Бағдарламасы «Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен өткізудің кәсіптік педагогикалық негіздері»



бет2/4
Дата06.07.2018
өлшемі0,63 Mb.
#47604
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мотоатқыштар бөлімшелері?

Дәріс.

Мотоатқыш бөлімшелері – тактикалық бөлімше болып табылады. Ол мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше болып табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып табылады.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшенің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, атқыш-гранататқыш, гранататқыштың атқыш-көмекшісі, аға атқыш және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранататтары болады.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және қозғалысқа (жылжуға) арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз жерлерден, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ атомға қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған .

Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшырауға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез-келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе және жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. ЖҰМ?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

8 тақырып: Мотоатқыштар танкі взводының ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекеті оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Мотоатқыштар танкі взводының ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекетін үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мотоатқыштар танкі взводының ұйымдастырылуы?

Дәріс.

Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.

Жорық реті – бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру мен ұрыс реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін, машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті – лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорық реті – үш лек немесе екі лек бойынша жасалады .

Ұрысқа кіру реті – маңдай шеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қорғанысы тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез екпінінде қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез өтіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып оның жорық реті – лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін – маңдай шеп пен тереңдікте бір-бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі саналады.

Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімше күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, сондай-ақ жергілікті жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ, (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін және лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі сарбаздар арасындағы аралық 6-8 м (8-12 адым), бұл бөлімше шабулының маңдай шебін 50 м-ге дейін құрайды. Жаяу ретте взвод бөлімшелер арасында 50 –ге дейінгі аралықтарда 300 м-ге дейінгі майданда шабуылға шығады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взодының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100 м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді.

Қорғаныста мотоатқыш бөлімшесі майдан бойынша 100 м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ (БТР) – атыс бекінісіне ие болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты бөлім бекінісінің орталығында, қапталда немесе 50 м артта орналасады. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Бөлімше бекінісі арасындағы аралық 50 м-ге дейін болуы мүмкін, ол көрші бөлімшелердің қапталдай және айқастыра атысымен және тірек пунктерінің тереңдігінен атыс бойынша тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдай шеп пен тереңдікте 200 м дейінгі аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін. Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар взводтарының тірек пунктеріне және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен құралады.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ұрысқа кіру реті?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

9 тақырып: Ату негіздері оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Ішкі және сыртқы балистикаға мағұлмат беру ату кезеңінің траектория элементтерімен сызбасымен танысу

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Атыс жүргізу туралы толық мәлімет?

  2. Атыс құбылысы?

Дәріс.

Ішкі баллиятика сұрақтарының ішінен қарудың материалдық бөлігі мен оны күтіп ұстау,сақтау және тексеру ережелерін дұрыс меңгеру үшін, сондай – ақ атыстың ережелері мен тәсілдеріне оқыту кезіндегі қажетті сұрақтар ғана оқып үйретіледі. Ондай сұрақтарға жататындар: атыс құбылыстары және дәрілі газ қысымымен ұңғы арнасынан оқтардың шығуы; оқтың қиратқыш әсері; гранаттың (снарядтың) кумулятивті әсері. Атыс дайындығы атыс міндеттерін нәтижелі орындауда атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке құрамды түрлі жағдайларында өз қаруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі.



Атыс құбылысы: Бастапқы жылдамдықты оқып – үйрету алдында қысқаша кіріспе беру қажет. Бұл кездемынадайкөрнекі құралдыр пайдалануға болады: дәрілі газ қысымының өзгерісі мен ұңғыдағы оқтың қозғалыс жылдамдығын көрсетуге арналған электрленген макет, диафильмдер мен плакаттар.

Осы сұрақты түсіндіре келе мұғалім оқушылардың назарын қаруды күтіп ұстау ережелері мен оны атысқа дайындау ережелеріне аударуы керек. Мысалы, оқушылар атыс кезінде жоғарығы қысымның пайда болуы мен газ температурасы қандай көлемге көтерілетініне көз жеткізіп, бекіту торабының сенімді және тоқтаусыз жұмыс істеуі мен ұңғының тозу себебі туралы қорытынды шығаруы және қаруды дұрыс, уақытында майлап тазалау, оны атыс алдында тексеру маңыздылығын, ұңғыда басқа заттар болуының қауіпін түсінуі қажет. Осы жерде мұғалім қару мен оқ – дәрілерді атыс алдында тексеру және атылмай қалу кезіндегі әрекеттер туралы тұжырым шығарады.

Алғашқы әскери дайындықты өтіп жатқан жастар үшін атыс дайындығы мынандай бөлімдерді қамтиды: атыс негіздері; қарудың материалдық бөлігі; атыстың тәсілдері мен ережелері; қол гранаттарын лақтыру; ұрыстағы бақылау және арақашықтықты анықтау.

Атыс негіздеріне атыс құбылыстары , сондай – ақ оқтың ауада ұшу заңдылығы зерделеніледі. Бұл ату ережелерін меңгеру және қарсыласты ұрыста жеңіліске ұшырату мақсатында қаруды сауатты қолдана білу үшін қажет.

Қарудың материалдық бөлігінде қарудың құрылысы мен тағайындалуы, ұрыстық қасиеті оқытылып – үйретіледі. Қаруды қолдану, түрлі жағдайлардағы атыс кезінде қарудың кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тараудың маңызы зор.

Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрену жергілікті жерде, ауа рай, жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген жағдайында жылжып келе жатқан, я болмаса көз алдында пайда болған немесе қозғалмайтын нысаналарды дәл ата алуға дағдыланып үйрену үшін қажет.

Қол гранаттарын лақтыруға үйрету ұрыс барысында туындаған кез келген жағдайда жақын қашықтықтағы қарулы қақтығыс кезінде түрлі орындардан қол гранаттарын лақтыра білу мақсатына арналған.

Ұрыстағы бақылау мен ара қашықтықты анықтауға үйрету қарсыласты бақылау, нысаналарды табу, оларға дейінгі қашықтықты дәл анықтай алу, көздеу мен көздеу нүктелерін дұрыс таңдау , сондай –ақ қысқа уақыт ішінде атыс тапсырмаларын орындай білу дағдыларын қалыптастыру үшін өткізіледі.

Ату – дәрілі зарядтың жануы негізінде пайда болатын газ қысымымен ұңғы арасынан оқтардың ( снарядтардың, гранаттардың) шығуы. Ату өте аз уақыт ішінде жүзеге асады (0,001-0,06 с ) . Патрон капсюлінің күш түсетін құрамына соққыдан дәрілі зарядты тұтандыратын жалын пайда болады. Дәрілі заряд жанған кезде ұңғы арнасында жоғары қысым тудыратын қатты қызған газдың көп көлемі пайда болады. Газдың қысымымен оқ орнынан қозғалады да , кертікке созылады, бірте- бірте үздіксіз артқан жылдамдықпен ұңғы арнасынан қозғалады да , ұңғы арнасынан осі бойымен сыртқа шығарылады. Оқ соңынан ұңғы арнасынан қызған газ шығады , ауаға кезіккенде ату кезіндегі дыбыс болып табылатын жалын және күшті толқын жасайды. Ұңғы ішіндегі кертік бұранда сияқты орындалатындықтан, оқ ұңғымен келе жатқанда айналмалы қозғалыста болады.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Атыстың ережелері?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

10 тақырып: Атыс қаруынан ату тәсілдері мен ережесі және қол гранатасын лақтыру оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдерінің және жарықшақты қол гранаттарын лақтырудың теориялық негіздерін оқып – үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Әр түрлі қару түрлерінен ату тәсілдері?

Дәріс.

Қазіргі уақытта атыс қаруының барлық түрлері бойынша қажетті әдебиет бар, онда басқа сұрақтармен қатар атыс ережелері де баяндалады. Нысанаы кез келген жағдайда алғашқы кезектен (атыстан) жою өнерін меңгеру үшін атыс ережелері мен тәсілдерін білу қажет.

Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдерінің және жарықшақты қол гранаттарын лақтырудың теориялық негіздерін оқып – үйретудің мақсаты – оқушылардың практикалық қолдануында бастапқы дағдыларын қалыптастыру.

Әр түрлі қару түрлерінен ату тәсілдері бір – біріне ұқсас болады. Оларды мына жүйелілікпен оқып – үйренген жөн: оқжатарды патрондармен жабдықтау және патрондарды одан алып тастау – қаруды оқтау және оқсыздандыру, атуға оңтайлану, жатып (қолдан, тіреуден), тізерлеп отырып, әр түрлі тасалар артынан, оқпанадан тұрып, жүріп келе жатып, қысқа фялдама жасап атыс жүргізу және тоқтату.

Оқушыларды оқжатарды патрондармен жабдықтауға үйрету кезінде оларды жаттығу, оқсыз және ұрыстық патрондарды ажыратуға және байқау жүргізуге үйрету қажет. Бұл кезде оқушылардан жарамсыз патрондарды қолданбауын және оқжатарды жабдықтауын білуді талап ету керек.

Оқ ушылар оқжатарды дұрыс жабдықтауға үйренген соң, тәсілдерге үйретуге кірісуі қажет.

Ұрыстық қаруының (гранатаның ) жоқ болуы мұғалім мен оқушылардың оқылып жатқан сұрақтарға үстіртін қарауға және сабақта атыс жүргізу ережелері мен жарықшақты қол гранаттарын лақтыру талаптарын сақтамауға себеп болмауы керек.

Оқып – үйрену сапасын бағалау үшін келесі білім деңгейлерін ұсынамыз.

Оқушылар тарау материалын оқып – үйреніп, мыналарды білуі тиіс.


  • Атыс қаруынан (кіші калибрлі винтовкадан, автоматтан, пулеметтен), гранататқыштан атыс жүргізу және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шараларын;

  • Автоматтан (пулеметтен) атысқа оңтайлануды;

  • Көздеуішті, автомат (пулемет) дүмін қондыруды, көздеуді, шүріппені басуды;

  • Атысты тоқтату ретін;

  • Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдерін;

  • Әуе нысаналарын ату тәсілдерін;

  • Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдерін;

  • Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтауды.

Бұл кезде оқушылар мыналарды істеуі тиіс.

  • Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу, (атысқа оңтайлану, көздеу және шүріппені босату) тәсілдерін орындауды;

  • Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу тәсілдерін орындауды;

  • Атыс жүргізу үшін жатып, тізерлеп тұрып, тұрып атудың жағдайларын қабылдауды;

  • Гранатты бір орында тұрып лақтыруды;

  • Нысанаға дейінгі арақашыұтықты анықтауды (көзбен, дүрбімен, сызғышпен).


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Оқушыларды оқжатарды патрондармен жабдықтауға үйрету?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

11 тақырып: Атқыш қару, қол гранатының құрылысы олардың күтімі мен сақталуы оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Атқыш қаруын, және гранат құрылысын күтіу және сақтауын түсіндіру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Гранттарды қолдану, күту және сақтау

Дәріс.

Гранттарды қолдану, күту және сақтау

Гранттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізіледі. Жәшікке гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болды. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетілді.

Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкелерде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранттан бөлек орналасады, олар немесе таза шүберекке орналасуы тиіс.



Тұтандырғыш құрылысы

Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:



  • Сақтандырғыш – түйрегіш механизмінен;

  • Нысана бергішінен;

  • Қашықтық құрылғысынан;

  • Қашықтықтан шүріппені қайыру механизмінен;

  • Детонатор торабынан.

Гранат лақтырылған соң капсюль – тұтандырғыш түйреуіші тұтандырғыштың жұмыс істеу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақтандырғыш – түйрегіш: шанышқыдан, иінтіректен, бітеуіштен, тақтайшадан және капсюльден тұрады.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тұтандырғыш құрылысы

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

12 тақырып: Сапта жүру, сапта жүру тәсілдері мен қозғалысы. Бөлімше мен Взводтың сап түзеуі оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Сапта жүру тәсілдері мен қозғалысын үйрету?

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Саптық тәсілдер?

Дәріс.

Саптық қалып «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екi жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.

Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.

Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.

«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.

«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.

«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.

Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін – «Бас киімді – КИ» деген команда беріледі.

Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады

Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.

Орнында бұрылулар

Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.

Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.

Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:

бірінші тәсіл – дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;

екінші тәсіл – қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.



Қозғалыс

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 70-80 см.

Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.

Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады. Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен – БАС» командасы бойынша басталады.

Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым – БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.

Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.

Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Саптық адыммен қозғалыс жасау

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре – БАС» командасы бойынша басталады.

Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.

Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым – БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – БАС» (қозғалыста – «Орныңда») командасы бойынша жасалады.

Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.

Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов – Тоқта».

Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.

Қозғалыста бұрылулар

Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла – БАС».

Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.

Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.

Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.

Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Саптық адыммен қозғалыс жасау

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

13 тақырып: Ішкі қызмет жарғысы. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы. Тәртіп жарғысын оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары туралы толық мәлімет беру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ішкі қызмет жарғысы?

  2. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы?

  3. Тәртіп жарғы?

  4. Саптық жарғы?

Дәріс.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.

Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,

басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының


ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.

Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының САПТЫҚ ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыныңТӘРТІПТІК ЖАРҒЫСЫ

Осы Жарғы әскери тәртіптің түсінігі мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу, тәртіптік комиссиялардың жұмыс тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.

Әскери қызметшілер өздерінің әскери атақтарына, қызметтік жағдайына және сіңірген еңбегіне қарамастан, осы Жарғының талаптарын қатаң басшылыққа алуы тиіс.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ішкі қызмет жарғысы?

  2. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы?

  3. Тәртіп жарғы?

  4. Саптық жарғы?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

14 тақырып: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстарды оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Жаяу әскерге танкігке қарсы миналар туралы мәлімет беру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бұрылыстардың екі тәсілде орындалады?

Дәріс.

Оқушылар орнында тұрғандағы бұрылыстарды саптақ тұрыста машықтанған соң үйренеді, өйткені оның негізінде ғана осы тәсілдерді дұрыс меңгеруге болады.

Мұғалім сабақтың басында орнында тұрғандағы бұрылыстарды оқушылар жекелей, барлық сабақтарда, мұғалімге келгенде және одан кеткенде, сондай – ақ сапқа тұрған кезде орындайтындықтарын түсіндіреді. Бөлімше, взвод ретінде жасақталған оқу тобы саптақ тәсілдерді сабақта, сондай – ақ сапта тұру мен қозғалыс кезінде де орындайды.

Меңгеру жүйелігін де ұстана білу қажет, яғни оңға бұрылыс, солға және артқа бұрылу, содан кейін бұрылыстар жарты айналымда оңға және солға. Мұғалім орнында тұрғандағы бұрылыстарды үйрету үшін бөлімшені (взводты) екі адым аралықпен бір қатарға тұрғызады. Саптың ортасына шығып, белгіленген қарқынмен тұтастай бұрылыста көрсетеді. Содан кейін бұл тәсілді алдын ала және орындалатын пәрмендер бойынша әрекет ету ретін түсіндіре отырып, баяу қарқынмен көрсетеді. Тәсілді бөліп көрсете отырып, артқа және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:


  • Бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы аяққа денеің салмағын салу керек;

  • Екінші тәсіл – қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.

Үйренуші саптық тәсілді бөлім бойынша көрсете отырып, “оңға, бөліктер бойынша жаса – бір, жаса - екі” – деп пәрмен береді.

Бірінші тәсіл бойынша оң қол жаққа оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып, дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей, дененің салмағын салу керек. Артта тұрған аяқтың өкшесі мен алдыңғы жақтағы аяқтың ұшы бұрылыс аяқталған соң, өкше табан еніне жететіндей болып тұратындай жазылуы тиіс. Қол саптық тұрыстағыдай қалыпта тұруы қажет. “Бір” тәсілін қате немесе нақты орындамаған кезде “Тоқтат!” пәрмені беріледі. “Екі тәсілі бойынша қысқа жол арқылы тізені бүкпей солаяқты қою керек. ”



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Бұрылыстар неше тәсілмен орындалады?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

15 тақырып: Жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар. Мина – жарылғыш бөгеттер. Инженерлік құрылысын оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар. Мина – жарылғыш бөгеттер. Инженерлік құрылысын үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мина жарылғыш бөгеттер?

Дәріс.

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу, маневрін қиындату, тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату, өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Инженерлік бөгеттер ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қарсыласқа әсер ету сипаты мен қолданылатын құралдарына қарай инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын және аралас бөгеттер болып сараланады, олар танкіге қарсы, жаяу әскерге қарсы десантқа қарсы болады.



Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы (шоғыры) мен жеке миналар түрінде жасалады.

Мина – жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар, бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғыш заттың заряды.

Миналар – танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын істен шығару, қарсыластың адам күшін жою, әр түрлі объектілер мен басқа да нысаналарды қиратуға арналады.

Минаның негізгі элементтері:

  • Жарылғыш заттың заряды;

  • Жарылғыш;

  • Қозғалтқыш құрылғысы;

  • Корпус.

Минадағы жарылғыш заттың заряды жою немесе объектіні негізгі қирату қуатын таратушы болып табылады.

Заряд 2 (екі) бөлшектен:

  • Негізгі зарядтан;

  • Аралық детонатордан тұрады.

Жарылғыш минадағы жарылғыш заттың зарядын қыздыруға арналған. Ол бір – біріне қосылған соққыш – ағытқыш механизм мен тұтандырғыштан тұрады.

Қозғалтқыш құрылғысы сыртқы әсерін қабылдау және оны мина жарылғышына жеткізу үшін қызмет етеді.

Қозғалтқыш құрылғысына жататындар:

  • Үстінен басу қақпағы;

  • Қазықша;

  • Керме сым;

  • Басқару сымдары және т.б.

Мина корпусы жарылғыш заттың заряды мен жарылғышты механикалық зақымданудан сақтауға және орналастыруға, ал жаяу әскерге қарсы жарықшақты миналардың корпусы, сонымен қатар қарсыластың тірі күшін корпус жарықшақтарымен жоюға арналған

Қазіргі заманғы миналардың корпусы металдан, ағаштан, пластмассадан және басқа материалдардан жасалады.

Танк жүріп келіп минаны басқан кезде танкіге қарсы мина корпусының қақпағы жарылғышқа күш салу элементі болып табылады.

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Минаның негізгі элементтері?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

16 тақырып: Ұрысты инженерлік қамтамасыз ету оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Мина жарылғыш бөгеттерді барлау шабуыл мен қорғанысты инженерлік қамтамасыз етуді оқыту

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Бөлімшелермен шешілетін мейлінше маңызды және күрделі міндеттер?

Дәріс.

Бөлімшелермен шешілетін мейлінше маңызды және күрделі міндеттердің бірі – мина – жарылғыш бөгеттерден өту болып табылады.

Ұрыс жағдайы мен мина – жарылғыш бөгеттердің орналасуы орнына байланысты бұл міндеттер келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: бөгеттердегі өтпелерден өту; жеке миналанған алаңдарды түсіру; жолдарды, елді мекендерді және жекелеген объектілерді минасыздандыру; жергілікті жерді тұтастай минасыздандыру:

Бұлардың ішінде едәуір кең таралған түрі – бөгеттерден өтпелер жасау болып табылады.

Миналанған алаңдардағы өтпелер мынандай тәсілдер арқылы жасалуы мүмкін.


  • Механикалық тәсілмен – КМТ – 5М, КМТ – 6 және басқа да миналы тралдар көмегімен өтпелер шегінен алып тастау немесе миналарды жою тәсілі;

  • Жару тәсілімен – реактивті қозғалтқыштар көмегімен немсесе тралы бар танкімен сүйреу арқылы ұрыстың миналанған алаңдарына берілетін ұзартылған зарядтар көмегімен оларды қопару жолымен миналаррды жою;

  • Қолекі тәсілімен – мина іздеуішпен және түрткішпен іздеу, оны көмілген жерінен тармақты ілгекпен суырып алу және өтпе жолдан аулақта жою.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Мина жарылғыш бөгеттерді барлау

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж

  2. Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл

  3. Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл

17 тақырып: Жергілікті жерді бағдарлау оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Азимут бойынша қозғалу матшрутын анықтау

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Адринов компасын?

  2. Азимут бойынша қозғалыс?

Дәріс.

Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім міндетті түрде оқушыларға жергілікті жерде бағдарлама және кез келген жағдайда берілген бағыт бойынша жылжи білу қажеттілігін, компасты дұрыс пайдалануды түсіндіреді.

Сабақтың негізгі бөлімінде оқушыларға жергілікті жер туралы мәлімет беру, керек, өйткені жергілікті жер бөлімшелердің әрекеттеріне елеулі ықпал етеді. Кейбір жағдайларда жергілікті жер ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде ,табысқа жетуге және қару мен ұрыс техникасын тиімді пайдалануға ықпал етеді, ал кейбір басқа жағдайларда кедергі жасайды.

Қазіргі уақыттағы ұрыс жүргізудегі жергілікті жердің рөлі өсіп отырғанына оқушылардың назарын аударған жөн.

Мұғалім мүмкіндігінше жер бедерінің пішіні туралы, бағдарлану мен жергілікті жерде бағдарлануға жалпы түсінік беруі тиіс сонымен бірге жергілікті заттардың белгілері және аспан денелері бойынша көкжиек тұсын анықтау тәсілдерін көрсетеді.

Азимут бойынша қозғалыс

Адрианов компасын, компастың макеті мен сызбасын пайдалана отырып, оқушыларды компастың құрылысы және онымен жұмыс істеу ретімен таныстыру қажет.

Компастың жарамдылығын анықтау үшін, оның магниттік меңзерінің сезімталдығын тексеру керек. Бұл үшін жұмыс жағдайында тұрған компасқа қандай болмасын металды затты алып келеді де, содан кейін алып тастайды. Егер магнит меңзері әрбір ауытқудан соң бұрынғы есептеуді дұрыс көрсете, яғни оның сезімталдығы жеткілікті болғаны. Компаспен жұмыс істеу кезінде, мынаны әрқашан есте сақтау керек, күшті электрмагниттік өрістердің немесе жақын орналасқан металды заттардың әсерінен меңзер магниттік меридиан бағытынан ауытқып кетеді. Сол себепті көкжиек тұстарын анықтау кезінде электр беріліс желілерінен, темір жол бойының төсеміменжәне ірі металл заттардан, жаяу әскердің ұрыс машинасынан 50 – 60 м аулақ кету керек.

Оқушыларға компас арқылы көкжиек тұстарын қалай анықтауға болатынын көрсетіп және әңгімелеп беру қажет.

Компаспен жұмыс істеу мен көкжиек тұстарындағы бағытты анықтау тәсілдерін оқушылар мұғалім бақылауымен өз беттерінше орындауға қиналатын болса, онда әрекет ету ретін тағы бір лет жекелеп түсіндіреді де, оқушылардың компаспен жұмыс істеу ретін түсінгендіктері мен көкжиек тұстарындағы бағытты анықтай алатындықтарына көз жеткізіледі.

Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығы жүріп өткен жолдың шамамен 1/10 құрайды. Оқушыларды бөгетті айналып өтуге жекеленген тапсырмалар бойынша, азимут бойынша қозғалыс маршрутынан бөлек үйретуге болады. Ол үшін жергілікті жерде шартты түрдегі бөгеттер белгіленіп, оларды айналып немесе басып өту әрекеттері көрсетіледі.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығын білу?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

18 тақырып: Жараққаттарға жалпы түсінік беру оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Жарықшақты қол гранаттар түрлерін қолдануын үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жарықшақты қол гранаттарының ұрыстық қасиеті және арналуы?

Дәріс.

РГН шабуылдағы қол гранаты мен РГО қорғаныстағы қол гранаттары жергілікті жердің түрлі жағдайды мен жылдың кез келген мезгілінде +50°C – тан - 50°C – қа дейінгі ауа температурасында шабуылда, қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.



Гранаттардың құрылысы

РГН және РГО қол гранаттары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар гранаттардан тұрады.

РГН және РГО қол гранаттарының корпусы жарылғыш қоспа, тұтандырғыш құты орналастыруға, сондай – ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналғанү

РГН қол гранатының корпусы алюминий қоспадан жасалынған, екі жарты шардан тұрады.

РГО қол гранатының корпусында сыртқы жарты шарлардан басқа екі ішкі жарты шарлар да болады.

Тұтандырғыш құрылысы

Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:



  • Сақтандырғыш – түйрегіш механизмінен;

  • Нысана бергішінен;

  • Қашықтық құрылғысынан;

  • Қашықтықтан шүріппені қайыру механизмінен;

  • Детонатор торабынан.

Гранат лақтырылған соң капсюль – тұтандырғыш түйреуіші тұтандырғыштың жұмыс істеу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақтандырғыш – түйрегіш: шанышқыдан, иінтіректен, бітеуіштен, тақтайшадан және капсюльден тұрады.

Қол гранаттары

Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстағы (шабуылда, оқпанда, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:


  • РГД – 5 қол гранаты;

  • Ф-1 қол гранаты бар.

Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД – 5 және Ф-1 мен РГО – қорғаныстағы гранаттарға жатады.

Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті

РГД – 5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.

Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40 – 50 м.

Жабдықталған гранаттың массасы – 310 г.

Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.

Гранттың құрылысы

РГД – 5 жарықшақты қол грататы тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылатын зарядын тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай – ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Корпустың төменгі бөлгілі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.

Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.

Гранат тұтандырғышы (жаңғыртырылған қол гранатының үйлестірілген тұтандырғышы) жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады
Ф-1 жарықшақты қол гранатының құрылысы, ұрыстық қасиеті және арналуы

Гранттың ұрыстық қасиеті мен арналуы

Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекеті гранат. Ол көбіне қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден (өздігінен жүретін артилериялық қондырғыдан) лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200 м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35 – 45 м. Жарақталған гранат массасы – 600 г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.



Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жарықшақыт қол гранаттарының арналуы, құрылысы?

Ұсынылған әдебиеттер.

  1. «Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.

19 тақырып: Жаяу әскердің ұрыс машинасын оқыту әдістемесі



Дәріс мақсаты: Жаяу әскердің ұрыс машинасын қолдануды үйрету

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. ЖҰМ туралы мәлімет?

Дәріс.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және қозғалысқа (жылжуға) арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз жерлерден, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ атомға қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған (8-сурет).



Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшырауға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез-келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе және жоғары қарқынмен шабуылдай алады.



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет