Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқытудың әдістемесі»



бет22/65
Дата06.02.2022
өлшемі209,08 Kb.
#80410
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Байланысты:
ДТТӘ дәрістер
ТП методичка, 13c8ca47-538a-11e4-bf6e-f6d299da70eeметод. указ., 0006c9a9-17571bff, 0006c9a9-17571bff, 13c8ca47-538a-11e4-bf6e-f6d299da70eeметод. указ., 55c2fe45-5cf4-11e5-884b-f6d299da70eeТеория ИВС метод (1), 13c8ca47-538a-11e4-bf6e-f6d299da70eeметод. указ.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
Жастық шақ, ересек кез – І кезең:
- ағзаны жан-жақты дамыту, жоғарғы денсаулық деңгейіне жеткізу,
ағзаның жұмыс қаблеттілігін, ақылдылық қабілеттілігін жоғарылату;
- қозғалыс ептілігі мен дағысын жетілдіру, жігер-күші қасиеттерін дамыту;
- жеке өз бетімен жаттықтыруларға қажетті білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;
- спорттық жаттықтырулармен белсенді айналысуға, жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуге қызығушылықтарын арттыру.
Ересек кез – І-ІІ кезең, орта жас:
- денсаулық деңгейін, сыртқы әсерге ағзаның тұрақты бейімділігін сақтау, ағзаның ақылдылық және дене қуаты, жұмысқабілеттілік деңгейін сақтау;
- еңбек ету және тұрмыс жағдайы кезінде қажетті жігер-күші, дене қуаты қасиеттерін, қимыл ептілігі мен дағдысын жоғары деңгейде тұрақтату;
- еңбек және еңбектен бос уақыттарда қолданылатын жаттықтырулар туралы білімдерді тереңдету.
Үлкен жас, қарттық кезең:
- қозғалыс белсенділігін, ағзаның жақсы денсаулық деңгейін, шығармашылық жас ұзақтығын шамаң келген деңгейде сақтау;
- күнделікті тұрмыс жағдайларына керек қимыл ептілігі мен дағдысы деңгейін төмендетпей тұрақты ұстау;
- дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға жағымды әсері, олардың сауықтыру бағыттары туралы білімдерді тереңдету, сол арқылы жеке өз беттерімен жаттықтырулар жасауға тұрақты қызығушылықтарын ояту.

Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі


Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжымдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әртүрлі спорттық ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.
Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі және спорт жұмыстары өнеркәсіп орындарындағы, әртүрлі мекемелердегі, оқу орындарындағы спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары, кәсіподақ комитеттері арқылы іске асырылады.
Ерікті спорт қоғамдарының негізгі мүшелері оқу, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшы, қызметкер, оқытушы, оқушы, студенттер. Олар ерікті спорт қоғамына мүше болған соң, дене тәрбиесі ұжымының мүшелері деп аталады. Ұжымды басқаратын, жұмыс ұйымдастыратын ұжым төрағасы, есепші жалпы жиналыс кезінде сайланады. Жиналыс жыл сайын өткізіліп төраға есеп беріп отырады. Дұрыс жұмыс істемесе жиналыс төрағаны ауыстыру құқығына ие.
Дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарының міндеттері:

  • ұжым мүшелерінің санын көбейту;

  • жаттықтырулар, денсаулық топтарын, жарыстар, саяхаттар, туристік жорықтар, спорт мерекелерін ұйымдастыру.

Дене тәрбиесі ұжымының құжаттары:

    1. Жылдық жоспар.

    2. Әрбір үш айға жоспарланатын жұмыс жоспары.

    3. Істелген жұмыстарды есепке алу журналы.

    4. Мәжілістер хаттамасы.

    5. Бұйрықтар кітабы.

    6. Ұжым мүшелерінің тізімі.

    7. Статистикалық есептер.

    8. Дене тәрбиесі мамандарын есепке алу кітабі.

    9. Көпшілік дене мәдениеті және спорт жұмысының жылдық күнтізбе жоспары.

    10. Бес жылдық даму жоспары және т.б.

Еңбек қызметтері кезінде дене тәрбиесі жұмыстарының жүргізілуі ғылыми зерттеулер негізінде дәлелденген. Ол дене тәрбиесіндегі зерттеулер еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) жүйесіне кіргізілген. ЕҒҰ жүйесінің міндеттері: алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылыми жаңалықтарды тұрақты қолдану, дамыту арқылы еңбек өнімділігін жоғарылату, адамдардың денсаулықтарын нығайту, кәсіптік шеберліктерін жақсарту, өнеркәсіпте қолданылатын техникаларды жетілдіру.
ЕҒҰ жүйесінде дене тәрбиесі жұмыстарының төмендегідей түрлері ұсынылады:

  1. Кіріспе гимнастика. Жұмыс күнінің басында 4-9 минут, 6-10 шақты дене дамыту жаттығуларын орындау арқылы орындалады.

  2. Сергектік сәттері. Жұмыс кезінде 2,5 сағаттан кейін, ағза шаршай бастағанда 5-8 минут, 6-8 жеңіл жаттығулар орындау.

  3. Саулық минуты. Үзіліс кезінде 3-4 жаттығу, 1-2 минут уақытында орындалады.

  4. Түскі тамақ кезіндегі дене тәрбиесі жаттықтыруы. Мақсаты – тамақ алдында бой жазу, қан тарату, тәбет ашу. 5-6 жеңіл созылу, керілу жаттығуларын, 3-4 минут уақытында орындау.

  5. Денсаулық топтарындағы жаттықтырулар. Жетісіне 3 рет 1,5-2 сағат уақытында орындалады. Бұл жаттықтырулар негізінен жүгіру, шаңғы тебу, жалпы дене дамыту жаттығуларын орындау түрінде жүргізіледі.

  6. Жалпы дене қуаты дайындығы секцияларындағы жаттықтырулар. Денсаулықтары мықты адамдарға арналған жетісіне 3 рет, 2 сағаттан жүргізіледі. Амалдары: ЖДДЖ, жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, ырғақтық гимнастика, жүгіру т.б.

  7. Спорт секцияларындағы спорт түрлерінен жаттықтырулар. Бұл жаттықтыруларға денсаулықтары мықты жастар мен орта жастағы адамдар қатысады. Спорт секциясы құрамы 10-15 адамнан тұрады.

  8. Туристік жорықтар секциясы. Секцияның негізгі жұмыс мазмұны демалыс кездерінде 1-3 күндік жорықтар ұйымдастыру. Жорық түрлері жаяу, шаңғымен, атпен, велосипедпен, қайықпен т.б. қозғалыс түрлерімен, жолдарымен ұйымдастырылады.

  9. Жарыстар.

3. Ересек орта және үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру


Спорттық жаттықтырудан сауықтыру жаттықтыруларының көп айырмашылығы бар. Спорттық жаттықтырудың негізгі мақсаты спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жету болса, сауықтыру жаттықтыруларының мақсаты денсаулықты нығайту және дене қуаты мүмкіншіліктерін жоғарылату болып келеді. Сауықтыру дене мәдениетінің негізгі бағыты ағзаның функционалдық күйін және дене қуаты дайындығын жоғарылату. Денені сауықтыру әсері болу үшін адам жаттығу орындаған кезде қан айналу және тыныс алу органдарына ұзақ, бірқалыпты жүктеме беруі, бірталай энергия жұмсауы, тканьдарды оттегімен қамтамасыз ететін аэробты жағдайда жұмыс істеуі қажет.
Сауықтыру жаттықтыруларының тиімділігі сабақтардың кезеңдері мен ұзақтығына, қарқындылығына, қолданылатын амалдардың түріне, жұмыс тәртібіне, тынығу арасына байланысты. Сауықтыру жаттығулары адамға тиімді әсер ету үшін мынандай әдістемелік ережелерді сақтау керек:
1 Жүктеме көлемі мен қарқындылығын біртіндеп арттыру. Бұл мынандай жолдармен іске асырылады:
- жаттықтырулардың бір жеті ішіндегі санын көбейту;
- жаттықтырудың уақыт ұзақтығын көбейту;
- жаттықтырудың тығыздығын жоғарылату. Бастапқы жаттығу кезінде 45-50% болса, ағзаның бейімделгеніне байланысты 70-75% дейін жеткізуге болады;
- жаттығуларды орындау қарқындылықтарын жоғарылату;
- жаттықтыруда қолданылатын амалдарды көбейту.
2 Қолданылатын амалдардың әртүрлілігі.
3 Сабақтардың жүйелілігі.
Дене тәрбиесі мен спорт саласының мамандарының ұсынулары бойынша орта жастағы адамдар дене жаттығуларын аэробты тәртіпте орындағандары дұрыс болады. Алдыңғы тарауларда айтылғандай аэробты жаттығуларды орындау кезінде жүрек соғу жиілігі аз, оттегі адам ағзасына еркін, жеткілікті жетіп тұрады. Жаттығушылар өз беттерімен жаттықтырулар жасаған кездерінде қалай жүктеме беруді, жүктеменің жоғарғы және төменгі шектерін білулері қажет. Олар өздерінің жаттықтыруларын бақылау мақсатында жүктеме қарқындылығының жоғарғы және төмен шектерін білгісі келсе, тамыр соғысын есептеу арқылы анықталатын мынандай формуланы қолдануларына болады:
Тамыр соғысының төменгі шегін анықтау формуласы: 220 – адамның жасы х 0,6.
Тамыр соғысының жоғарғы шегін анықтау формуласы: 220 – адамның жасы х 0,7.
Жүктемені анықтаудың, мөлшерлеудің бірнеше жолдары бар. Ол жолдар:
- жүктеменің жалпы күшін анықтау. Бұл жол бойынша адамның оттегіні жоғары деңгейде қабылдау (ОЖДҚ)* пайызын (%) анықтаймыз;
- жүрек соғу жиілігі арқылы жүктеме мөлшерін анықтау;
- жаттығуларды қайталау саны, серия саны, күрделілігіне байланысты анықтау;
- субъективті сезіну арқылы анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет