Синтездік (S) кезенде днқ молекуласы синтезделінеді де тұқым куалаушылық материалы 2п 4с күйінде кездеседі. Постсинтездік (G2)



Дата18.02.2020
өлшемі35 Kb.
#58297
Байланысты:
...
Сөж-1, Сөж-1, Сөж-1, факультет казак хандары, факультет казак хандары, факультет казак хандары, факультет казак хандары

 Главная Категории














Жасушалық цикл. Митоз. Апоптоз. Көбею. Мейоз


Жасушаның тіршілік циклі деп оның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын кызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою (өліп қалу) кезеңдері жиынтығын айтамыз яғни жасушаның циклі оның пайда болуынан бөлінуіне немесе өлуіне дейінгі уақытты қамтиды, мысалы, ұдайы бөлінетін жасушалардың тіршілік жиынтығын митоздық цикл (5-сурет) деп атауға болады. Сонымен, митоздық цикл дегеніміз жасушаның митоздық жолмен екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыс-тар жиынтығы. Ол 4 кезеңге бөлінеді: 1-пресинтездік (G1,); 2-синтездік (S); 3) постсинтездік(G2,); 4) митоз (М).

Пресинтездік (G1,) кезенде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жа­сушаның мөлшеріне дейін жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалдары - көмірсулар, майлар, ақуыздар көптеп синтезделуі қажет. Тұқым қуалаушылық материалы бұл кезеңде 2п 2с күйінде болады.

Синтездік (S) кезенде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым куалаушылық материалы 2п 4с күйінде кездеседі.

Постсинтездік (G2) кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсулар, майлар, ақуыздар синтезделініп олардың қоры көбейе түседі, Органеллалар саны да көбейеді, себебі келесі кезеңде — митозда, олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.

Митоз— жасушаның дұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып саналады.

Митоздың негізгі себептері: 1) ядро - цитоплазмалық ара қатынасының өзгеруі (1/6-1/8 ден 1/69-1/89 ге дейін); 2) "митогенетикалық сәулелер" - бөлінуші жасушалар көршілес жатқан жасушалардың митоздық жолмен бөлінуіне әсер етеді;

3)"жарақат гормондарының" әсері - жарақаттанған жасушалар жарақаттанбаған жасушалардың бөлінуіне ықпал ететін ерекше заттар бөліп шығарады.

Біртұтас митоз құбылысы 4 фазаға бөлінеді: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.



Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып,жуандап,қысқарып митоздық хромосомаларға айналады.Профазаның аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсіне центросоманың центриолялары ажырап,арасында ахроматин жіпшелері пайда болады.

Метафазада хромосомалар өздерінің ценромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне бекініп бөлінуші жасушаның экваторына реттеліп орналасады. Бұл кезеңде әрбір хромосома хроматидаларының теламерлік бөліктері ажырап, тек центромерасы арқылы байланысып тұрады. Бұл кезде хромосомалардың пішіні анық көрінеді. Соңдықтан, кариотипті анықтау және хромосомаларды жіктеу осы метафазада (метафазалық пластинкада) жүргізіледі.

Анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен толық ажырасады да әр түрлі полюстерге қарай тартыла бастайды.

Телофазада бөлінуші жасушаның полюстеріне топтасқан хромосомалар жіңішкеріп, ұзарып хроматин жіпшелеріне айналады, ядрошық, ядро қабықшасы пайда болып, 2 жаңа ядро түзіледі. Ядро 2-ге бөлінгеннен кейін (кариокинез), цитоплазмада 2-ге бөлінеді (цитокинез). Сөйтіп, митоз және цитокинез негізінде бір жасушадан жаңа 2 жасуша пайда болады.

Жасушалар митоздан басқа жолдармен де бөлінуі мүмкін, мысалы: амитоз — жасушаның тікелей (бұрыс) бөлінуі және жыныс жасушаларының бөлінуі және мейоз –жыныс жасушаларының бөлінуі.

Амитоз арқылы негізінен прокариоттар және регенерацияланушы эукариотты жасушалар бөлінеді.Бұл кезде көзге көрінетін хромосомалар және бөліну ұршығы түзілмейді. Амитоз ядроның және цитоплазманың созылып екіге бөлінуі арқылы жүреді.


KZ-WIKI




Начало формы

Конец формы













  • Жаңалықтар

  • Таңдаулы мақалалар

  • Филаменттер

  • Микрофиламенттер

  • Дереккөздер

Цитоқаңқа қаңқасы үш компоненттен түзілген. Оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатады.

Эукариотты жасушалардың цитоплазмасында қаңқа қызметін атқаратын микротүтікшелер, нәруызды талшықтардың шоғыры болады. Олар сыртқы цитоплазмалық мембранамен және ядро қабықшасымен байланысты болып, цитоплазмада күрделі құрылым түзеді.

Бұл тірек элементтері жасушаның пішінін сақтайды. Сонымен қатар жасушалық қозғалысты қамтамасыз етеді. Жаңа жасуша қабықшасының түзілетін орнын анықтайды.






Микротүтікшелер


Микротүтікшелер клетканың бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Әрбір микротүтікше диаметрі 20-30 нм іші қуыс цилиндр тәрізді. Олардың қабырғалары 6-8 нм. Микротүтікшелер қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше – протофиламенттерден құралған. Осындай әрбір жіпше тубулин ақуыздарының димерлерінен құралады. Әрбір димер a және b – тубулиннен түзілген. Тубулиндер синтезі түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналарында жүреді, ал спираль клетка орталығында жасалады.

Көптеген микротүтікшелер центриольдерге қатысты радиальді бағытта болады. Осыдан барып олар цитоплазмаға тарайды. Олардың бір бөлігі плазмалемманың астында орналасады да, сол жерде микрофиламенттердің шоқтарымен бірге терминальды тор құруға қатысады.

Микротүтікшелер өте мықты, олар цитоқаңқаның сүйеуші құрылымын құрайды. Микротүтікшелердің бір бөлігі жасушаға әсер етуші қысым және тарту күштеріне байланысты орналасады. Мысалы, бұл қасиетті сыртқы ортамен байланыстыратын эпителий ұлпаларынан байқауға болады.

Микротүтікшелер клеткаішілік зат тасымалдауға қатысады. Микротүтікшелердің қабырғасына өздерінің бір ұшымен қысқа тізбек түзетін ақуыз молекулалары жалғасады, олар белгілі бір жағдайларда өздерінің кеңістіктегі конфигурацияларын өзгерте алады. Бейтарап жағдайда тізбек қабырға бетіне параллель орналасады. Бұл жағдайларда тізбектің бос ұшы гликокаликстегі бөлшектермен қосылыс түзулері мүмкін.

Осындай бөлшектерді қосқаннан кейін ақуыз өз конфигурациясын өзгертіп, қабырғадан алшақтайды да өзімен бірге бөлшектерді ала кетеді, алшақтаған тізбек бөлшекті өзінің үстінде жатқан тізбекке, ол өзінен кейінге т.с.с. тасымалдайды.

Микротүтікшелерде конфигурацияланатын сыртқы тізбектер бар болғандықтан, олар клеткаішілік белсенді тасымалдаудың негізгі ағыстарын түзеді.

Микротүтікшелердің қабырғаларының құрылымдары әр түрлі әсер етулерден өзгерулері мүмкін. Бұл жағдайларда клеткаішілік тасымалдау бүлінеді.

Филаменттер


Аралық филаменттер жасушада жуандығы 8-10 нм ұзын ақуызды молекулалар түрінде кездеседі. Олар микротүтікшелерден жуан болғандықтан оларды аралық филаменттер деп атайды. Аралық филаменттердің ақуыздары негізгі 4 топқа жатады. Әрбір ақуыз – антиген, сондықтан олардың әрқайсысына сәйкес антидене түзілуі керек. Егер мысалы, флюоресцентті белгімен белгіленген антигенді ағзаға енгізсе, ол өзіне сәйкес ақуызды локализациялайды. Аралық филаменттердің ақуыздары клеткалардағы біршама өзгерістерге қарамай өз қасиеттерін сақтайды. Сондықтан, арнайы белгіленген антиденелерді аралық филаменттердің ақуыздарына қолдана отырып, қай жасуша қатерлі ісіктің алғашқы көзі болғанын анықтауға болады.

Микрофиламенттер


Микрофиламенттер дегеніміз – 4 нм-дей ақуыз жіпшелері. Олардың көпшілігі актин молекулаларынан құралады. Актин молекулаларының 10-шақты түрі анықталған. Сондай-ақ, актинді филаменттер цитоқаңқаның сүйемелдеу құрылымын түзетін шоқтарға топтастырылады

Арқалық медицина колледжі

СӨЖ

Тақырыбы:Жасушалық циклы туралы түсінік .Митоз.Цитоқанқаның рөлі.Жасушалық циклді реттеу.



Тексерген:Қонысбаева.Г.К

Орындаған:Мұханбетжан М.А



2019-2020жж

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет