Бағдарламасы «бастау бизнес»


SMART бойынша мақсаттар критерийлері



бет13/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия
andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy, andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy, мінездеме

SMART бойынша мақсаттар критерийлері:





S

Specific

Нақты

Түпкі нәтиже қандай? Жүзеге асыру нышандары?

M

Measurable

Өлшемді

Қанша?

A

Achievable

Қолжетімді

Мүмкін бе?

R

Relevant

Маңызды\іске қатысты

Қажет пе?

T

Time-bound

Мерзімі шектелген

Қашан?



Тайм-менеджмент – өзіндік уақыт ресурстарын жедел жоспарлау, бақылау жүргізу болып табылады. Өз уақытын тиімді пайдаланатын адамдар қызықты өмір сүріп, өз жұмысын аз уақыт шығынымен жасайды.
Тайм-менеджменттің әдістерін тиімді пайдалану – шұғыл әрекеттер арқылы көп жұмыс жасау немесе өнімділікті жоғарылатуды көздемейді. Мұнда «уақыт то- наушыларын» жойып және керек емес міндеттерден арылу арқылы жеке тиімділік- ті жоғарылату туралы сөз болады.
Уақытты текке жоғалту «уақытты тонаушыларға» байланысты, бұларға күні бойы өзіміз істейтін, орынды екеніне мән бермейтін, жүздеген мәнсіз, ұсақ істерді жатқызуға болады: поштаны жиі тексеру, әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен ақпараттарды қарау, әріптестермен мән-мағынасы жоқ әңгімелер.
Адамның істің негізгі мақсатынан ауытқуға бейімдігі маңызды әрі қажет ша- раларды «жақсы күндерге», яғни кейінге қалдырғысы келетіндігімен түсіндіріледі. Парето принципі – әлеуметтанушы Вильфредо Парето енгізген эмпирикалық қағида, жалпы алғанда «іске 20% күш салу 80% нәтиже береді, ал қалған 80%
күш-жігер тек 20% нәтиже береді» дегендей қалыптастады.
Уақытты басқаруға қосымшада бұл қағида былай көрініс тапқан:
Істің 20%-і (және кеткен уақыт) 80% нәтиже береді; істің 80%-і (және кеткен уақыт) 20% нәтиже береді. Осыған байланысты, алдымен, істің жоғары нәтиже бе- ретін 20% бөліп алып, содан бастау керек.
Басымдықты тиімді орналастыру үшін тағы бір құрал «Эйзенхауэр матрицасы» деп аталады. Саяси және әскери қызметкер, АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр өте табысты адам болып, барлық ағымдағы істерді 4 санатқа бөлген:

  • Шұғыл және маңызды;

  • Маңызды, бірақ шұғыл емес;

  • Шұғыл, бірақ маңызды емес;

  • Маңызды да емес, шұғыл да емес.

Бірінші санат: Шұғыл және маңызды – ең алдымен, бүгін және қазір істейтін істер: оларды кейінге қалдыру болашақта көптеген қиындықтар туғызады. Оларды бағыныштыларға беруге болмайды – оны өзіңіз дереу жасауыңыз керек.
Екінші санат: Маңызды, бірақ шұғыл емес істер. Назар аударыңыз, сіздің күш-жігеріңіз осында жұмсалуы тиіс!
Бұл – матрицаның ең тиімді секторы. Сіз мұнда шын мәнінде ойланып, жоспар- лап, нақты істермен айналысасыз.
Үшінші санат: Шұғыл, бірақ маңызды емес – олар сіздің көп уақытыңызды алуы мүмкін. Сондықтан ондай істерді басқа біреуге беруіңізге болады.
Төртінші санаттағы істерді (маңызды да емес, шұғыл да емес) күнделікті тізімнен қорықпай сызып отырсаңыз болады.
«Эйзенхауэр матрицасы» негізінде күнделікті кестені толтырып отырсаңыз бо- лады.





Істер

Шұғыл істер

Шұғыл емес істер

1




Маңызды істер

Кризисті жағдайларды шешу, басты жобалар



Жаңа мәселелерді жоспарлау, қарым-қатынас орнату

2


Маңызды емес істер

Іскерлік қоңыраулар, хаттар, мәжілістер

Ұсақ ағымдағы жұмыстар, уақыт тонаушылар

Жалқауланбай осы қарапайым кестені толтырып, өзіңіздің күніңізді жоспарлау жүйесіне енгізсеңіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   316




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет