Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет2/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Аширов

Бірінші тарау
ҚАҺАРМАНДЫҚ ДРАМА
«Қызыл сұңқарлар» драмасының шығармашылық тари-
хы туралы не айтуға болады?
Рас, белгілі себептердің зардабынан С. Сейфуллиннің басқа 
шығармалары секілді бұл туындының да қолжазбасы, автор-
дың алғашқы эскиз, жоспары секілді дүниелер жойылған. Деген-
мен, драматургтің эволюциясын аңғаруға, шығармашылық 
ұстаханасына енуге мүмкіндік беретін материалдар ретінде 
пьесаның әр жылғы басылымын тексерген жөн. 
Шығарма 1922 жылы Орынборда басылып шықты. Пьеса – 
революциялық драма, пролетарлық әдебиет принциптерін ұс-
танып жазылған туынды.
Шығарманың идеялық дәл бағасы, сол кезде «...бұл пьеса-
ны еңбекшілер табының төңкерісі туғызған, оның геройлары – 
күллі еңбекші тап» деп 
(«Еңбекші қазақ», 1923, 2 ақпан) 
көр-
сеткендей, негізінен әділ берілген еді. 
1926 жылы пьеса екінші рет Семейде басылып шыққан-
да көркемдік талаптар тұрғысынан бірқыдыру редакция жа-
сағанын С. Сейфуллин алғы сөзде ескертеді.
Үшінші рет, 1936 жылы драматург пьесаға қайта оралды, 
жаңадан жазылған екі перде жарияланды
 («Әдебиет майда­
ны», 1936, №9).
Осы кезде пьесаның сахнаға қайта қойылуына 
байланысты бірқыдыру пікірлер айтылды 
(«Қазақ әдебиеті», 
1936, 12 шілде; «Лениншіл жас», 1936, 12 желтоқсан; «Қазақ 
әдебиеті», 1936, 18 желтоқсан; «Қазақ әдебиеті», 1936, 24 жел­
тоқсан).
Журналда жарияланған үзінді – «Қызыл сұңқарлардың» 
белгілі тексін қайта редакциялау, өңдеу, өзгерту негізінде 
ту 
ған нұсқа, вариант емес, мүлде тыңнан жазылған, жаңа 
оқиғалы, өзге кейіпкерлері бар дүние.
Негізгі әрекет Маштай байдың шаңырағының астында өте-
ді. Совдеп құлатылып, қаланы қайтадан ақтар алғандықтан, 


8
адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қайтадан өзгеріс түс-
кен. Кеше ақырзаман орнағандай көрген жуандар бүгін қайта 
тіріліп, ауыздарынан от шашады, кеше зорлық атаулы жо-
йылып, енді теңдікке қолымыз жетті ме деген кедей-кепшік 
қайтадан тұнжырайды.
Айтылмыш үзіндіні «Қызыл сұңқарлардың» прологы, яки 
түрме сценаларының алдында келетін көрініс деп қарауға бо-
лады. Пьесада Жұмаш, Байділда ақтардың қолына түсіп қа лу 
қаупінен қашып, Маштайдың үйін паналайды. Маштайдың өз 
есебі өзінде: біріншіден, Жұмаш қанша қызыл болса да, Ана-
пиямен көңілдес, екіншіден, Байділданы пайдаланып, Совдеп 
ақшасын қолына түсіріп алса, дәулет тұрғанда аспаннан қан 
жауса да мұртын балта шаба ма? Бірақ қатер таянғанда Маштай 
қиналмай-ақ большевик жігітті жау қолына ұстап бере салады. 
Мұхамеджан Қаратаев бұл жөнінде: «Маштайда нағыз байдың, 
керек болған жерде өз басының қамын тап күресі, капиталис-
тер, помещиктер, қазақ байларының мүддесіне ба ғындыра тын 
байдың кейпі берілген»,– деп дұрыс айтқан 
(«Қазақ әдебиеті», 
1937, 18 қаңтар).
Үзіндіде Дарабай болыс, оның інісі Төлеутай, Маһира, Ана-
пия, Нұрила секілді әйелдер, комендант Чех, Джорж сияқты 
шетелдіктер – мінез даралығымен ашылмаса да, драматург ізде-
ністеріне куә боларлық персонаждар.
Сонымен, біздің ойымызша, «Қызыл сұңқарлар» драма-
сы ның алғаш 1960 жылы жазушының көп томдық шы-
ғарма 
лар жинағында жарияланған вариантын негізгі, жү-
йелі, тия 
нақ 
ты нұсқа деп тану дұрыс болмақ. Драматург 
шығармашылы ғын зерттеушілер үшін, пьесаны сахнаға шы-
ғармақ режиссерлер үшін айтылған үлгілердің қай-қайсы сын 
қарастырып, пайдаланудың ерсілігі жоқтығы, әрине, дау ту-
дырмайды.
«Қызыл сұңқарлар» драмасының жазылу мезгілі, бір 
жағынан, Сәкен Сейфуллиннің пролетарлық дүниетанымды 
ерте меңгеріп, көркем шығармашылықта төңкеріс платфор-
масына бұлтақсыз, тура жолмен келгендігін көрсетсе, екінші 


9
жағынан, қазақ әдебиетінің эстетикалық-философиялық биік 
деңгейге тез, шапшаң көтерілгендігін дәлелдейді.
Белгілі монографиясында Әбділда Тәжібаев әйгілі «Броне-
поезд 14-69», «Любовь Яровая», «Мылтықты адам», «Эскад-
ра өлімі», «Оптимистік трагедия» шығармаларының «Қызыл 
сұңқарлардан» уақыт жөнінен кешірек туғанын айтады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет