Бағдарламасы 7- сынып оқушыларына арналған Құрастырған: Утарова А. К



бет2/11
Дата07.09.2020
өлшемі39,46 Kb.
#77597
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1513839516, 1513839516
Курстың мақсаты: Өлкетану материалдарын оқыту арқылы мектеп оқушыларына елдің тарихын таныстырып, меңгерту. Туып-өскен жері туралы мәліметті игерту. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген ерекше көзқарастарын қалыптастыру. Өлкетану сабағының тәрбиелік мақсаты ретінде Отанына деген патриоттық, ұлтжандылық, азаматтық сезімді тәрбиелеу.

Туған жерінің белгілі тарихи қайраткерлерінің өмірлерін оқып-тану. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігі туралы құжаттарды, мәліметтерді жинастырып, мектеп мұражайындағы жәдігерлер қатарын толықтыру.

Өлкемізде тұратын ұлт өкілдерінің шығармашылығы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ұлттық қолөнері туралы оқып-біліп, танысады.

Оқушылар туған аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктерін және олардың даму келешегін оқып-үйренеді.

Бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтына қалыптастыруды көздейді. Өлке тарихы туралы материалдарды жинақтай отырып, оны ғылыми тұрғыда зерттеп, шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған бағдарлама жеті бөлімнен тұрады. Бағдарлама оқу үдерісі бойынша жобаны зерттеу жұмысына бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет