Бағдарламасы (10, 11-сыныптар)



бет1/4
Дата15.01.2023
өлшемі38,43 Kb.
#165546
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
параграфтан эссеге дейін
00

«Эссе оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері»


қолданбалы курс бағдарламасы
(10, 11-сыныптар)

Түсінік хат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 16 қарашасында шыққан №660 бұйрығына сәйкес 2016/2017 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізілді. 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу міндеттелді. Эссе жазу оқушылар үшін жаңа формат болғандықтан, «Эссе оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері» курсы арқылы 10-11-сынып оқушыларының эссе жайындағы түсініктерін тереңдетіп қана қоймай, оқушылардың эссе жазу машықтарының жетілуіне ықпал ету.


Курс барысында оқушылар бағдарлама бойынша өтілген тақырыптар негізінде эссе жаза отырып, сыни ойын жетілдіреді, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алады, шығармашылық қабілетін шыңдайды.


Курсты құрастырудың өзектілігі:



  • 10-cынып үшін «Эссе оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері» курсын ұйымдастыру арқылы әр оқушының эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі және талаптарын терең түсінуіне мүмкіндіктер туғызылады;

  • Ал 11-сынып үшін «Эссе оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері» курсы сабақтас оқу пәндерін тереңдетілген түрде оқытуға немесе таңдалған пәндер бойынша қорытынды аттестацияны тапсыру (эссе жазу) үшін қосымша дайындық жүргізуге мүмкіндік береді.



Оқу тәртібін (курс, факультатив) енгізудің себептері:
«Эссе оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері» курсының негізгі міндеті – базалық оқуға кіретін мектеп пәндері бойынша білімді тереңдету және кеңейту болып табылады.


Бағдарламалық материалдың ерекшеліктері:
Оқушылардың эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен айқын ажырата алуы – аса маңызды қажеттілік. Шығарма да, эссе де әдеби жанр, олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанмен, мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы, стилі әр түрлі. Бағдарлама арқылы оқушылардың эссе түріне қарай жазу стилін сақтауына, ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолдануына, шығармашылық жазбаларда сөздік қорының молаюына, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдануына жол ашылмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет