Бағдарламалық басқару жүйелері


Тапсырылатын есептің мазмұны



бет23/24
Дата08.07.2018
өлшемі1,32 Mb.
#48529
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
4.6 Тапсырылатын есептің мазмұны

Жасалған бағдарлама тиісті құжатқа толтырылып тапсырылу керек: мүмкіндік болса бағдарлама тасымалдаушыға жазылады.


4.7 Тексеру сұрақтар

  1. Z осіне қатысты түзету қандай қателікті қайырады;

  2. X және Y осьтерге қатысты түзетүлер қандай қателіктерді қайырады;

  3. жонғыштың радиусына қатысты түзету қандай қателік түрін қайырады;

  4. сандық бағдарламамен басқаратын құралдың тең қашықсыз бағдарламаны жасауға қандай мүмкіншіліктері бар;

  5. жонғыштың радиусына түзету енгізгенде ішкі және сыртқы қарамдар қалай анықталады.

5 Зертханалық жұмыс. 2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған жону білдекке басқару бағдарламаны жасау


    1. Жұмыс мақсаты: 2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған жону білдекке тетіктерді өңдейтін басқару бағдарламаны жасаудан тәжірибе алу.




    1. Жалпы түсініктер

2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын құрылғылар құрылымы электрондық есептеуіш машиналар тәрізді құрылғылар. Бұл құрылғының ерекшелігі – кеңейтілген мекен-жайлар саны, сөздің иілгіш форматы; тұрақты айналымдарды бағдарламалау мүмкіншілігі, түзетүлерді (коррекцияны) енгізуді бағдарламада жасалмауы және басқалар. Сондықтан осы аталған ерекшеліктер басқару бағдарламаны тетіктің сызбасынан жасауға мүмкіншілік берді.


      1. Мекен-жайлар және сөз форматтары

Сандық бағдарламамен басқарылатын 2Р22 құрылғыда келесі мекен-жайлармен сөздер форматтары қолданылады:

А11 – таза өңдеу әдіп, конусты бұранданың еңкіштігі, Z оське қатысты бунақ өлшемі;



В03 – белгілеген кадр номерінен бағдарламаны қайталау;

С043 – 45бұрышты қиықжиекті өңдеу;

D043 – уақытты төзу (өңдеуді кідірту);

Е – тез қозғалу;

Н3 – бағдарламаның белгіленген бөлігін қайталау саны;

L2 – өңдеу тұрақты айналым;

М2 – көмек функция;

N3 – басқару бағдарламаның кадр номері,

Р11 – кесу тереңдігі, бунақ кескіштің ені;

Q+043 – ойыңды өңдеу;

R+043 – шеңбер доғасын өңдеу;

G2 – дайындау функция;

S1 – 4 – басты қозғалыстың жылдамдығы;

T2 – кесу құралдың функциясы;

U+043 – өсімшемен бағаланатын X осіне қатысты қозғалыс (қатысты координаттық жүйе);

W+043 – өсімшемен бағаланатын Z осіне қатысты қозғалыс;

X+043, Z+043 – X,Z осьтерге қатысты қозғалыстар (абсолюттік өлшем);

F – беріліс функціиясы.
2Р22 сандық бағдарламамен басқарылатын құрылғыда тұрақты айналымдарды программалағанда бекітілген пішімдер, өзгермелі ұзындықты кадрлар (тек тұрақты айналымдарсыз) қолданылады. Сөздер орналасулары әр түрлі (тек тұрақты айналымдарсыз).

Сандық мәліметтерді жазғанда маңызсыз нольдерді көрсетпеуге болады. Санның бүтін жағын ұсақ жақтан бөлетін бөлгіш тұрақты қолданылады.




      1. Дайындау функция

Өңдеу үрдістерін программалағанда келесі функциялар қолданылады:

G05 – кадр жұмысының соңында тежеу болмауы (берілісті бәсендету);

G10 – өңдеу диаметрдің өзгергенде тұрақты кесу жылдамдығын автоматты реттеу;

G11 – G10 функцияның әрекетін тоқтату.




      1. Көмекші функциялар

Өңдеу үрдістердің бағдарламаларын жазғанда мынадай көмек функциялар қолданылады:

М00 – шартсыз тоқтату;

М01 – нақтыланып тоқтау;

М02 – басқару бағдарламаның соңы;

М08, М09 – суықтаушы сұйықты қосу, ажырату;

М17 – L08, L09, L10 тұрақты айналымдарға тетіктің қарамын сипаттау соңы;

М18 – L11 айналыммен қайталанатын бағдарламаның бөлігінің соңы;

М20 – басқаруды роботқа тапсыру.




      1. Технологиялық мәліметтерді программалау

Басқару бағдарламаға басты қозғалыстың жылдамдығымен, беріліс функцияларды енгізгенде тура бағдарлама әдісі қолданылады. Яғни; F адрестен кейін берілістің шамасы мм/айн көрсетілсе, S мекен-жайымен кейін айналдырықтың айналу жылдамдығы айн/мин жазылады.

F023 сөздің пішімін ұстанса, онда максималды бағдарламау беріліс 99.999 айн/об, әрине бұл сан білдектің техникалық сипатта масындағы шамадан едәуір көп.

Берілістің шектелген сандары:

1) бойлық беріліс – 0,01 – 40 мм/айн;

2) көлденең беріліс – 0,005 – 20 мм/айн.

Бағдарланған беріліс шамасы екі X және Z осьтерге жатады. Тез қозғалыс Е мекен-жаймен программаланады; бірақ оның сандық мәні көрсетілмейді. Тұрақты түрде Z ось бойынша тез қозғалыстың жылдамдығы 7500 мм/мин, X осьте ол жылдамдық 5000 мм/мин құрайды. Басты қозғалыстың жылдамдығын программалағанда мекен-жаймен кейін бірінші цифр айналу санның ауқымын көрсетеді:



  1. 12 – 318 айн/мин;

  2. 30 – 875 айн/мин;

  3. 80 – 218 айн/мин.

Бірінші цифрдан кейінгі «+» не «-» белгілер айналдырықтың айналу бағытын анықтайды:

«+» – айналдырық сағат бағытында айналуын көрсетеді («+» белгіні жазбауға болады);

«-» – айналдырық сағат бағытынан кері айналады.

«+» және «-» белгілердең кейінгі төрт дәрежелі сан бір минутта жасалатын айналым санын анықтайды.



Т мекен-жайдан кейінгі кесу құралдың коды оның револьверлі бастиектегі орнын көрсетеді. 12 орынды револьверлі бастиекте барлығы 12 кесу құралдың орналасуы мүмкін.


      1. Геометриялық мәліметтерді программалау

X+043, Z+043, U+043, W+043, C=043, Q=043, R+043 сөздердің пішімін еске алса, онда жұмыс мәрімдердің ең көп бағдарланатын қозғалыстарының мәні 9999.999 мм, осы мән әрине 16К20 жону білдектің геометриялық және техникалық сипаттамасынан едәуір көп. X және Z мекен-жайларды қолданып жұмыс мәрімдердің қозғалыстарын абсолюттік мәнде (абсолюттік координаттық жүйеде) не U, W мекен-жайлармен өсімше мәнде программаланулары мүмкін (қатыстық координаттық жүйеде). өлшемдер өсімше мәндерде программаланса, онда «+», «-» белгілер қозғалыстардың бағытын көрсетеді, егер өлшемдер абсолюттік мәнде программаланса, онда аталған белгілер өңдеу графтың ұшының координаттық жүйенің басы – ноліне қатысты орналасуын көрсетеді. Барлық тік сызық өлшемдер диаметрге есептеліп беріледі. Санның бүтін және ондық бөлшектерінің арасындағы бөлгішті бағдарлау міндетті.

Маңызсыз нольдер көрсетілмейді. 45 бұрыштылы өңделетін қиықжиектің мәліметтері осы қиықжиектің алдындағы өңделу бетпен бір кадрда бағдарланады, бірақ онда мыналарды ұстану керек:

– қиықжиектің өлшемі оның алдындағы өңделетін беттің өлшеміне кіреді;



– қалай да болса С мекен-жайдан кейінгі белгісі X координаты бойынша қиықжиек өңделгендегі қозғалыс бағытымен сәйкес болады (5.1 сурет).










5.1 сурет


Ойыңды өңделсе, онда онымен қосылып өңделетін беттің геометриялық мәліметімен бірге басқару бағдарламаның бір кадрында керек мәліметтер бағдарланады, бірақ мыналарды ұстану керек:

– ойыңдының өлшемі оның алдындағы өңделетін беттің өлшеміне кіреді;

– қалай да болса Q адрестең кейіңгі белгісі X координаты бойынша қиықжиек өңделгендегі қозғалыс бағытымен сәйкес болады;

– ойыңды өңдегенде Z координаты бойындағы қозғалыс тек қана теріс бағытта беріледі.



Ойыңды өңдегенде бірінші қозғалыс, Z координаты бойынша өтсе, онда ойың ойыстық болады, егер қозғалыс X координаты бойынша өтсе, онда ойың дөңесті болады (5.2 сурет).



5.2 сурет


Егер қисық сызықты өңделетін бет радиусы R шеңбердің доғасымен берілсе, онда басқару бағдарламаның кадрына мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) доғаның соңғы нүктесінің X, Z координаттарын не доғаның соңғы нүктесіне дейінгі U, W қозғалыстардың шамасын бағыт белгісімен;

2) R мекен-жай, доға радиусының өлшемі және бағыт белгісі. R мекен-жайдан кейін бағыт белгісі оң болады, егер кесу құралдың қозғалу бағыты сағаттың жүру бағытымен бірдей болса, ол бағыт кері болса онда белгі де теріс болады.

Шеңбердің доғасын Z осіне қатысты кез келген бағытта өңдеуге болады. Басқару бағдарламаның бір кадрында бір квадрант мөлшерінде орналасқан ғана доғаның өңделуінің бағдарламасын жасауға болады (5.3 сурет).

N1 F0.2 S2810 T2

N2 X0 E


N3 Z-24 E

N4 Z-26


N5 X21.817 W-7 R12

N6 X38 W-36 R75

N7 X32.114 W-25 R75

N8 X25 W-20 R-58

N9 X27.51 W -12 R-58

2Р22 сандық бағдарламамен басқаратын құрылғыда тұрақты айналымдарды бағдарламандыру мүмкіншілік бар.



5.3 сурет



    1. Каталог: fulltext -> buuk
      buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
      buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
      buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
      buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
      buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
      buuk -> Психотерапия технологиялары
      buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
      buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет