Бағдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М010300 Педагогика және психология»



бет6/31
Дата07.02.2022
өлшемі41,62 Kb.
#85167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ped-psih-kaz-mag-2014

4.Тақырып. Тәрбиенің мәні.
Тәрбие қоғамдық құбылыс және педагогикалық үдеріс ретінде. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымдағы «тәрбие» түсінігі. Әртүрлі қоғамдық дамудағы тәрбиенің тарихи шарттары. Тәрбие үдерісінің мәні, оның ерекшеліктері және негізгі сипаттамасы. Тәрбие үдерісінің құрылымы. Тәрбие үдерісінің диалектикасы, оның қарама-қайшылығы және қозғаушы күші.
5. Тақырып. Тәрбиенің заңдылықтары және ұстанымдары.
Тәрбие заңдылықтары түсінігі. Тәрбиенің заңдылықтары: тәрбиенің қоғамдық қажеттілік жағдайы, шарттары; тәрбие, оқыту, білім беру және тұлғаның дамуы үдерістерінің өзара тәуелділігі; тұлға тәрбиесіндегі іс-әрекеттің және қарым-қатынастың анықтаушы ролі; ұйымдастырушылық іс-әрекеттегі тұлға белсенділігін қалыптастыратын тәрбиенің шарттары; оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне тәрбиенің тәуелділігі; тәрбиедегі тұлға мен ұжымның өзара байланысы; тәрбиенің міндеті, мазмұны, әдістері мен формасының өзаратәуелділігі. Тәрбие ұстанымдары ұғымы. Тәрбие ұстанымдарының сипаттамасы: табиғисәйкестілік, мәденисәйкестілік, гуманизациялау, дифференциялау; сана мен мінез-құлық бірлігі, еңбектегі тәрбие, тәрбиеге кешенді тұрғы, оқушылардың ынтасына және көркемөнеріне педагогикалық жетекшіліктің сәйкестігі, оған саналы талапетушілікке сәйкес, тәрбиеленуші тұлғаға құрмет, мектептің, отбасының және қоғамның педагогикалық талаптарының бірлігі. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбие ұстанымдарының өзара байланысы және бірлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет