Бағдарламасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»



Дата12.10.2019
өлшемі251,5 Kb.
#49694
түріБағдарламасы
Байланысты:
8a8e4861-91f5-11e3-8e6b-f6d299da70eeТ ГП Программа для преподавателя
казахский язык 14 апта




УМКД 042 - //-///

Ред.№1

От_______2013г.



Стр. из




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-X.1.ХХ/01-20__



ПОӘК

Пәндер бағдарламасы

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»

Басылым №__ от______




ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мемлекет және құқық теориясы»


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕР БАҒДАРЛАМАСЫ



Семей

2013




Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ


Құрастырушы _______ «___»________ 200__г. Газизова Н.С.

Старший преподаватель кафедры «Юриспруденция»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде

Хаттама «____» __________ 200__ж., № __.

Кафедра меңгерушісі _________ Елеманов С.Х.


2.2 Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама «____» __________ 200__ ж., № __

Төраға _________ ___________________

Қолы аты -жөні
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды

Хаттама «____» __________ 200__ ж., № __.

ОӘК төрайымы _________ __________________

Қолы аты -жөні

4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ (немесе басылым №___

«___» ______200_ж орнына.)

Мазмұны





1

Қолдану аясы




2

Нормативті сілтемелер




3

Жалпы ережелер




4

Оқу пәнінің мазмұны (модулдер)




5

Студенттерге арналған өздік жұмыс тақырыптары




6

Пәннің оқу-әдістемелік картасы




7

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы




8

Әдебиеттер





1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқытушыға арналған пәндер бағдарламасы, «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарына арналған



2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқытушыға арналған пәндер бағдарламасы оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін сақтап, төмендегі құжаттарды негізге ала отырып құрастырылды:


- Білім берудің аталмыш деңгейіндегі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты;

- Типтік оқу жоспары;


-«Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін құрастыру мен рәсімдеудің жалпы талаптары» СТУ 042-ГУ-4-2013 университет стандарты;

- «Пәндердің оқу-әдістемелік кешені құрылысы мен мазмұны» ДП 042-1.01-2013 құжаттары.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1. Курстың қысқаша мазмұны:

Мемлекет және құқық теориясы – жоғары заң оқу органдарындағы негізгі пәндердің бірі. Заң ғылымдары жүйесінде мемлекет және құқық теориясы мәселелеріне баса көңіл бөлу дәстүрге айналдырылған. Бұған ХІХ – ХХ ғасырларда жарияланған ғылыми – зерттеу жұмыстардың орасан мол болуы дәлел.

Мемлекет және құқық теориясы пәні барлық құқық саласына баратын көпір болып табылады. Оның басқа ғылымдар жүйесінде алатын рөлі өте зор. Аталмыш пәнді оқып үйрену барысында студенттер мемлекет және құқық ұғымдарымен жан – жақты таныса отырып, құқықтың басқа салаларында кездесетін негізгі ұғымдармен танысады.

Мемлекет және құқық пәні мемлекет пен құқық ұғымдарын бір – бірімен тығыз байланыстыра отырып, жеке қарастырады. Мемлекет және құқық теориясы пәні мемлекет және құқық ұғымдарынан басқа құқықшығармашылық ұғымы, түрлері, құқық нормаларын талқылау сияқты мәселелермен де таныстыралды. Студенттер Заң, оның қабылдану, өзгеру, толықтырылу тәртібі , заңдылық күшіне енуі туралы да мағлұмат алады.

3.2 Курсты оқытудағы негізгі мақсат: тек ұғымдармен таныстырып қана қоймай, студенттердің ойлау, зерттеу сияқты қабілеттерін ашу және дамыту.

3.3 Пәнді оқудың негізгі міндеттері: Мемлекет және құқық теориясы пәні құқықтың басқа салалары сияқты негізгі деректерге сүйене алмайды, ол деректердің барлығын жалпылама қарастырады, яғни сілтеме беру жолымен. Алайда, бұл студентті деректерді қарастырудан босатпайды, себебі студент семинар сабаққа дайындалу барысында болшақта оқылатын құқық салаларының қайнар көздерімен танысып, жалпы мағлұмат алады. Мемлекет және құқық теориясы курсын оқу және оны үйренуде құқықтың өзіне, құқық идеяларына, құқықтық мемлекет идеясын және құқықты жаратылыстық құқық деп ұғу. Осы жаратылыстық құқыққа бағынатын билік институттарының ең бастысы құқықтық мемлекет болып табылады.

3.4 Оқытудың нәтижесі:

Мемлекет және құқық теориясы пәнін оқу нәтижесінде студент мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен оның негізгі қағидаттарын, заңдардың қабылдануы мен талқылануы туралы білімді игеруі қажет, заң пәрменінің рухани сипат – қасиеттері мен ерекшеліктерін тани білуі керек, заңдарды дұрыс түсіну, түсіндіру және қолдану шеберліктерін қалыптастыруы тиіс.

3.5 Курстың пререквизиттері:



  • саясаттану;

  • мемлекет және құқық тарихы;

  • мәдениеттану;

  • әлеуметтану.

3.6 Оқу жұмыс жоспарының көшірмесі:


№1 Кесте

Курс


Семестр

Кредиттер

ДС

СС

ЛС

СОБӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Қорытынды бақылау

2

3

3

30

15













Емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

№2 Кесте



Тақырыптар және оның мазмұны

Сағаттар саны

1

2

Дәріс сабақтары

Мемлекет және құқық теориясының пәні және түсінігі. Мемлекет және құқық теориясы туралы түсінік. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары – теорияның пәні ретінде қарастырылуы. Мемлекет және құқықтың өзара байланыстылығы.

Мемлекет және құқық теориясының пайда болуы және дамуы. Мемлекет және құқық теориясының бірыңғай ғылым ретінде қарастырылуы. Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Қазіргі замандағы саяси – құқықтық теориялардың жалпы сипаттамасы.



2

Мемлекет ұғымы, оның мәні. Мемлекет және құқық теориясының гносеологиялық негіздері. Мемлекет және құқық теориясын танымдық зерттеу әдістері ұғымы, түсінігі. Мемлекет және құқық теориясын танымдық зерттеу әдістерін саралау.

Мемлекет және құқық теориясын зерттеудің жалпығылымдық және жеке әдістері. Абстрактілік зерттеуден нақты зерттеуге көшу – мемлекет және құқық теориясын қалыптастырудың жалпы әдісі.

Танымдық зерттеудің тарихи және логикалық әдістері. Мемлекет және құқық теориясын зерттеуде әлеуметтік, салыстырмалық, статистикалық, құрылымдық – логикалық, жүйелік – құрылымдық әдістері.

Мемлекет және құқық теориясын танымдық зерттеудің деңгейлері. Мемлекет және құқық теориясы туралы жинақталынған білімдердің ақиқаттығын анықтау әдістері, олардың мүмкіндіктері және қажеттілігі. Мемлекет және құқық теориясының практикада алатын орны, заң тәжірибесімен байланыстылығы, өзара ықпалдасуы.



2

Мемлекеттік билік. Алғашқы қауымдық құрылыстың жалпы сипаты, басқару органдары және тәртіпті сақтау құралдары.

Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі теориялар. Мемлекеттің пайда болуының әр түрлі жолдары (шығыс, азиялық, батыс, европалық) .

Мемлекет ұғымдарының сан алуандылығы. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы заңдылықтары мен түрлері. Мемлекет және құқықтың алғы шарттары. Мемлекет және құқықтың белгілері.

Мемлекет мәні. Мемлекет және оның мәнін айқындайтын қозғаушы күштер (факторлар); әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени, ізгілік, діни т.б. Мемлекет ұғымының және мәнінің эволюциясы (өзгеруі).



2

Мемлекет тұрпаты (нысаны). Мемлекеттік билік - әлеуметтік биліктің ерекше түрі, оның егемендік сипаттары. Мемлекеттік билік және саяси билік. Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың айрықша түрі. Биліктік қатынастардың мазмұны, объектілері мен субъектілері.


Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері. «Зорлық», «күштеу», «басып – жаншу», «мәжбүрлеу», «көндіру», «сендіру», «басшылық ету», «басқару», «үстемдік ету», «бағындыру» санаттарының арақатынастары.

2

Мемлекеттік аппарат (механизм). Мемлекет тұрпатының мәні мен түсінігі. Басқару тұрпаты және мемлекеттің құрылымдық тұрпаты. Монархия, республика және олардың түрлері. Унитарлық (біртұтас) мемлекет. Федерация: оның әдеттегі және айрықша, өзіне ғана тән белгілері (нышандары). Мемлекеттік құрылымдардың дәстүрден тыс тұрпаттары (конфедерация, одақ, достастық). Мемлекеттік режим және оның түрлері. Мемлекет тұрпатына ықпал ететін жалпылама қозғаушы күштер (факторлар) және олардың құрамдас бөлшектері.

Мемлекеттерді саралау туралы ұғым және оның негіздері. Мемлекет және оның тұрпаттарының өзгеруіндегі сабақтастық. Осы заманғы мемлекеттерді саралаудың теориялық жолдары.



2

Мемлекет қызметтері (функциялары).Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны. Мемлекеттік аппарат ұғымы. Мемлекеттік аппарат – мемлекеттік қызметті атқарудың құралы. Мемлекеттік аппараттың құрылымы. Мемлекеттік орган ұғымы. Мемлекеттік органдардың саралануы. Мемлекеттік билік органдары. Мемлекеттің заң шығару және атқару органдары. Сот билігінің органдары. Құқық қорғау органдары. Жергілікті аумақтардағы өзін - өзі басқару органдары.

Мемлекеттік органдар жүйесі және биліктің бөлінісі. Мемлекеттік аппараттың жұмыс істеуінің құқықтық негіздері, принциптері.



2

Құқықтық мемлекет. Мемлекеттің қызметтері: ұғымы. Мемлекеттің қызметтерін саралау, оның негіздері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері. Қоғам өмірінің экономикалық саяси, әлеуметтік, рухани салаларында мемлекеттің атқаратын қызметтері. Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары.

Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттің мәні. Мемлдекеттің қызметтері және олардың салыстырмалы дербестігі. Мемлекеттің қызметтері және мемлекет пен қоғам дамуының тарихи өзіне ғана тән өзгешеліктері. Мемлекеттің іс - әрекеттерінің шегі.

Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы. Саяси жүйедігі мемлекеттің алатын орны. Мемлекеттің саяси және қоғамдық қозғалыстардың, партиялардың, діни ұйымдар басқа да саяси құрылымдардың өзара әректтесуі мен ықпалдасулары.


2

Құқық ұғымы және оның мәні. Құқықтық мемлекет туралы ой – пікірдің шығуы, дамуы және олардың авторлары.

Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері (нышандары), негізгі принциптері.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері: заңның үстемдігі, басымдылығы, мемлекеттік биліктің бөлінуі, тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалатындығы, саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы, азаматтық қоғамның орын алуы,ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі.

Билікті бөлудің тәртібі, тепе – теңдік және тежемелік жүйенің – құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері ретінде қарастырылуы.

Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудың теориясы және практикасы.


2

Құқық негіздері (қайнар көздері). Құқыққа анықтама берудің проблемалары. Құқықтың жалпы әлеуметтік және заңдық мағынасы. Құқықтың объективтік және субъективтік сипаты.

Құқық мәнінің сипаттамасы. Құқықтың нормативтілігі, жүйелілігі, жария түрдегі айқындылығы. Құқықтың табиғи жаратылысы мен мәнін айқындайтын әлеуметтік – экономикалық, саяси, идеологиялық, өнегелік (моральдық), ізгіліктік, рухани, діни қозғаушы кұштер.

Құқық – қоғамдық дамудың қозғаушы күші. Құқықтың мәнін түсіндіретін сипаттар. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықты түсіндірудің қазіргі кездегі ғылыми тәсілдері. Құқық – нормалар жиынтығы ретінде; құқық – құқықтық қатынас ретінде; құқық – құқықтық сана ретінде. Құқық идеясы. Құқық аясы (шеңбері).

Құқық анықамасы. Құқық туралы марксистік, психологиялық, нормативтік, табиғи – құқықтық, әлеуметтік, синергетикалық негізгі көзқарастар.

Құқық типтері: ұғымы. Құқық сипаттамасының формациялық және өркениеттік типтік белгілері.


2

Құқық нормасы. Қоғамның нормативтік жүйесі. Әлеуметтік және техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалар туралы ұғым және оларды саралау. Қоғамның әлеуметтік нормалары жүесінде құқықтық нормалардың алатын орны. Құқық және ізгілік пен өнегенің (моральдың) нормативтік жаратылысының табиғаты. Құқық пен ізгілік, өнеге (мораль) нормаларының жалпы және ерекше сипаттары.Ққық пен ізгілік, өнегенің өзара әрекеттесулері. Құқық пен ізгілік, өнегедегі тиым салу, бостандық , теңдік, әділдік идеяларының көрініс табуы. Құқық нормаларын ізгіліктендірудің (гуманизациялаудың) келелі мәселелері.




Құқық жүйесі және құқықтық жүйе. Құқықтың нормативтік сипаты. Құқық нормасы туралы ұғым. Құқық нормасының логикалық құрылымы. Гипотеза (болжам). Диспозиция – мінез – құлық ережесі. Санкция (шара). Құқық нормасының құрамдық бөлшектерінің байланыстықтары. Нормативтік актілерде құқық нормаларының мазмұндалу түрлері. Құқық нормасы мен құқықтық акт бабының арақатынастылығы.

Құқық нормаларын саралау. Құқық нормаларын саралаудың қажеттілігі, оның практикалық және ғылыми маңыздылығы. Құқық нормаларын саралау негіздері.



2

Құқық шығармашылығы. Құқық негіздері туралы ұғым. Құқықтың материалдық және жария негіздері. Құқық негіздерін саралау. Құқықтық әдет – ғұрып. Заң доктринасы. Сот және әкімшілік үлгі іс (прецедент). Нормативтік – құқықтық акт. Нормативтік келісім – шарт. Басқа да құқық негіздері.

Заң және заңға негізделген актілер. Заңдардың түрлері. Заңға негізделген актілер туралы ұғым және түрлері. Заңдарды жүйеге келтіру және олардың түрлері. Инкорпорация. Консолидация. Кодификация. Кодификациялық актілердің түрлері.



2

Құқықтық жүзеге асыру. Құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтар. Құқық жүйесі туралы ұғым. Құқық жүйесін салаларға бөлудің негіздері. Құқық саласы. Ққықтық реттеудің пәеі. Құқықтық реттеулің әдіс – тәсілдері. Ққық институты. Құқық институтының түрлері. Құқық жүйесінің өзгеруі (эволюциясы). Көпшілік құқығы және жекелік құқық.

Құқықтық жүйелер. Құқықтық жүйелер ұғымы мен түсінігі. Құқықтық жүйелердің негізгі түрлері. Романо – германдық, англо- саксондық, социалистік құқықтық жүйелер. Канундық (қағида – ережелік) мұсылман құқығы.



2

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқық шығармашылығы туралы ұғым. Құқық шығармашылығы және құқықтың жасалу процессі. Құқық шығармашылығының мемлекеттік қызмет атқару нысаны ретінде қарастырылуы. Құқық шығармашшылығын қамтамасыз ететін факторлар.

Құқық шығармашылығының субъектілері. Мемлекеттік ұйымдардың шығармашылығының істері. Құқық шығармашылық ісіне халықтың тікелей қатысуы.

Құқық шығармашылығының нысандары. Құқықты тікелей жасау, белгілеу қызметі. Санкциялау (бекіту, тану) және оның нысандары. Әдет – ғұрыптарды баянды ету (санкциялау). Корпоративтік нормаларды баянды ету. Құқық шығармашылығы сатылары. Құқық шығармашылығы бастамасы. Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық басыымдарда жария етілуі мен күшіне ену тәртібі. Құқықтық презумпциялар мен фикциялар.

Заң шығармашылығы жорлдары (заң жасаудың жөн – жобасы мен жолы) туралы ұғым және оның принциптері. Нормативтік актінің құрылымы. Нормативтік ұйғарымдарды мазмұндап жазудың тәсілдері. Заң тілі және заң аталымдары (терминдері). Нормативтік актілердің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жолдары. Нормативтік құқықтық актілердің мерзімдегі, кеңістіктегі және субъектілерге байланысты күші.



2

Заңдылық және құқықтық тәртіп. Заң алдындағы жауаптылық. Құқықтық қатынастар ұғымы. Құқықтық қатынастар – қоғамдық қатынастардың және түрі. Құқықтық қатынастар және құқық нормасы. Құқықтық қатынастар құрамы. Құқықтық қатынастарды саралау негіздері. Азаматтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар, заңи тұлғалар – құқықтық қатынастардың субъектілері.

Мемлекет – құқықтық қатынастар субъектісі. Құқық қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілігі. Деликт қабілеттілігі. Құқық субъетілігі.

Құқықтық қатынастардың мазмұны. Құқықтық қатынастардың материалдық және заңи мазмұны. Субъективтік құқық және заңи міндеттер. Субъективтік құқық және мүдде. Субъективтік құқық және құқық өкілеттілігі. Құқықтық қатынастардың объектілері. Құқықтық қатынастардың әрқандай түрлеріндегі объектілердің ерекшеліктері.

Заңи айғақтар және нақтыланған құрам. Заңи айғақтарды және нақтыланған құрамдарды саралау. Оқиғалар, заңи хал – жай (ахуал), әрекеттер.



2

Семинар сабақтары

Мемлекет және құқық теориясының пәні және түсінігі.

  1. Мемлекет және құқық теориясы туралы түсінік.

  2. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары – теорияның пәні ретінде қарастырылуы.

  3. Мемлекет және құқық теориясының пайда болуы және дамуы.

  4. Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Қазіргі замандағы саяси – құқықтық теориялардың жалпы сипаттамасы

1

Мемлекет ұғымы, оның мәні.

  1. Алғашқы қауымдық құрылыстың жалпы сипаты, басқару органдары және тәртіпті сақтау құралдары.

  2. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі теориялар.

  3. Мемлекеттің пайда болуының әр түрлі жолдары (шығыс, азиялық, батыс, европалық).

  4. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының жалпы заңдылықтары мен түрлері.

  5. Мемлекет және құқықтың алғы шарттары. Мемлекет және құқықтың белгілері.

  6. Мемлекет мәні. Мемлекет және оның мәнін айқындайтын қозғаушы күштер (факторлар); әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени, ізгілік, діни т.б.

Мемлекет ұғымының және мәнінің эволюциясы (өзгеруі).

1

Мемлекеттік билік.
  1. Мемлекеттік билік - әлеуметтік биліктің ерекше түрі, оның егемендік сипаттары.

  2. Мемлекеттік билік және саяси билік.

  3. Биліктік қатынастардың мазмұны, объектілері мен субъектілері.


  4. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен түрлері.

«Зорлық», «күштеу», «басып – жаншу», «мәжбүрлеу», «көндіру», «сендіру», «басшылық ету», «басқару», «үстемдік ету», «бағындыру» санаттарының арақатынастары

1

Мемлекет тұрпаты (нысаны).

  1. Мемлекет тұрпатының мәні мен түсінігі.

  2. Басқару тұрпаты және мемлекеттің құрылымдық тұрпаты.

  3. Монархия, республика және олардың түрлері. Унитарлық (біртұтас) мемлекет. Федерация: оның әдеттегі және айрықша, өзіне ғана тән белгілері (нышандары).

  4. Мемлекеттік құрылымдардың дәстүрден тыс тұрпаттары (конфедерация, одақ, достастық).

1

Мемлекеттік аппарат (механизм).

  1. Мемлекеттік аппарат ұғымы.

  2. Мемлекеттік аппараттың құрылымы.

  3. Мемлекеттік орган ұғымы. Мемлекеттік органдардың саралануы.

  4. Мемлекеттік органдар жүйесі және биліктің бөлінісі.

1

Мемлекет қызметтері (функциялары). Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны.

  1. Мемлекеттің қызметтері: ұғымы.

  2. Мемлекеттің қызметтерін саралау, оның негіздері.

  3. Мемлекеттің қызметтері және мемлекеттік аппарат.

  4. Қоғамның саяси жүйесі туралы ұғым және оның құрылымы.

1

Құқықтық мемлекет.

  1. Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері (нышандары), негізгі принциптері.

  2. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері.

  3. Билікті бөлудің тәртібі, тепе – теңдік және тежемелік жүйенің – құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері ретінде қарастырылуы.

  4. Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудың теориясы және практикасы.

1

Құқық ұғымы және оның мәні.

  1. Құқықтың жалпы әлеуметтік және заңдық мағынасы.

  2. Құқықтың объективтік және субъективтік сипаты.

  3. Құқық мәнінің сипаттамасы.

  4. Құқық – қоғамдық дамудың қозғаушы күші. Құқықтың мәнін түсіндіретін сипаттар.

  5. Құқық анықамасы.

  6. Құқық типтері: ұғымы.

1

Құқық нормасы.

  1. Құқықтың нормативтік сипаты.

  2. Құқық нормасы туралы ұғым.

  3. Құқық нормаларын саралау.

  4. Құқық нормаларын саралаудың қажеттілігі, оның практикалық және ғылыми маңыздылығы

1

Құқық негіздері (қайнар көздері).

  1. Құқық негіздері туралы ұғым. Құқықтың материалдық және жария негіздері.

  2. Құқық негіздерін саралау.

  3. Нормативтік – құқықтық акт.

  4. Заң және заңға негізделген актілер.

  5. Заңдардың түрлері. Заңға негізделген актілер туралы ұғым және түрлері.

  6. Заңдарды жүйеге келтіру және олардың түрлері.

1

Құқық жүйесі және құқықтық жүйе.

  1. Құқық жүйесі туралы ұғым.

  2. Құқық саласы.

  3. Құқықтық реттеудің пәні.

  4. Құқықтық жүйелер.

Құқықтық жүйелердің негізгі түрлері.

1

Құқық шығармашылығы.

  1. Құқық шығармашылығы туралы ұғым.

  2. Құқық шығармашылығының субъектілері.

  3. Құқық шығармашылығының нысандары.

  4. Құқық шығармашылығы сатылары.

  5. Заң шығармашылығы жорлдары (заң жасаудың жөн – жобасы мен жолы) туралы ұғым және оның принциптері.

1

Құқықты жүзеге асыру. Құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтар.

  1. Құқықты жүзеге асыру ұғымы.

  2. Құқықты жүзеге асырудың нысандары.

  3. Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Құқықты қолдану субъектілері және оларға қойылатын талаптар.

  4. Құқықты түсіндіру ұғымы және оның мақсаты.

  5. Құқықтағы олқылықтар және олардың түрлері.

  6. Құқықтағы олқылықтардың орнын толтыру тәсілдері. Заң ұқсастығы. Құқық ұқсастығы.

1

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

  1. Құқықтық сана ұғымы.

  2. Қоғамның құқықтық санасы. Дербес адамның және топтамалық құқықтық сана. Кәсіби құқықтық сана. Құқықтық сана және ұлттыққ менталитет.

  3. Құқықты жүзеге асыруда және құқық шығармашылығында құқықтық сананың алатын орны және атқаратын рөлі.

  4. Құқықтық мәдениет түсінігі.

  5. Құқықтық тәрбие. Құқықтық нигилизм түсінігі.

1

Заңдылық және құқықтық тәртіп. Заң алдындағы жауаптылық.

  1. Заңдылық ұғымы және оның мәні.

  2. Заңдылықтың кепілдемелері ұғымы, түсінігі және жүйесі.

  3. Заңдылық және мемлекеттік құрылым нысандары.

  4. Құқықтық тәртіп туралы ұғым.

  5. Конституциялық заңдылық – заңдылық пен құқықтық тәртәптәң негізі.

1


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР

СӨЖ сипаттамасы



Тақырыбы

Мақсаты және мазмұны

Әдебиеттер тізімі

Балл

Орындау мерзімі

Бақылау нысаны

Мемлекет және құқық теориясының пәні және түсінігі.

Заң ғылымдарының ішінде мемлекет және құқық теориясының алатын орнын ұғындыру.

Пәннің атқаратын қызметтерін басқа пәндермен салыстырмалы түрде конспектілеу.



Булгакова Д.А. Теория государства и права (учебно – методическое пособие), Алматы, Данекер, 2001.

Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.



1

1-апта



Жазбаша

Мемлекет ұғымы, оның мәні.

Мемлекетті саяси ұйым ретінде дәлелдеу.

Ойшылдар мен ғалымдардың мемлекетке берген анытамаларын саралап, талдау.




Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы, Жеті Жарғы, 2003.-296б.

АғдарбековТ. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы. НАС баспасы, 2003.-328б.

Баққұлов Құқық негіздері. Оқулық.- Алматы, 2004.-248б.


1

1-апта


Жазбаша


Мемлекеттің пайда болуы

Мемлекеттің пайда болуы туралы түсініктерді саралау. Мемлекетің шығу теорияларын жинақтап, шындыққа жанасатын теориялар туралы тұжырым жасау

Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы. НАС баспасы, 2003.-328б.

Баққұлов Құқық негіздері. Оқулық.- Алматы, 2004.-248б.



1

3-апта

Кесте

Мемлекеттік билік



Билік тармақтарының атқаратын қызметтеріне қарай талдап, жүйелеу.Демократия ағашын тұрғызу.

Конспект.





Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы. НАС баспасы, 2003.-328б.

Баққұлов. Құқық негіздері. Оқулық.- Алматы, 2004.-248б.



1

4-апта

Жазбаша

Мемлекет тұрпаты (нысаны)


Мемлекеттік құрылым, мемлекеттік басқару және саяси режим ұғымдарын түсіндіру.

Мемлекеттік нысан элементтерін мысалдар келтіре отырып, саралау.




Теория права и государства. Под. Ред. В.В. Лазарева. – М.: 1997,

Чиркин В.Е. Государствоведение: Учебник.- М.: 1999.

Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Учебник.-М.: Проспект, 2000.-304с.

Черданцев А.Ф. Теория государства и права: Учебник.- М.: 2000.

Дулаьбеков Н., Амандықов С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері: 2001.-244б.

Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.-Оқулық.- Алматы, Жеті Жарғы,2001.-624б.



1

5-апта

Кесте

Мемлекеттік аппарат (механизм)


Қазіргі кездегі мемлекеттік аппарат қызметтерін салыстырмалы талдау түрінде түсіндіру.


Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

АшитовЗ.О. т.б. Егеменді Қазақстанның құқығы. Алматы, 1997.



1

6-апта

Кесте

Ұсыныс жасау




Мемлекет қызметтері (функциялары).

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын ұғыну.

Мемлекеттің түріне қатысты қызметтерінің өзгеруі мүмкін бе? Сауалына жауап беру.

Мемлекеттің қызметтерін жіктеу.



Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

Парламент и законодательная власть Казахстана: Монография. /Отв.редактор А.А.Таранов/.- Алматы, Жеті Жарғы, 1996.


1

7-апта

Ауызша


Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекеттің идеясының қалану кезеңі. Құқықтық мемлекеттің артықшылы.

Құқықтық мемлекеттің қағидаттарын іске асыруда кездесетін кедергілер.



Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан.// Государство и право, 1992, №8.


1

7-апта

Ауызша
Қағидаттарын жазбаша талдау.

Құқық ұғымы


Құқықтың заңдылық анықтамасы.

Құқықтың негізгі белгілері.

Құқықтың негізгі атқаратын қызметтерін ұғыну. Глоссарий 15


Газизова Н.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, 2004, №3.

Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары. Алматы, Ғылым, 1999.Соколов А.Н. Правовое государство. Идея, теория, практика. – Курск, 1994.

Винсент Р.Д. Адам құқықтары және халықаралық қатынастар. Алматы, Жеті жарғы, 1998.- 255б.


1

8-апта

Жазбаша


Құқықтың мәні

Құқық пен моральдің арақатынасын салыстыру.


Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы:

Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.



1

9-апта

Кесте

Құқық нормасы

Құқық нормасының элементтері. Диспозиция, гипотеза, санкцияға мысалдар келтіру. Олардың бір – бірімен байланысын көрсету.


Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М.: 1997.

Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. М.: 1997.

Кашанина Т.В. Происхождение государства и права. М.: 1999.


1

10-апта

Жазбаша

Құқық негіздері (қайнар көздері).

Құқықтың қайнар көздерін жіктей отырып,

жекелей талдау жасау.

Нормативті – құқықтық акті дегеніміз не? Оған не жатады, олардың бір – бірінен айырмашылығы неде? Деген сауалдарға жауап әзірлеу.


Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.


1

10-апта

Ауызша, жазбаша нормативті актінің анықтамасы, түрлері

Құқық жүйесі және құқықтық жүйе:

Құқық жүйесі және құқықтық жүйенің арақатынасы және айырмашылығын анықтау.



Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.


2

11-апта

Қысқаша конспект.


ұқық шығармашылығы

Құқық шығармашылығы дегенімізді қалай түсінесің?

Құқықты кімдер жасайды немесе құқықшығармашылық субъектісі кім?

Заң дегеніміз не? Оның ролі қандай?

Заңның қабылдану тәртібі қандай?

Заңға өзгерістер мен толықтырулар қандай тәртіппен енгізіледі?

Конституциялық заң дегенімізді қалай түсінесің?

Жай заңдар дегеніміз не? Аталмыш сауалдарға жауап беру, өз тұжырымын жасау.


Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.


2,5

12-апта

Жазбаша



қықтық қатынастар

Құқықтық қатынастар анықтамасы, субъектісі және объектісі. Құқықтық қатынастарға түсу үшін тұлғалар неге ие болуы керек?

Құқықсубъектілік дегеніміз не?

Әрекет қабілеттілікті шектеуге бола ма?

Қорғаншы мен қамқоршының арасында қандай айырмашылық бар?



Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

13-апта

Жазбаша

Мысалдар келтіру



Құқықты жүзеге асыру

Құқықты жүзеге асыру дегенімізді қалай түсінесің?

Сен өз құқығыңды қалай жүзеге асырасың, оны жүзеге асыруда қандай кедергілерге тап болдыңыз?




Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

13-апта

Конспект

Эссе


Құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтар.



Құқықтық нормаларды талдау.

Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

14-апта

Мысалдар келтіру, талдау

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет арақатынасы.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда қандай қиыншылықьар болуы мүмкін, оны жеңудің жолдарын ұсыныңыз?




Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

14-апта

Ауызша

Заңдылық және құқықтық тәртіп.

Термин сөздіктерден анықтамасын табу.

Құқықтық тәртіпке мысалдар келтіру.



Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

15-апта

Мысалдар келтіру жазбаша.

Ауызша қорғау.




Құқыққа сай мінез – құлық, құқық бұзушылық, заң алдындағы жауаптылық


Құқық бұзушылық және заңдылық жауапкершілік ұғымдарының мазмұнын ашу. Әр түрлі жағдаяттарды мысалға келтіру.


Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.



1

15-апта

Жазбаша

Ауызша ситуациялар шешу.





6 ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТА

№3 Кесте



Тақырып

Көрнекі құралдар

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар

Тексеру нысаны

Дәріс сабақтары

Семинар сабақтары

1

2

4

5

6

Мемлекет және құқық теориясының пәні және түсінігі

Мемлекет және құқық теориясының пәні және түсінігі

Кестелер

Слайдтар


Мемлекет және құқықтың өзара байланыстылығы.

Мемлекет және құқық теориясының бірыңғай ғылым ретінде қарастырылуы.



Ауызша жауаптар

Мемлекет ұғымы, оның мәні



Мемлекет ұғымы, оның мәні



Кестелер

Слайдтар


Мемлекет ұғымдарының сан алуандылығы.

Мемлекет туралы айтқан ойшылдар және олардың ойларын салыстыру, ұқсастығы мен айырмашы-лығын табу.



Салыстырмалы талдау

Мемлекеттік билік


Мемлекеттік билік


Кестелер

Слайдтар


Биліктік қатынастар – қоғамдық қатынастардың айрықша түрі екендігін дәлелдеу

Топтық жұмыс. Презентация

Мемлекет тұрпаты (нысаны)


Мемлекет тұрпаты (нысаны)


Кестелер

Слайдтар


Мемлекет және оның тұрпаттарының өзгеруіндегі сабақтастық. Осы заманғы мемлекеттерді саралаудың теориялық жолдары.

Коекспен жұмыс жасау. Жағдаятарды шешу.

Мемлекеттік аппарат (механизм)

Мемлекеттік аппарат (механизм)

Кестелер

Слайдтар


Мемлекеттік аппарат – мемлекеттік қызметті атқарудың құралы.

Презентация

Мемлекет қызметтері (функциялары). Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны.

Мемлекет қызметтері (функциялары). Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны.

Кестелер

Слайдтар


Мемлекет қызметтерінің байланыстылықтары мен өзара ықпалдасулары.

Топтық презентация

Құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет


Кестелер

Слайдтар


Құқықтық мемлекет туралы ой – пікірдің шығуы, дамуы және олардың авторлары.

Жағдаяттарды шешу.

Кодекспен жұмыс



Құқық ұғымы және оның мәні


Құқық ұғымы және оның мәні


Кестелер

Слайдтар


Құқыққа анықтама берудің проблемалары.

Құқық туралы марксистік, психологи-ялық, нормативтік, табиғи – құқықтық, әлеуметтік, синергети-калық негізгі көзқарастар



Қылмыстық Кодекспен жұмыс. Глоссарий.

Құқық нормасы


Құқық нормасы


Кестелер

Слайдтар


Құқық нормасының логикалық құрылымы.

Құқық нормасының құрамдық бөлшектерінің бай-ланыстықтары.



Көзқарасын білдіру. Конспект.

Құқық негіздері (қайнар көздері)

Құқық негіздері (қайнар көздері)

Кестелер

Слайдтар


Құқық пен заңның арақатынасы.

Глоссарий. Ауызша жауап.

Құқық жүйесі және құқықтық жүйе


Құқық жүйесі және құқықтық жүйе

Кестелер

Слайдтар


Құқықтық жүйелерді салыстыру, бағалау.

Глоссарий. Ауызша жауап.

Құқық шығарма-шылығы


Құқық шығарма-шылығы


Кестелер

Слайдтар


Құқық шығармашы-лығы және құқықтың

жасалу


процессі туралы мәселелер.

Глоссарий. Ауызша жауап.

Құқықты жүзеге асыру. Құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтар.


Құқықты жүзеге асыру. Құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтар.

Кестелер

Слайдтар


Құқықты жүзеге асыру – процесс және нәтиже ретінде дәлелдеу.

Құқық қолдану актілерінің орындалу барысында кездесетін жағдайлар.



Глоссарий. Ауызша жауап.

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Құқықтық сана және құқықтық мәдениет



Кестелер

Слайдтар


Құқықтық санадағы сабақтастық.

Құқықтық нигилизм мен құқықтық көпірмешілікті болдырмау, оны жеңудің жолдары.



Глоссарий. Ауызша жауап.

Заңдылық және құқықтық тәртіп. Заң алдындағы жауаптылық.


Заңдылық және құқықтық тәртіп. Заң алдындағы жауаптылық.


Кестелер

Слайдтар


Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың арақатынас-тылығы.

Осы заманғы мемлекеттерде заңдылықтың деформация-лануы, оның болу себептері, түрлері және оларды болдырмаудың, алдын алудың, жеңудің жолдары.



Глоссарий. Ауызша жауап.



7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ

Кесте №4



Оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Дана

(экземпляр)



Студенттер

саны


Пайыздық қамтылуы

1

2

3

4

Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

15

4

100

Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М.: 1997.

10

4

100

Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

21

4

100

Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, Заң әдебиеті,2005.-106б.

8

4

100



8 ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995, 30 тамыз.

  2. Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1998, 28 наурыз.

  3. Қазақстан Республикасы Коституциясына берілген түсіндірме сздігі, Алматы, 1996.

  4. Адам құқықтары туралы Халықаралық билль. Алматы, 1998.

  5. Жергілікті өзін - өзі басқару. Құрастырған Дос Көшім. Алматы, 2000.

  6. Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары. Алматы, Ғылым, 1999.Соколов А.Н. Правовое государство. Идея, теория, практика. – Курск, 1994.

  7. Булгакова Д.А. Теория государства и пправа (учебно – методическое пособие), Алматы, Данекер, 2001.

  8. Винсент Р.Д. Адам құқықтары және халықаралық қатынастар. Алматы, Жеті жарғы, 1998.- 255б.

  9. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие.-Алматы, Жеты Жарғы, 2003.

  10. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

  11. Парламент и законодательная власть Казахстана: Монография. /Отв.редактор А.А.Таранов/.- Алматы, Жеті Жарғы, 1996.

  12. Проблема человека и политическое реформирование (юридические, этические, социально – психологические аспекты).- М.: Интитут государства и права Российской Академии наук, 1997.

  13. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Авторлар алқасы: Жоламанов Ж., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К., Алматы, 1998.

  14. Баймаханов М.Т. Проблемы воплощения принципов правового государства в Конституции Республики Казахстан.// Государство и право, 1992, №8.

  15. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

  16. Ашитов З.О. т.б. Егеменді Қазақстанның құқығы. Алматы, 1997.

  17. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995.

  18. Сапарғалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы,1998.

  19. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  20. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.

  21. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М.: 1997.

  22. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. М.: 1997.

  23. Кашанина Т.В. Происхождение государства и права. М.: 1999.

  24. Основы государства и права. М.: 1999.

  25. Газизова Н.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, 2004,№3.

  26. Ізімұлы М. Заңи терминдердің түсіндірме сөздігі. Алматы, Сөздік – Словарь, 2000.- 306 б.

  27. Бабаев В.К., Баранов В.М.,Толстик В.А. Теория права и государства в схемах и определениях Учебное пособие.- М.: 1998.

  28. Табанов С.А. Совершенствование законодательств: теория и опыт Республики Казахстан.-Алматы:1999.

  29. Теория права и государства. Под. Ред. В.В. Лазарева. – М.: 1997,

  30. Чиркин В.Е. Государствоведение: Учебник.- М.: 1999.

  31. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Учебник.-М.:Проспект,2000.-304с.

  32. Черданцев А.Ф. Теория государства и права: Учебник.- М.: 2000.

  33. Дулаьбеков Н., Амандықов С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері: 2001.-244б.

  34. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.-Оқулық.- Алматы, Жеті Жарғы,2001.-624б.

  35. Ибраева А.С., Ибраева Н.С. Теория государства и права. Учебное пособие.- Алматы, Жеті Жарғы,2003.-432с.

  36. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы, Жеті Жарғы,2003.-296б.

  37. Ағдарбеков Т.Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы. НАС баспасы,2003.-328б.

  38. Баққұлов Құқық негіздері. Оқулық.- Алматы, 2004.-248б.

  39. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, Заң әдебиеті,2005.-106б.

  40. Өзбекұлы С., Қарабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы:

Оқулық.-Алматы: Жеті Жарғы, 2006.-264б.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет