БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі


бөлім. Тоталитарлық жүйенің алғашқы жылдарындағы Қазақстан (4 сағат



бет3/3
Дата23.10.2016
өлшемі0,57 Mb.
#45
1   2   3

2 бөлім. Тоталитарлық жүйенің алғашқы жылдарындағы Қазақстан (4 сағат)

Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңестер өкіметінің орнау. Петроградтағы Қазан төңкерісі. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері. Кеңес өкіметініі Ресей халықтарына Ресей мен Шығыстың мұсылман еңбекшілеріне үндеулері. Казак әскерлері үкіметтерінің құрылуы. «Түркістан автономиясы» мен Алаш Орда». 1917жылғы желтоқсанда Орынборда өткен екінші Бүкілқазақ съезі. «Алаш Орданың» тайталасы.

« Алаш» үкіметінің қудалануы.


Қазақстан Азамат соғысы және шетелдік интервенциясы жылдарында. Қазақ ҚАСР-ның құрылуы.

Азамат соғысының себептері. Қазақстан жерінде азамат соғысының басталуы. Майдандардың құрылуы.Қызыл әскердің ұлттық бөлімшелерінің қалыптасуы. Колчак қозғалысының басталуы. Партизандық соғыс.Колчак әскерін талқандау және майданды жою. Алаш Орданың Кеңес үкіметі жағына өтуі. Алаш Орда үкіметінің тарауы.

«Әскери коммунизм» саясаты. Шаруалардың ауыр жағдайы. Халық шаруашылығындағы өзгерістер.

Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру. Казревкомның құрылуы. 1920 жылғы 26 тамыздағы КазКР-ны құру туралы РФСР Кеңестік халық комитетінің декреті. 1920 жылғы 4 қазандағы Орынбордағы құрылтай съезі. ЦК және СНК Каз АССР-дің жоғарғы үкімет органдарының құрылуы.

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.

ХХ ғасырдың басындағы халыққа білім беру және қазақ әдебиеті. Мәдениеттің дамуына демократияшыл зиялы өкілдерінің қосқан үлесі.

Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов. Әлихан Бөкейханов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шәкәрім Құдайбердиев, Сәбит Дөнентаев және ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылым мен мәдениеттің басқа да қайраткерлері.

Саз өнері. Қазақтардың қолтума музыка мәдениеті. Атақты күйшілер және күй шығару өнері. Жыршылар мен сазгерлер:Естай Беркімбаев, Кенен Әзірбаев, Майра Шамсутдинова, Ыбырай Сандыбаев күйші сазгерлер:Дина Нұрпейісова, Қазанғап Тілепбергенов, Сейтек Оразалиев, көрнекті әншілер: Әміре Қашаубаев, Қали байжанов, Ғаббас Айтбаев, Бейнелеу өнері. Ресей суретшілерінің Қазақстанды бейнелейтін шығармалары. В. Вершагиннің, Н. Хлудовтың картиналары.

Қазақ халқының қолданбалы өнері. Киіз үйдің, үй жиһаздарының жасалуы. Қолдан жасалған бұйымдар. Кілемдер, киімдер, тұрмыстық заттардың жасалуы. Қолданбалы қолөнер.: киіз басу, сырмақ сыру, сүйектен өрнек жасау, түрлі әшекей бұйымдарын дайындау. А.Зенковтің сәулет өнерін дамытуға қосқан үлесі.

Біздің өлке. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Ақпан, Қазан революциялары және азамат соғысы жылдарында

Қайталау.

3 бөлім. Қазақстан Кеңестер одағы құрамында (1921-1991 жж)

(26 сағат)

Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан. Қазақстан Азамат соғысынан кейінгі жағдай. ХХ ғасырдың басындағы халық шаруашылығының құлдырауы. Халықтың Кеңес үкіметіне көңілінің толмауы. Шаруалар көтерілісі. Партияның Х съезі. Жаңа экономикалық саясатқа көшуі. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылдары мен селолары. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық және оның салдары.1921-1922 жылдардағы жер-су реформасы. Қазақ жерлерінің қайтарылуы. «Койшы» одағы.

ЖЭС – жаңа экономикалық саясаттың қиыншылықтары мен жетістіктері. Қазақ жерлерін Қазақ КАСР –ның құрамына біріктіру. Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік шекараларын белгілеу.


Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру саясаты Қазақстанның экономикасының ауыр жағдайы. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктер мен бірізділіктер. Индустрияландыру мәселесі төңірегіндегі идеялық тартыстар. С. Сәдуақасов шаруашылықтың отарлық құрылымын өзгерту туралы. Голощекиннің «Кіші Қазан» теориясының зардаптары. Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеу. Сәтпаев, Қурнаков, Губкиннің экспедициялары. Жезқазған мыс кен орнының ашылуы. Өнеркәсіп және транспорт. Түрксібтің салынуы. Еңбек ерлері. Өнеркәсіп саласындағы табыстар. Қазақстандағы жұмыс табының өсуі.Елдің дамыған аймақтарымен шаруашылық және мәдени байланыстардың нығаюы. Қазақстанның КСРО-ның шикізат көзіне айналуы.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның зардаптары. 20-жылдар соңындағы қазақ аулы. 1928 жылғы «Бай шаруашылықтарын кәмпескелеу» туралы декреті. Кулақтар мен байларды тап ретінде жою және ауыл шаруашылығын зорлап ұжымдастырудың зардаптары. Ауыл шаруашылығының құлдырауы.



1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі.

Ұжымдастыру саясатына шаруалардың қарсылығы. Кеңес үкіметінің қолданған жазалау шаралары. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық. Ұлы жұт. Қазақтардың басқа елдерге жаппай қоныс аударуы. «Бесеудің хаты», Т.Рысқұловтың «Сталинге хаты» т.б. Қазақстандағы апат және оның зардаптары. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруда кеткен қателіктерді жою әрекеттері.



20-30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси жағдайы.

Қоғамдық-саяси дамудағы қарама-қайшылықтар. 20 жылдардың екінші жартысындағы ұлттық кадрлардың қуғынға ұшырауы. Сталиндік жүйенің қалыптасуы. 30- жылдардағы жаппай бұқаралық қудалау. Қазақстандағы демографиялық жағдайдың күрт төмендеуі. Қазақстан Кеңесінің ІҮ кезектен тыс съезі. Қаз КСР құрылуы және оның КСРО құрамына енуі. 1937 жылғы ҚазКРО-ның Конституциясы. Партиялық-мемлекеттік бюрократия .



Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары қарсаңында.

Өнеркәсіп дамуының қорытындылары. Колхоз құрылысын нығайтуға бағытталған шаралар және ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштері. Әлеуметтік саясат саласындағы жетістіктер. Қазақ Кеңестік Республикасының 20 жылдығы. Тарихи тәжірибесі және оның сабақтары. 20- 30жылдардағы біздің өлке.



Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында1941-1945 жж

КСРО-ға фашистік Германияның шабуылы. Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына қарай қайта құру шаралары. Соғыс обьектілерін салу. Батыс аудандардан кәсіпорындар мен мекемелерді көшіру және орналастыру. Халықтың патриоттық серпіні. Тылды майдан мүддесіне жұмылдыру. Эвакуацияланған халықтарды қабылдау. Ұлы Отан соғысында Қазақстандықтардың жаппай ерлік көрсетуі. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшін шайқастағы батырлардың ерліктері. Кеңес Одағының батыры атанған Қазақстандықтар: Б.Момышұлы, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Т.Бигельдинов және т.б.



Қазақстан –майдан арсеналы.

Соғыс жағдайындағы колхозшылар мен жұмысшылардың ерен еңбектері. Майданға бүкілхалықтық көмек. Қазақстанға Кавказ және Еділ бойы тұрғындарының жер аударуы. Қазақстандықтардың кеңестік батыс республикаларды азат етуге қатысуы. Партизандық және қарсыласу қозғалыстарына қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандықтар Жапониямен болған соғыста Ұлы Отан соғысының қазақстандық батырлары.



Қазақстандағы мәдениет саласында болған өзгерістер.

Халыққа білім беру ісінің жайы. Оны дамыту үшін қабылданған шаралар. Ересектердің саутсыздығын жою. Мектеп мәселесі туралы айтыстар. Қазақ мектептерінің жағдайы. Көрнекті ағартушылар, олардың халыққа білім берудегі ұлттық жүйесін қалыптастырудағы үлесі. Кәсіби білімнің дамуы. Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындары. Тоталитарлық жүйенің халық ағарту ісіне тигізген зияны. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті Ғылыми- зерттеу жұмыстарының майданға көмегі. Қ. Сәтбаев және т.б көрнекті ғалымдар қызметі

Қазақ- кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы. 20-30 жылдардағы мәдениет қайраткерлеріне қарсы қуғын-сүргін шаралары және оның зардаптары. Қазақ кеңес әдебиетінің өкілдері: Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, І.Жансүгіров, И.Байзақов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров және т.б. Қазақ Кеңестік өнері. Қазақ Ұлттық театрының ашылуы, Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі, мемлекеттік филармония. «Востоккино» киностудиясы. Бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Кеңестік идеологиясының мәдениет саласына тигізген зардаптары. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті. 1920-1945жылдардағы біздің өлке

Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде (1946-1960жж )

Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Әкімшіл- әміршіл жүйенің одан әрі күшеюі. Коммунистік идеологиясының Қазақстандағы үстемдігі оның зардаптары. Белгілі жазушылар мен ғалымдарды Қ.Сәтпаев, М.Әуезов. Е.Бекмаханов т.б қудалау. КОКП-ның 1956 жылғы ХХ съезі. Сталиннің жеке басына табынудың зардаптарын жою туралы шешімі. және оның жартылай орындалуы. Семей облысында атом полигонының салынуы және оның зардаптары..



Өнеркәсіптің дамуы.Қазақстанның соғыстан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіретін шикізат көзіне айналуы. Ауыр индустрия: қара және түсті металлургия, мұнай өндіру, химия, көмір, машина жасау өнеркәсібінің, электр энергиясын өндірудің дамуы. Жеңіл, тамақ өнеркәсібі. Ғылыми -техникалық прогресс. тасымал жүйесі. Теміржол, автокөлік, су құбыр, әуе арқылы тасымалдың дамуы.Өнеркәсіпті дамытудағы біржақтылық және осы саладағы кемшіліктер. Жұмысшы табы және республикамыздың әлеуметтік құрылымы. Жұмысшылардың жағдайы. 1959 жылғы Теміртаудағы оқиға.

Қазақстаның ауыл шаруашылығы

Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруашылығында байқалған келеңсіздік. Астық өнімінің кемуі. Мал шаруашылығының нашарлауы. Тың және тыңайған жерді игеру. Оның республиканың экономикасын жақсартуға тигізген пайдасы мен зардаптары. Тың игерудің келеңсіз салдарлары. Біздің өлке соғыстан кейінгі дәуірде.



70-80 жылдардағы Қазақстан.

Әлеуметтік- эконмикалық даму. 60- жылдардағы экономикалық ілгерілеулер. Тоталитарлық жүйенің экономикалық дамуды тежеуі. 60-жылдары басталған экономикалық реформалардың сәтсіздікке ұшырауы.

Өнеркәсіптің жетекші салалары орталықтан басқару және оның зардаптары. Ғылым мен техника жаңалықтарын, жаңа технологияны ендіруге мән бермеу.70 -80 жылдардағы Қазақстан экономикасының кері кетуі.

Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстық жағдай. Ірі қара мал басының қысқаруы. Ауыл шаруашылығын өрге бастыру шаралары. Ауыл шаруашылығының озаттары. Еңбекшілердің материалдық жағдайы. Жалақының өсуі. Тауар сапасының төмендеуі, күнделікті тұрмысқа керекті заттардың тапшылығы. Өмір сүру деңгейлерінің төмендеуі. Экологиялық апатты аймақтар: Семей, Арал аймағы.



Саяси өмір мен ұлттық қатынастары

Одақтас республикалардың егемендігінің шектелуі Халықтарды жасанды жолмен біріктіру әрекеті. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылуы. Қазақ жастарының ұйымдарының қызметіне тиым салу. 1979 жылғы Ақмоладағы Неміс автономиясын» құру әрекетіне наразылық. Қазақстанның шетелдермен ғылыми-мәдени байланыстары. Қазақстанның атом қаруын дайындау, сынаудағы рөлі, оның ауыр зардаптары. 70-80жылдардағы біздің өлке.



1946-1985 жылдардағы Қазақстанның мәдени өмірі.

Халыққа білім беру ісі. Техника мен ғылымның дамуы. Мәдениет: әдебиет, кино, театр, бейнелеу өнері, архитектура, мүсін өнері. Баспасөз: радио және теледидар. Мәдениеттегі идеологияның кері ықпалы. Цензураның келтірген залалы. Қазақ тілінің жағдайы. Мәдениеттегі тоқырау көріністері.



Қазақстан қайта құру жылдарында (1986-1991 жж)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Көтерілістің басталуы, қимылдары, сипаты мен жастарды жазалау шаралары. Желтоқсан оқиғасының мәні мен қорытындылары.



Қоғамды жаңарту шаралары. Кадрлар саясаты. Ұлттық жұмыс табының мәселесі. Тіл саясаты. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау. Қоғамды демократияландыру үрдісінің жалғасуы. Жаңа қоғамдық бірлестіктердің пайда болуы. Қарағанды, Жаңа Өзендегі оқиғалар.

Экономикадағы өзгерістер. Экономикадағы нарық принциптері. Экономикалық дағдарыстар, сыртқы экономикалық байланыстар, Әлеуметтік жағдайлар.

Республикада егемендіктің жариялануы. Одақтық шарт төңірегіндегі оқиғалар. Қазақстан Компартиясының таратылуы.

Қайталау

Төртінші бөлім. Тәуелсіз Қазақстан ( 12 сағат)

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. Саяси оқиғалар жетегінде бүкілхалықтық президент сайлауы. КСРО-ның ыдырауы. Бүкілхалықтық Қазақстан Президентін сайлау.ТМД құрылуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы. және оның маңызы.



Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы.

1993 жылғы Конституция. Сайлау туралы кодекс. Саяси партиялар. Кәсіптік парламенттің дүниеге келуі. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы.



Экономикадағы түбегейлі өзгерістер. Нарық принциптері бойынша даму, ұлттық валютаны айналысқа енгізілуі, жекешелендіру. Әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі.

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы.

Әлемдік қоғамдастыққа төте араласу. Халықаралық қатынастардағы негізгі бағдарламалардың айқындалуы. Қазақстанның геосаяси жағдайы. 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясы: негізгі принциптері мен ерекшеліктері. Тәуелсіздік жағдайдағы жаңа бағыт.



Тәуелсіздік пен қайта құру жылдарындағы мәдени құрылыс.

Қазақстан қоғамындағы қайта құру идеяларының таралуы. Жетекші саяси партиялардың бағдарламаларындағы тәуелсіздік және қоғамды демократияландыру идеясы. Тарихи сананы қалыптастырудың бағыттары.



Білім беру саласындағы реформалар.

Ғылымның дамуы: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы түбірлі өзгерістер. Қөркем өнер әдебиет және өнер. Көркем өнер туындыларында қоғамды демократияландыру мен ізгілендіру идеяларының көрініс табуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы: баспасөз, радио, теледидар. «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның 2007-2009 жылдардағы жүзеге асуы.


Қазақстан Республикасының тарихи дамуының қорытындылары.

Алматыдан Астанаға Ұлы көш. Жаңа астана- Астана Болашаққа көзқарас: «Қазақстан-2030» - Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.



ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Білім алушылар білуі тиіс:

  • қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды;

  • алғашқы адамдардың кен-тұрақтарын және орналасқан жерін;

  • географиялық жағдайларын, табиғат ерекшеліктерін;

  • тіршілігін, кәсібін, тұрмысын, еңбек құралдарын; ертедегі діни, археологиялық және өнер ескерткіштерін;

  • қазақ қоғамының әлеуметтік құрамын (хан, сұлтан, батыр, би, төре, қожа, шаруа т.б),

  • тәуелсіздік жолындағы монғол, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күрестердің себеп- салдарын;

  • Қазақстан тарихы дәуір кезеңдерінің хронологиялық шегін;

  • орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің калыптасып, дамуының ерекшеліктерін;

  • жыл мен ғасыр арақатынасын, тарихтағы жыл санауды;

  • архитектуралық ескерткіштерін, салыстыра сипаттай білуі тиіс.

  • олардың арасындағы себептік- салдарлық байланысты;

  • қазіргі заманғы адамдардың көзқарастары мен ұстаган бағытында болған өзгерістерді;

  • жаңа заманның және оның кезеңдерінің хронологиялық мерзімін;

  • жаңа заманда қоғамда болған адамдардың кәсібі мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзгерістерді;

  • XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, ішкі, сыртқы саясатын;

  • халқының әлеуметтік құрамын, шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігін;

  • Ресеймен байланысты, оған Қазақстанның қосыла бастау себептерін, отаршылдық саясаттың белгілерін;

  • XIX ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының, халықтың тұрмысын, даму ерекшеліктерін;

  • ұлы жүз қазақтарының Хиуа, Қоқан хаңдықтарының қол астында болған кездегі жағдайын;

  • Қазақстан-Қытай қатынастарын; ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аудару себептерін;

  • XIX ғасырда Қазақстан жерін мекендеген орыс және т.б халықтар мәдениетінің маңызын Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауын, Қазақ КАСР-ының құрылуын;

  • XX ғасыр басындағы ағарту ісі мен қазақ әдебиеті жайын; қазақтың зиялы қауымының көрнекті өкілдерін, олардың қызметін;

  • Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарындағы өз өлкесінің тарихын, табиғат байлықтарының зерттелуін;

  • экономикалық дамудың негізгі кезеңдерін; біледі

  • Қазақ КСР-ының құрылуын, оның КСРО құрамына енуін, Қазақ КСР-ы Конституциясы қабылдануының маңызы мен салдарын;

  • 20-30 жылдардағы мәдениет саласындағы негізгі өзгерістерді, сауатсыздықты жоюды, мектеп жөніндегі айтыстарды, кәсіптік мектеп пен жоғары мектеп жұмысын;

  • Қазақ ғылым академиясы құрылуының маңызын;

  • Қазақстанның 1941-1945-жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарының арсеналы болғанын;

  • қазақстандықтардың көрсеткен жаппай ерліктерін, панфиловшы батырлардың асқан қаһармандыктарын;

  • 50-60-жылдардағы енеркәсіп пен ауыл шаруашылығынын жағдайын; әкімшіл-әміршіл жүйенің, коммунистік идеологияның үстемдігін;

  • 40-90-жылдардағы мәдениеттің дамуын, ондағы негізгі тенденциялары мен жолдарын;

  • 80-жылдардағы ұлт саясатын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын;

  • 1931-1932 жылдары болған ашаршылықты, оның зардаптарын; «

  • Бесеудің хаты» мен Т.Рысқұловтың «Сталинге хатының» мәнін;

  • 20-жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайды,

  • Кеңес өкіметінің Қазақстаңда жүргізген саясатын,

  • 30-жылдардағы жаппай қуғын-сүргін мен оның зардаптарын;

  • Қазақ КСР-ының құрылуын, оның КСРО құрамына енуін,

  • Қазақ КСР-ы Конституциясы қабылдануының маңызы мен салдарын;

  • орта ғасырлардағы әлем халықтары мәдениетінің жетістіктерінің маңызын, елеулі үлес қосқан қайраткерлерді және олардың қызметін

  • XIX ғасырдағы мемлекеттердің сыртқы саясаты мен халықаралық жағдайын, көтерілістер мен революциялардың мақсатын, маңызын және оларды басқарған қайраткерлердің қызметін; XX ғасырдағы ғылым мен техниканың негізгі жетістіктерін бағалай біледі.

  • ХҮІІІ –ХІХ ғасырларда отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстарды,

  • XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы демократиялық қозғалысты,

  • оның көрнекті өкілдерінің қызметін;

  • «Алаш» партиясының, басқа да қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін;

  • Қазақстан ғылымы, техникасы мен әдебиетінің дамуына үлес қосқан белгілі ғалымдар мен жазушылардың еңбектерін;

  • XX ғасырдағы Қазақстанның демографиялық жағдайында болған өзгерістерін;

  • тәуелсіз Қазакстан Республикасының жариялануының тарихи маңызын ажырата біледі.

Білім алушылар:

  • тарихтағы жыл санауды қолдана білуі;

  • тарихи картадан ертедегі адамдар мекендеген аймақтарды,

  • олардың қоныстанған орындарын,

  • мемлекет шекараларын, басқа да объектілерді көрсете;

  • еңбек құралдарының суретін салып, олар бойынша әңгіме құрастыра;

  • тарихи мәтіннің жай және күрделі жоспарларын жасауы;

  • ұқсас тарихи оқиғаларды салыстырып, айырмашылығын таба;

  • ертедегі өнер ескерткіштерін салыстырып, шебердің еңбегіне өзінше баға бере;

  • оқылған құжат мазмұнын өз сөзімен әңгімелеп бере;

  • тарихи терминдердің анықтамасын айтуы және оларды қолдана бі;

  • хронологиялық, синхронды кестелер жасауы;

  • тарих мәтіннің толық жоспарын жасауы;

  • орта ғасырлардағы қалаларға, түрлі ғимараттарға жазбаша сипатгама беруі;

  • орта ғасырлардағы қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарды сызбалар арқылы көрсетуі;

  • Шығыс мәдениеті мен ғылымының әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін дәлелдей алуы;

  • түрлі деректермен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін сабақта пайдалануы;

  • жеке тарихи қайраткерлердің тарихтағы рөлін ашып көрсетуі және оған баға беруі;

  • орта ғасырлардағы дүниежүзінің геосаяси картасындағы өзгерістердің себептерін ашып көрсетуі;

  • -Мемлекеттік құжаттармен өздігінше жұмыс істеп, солардың негізінде рефераттар, шағын баяндамалар дайындауы;

  • туған өлке тарихын зерттеп, оның материалын күнделікті сабақта пайдалануы;

  • Қазақстанның 80-90-жыддары қоғамдық-саяси, әлеуметтік-эконоикалық және мәдени өзгерістерін салыстырып, олардың ерекшеліктерін анықтауы;

  • төменгі сынып оқушылары алдында әңгіме айтып беріп, шағын баяндамалар жасауға қолдана біледі.

ІV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім берудің іс-әрекеттік сипаты тарихты оқытудың әдістерін ұйымдастыру формаларын қайта құруды талап етеді. Қайта құрудың мәні- оқушылардың өзіндік жүмысының басымдылық рөлін күшейту. Оқушылардың өзіндік жұмысы: ұжымдық жұмыстар, брэйнсторлинг, рөлдік ойын, дебаттар, жобаларды қорғау, портфельдерді құрастыру, сөздік пинг-понгтар, жазбаша жұмыстар (эссе, шығарма, рефераттар және тағы басқалар) түрінде дайындау арқылы іске асырылады.

5- 6 сыныптарда тарихты оқытуда оқушылардың жаса ерекшеліктерін ескеру қажет, әсіресе гуманитарлық білімді мәселен, бейнелі сезім қабылдаудан аналитикалық талдауға көшеді. Оқушылардың күнделікті сабақтарында керамиканың дайындалу тәжірибесі, карта мен жалаудың шығу тарихыт.б күнделікті өмірмен байланысты жүргізілсе, оқушылардың өз елінің тарихына деген қызығушылықтар артады.

5-сыныпта «Тарих әлемі» бөлімінде оқушыларға тарих пәнінің қалыптасуы туралы, қазақстан тарихының кезеңдері жайлы түсінік береді.

Оқушылардан нақты және ғылыми жауаптар талаптар талап етпеуі керек.

Оқу үрдісінде қоғам, қоршаған орта, тарих туралы білімді меңгертуде ойын іс- әрекетін, қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Уақыт сызығы: ежелгі дүние, орта ғасырлық, жаңа заман, қазіргі заман айта отырып, сол кезеңдерге ойша саяхат, танымжорық жасау. Оқушылар ойша осы кезеңдерде болып, ересек болуға, осы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Археология, этнография, жазбаша дерек, ауызша дерек, заттай дерек, деген тақырыптарға «сықырлы сандықша» оқыта үйрету ойынын пайдалануға болады. Өлкетану, Қазақстан- әлемдегі ірі мемлекет т.б тақырыптарда саяхат сабағын, «тірек белгілер» оқыта үйрету ойыннын бойынша түсіндіруге болады. ТСО пайдалану арқылы өткізуге болады.

Тарихқа саяхат бөлімінде «Адамдардың жер бетінде пайда болуынан басталады. Тарихқа саяхат жасаймыз. Сын тұрғысынан ойлау әдісі пайдалану оқушыларға пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.

Дидактикалық материалдарды пайдалану (ребус, сөз жұмбақ, кесте, карта т.б) пайдалну Power Point программасымен презентация жасауға болады. Слайдтар- мультимедиапроектр арқылы көрсетуге болады. Тест материалын пайдалануға болады.

Үшінші бөлімде «Ғажайыптар әлемі» Алғашқы адамдардың мекендеген үйі қандай болған, олар қайда өмір сүрді?, Қазақ жеріндегі көне құрылыстар, тас қола, темір дәуірінің ескерткіштеріне тоқталады. Орта ғасырлардағы ескерткіштер жайына тоқталады. Бұл таруды өткенде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ескерткіштер, оқиғалар, ғалымдар, ақын – жазушылар, жөнінде қысқаша әңгімелеп түсіндіреді. Сюжеттік- рольдік ойындар түріндегі сабақтар өткізуге болады. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі балалардың тарихтаға ежелгі ескерткіштерді танып білуге, өздерінің сауалдарына сұрақ қою мен жауп іздестіру арқылы келуіне мүмкіндік береді. Мұғалім «күнде жаңалықтар алу» арқылы оқушыларға әр түрлі саул қою арқылы өз ойларын, танымын жетілдіреді.

Анықтамалық оқыту әдісі пайдалануға « тұлғаны танып білу» оқыта үйрету ойыны бойынша оқушыларға парақтар таратады. Оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаттану, өнер және әдебиет қайраткерлері т.б) портреттері жапсырылған суреттермен жұмыс жүргізуге болады. Оқушылар 4-5 топқа бөлінеді. Балалар, портреттегі тұлғаның аты- жөнін, тарихтағы ролін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты, оқиғаларды, шығармаларын т.б естеріне түсіреді.

« Қазақстан тарихы» пәннің тарихи материалын оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.

Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклетерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.

Информациялы – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.

Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша әсіресе мәдениет тақырыптарын өту барысында кеңінен қолдануға болады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.

Тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі.Тарихи құжаттар өткен дәуірдің ескерткіші. Олар оқушыларға оқытып жатқан материалды нақтылай түсуге, өткен оқиғалардың бейнесін айқынырақ елестетуге, сол дәуірдің ерекшелігін дәл көрсетуге көмектеседі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.

Біліктерді қалыптастыру әдісі – біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасайды. Оқушылар синхрондық кестелер сызады, тарихи текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгереді.

Оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту үшін ақпараттық материалдармен жұмыс кең қолданылады. Осы арқылы білім алушылар мәтінмен жұмыс жасауға үйренеді, яғни көпшілікке арналған ақпараттық нысандармен қалыпты жұмыс жасау құралдарын меңгереді. Олар ақпаратты материалдарды жинаудың жаңа тәсілдерін игеріп, пайдаланады. Хрестоматиялық материалдар негізінде электронды карталарды тақырыптар бойынша пайдалануға болады. Қорытынды сабақтарда кешендік тестілеуді компьютерлік тестілеу әдісі арқылы өткізуге болады.

Зерттеу әдісі – Шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.

Проблемалық зерттеу әдісі – оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Демек жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды.

Тарихтан жаңа тақырыпты үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану барысында материалдық мәдениет ескерткіштері, бейнелеу өнерінің шығармаларымен жұмыс жасау арқылы да болады.



Тарихи – көркем шығармаларды пайдалану әдісі – Тарихи- көркем шығармамен сабақ барысында өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Мұндай тәсілдер дамытуға пайдасы көбірек тиеді. Оқушылар көбіне тарих оқулығындағы текспен және көркем әдебиет үзіндісімен қатар жұмыс жасайды. Оқушылар тарихи құжаттарды, басқа да әдебиеттер мен деректерді пайдалана отырып, өздігінше конспект, реферат, тезис, баяндама дайындайды.
Каталог: download -> version -> 1352391662 -> module -> 6522016068 -> name
name -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет