Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Аширов

 (М. Әуезов. Таңдамалы шығармалар, 5­том. – А., 
1956. – 345­бет).
Қастық-өштік бұлты әбден қоюланған кез. Егін үсіп жа-
тыр, малдың ішіне індет кірген. Ауданның бірінші басшы-
сын тұралатып, титықтатып тастайтын-ақ қиындық. Аяздай 
қарыған ауыртпалық, аш бүйірден қадалғандай қастандық 
үстінде Мұрат сабырлы, сарабдал мінезден ауытқымаған. 


143
Бұйрық беру, билік айту жоба нұсқау емес, қалың көпшіліктің 
өз кеңесіне, өз талқысына ден қояды. Әркімнің көзін жеткізу, 
жүрегін сендіру, көңілін бекіту – мақсат осы. Зеку, тұқырту, 
бопсалау жоқ, ойландыру, жігерлендіру, қанаттандыру бар. 
Секретарьдың сөз әдібі қызық: пікір-байламын тұжырым, 
кесім ретінде өткізбейді. Сұрақ қояды, өз қабырғаңмен кеңесуге 
мәслихат етеді. Терезесі тең адамша сөйлеседі. Қонай ырза, 
ұғып, түсініп алды. Қай қамалға салсаң да, қай дұшпанды 
нұсқасаң да тайынар түрі жоқ енді.
Реалистік драманың үлкен талабы – кейіпкерлер тілінің 
табиғи арнадан, өмірдегі қалыптан шығуы. Бұл орайдағы 
Әуезов ізденістері – халық әдебиетіндегі асыл маржандарды 
үнемі творчестволықпен, жаңғырта, өзгерте, құлпырта пай-
даланудың үлгісі. Қаралған сценадан да бұл жайтты аңғаруға 
болады. Кейіпкерлер шешен, өткір сөйлейді. Олардың лебізінде 
ырғақ, ұйқас мол. Драматург кейде мақал-мәтелдерді, тұрақты 
тіркестерді өзгеріссіз алады: «Қонақ бір күн қонса – ырыс, үш 
күн қонса – жұт», «Отқа жақынның қолы күйеді, көсеу кімдікі 
болса, қол сонікі». 
«Шекарада» пьесасындағы екінші ерекшелік – автор өзіне 
ғана тән, соны айшықтарға ден қояды. Формалық жағынан 
олар мақал-мәтел, афоризмдер поэтикасымен емшектес. Ырғақ-
қа, ұйқасқа, ықшамдылыққа мән беріледі. «Қайғыда – серігің, 
қайратта – сыңарың», «Терең тамыр, үлкен түбір», «Ұқтың, 
ұқтың да ішіңе тықтың», «Білдір демеп пе ек, бүлдір деп пе ек?», 
«Ел ашуы – сел ашуы», «Егісте – екпінді, егістер – серпінді, 
елдікте – саналы», «Өзім деген кісіге өзегімді беруші ем», «Сен 
түлкінің қалай қашатынын білемісің? Басқан ізін құйрығын 
бұлаңдата көміп кетіп отырады». Осы алуандас өрнектер Әуе-
зов олжаларының қатарына жатса керек.
«Шекарада» пьесасының жетінші, сегізінші суреттері түгел-
дей дұшпан қастандығынан туған шырғалаң әрекеттерден 
тұрады.
Түн ішінде Жомарт алаяқ әдейі Хадиша мен Зипаны ада-
стырып, бастарын әлекке салады. Бұл сценадағы диалогтар 


144
қысталаң кездің, тар уақыттың, қарбалас шақтың психоло-
гиясын дәл беретіндей қысқа қайырылған. Әсіресе Жомарт 
сөздерінен пәленің, сұмдықтың ызғары сезілгендей. Драма-
тург осы көріністе Хадишаның өткен өмірін еске түсіретін 
оқиғаларды шағын, ықшам береді, эпика элементі драмада сәт-
ті қолданылған. Басына қатер төнгенде, елжіреген әйел жүрегі 
жақсы-жаманды, қуаныш-қайғыны қайта тірілтеді. Сөйтіп 
өмірдің беліне көтеріліп қалған Хадишамен әлі апақ-сапақта 
адасып жүрген Зипа табысып кетеді. Бұларды ұқсас мұң, ұқсас 
азап, арман, ұқсас мақсат қосады.
Келесі көріністе сахнаға Біреу шығады. Драматург ең 
соңғы суретке дейін осы персонаждың атын атап, түсін түстеп 
бермейді, Біреу дейді. Бұл қазақ ертегісіндегі жаналғыш, жал-
мауыз секілді. Аяқ астынан, ойламаған жерден зып етіп жетіп 
келеді. Сөзі қашанда асығыс. Үні қашанда өктем. Ақылдасу
сарапқа салу емес, бұйрық, тапсырма. Түптеп келгенде, «Жігер» 
колхозын шырмап, біресе ана төбеден, біресе мына төбеден өрт 
қойып жүргендердің басшысы – Біреу.
Тағы да қан төгіліп, тағы да адам жылап жатыр. Бұл 
жолғы құрбандық – МТС директоры Нияздың шаңырағы. 
Осы кейіпкердің, ұйғыр азаматының бейнесін драматург биік 
деңгейге көтеріп бере алмағанын өкініш тұтсақ та, оны шы-
ғармаға енгізудің өзі қызық факт. Өйткені Нияз – кезінде ше-
карадан өтіп, арнаулы әскери тапсырмамен барып, қанқұйлы 
жендетті, патшаның қызылкөз атаманы Дутовты жайратып 
қайтқан ержүрек чекист Қожамияровтың прототипі, Әуезов 
пьесасы жазылған соң отыз бес жылдан кейін режиссер Шәкен 
Айманов сол өмірлік материалдың негізінде «Атаманның 
ақыры» атты мәнді фильм түсірді.
Пьесаның үшінші актісі жасырын жау, тығылған дұш-
пандардың бірінен кейін бірінің әшкереленуін көрсетеді. Онын-
шы сурет психологиялық жағынан қызық, мұнда кернеу, әрекет 
бар.
Адам күні үшін, бостандық үшін, теңдік үшін тар есік, 
тас босағада талай айла-шарғы жасамақ. Әсіресе әйел жолы 


145
жіңішке. Өмірін өксітіп, қаусаған шалдың табанында шірі-
геннен гөрі, көңіл сүймесе де, жігіт қой, азамат қой деп Жо-
марттың етегінен ұстаған Зипа. Күңгірт келешек, тұманды 
болашаққа ой жүгіртпеген, қайда бастаса еріп жүре берген. 
Сөйтсе, ол алдаған екен ғой, дұшпанына ұстар қалқан, отқа са-
лар көсеу етпек екен ғой. 
Аз уақыттың ішінде көп дүниеге көзі ашылған Зипа мі-
незіндегі өзгерістер сенімді. Социализм дұшпаны Жомарттың 
екіжүзділігіне, азғындығына, сатқындығына Зипаның таза 
жүрегі қарсы тұрады. Бұл баяғы пұшайман, үйкүшік, қорғансыз 
сорлы қыз емес.
Осы алуандас сапалы өзгерісті Қонай мінезінен де таба-
мыз. Әуелде інісі Балтабектің азғырынды сөзіне қарсылық 
ете алмай бүгжеңдеп, әуре-сарсаңға түскен кісі енді қатайып
ширығып алған. Әлеуметтік күрестің мәнісін ұғынған адам-
ның қалыбын танытады, бірге туған бауырынан іргені аулақ са-
лады.
Кезінде «Шекарада» сахнаға шыққанда пікір айтушылар 
Нияз, Асан, Жарқын бейнелерінің солғын екендігін дұрыс 
көрсеткен болатын. Ең соңғы суретке де дау айтылған.
Расында, пьеса ақырындағы тергеу сценасында драматизм, 
әрекет, тартыстың орнын сұрақ-жауап басып кеткен. Көмбесі 
ашылған, әшкере болған жылан жүрісті дұшпанның мойнына 
бұғалық салған кездегі амал-айласы, көңіл күйі, психологиясы 
қысқа, келте жауаптың аясында ғана қалмаса керек еді. Жо-
март болып жүрген – заманында патша армиясының капита-
ны Тоқсарин, Біреу болып жүрген полковник Бектемісов екен-
дігінің ашылуы – селт еткізерлік факт.
Шығарма Әуезовтің көптеген пьесаларына ортақ жайтпен, 
авторлық идеалға, драматург мұратына орайлас ыңғайдағы 
Сәрсен қарттың сөзімен тәмамдалған.
Бір тақырыпқа, бір өмірлік материалға негіздеп әр жанр-
да шығарма жазу тәжірибесі Мұхтар Әуезов творчествосында 
жиі кездеседі. Бұл орайға туындының күнілгері жасалған жос-
парларын, эскиздерін, нобайларын, варианттарын қоссақ, ұлы 
10-0195


146
суреткердің шеберлік дүкеніне қатысты жүйелі байлам жасап, 
түйінді ой қорытуға болады. Мазасыз өткен, ұйқысыз кешір-
ген, тоқсан тоғыз толғақты уақыттар өз алдына, ала қағазға 
шұқшиып отырып, қалың қайрат, мол қажырды жұмсаған 
ізденістің белгілері, өнер азабының табы талай жерден төбе көр-
сетеді.
Зады, Әуезов сәт сағатын тосып, сыланып-сипанып, шабыт-
ты көктен тілеген бап таңдағыш, бой күйттегіш қаламгер емес. 
Ол – үнемі аянбай күш жұмсағанды, бармақтай асыл шыққан 
жерді белден қазып, тау қопарғанды зият тұтқан еңбек торы. 
Ұлттық әдебиеттің алтын жамбысы, классикасы «Еңлік – Ке-
бек», «Қарагөз», «Түнгі сарын», «Абай», «Айман – Шолпан», 
«Қа ра Қыпшақ Қобыланды» сынды пьесалардың сан алуан нұс-
қаларына төгілген тер, кеткен күшті былай қойғанда, сахнаға 
шықпаған, автордың көзі тірісінде баспа жүзін көрмеген туын-
дылармен танысқанның өзінде қайран қаласың. Түзете берудің, 
жөндей білудің, шыңдай түсудің үлгісін көріп қайран қаласың.
Жазушы көз жұмғаннан кейін жарияланған көп томдық 
шығармалар жинағында «Асыл нәсілдер» атты екі туынды ба-
сылды: бірі – әңгіме, бірі – пьеса. Әуезовтің әдеби-мемориалдық 
музейінің архивінде бұл екі шығарманың әр түрлі нұсқалары 
сақтаулы. Оларды салыстырып зерттеу көп қызық ойларға 
мұрындық болары сөзсіз, ал айтылмыш туындыларда қандай 
ұқсастық, айырма, өзгешелік бар?
Бұлардың өзегіне алынған материал, арқау болған дүние 
ортақ. Соғыс жылдарындағы шопандар, ғалымдар өмірі. Оқиға 
Алматы шаһарында, Қарғалы бойында, құм арасында өтеді. 
Әсия, Есіркеп, Молтай, Қанипа, Балжан – екі шығармада да 
бар кейіпкерлер. Әңгімедегі профессор Бобров – пьесадағы 
профессор Балашов. Пьесадағы жаңа персонаждар – министр 
Иса Дәуренбаев, ғылым орталығының басшысы Сәлім Есенов, 
институт директоры Бек Назарбеков, ғылым кандидаты Са-
пар Бектенов, аспирант Сара Сейітова, мал маманы Першин. 
Пьесаға қарағанда, әңгіменің сюжет желісі қысқа қайырылған. 
Мұнда ғалымдардың асыл төл, жаңа нәсіл жөніндегі талас-тар-


147
тысы, күресі, психологиясы көрсетілмейді. Соғыс зардабына 
ұшыраған шопан семьясындағы хал-күй алынған. Әсия мен 
Молтайдың той үстіндегі шарпысуы. Айтыс пьесада үлкен бір 
суретпен берілсе, әңгімеде ол шағын еске түсіру көрінісі ғана.
Әңгімедегі кейбір диалогтардың пьесаға ауысқанда редак-
цияланып, өткірленіп, тереңдетілгені айқын аңғарылады.
Әңгімеде:
«– Жақсы ит өлексесін көрсетпей өледі. Тегі, сол ит құрлы 
болмаспын ба? Кетем, сол. Әсияны қостасаң, қал осында, 
қасында. Мен сендерге жоқпын, – деп шал өзінің өзгерместей 
байлауын қайтып түйіп айтты.
Әсия көрпесін ашып, жастықтан басын жұлып алды. 
Өмірінде бірінші рет атасына тік қарады. Жасқа толған қой 
көздерін Есіркепке қарап сөйледі:
– Жәке, Жәкетай, күнім ағатай! Сөзімді тыңдағын, Жәке, 
сізді күйдірген мен ғой. Мен тұрғанда сіз неге кетесіз? Кәрі 
басыңмен қаңғисың? Сіз кетпеңіз, мен кетейін, қайда кетсем де 
көзіңізден жоғалайын. Қазір-ақ мен кетейін, – деп атып тұрып 
киіне бастады» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет