Бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық-гуманитарлық бағыт



бет8/16
Дата01.01.2022
өлшемі148 Kb.
#107666
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Химия-ОГН-kz

Зертханалық тәжiрибелер.

1. Металдардың химиялық белсенділігін салыстыру.

2. Натрий, калий, кальций қосылыстарының үлгiлерiмен таныстыру.

3. Алюминий және оның құймаларының үлгiлерiмен таныстыру.


Практикалық жұмыстар.

Металдар тақырыбына арналған тәжiрибелiк есептердi шешу.


Есептер мен жаттығулар.

  1. Химиялық теңдеулер бойынша газдардың массаларын, зат мөлшерлерiн және көлемдерiн есептеу.

  2. Металдардың генетикалық қатарына сүйене отырып, реакция теңдеулерiн құрастыру.


6-тақырып. Бейметалдар және олардың қосылыстары (8 сағат)

Бейметалдардың жалпы сипаттамасы. Бейметалдардың периодтық жүйедегi орналасуы. Бейметалдардың негiзгi қасиеттерiнiң периодтық жүйедегi өзгеру заңдылықтары. Бейметалдардың күнделiктi тұрмыста және техникада қолдануға қажеттi басты физикалық және химиялық қасиеттерi.

IV А - топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Көмiртек пен кремний. Табиғатта таралуы. Аллотропиялық түр өзгерiстерi: олардың құрылысы мен физикалық қасиеттерi. Химиялық қасиеттері. Көмiртек пен кремнийдiң маңызды қосылыстары, олардың тұрмыста, құрылыста және Қазақстан өнеркәсiбiнде қолданылуы.

VА - топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Азот және фосфор. Табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттерi, қолданылуы, биохимиялық ролi. Азот пен фосфордың маңызды қосылыстары, олардың маңызы. Қазақстанның фосфор өнеркәсiбi және оның қалыптасуы мен өркендеуiне Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесi.

VIА - топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Оттек және күкiрт. Табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттерi, қолданылуы, биохимиялық ролi. Күкiрт пен оттектiң маңызды қосылыстары, олардың табиғаттағы ролi және қолданылуы. Қазақстандағы күкірт қышқылы өндірісі.

VIIА – топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Хлор және йод, олардың қосылыстары.


Көрсетiлiмдер.

  1. Бейметалдардың үлгiлерi ( көмiртек, фосфор, күкiрт, йод және т.б.).

  2. Көмiрдiң ерiген заттарды адсорбциялауы.

  3. CO32-, SiO32-, NO3-, PO43-, S2-, SO42-, Cl- иондарына сапалық реакциялар.

  4. Бейметалдардың табиғи қосылыстары (Минералдар мен табиғи

қосылыстар жинақтамасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет