанындағы Еуропа және Азияны әлеуметтік зерттеу институтының атқарушы директоры.







ГЭРИ ЛИТМАН

АҚШ


АҚШ Сауда палатасының жаһандық бастамалар жөніндегі вице-президенті

АҚШ-тың сауда палатасында 1995 ж. бері жұмыс істейді.

Еуропа және Еуразия департаменті басқарушы директоры (1995-2000), Еуропа мен Еуразия жөніндегі вице-президент (2000-2008), еуропалық саясат және бастамалар жөніндегі вице-президент (2008-2012) қызметтерін атқарды. Сондай-ақ халықаралық стратегиялық бастамалар вице-президенті болды.

АҚШ-тың сауда және инвестициялық саясаты, сыртқы саясат, халықаралық институттар және халықаралық үкімет қарым-қатынастары, тәуекелді саяси талдау, Еуропа мен Еуразиядағы нарықты корпоративтік стратегиялық позициялау бойынша маманданған.




30 стр.

ФЕДОР ЛУКЬЯНОВ

Ресей


«Россия в глобальной политике» журналының бас редакторы, ЖЭМ ҒЗУ профессор-зерттеушісі, сыртқы және қорғаныс саясат кеңесі президиумының төрағасы



2002 ж. «Россия в глобальной политике» журналын ашты. Оның жетекшілігімен Ресейде сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар туралы тәуелсіз ақпаратпен қамтамасыз ететін беделді басылымның біріне айналды. 2012 ж. Сыртқы және халықаралық қатынастар кеңесінің қауіпсіздік және халықаралық қатынастар саласындағы үкіметтік емес ұйым төрағасы болып сайланды. Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңесінің президиум төрағасы.

Бүкіл әлем бойынша ең көп ауызға алынатын ресейлік сыртқы саясат комментаторы. Жетекші ресейлік және шетелдік басылымдар ында – Gazeta. ru, The Moscow Times, FT, «Российская газета», Forbes журналында тұрақты колумнист. Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Неміс тілі және әдебиеті саласында магистр дәрежесін иеленген.






ШТЕФАН МАЙСТЕР

Германия


Герман сырқы саясаты кеңесінің Шығыс Еуропа, Ресей және Орталық Азия бойынша зерттеу директоры

Герман сыртқы саясаты кеңесінің Еуропа халықаралық істер кеңесінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді (2008-2013).

Зерттеу саласы – Ресей сыртқы саясаты, Ресейдің ішкі және энергетикалық саясаты, Украина мен Беларусь, Ресей-ЕО қарым-қатынасы, Ресейдің бұрынғы кеңестік елдерге қатысты саясаты. 2003-2004 жж. Варшавадағы халықаралық қатынастар орталығында қызмет етіп, онда Польшаның шығыс саясатын зерттеді. Бұрынғы кеңес елдерінде бірнеше рет ЕҚЫҰ бақылаушысы болып сайланды және Ресейдегі білім жобаларына жетекшілік етті.

Шығыс Еуропа тарихы мен саясаттануы саласында магистр дәрежесін иеленген. Йен университетінде доктор атағын алған. Ресейге қатысты герман саясаты, бұрынғы кеңес елдеріндегі кикілжің (әсіресе, Оңтүстік Кавказдағы), Ресей сыртқы және ішкі саясатының, ЕО Шығыс серіктестігі арасындағы байланыс тақырыбына жазады,

Ресейдің бұрынғы кеңес елдеріне қатысты саясатына арналған басылым редакторы (Номос Верлагпен бірлесіп) болды.


31 стр

ТАДАШИ МАЭДА

Жапония

Жапон халықаралық ынтымақтастық банкінің аға басқарушысы


Жапон халықаралық ынтымақтастық банкінде түрлі қызмет атқарды – ЭЫДҰ сауда-қаржы комитетінде делегация жетекшісі, энергетика және табиғи ресурстар директоры және т.б.

2010-2012 жж. Жапония үкіметінің арнайы кеңесшісі болды. 2011-2013 жж. Жапонияның Фукусима апатынан кейінгі нысандарды қалпына келтіру жөніндегі үкімет комитетіне енді.

Токио университеті заң факультетінің түлегі.





ӘЛ ШӘРИФ НАСЫР

Иордания


ТаяуШығыс қауіпсіздікті зерттеу институтының директоры


Зерттеу саласы – аймақтағы химиялық, радиологиялық және ядролық тәуекелдер. Сондай-ақ ол Таяу Шығыс аймақтық хатшылығын басқарады.

Бұрын Ұлы мәртебелі король ІІ Абдолланың кеңсесінде сыртқы істер жөніндегі дирекцияда аға сарапшы болып жұмыс істеді. Оған дейін Иорданиядағы жетекші сақтандыру компаниясында төраға болды. Қазіргі кезде ардагерлерді қолдау жөніндегі қоғамдық ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсететін қайырымдылық ұйымының президенті.

Принстон университетінде Таяу Шығысты зерттеу саласында магистр, Вустердегі (Массачусетс штаты) Кларк университетінің бакалавр дәрежесін иеленген. Иорданиядағы Принстон университеті түлектер қауымдастығының басшысы.

2015 ж. Дүниежүзілік экономикалық форумның «Young Global Leader» тізіміне енген.


32 стр



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет