Бағдарламасы Барысы: 1 ЖҮргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!



Дата17.11.2023
өлшемі21,4 Kb.
#191946
түріБағдарламасы
Байланысты:
Ұлықтау


«Мектеп Парламенті Президенті» мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы

Барысы:
1 ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-ЖҮРГІЗУШІ: Назарларыңызға, Мектеп Парламенті Президенті мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсімін ұсынбақпыз.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Ендеше, салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
Күй: «Балбырауын» Орындайтындар: Сүндетов Әлішер, Иманғали Әлихан
2-ЖҮРГІЗУШІ: Сап түзел! Тік тұрыңдар!
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына түзеліңдер!!!
2-ЖҮРГІЗУШІ: Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім! 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.
2-ЖҮРГІЗУШІ: 2023 жылдың 22 - 25 қыркүйек күндері аралығында «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасына 25 қыркүйек күні ұйым мүшелері мектеп оқушыларымен ашық кездесіп, өз бағдарламаларымен ой бөлісті.ЖасҰлан ұйымының отырыс шешімімен биылғы жылдың Ұланбасы лауазымына 9б сынып оқушысы Исатай Хамза тағайындалды. Ал 2023жылдың 21 қазанында Мектеп Парламентінің Президент сайлауы өтіп, сайлау қорытындысы бойынша 9 б сынып оқушысы Замирбек Аружан 81 дауыс жинау нәтижесінде топ жарып,Мектеп Президенті болып тағайындалды.
1-Жүргізуші: Олай болса, «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасы мен Мектеп Президентін құрметпен ортаға шақырайық!
1-ЖҮРГІЗУШІ: Мектебіміздің Ұланбасы мен Көшбасшыларымыз алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып көркейтеді деген сенімдеміз.
Ендеше ұлықтау рәсімінің құттықтау сөз кезегін директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Элмира Мұратқызы мен Майрагүл Нұрымқызына  беріледі.
1-ЖҮРГІЗУШІ: «Жас»ұйымның Ұланбасы мен Мектеп Президентін салтанатты түрде АНТ қабылдауына рұқсат етіңіздер.

1-ЖҮРГІЗУШІ:
Көшбасшылар жарасып сан- салалы,
Шара десе, жиын десе жар салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын, кеңес мүшелерін және топ басшыларын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Қуанышты күндерде кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!

№ 48 ЖОББМ




Мектеп Парламентінің Президенті мен Ұланбасын ұлықтау рәсімі


2023-2024 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет