Бағдарлама құрылымы



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі30,08 Kb.
#79929
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
факультет казак хандары
Сөж-1, Сөж-1, Сөж-1, ..., факультет казак хандары, факультет казак хандары, факультет казак хандары



Бағдарлама құрылымы:

  1. Түсінік хат

  2. Мақсаты мен міндеттері

  3. Күтілетін нәтижелер

  4. Тақырып жоспарының мазмұны

  5. Күнтізбелік жоспар

  6. Пайдаланылған әдебиеттер

Түсінік хат
Факультатив курсының бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 6 – сынып оқушыларына арналған
1. Бағдарлама Елбасымыздың «20 қадам» стратегиялық мақаласында айтқандай «Қазақстан тарихының жаңа қырлары мен сырларын оқушыларға таныту және патриоттық сезімдерін нығайту басты ұстанымымыз» деген сөздерін басшылыққа ала отырып әзірленді.
2. оқушылардың Қазақстан тарихын игеруге, қазақ хандарының өмірі мен еңбегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін кеңейтуге тиімді құрастырылған. Сонымен қатар оқушылар тұлғалардың үлгілі өмірінен тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталған.
3. Бағдарлама патриоттық қасиеттері бар және азаматтық борышын ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған.
4. Сонымен бірге, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, жан-жақты мәдениетті, рухани мәнге ие жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру» - деп тұжырым жасаған.
5. «Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ» - деген қағиданы басшылыққа алатын болсақ тарих беттері ұлы тұлғалар мен батырларға, ғалымдар мен ғұламаларға, саясаткерлерге толы. Олардың жүріп өткен жолын саралау, ұлағатты сөздерін бағалау, өнегелі істерін айшықтау – рухани – адамгершілік мол тәрбиенің қайнар көзі. Сондықтан да белгілі бір тарихи кезеңдерде немесе дәуірлерде халықтың асыл арманын, тілек-мұратын білдіруші де, оларды жүзеге асыру үшін де сол қайраткерлік дәрежеге көтерілген адамдар ізінен сабақ алу – бүгінгі ұрпақтың ісі.
6. Оқушылар арасында рухани тәрбиені қалыптастыруда тарихи тұлғалардың алар орны ерекше. «Өткенді білмей, келешекті болжау қиын» дегендей тарихи тұлғалардың тарихтағы игі істерін, жағымды қасиеттерін өз бойына қондырып, кеткен кемшіліктерінен сабақ алу да бүгінгі ұрпақтың еншісінде.
7. Қазақ даласы қай заманда да дарынды, ақылды адамдардан кенде қалған емес. Адамзаттарихыныңәрғасырындаөздәуірінелайықтыкемеңгерадамдарөмірсүрген. Олар тек өзі үшін ғана емес, халқы үшін өмір кешкендіктен тарихтан ешуақытта өшпес орнын иемденген. Ұлылардың жүріп өткен жолдары, оған қоса солардың айтқан өсиеттері мен істегеністері рухани тәрбиеге толы.
8. Бағдарламаның сипаты: адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ой-парасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік тұлғаларға бай.
Оның ішінде Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесі мол. Тарих толқынында есімі елге танымал болған қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы алға жетелейді, тәрбие береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет