Бағдарламасы бойынша сабақ. Сабақ жоспары: Химия. 1 сынып ч. Оңтүстік Қазақстан облысы


Жаңа тақырып мазмұнымен таныстыру. «Спирттер»



бет3/3
Дата05.02.2023
өлшемі3,29 Mb.
#167537
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Кембридж бағдарламасы бойынша сабақ
металдар мен куймалар
3.Жаңа тақырып мазмұнымен таныстыру. «Спирттер». 5 мин.
Жаңа сабақты түсіндіру үшін миға шабуыл сұрауларын қоя отырып,оқушыларға мәліметтер беру.Оларға спирттердің жалпы формуласын айта отырып, мысалдар келтіру.Қасиеттері,алыну жолдары туралы қысқаша түсіндіріп өту.Тірек-сызбалар бойынша бағыт-бағдар беру.










Бекіту.20 мин.Дайындалып талдауға 10 минут,қорғауға 10 минут.Оқушылар жаңа тақырыпты толық түсіну үшін оларға оқулықпен жұмыс жасау тапсырмалары беріледі.3-4 оқушыға бір қалпақтан беріледі,түсіндіріледі.

«Ақ қалпақ» киген оқушы оқулық бойынша спирттер туралы білетін ақпаратын айтады.Ол спиртердің формуласын,қасиеттерін айтады.

«Сары қалпақ» киген оқушы спирттердің пайдасы туралы айтады.Этил спиртінің қолданылуын түсіндіреді.

«Қызыл қалпақ» киген оқушы спирттердің адам ағзасына зиянын,әсерін рольдік ойын арқылы көрсетеді,яғни эмоцияны көрсетеді.Ролге кіре отырып,мас адамның образын көрсетеді.

«Жасыл қалпақ» киген оқушы спирттер туралы қандай қосымша мәліметтер білетінін айтады.Оқушылар желі мәліметтеріне сүйенуге болады.

«Қара қалпақ» киген оқушы спирттердің барлық жағымсыз әсерлерін,яғни зиянын түсіндіріп береді. Жасөспірімдерге алкогольдің әсерлерін түсіндіреді.

«Көк қалпақ» киген оқушы барлық айтылған ойларды қорытындылайды, яғни барлық қалпақтарды кие алды ма деген сауалға жауап береді.Әр қалпақтың айтқан пікірлерін сараптап,өз ойын айтады,қалдырып кеткен жерін айтады.

Сабақты қорытындылау.Өзара бағалау.Топтар бір-біріне өз пікірлерін айтады(5 минут).Мұғалім өз бағасын үй тапсырмасы бойынша жазбаша тапсырмаларды және жаңа сабақты бекіту тапсырмасын қорытынды жасай отырып,бағалайды.

Кері байланыс(2 мин).Оқушыларға сабақ туралы сұрақтарын жазып,салуға қорап беріледі.Олардың пікірлері келесі сабақта талқыланады.



Үйге тапсырма: «Спирттер» тақырыбы бойынша түйінді сөздерді жазу.16,17,18-есептерді шығару.170 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет