Бағдарламасы Экономика салаларын цифрландыру



Дата08.02.2022
өлшемі26 Kb.
#120522
түріБағдарламасы
Байланысты:
Реферат Экономика салаларын цифрландыру
жайлауда с-йлеуд3 дамыту

Орындаған: Абылхаиров Бахтияр ТТк-201
"Цифрлық Қазақстан"Мемлекеттік Бағдарламасы
Экономика салаларын цифрландыру
Бұл бағытты табысты іске асыру 2025 жылға қарай мынадай жетістіктердің болуын білдіреді: 1. Басым салалардың әрқайсысында еңбек өнімділігінің деңгейін әлемнің алдыңғы 30 елінің деңгейіне дейін көтеру. 2. Басым салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндіріс. 3. ҚР ірі компанияларын капиталдандырудың принципиалды түрде жаңа деңгейге шығуы. 4. Жергілікті дамыған электрондық сауда. 5. Көлеңкелі экономиканың үлесін әлемнің алдыңғы 30 елімен теңдес деңгейге дейін төмендету. Цифрлық технологияларды жаппай енгізу, өнімділіктің өсуін қамтамасыз ету, олардың бәсекеге қабілеттілігін, соның ішінде халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін береді. Осылайша, цифрландыру нәтижесінде шикізат саласында да, агоөнеркәсіптік кешенде де сыртқы нарықтарға отандық экспорттың өсуі қамтамасыз етілетін болады, бұл өз кезегінде ірі өндірістік компанияларды капиталдандырудың өсуіне әкеледі. Сонымен қатар, өнімділіктің өсуі үшін Бағдарлама өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыру жөнінде шаралар кешенін іске асыруды көздейді, онда Индустрия 4.0 элементтері қолданылатын болады. "Тау-кен металлургиялық кешенінің ірі компанияларының цифрландыру жобаларын іске асыру" шеңберінде Интернет арқылы байланысқан объектілер желісі, оның ішінде енгізілген жүйелерден түсетін деректерді жинауға және алмастыруға қабілетті бергіштер (датчиктер) іске қосылады. Бағдарламада Индустрия 4.0 жобаларын іске асыру аясындағы жабдықтарға қойылатын арнайы талаптар Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының талаптармен үйлестірілетін болады. "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін" құру саяси және құқықтық аспектіде: тұрақты дамудың ұлттық стратегиясында іске асыруға және экологиялық апатты алдын алуға ықпал етуге; қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау саласында жариялық пен қоғамды демократияландыруды іске асыруға ықпал етуге; елдің қалың топтарына экологиялық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды жасауға; экология проблемалары бойынша халықтың қоғамдық пікірінің мониторингін іске асыруға мүмкіндік береді. Экономикалық аспектіде – табиғи ресурстарды пайдаланудың, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға; халықтың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік аспектіде – денсаулықты жақсартуға және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға; халықтың экологиялық мәдениеті мен экологиялық білімін арттыруға жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада шаралардың табысты енгізілуі электрондық сауданың, АКТ және қаржы секторының, сондай-ақ "жаңа экономика" салаларының рөлін арттыра отырып, экономиканың құрылымының біртіндеп өзгеруіне алып келеді. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру Цифрландыру Қазақстан үшін маңызды экономикалық секторды дамытуда серпіліс жасауға ауқымды мүмкіндіктер беретін болады. Тау-кен өнеркәсібі: Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібінің 2022 жылға қарай көрінісі дербес техниканы қолдану және басым түрде үлкен деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау жүйесі арқылы өнімділігі жоғары индустрияның қалыптасуын болжамдайды. Құн құрудың барлық тізбегі бойынша деректерді көрімдеуге, сценарийлік моделдеуді жүргізуге және олардың негізінде шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін сенсорлар, датчиктер және озық талдамалық құралдар енгізілетін болады. Бұдан басқа, автономдық техниканы енгізу, негізгі өндірістік процестерді автоматты режимде реттеу адамның қатысуын барынша азайтуға және өндірістің қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Цифрлық кенішін енгізу кен өндіруді цифрландыру саласындағы негізгі жоба болып табылады. Цифрлық шешімдер өнімділікті, сондай-ақ пайдаланылатын техника мен жабдықтардың қауіпсіздігін және техникалық қызмет көрсетуін жақсартуға мүмкіндік беретін болады . Өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру үшін жағдай жасау өндірістік процестерді бақылауды жақсарту, шығынды азайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және т.б. арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Мұнай-газ саласы Бағдарлама Қазақстанның ірі тау-кен өндіруші компанияларында зияткерлік кен орны технологиясын енгізуді қамтиды. Деректерді талдау мен оларды беру жылдамдығын арттыратын жаңа құралдардың пайда болуы шешім қабылдаудағы икемділікті және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа жаңа технологиялар анағұрлым сапалы және толық ақпарат алудың арқасында барлау және өндіру шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қорларды, өндіру және өңдеуді басқарудың тиімділігін арттыратын болады. Сонымен қатар ашықтықты қамтамасыз ету және көлеңкелі айналым деңгейін төмендету үшін есепке алудың бақылау аспаптарын пайдаланумен тауарлық мұнай өндіру есебін жүргізуге арналған жүйе енгізілетін болады. Тұрғындар үшін әлеуметтік газды тарату саласын жақсарту және ашықтықты қамтамасыз ету үшін Бағдарламада міндетті есептілік пен теңгерімді болжамдау негізінде деректерді статистикалық талдау үшін сұйытылған мұнай газын жеткізу, қадағалау және айналымы бойынша ақпаратты жинауға арналған іс-шара, сонымен қатар әлеуметтік газды сатып алу бойынша онлайн-сауданың автоматтандырылған алаңдарымен бірігу жоспарланған. Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну үдерістерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға онлайн аукцион өткізуге және шарттар мен оларға қосымшаларға өзгерістерді онлайн енгізу үшін арналған қолданыстағы автоматтандырылған кіріктіру жүйесін өңдеу бойынша іс-шара іске асырылады. Ел ішінде үздіксіз отын жеткізуді қамтамасыз ету үшін бағдарлама шеңберінде жөндеу қызметін жаңғырту өткізілетін болады және бақылау жүйелерімен жабдықтандыру, жабдықты ауыстыру және техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізу арқылы ҚР мұнай өңдеу зауыттарында ұлғайтылған жөндеу аралық кезеңіне көшу жоспарланып отыр. Өндіру және өңдеу секторлары Тау-кен-металлургия өнеркәсібі саласының жүйе құраушы кәсіпорындары өндірістік процестерді, кәсіпорын ресурстарын жоспарлауды басқару жүйелерін, персоналды және техниканы позициялау, енгізілген уран өндіру жобасының мысалы негізінде "ақылды кеніштердің" іске асырылуын, үлкен деректерді талдауды және т.б. жобаларды енгізу бойынша жобаларды іске асыратын болады. Еңбек өнімділігін және өндірістің зиянсыздығын арттыру мақсатында өндірісті қайта құрылымдау және жаңғырту жалғастырылатын болады. Бұл бағыт өндірістік процестерді бақылауды жақсарту, шығындарды қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және т.б. есебінен цифрландырудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру үшін (Индустрия 4.0 элементтерін енгізу) жағдай жасауды көздейді. Индустрия 4.0-дің негізгі элементтеріне, аддитивті технологиялар, коллаборативті роботтар, өзін өзі оңтайландыру жабдықтары, пилотсыз көлік құралдары, предиктивті техникалық қызмет көрсету, машиналық оқыту және жасанды интеллект, бұлыңғыр технологиялар, цифрлық және виртуалды инжиниринг, зияткерлік жоспарлау және өндірісті бақылау, өндіріс процестерін басқарудың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау, өнеркәсіптік интернет, жүйелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу, толықтырылған және виртуалды шындық және т.б. жатады. Өнеркәсіпті цифрландыру үшін өз технологиялары мен құзыреттерін дамытуға, индустриялық және инновациялық экожүйелердің қатысушылары арасындағы үйлестіруді қамтамасыз ету, тосқауылдарды жою, цифрлық технологияларды кеңінен тарату және тиісті ынталандыру шараларын әзірлеуге назар аударылатын болады. Өндіріс және тау-кен өнеркәсібі салаларында цифрлық зауыттарды құру бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр, мұнда Индустрия 4.0 технологиясы енгізіледі және де олар цифрлық технологияларды өндіріске енгізудің тиімділігін көрсететін болады. Қауіпті учаскелерде жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігін арттыру мақсатында нормативтік актілерді өзгерту, бақылау жүйесін енгізу, апаттар туралы хабарлау, персоналды орналастыру мен іздестіру бойынша мәселелер, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдаланумен байланысты басқа да шешімдер пысықталатын болады. Электр энергетикасы Электр энергетикасы саласының нысаналы жай-күйі энергетикалық жүйенің одан әрі зияткерлендіруімен (Smart Grid) сипатталады. Зияткерлік энергетикалық жүйесі орнықты, бейімді, экономикалық тиімді, сенімді және қауіпсіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында өзінің барлық қатысушыларының іс-әрекетін басқару қабілетіне ие болады. Зияткерлік энергетика жүйесін құру және оның тиімді жұмыс істеу міндеті электр энергетикасының барлық қатысушыларын қозғайды: генерациялау, беру, бөлу, өткізу, тұтыну және жүйелік операциялық әрекеті. Осыған байланысты, бірыңғай техникалық саясатқа сәйкес таратушы желілер мен электр станцияларын бір зияткерлік энергетикалық жүйесіне интеграциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін жаңа жабдықтарды қолдана отырып, кешенді жаңғырту жүргізу қажет. Тұтынылатын және өндірілген энергияны толық есепке алудың Smart metering деп аталатын жүйесін енгізу, бұдан әрі үлкен деректерді (big data) автоматтандырылған түрде өңдеу жүктемені басқаруды жүйеге келтіруге (demand response), соның ішінде түпкілікті тұтынушылар үшін тарифтік саясатты жетілдіру есебінен жүйелендіруге мүмкіндік береді. Энергия тиімділігін арттыру және энергия шығынын азайту мақсатында өнеркәсіпте энергия тұтынуды басқарудың зияткерлік жүйелері, энергия үнемдеу технологияларын енгізу ынталандырылатын болады. Бұл тұтынушының энергия жүйесімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, атап айтқанда, тарифтерді таңдауға, өзінің электр энергиясын тұтынуын басқаруға, желіге меншікті жаңартылатын энергия көздерімен электр энергиясын өндіруге және электр энергиясын сатуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Ұлттық электр желісінде Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тиімділігін арттыру және жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды іске асыру жоспарланып отыр, бұл желі арқылы электр энергиясын беруді арттыруға, іргелес энергетикалық жүйелермен жұмыс істеу кезінде электр энергиясы қуатының теңгерімсіздіктерін азайтуға, желідегі технологиялық ақаулар кезіндегі тұтынушыларды айырудың санын қысқартуға мүмкіндік береді. Синхрондалған вектор өлшемдеріне негізделген қолданылуы жоспарланып отырылған бейімді басқару технологиялары нақты уақыт режиміндегі процестерді визуализациялау мен бақылау мүмкіндігін береді. Бұл энергетика жүйесінің төзімділік қорының мониторингін жүргізуге, ЭБЖ өткізгіштік қабілетін барынша пайдалану есебінен энергетика жүйесінің жабдығын тиімді пайдалануға, жүйенің жай-күйінің ағымдағы параметрлері бойынша электр энергиясы желісін басқарудың жаңа алгоритмдерін жасауға, онлайн режимде энергетика жүйесінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрландыру процесі табиғи монополиялар субъектілеріне әсер ететін болады. Көлікті және логистиканы цифрландыру Секторды цифрландыруды шешуге арналған негізгі міндет – транзиттік жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту. Транзиттегі уақытты қысқарту Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға, Түркияға және Иранға барлық бағыттар бойынша темiр жол секторында транзитті жүк тасымалының көлемiн едәуiр арттырады деп күтiлуде.Негізгі әсер электрондық құжат айналымына, оның ішінде әуе тасымалы саласында көшу есебінен, сондай-ақ зияткерлік көліктік жүйені енгізу арқасында алынатын болады, бұл Қазақстанның өңірлері мен халықаралық байланыс арасында сапалы және қауіпсіз жол инфрақұрылымын қамтамасыз ету есебінен автокөлікпен жүк тасымалының көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Зияткерлік көлік жүйесі бейнебақылау, жол қозғалысын басқаруды, жүргізушілерге ауа райы жағдайлары туралы ескертуді және көлік қызметтеріне электрондық төлем қызметтерін біріктіреді. Көлік құралдарын, инфрақұрылымды, пайдаланушыларды және ақпараттық технологияларды жүйелі біріктіру үшін ЗКЖ әзірленеді, ол кезең-кезеңмен енгізудің кіші құрамдауыштарынан, соның ішінде автожолдарды пайдаланғаны үшін қаражат жинауды автоматтандыру үшін техникалық құралдар кешенінен, негізгі автомобильдік көліктік дәліздерде орнатылатын көлік құралдарын тоқтатпай өлшеудің қарқынды жүйесінен, жол қозғалысын басқару жүйесінен тұрады. Бұның барлығы жүргізушіге жолдағы жағдай туралы хабарлауға, климаттық жағдайларды талдау және болжау жүйесін құруға, бейне мониторинг жүйесін пайдалануға және ЖҚЕ бұзуды анықтауға мүмкіндік береді және оның ішінде Қазақстан аумағы арқылы кедергісіз транзитті қамтамассыз ету. Бірқатар басқа елдерде ЗКЖ енгізу тәжірибесі жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендердің санын 30%-ға азайту және жолдарды күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды 15%-ға төмендету үрдісін көрсетті. Бұдан басқа ЗКЖ-ні енгізу ақылы учаскелерден түскен ақы есебінен автожолдарды ұстау бөлігінде республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, 1 жылға дейін жолдарды жөндеудің аралық уақытын және транзит ағынын ұлғайтады. Мультимодальды жүк тасымалы сегментінде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудың негізгі шарты кедергісіз көлік ортасын құратын цифрлық технологияларды енгізуге негізделген жүк теміржол дәліздерінің техникалық және операциялық өзара іс-қимылын дамыту болып табылады. Бағдарлама сондай-ақ автожолдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, теміржол көлігінің тиімділігін ұлғайту, жолаушылар мен жүк тасымалдарының болжамын жақсарту бойынша бірқатар шараларды қамтиды. Ауыл шаруашылығын цифрландыру Елдің ауылшаруашылық саласын одан әрі дамыту мақсатында осы процеске барлық қатысы бар уәкілетті ұйымдарды қоса отырып, ауылшаруашылық өнімдерінің қадағалануын автоматтандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарлануда, бұл агроөнеркәсіптік өнімдердің бүкіл тіршілік циклін және өндірісі мен шығуының сандық және сапалық есебін жүргізуге және қадағалауға мүмкіндік береді. Қадағалау жүйесінің іске асырылуы салаға инвестиция тарту мен экспорттық өнімдер желісін кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдері мен терең өңдеу өнімдерін жеткізу географиясына тікелей әсер етеді. Қадағалау жүйесімен толық бақылауды енгізу ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа стандарттарын жақсартуға мүмкіндік береді, ол қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтардағы тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне мультипликативті әсер етеді. "Нақты егін шаруашылығы" енгізу үшін бірқатар фермерлік шаруашылықтарда " нақты егін шаруашылығы" элементтерін, соның ішінде метеорологиялық станцияларды қолданумен қоса пайдалану арқылы пилоттық жоба жүзеге асырылады. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша "нақты фермерлік шаруашылықты" кеңінен қолданудың экономикалық тиімділігі анықталады. Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде нақты егін шаруашылығы элементтерін дамыту және енгізу сектордағы қызметті оңайлату, өнімділікті арттыру және еңбек өнімділігін жоғарылату үшін көзделеді. Өндіруші нақты уақыттағы егістік, ылғалдың, қоректік заттардың, азоттың, калийдің, фосфордың, зиянкестердің, ықтимал жауын-шашынның жағдайы туралы келіп түскен деректер ауқымының негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл ретте нақты егіншілік элементтерінь енгізу жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алу, агротехнологияларды орындау және фермерлер даярлығына қарай кешенді жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ табиғи ресурстарды, соның ішінде балық және балық өнімдерінің айналымын, жануарлар әлемі қорғау, өсімін молайту және пайдалануды бақылауды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингісін, су қорын пайдалану және қорғау, суды пайдалану және су шаруашылығы құрылыстарын қадағалау саласында есепке алуды автоматтандыру іс-шара да қарастырылған. Бұл іс-шара балық өнімінің браконьерлігі мен көлеңкелі айналымын, орман ресурстарын заңсыз кесуді азайтуға және кейіннен мүлде жоюға, табиғи ресурстармен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындар қызметі туралы ақпаратты жинауға және уақтылы өңдеуге мүмкіндік береді. Су ресурстарын бақылау Қазақстан экономикасының барлық секторлары үшін су ресурстарын және сумен қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығына байланысты аса маңызды. Қазақстанның АӨК-де жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құрумен және қолданыстағыны дамытумен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының өздерінде автоматтандырылған жүйелерін құру және енгізу бойынша талап міндетті және маңызды болып табылады. Әлемдегі жетекші аграрлық елдердің тәжірибесі бұл тәсілдің сөзсіз мысалы болып табылады. ауылшаруашылық өндірістегі және қайта өңдеудегі барлық көптеген процестерге арналған АТ шешімдерінің көпшілігі тікелей және негізінен бизнесті жүргізу тиімділігіне, еңбек өнімділігін, арттыруға, шағын фермерлік шаруашылықтан ірі агро құрылымдарға дейін агроөнеркәсіптің табыстылығын және түбінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер етеді. Осыған байланысты АШМ-де АТ қоғамдастық және агроқұрылымдар үшін агробизнеске арналған талап етілетін және тиімді автоматтандырылған жүйелерді ауқымды енгізу бойынша айқын және есептелетін қағидатын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісіндегі автоматтандырылған жүйелердің озық тәжірибелерін қолдануды ынталандыру механизмдерін құратын болады. Отандық ауылшаруашылық өнімдерінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ішкі нарықта да, экспорттық нарықтарда да отандық өнімдерді алға жылжыту және оларды ұстап тұру қажеттілігімен тығыз байланысты. Осы міндеттерді шешу шеңберінде ағроөнеркәсіп өнімдерін өткізуді дамыту үшін фермерлер, көтерме бөлу орталықтарының, сауда желілерінің, базарлардың және тұрақты азық-түлік қорларының арасында электрондық саудаға арналған платформа жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту заманауи спутниктік және ақпараттық технологияларды ескере отырып, мемлекеттік геодезиялық және гравиметрлік желілерді дамытуды көздейді. Электрондық сауданы дамыту Бағдарлама жалпы алғанда елдегі Интернет-сауданы дамыту үшін қолданыстағы кедергілерді жоюға, сондай-ақ жергілікті ойыншылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар кешенін іске асыруды көздейді. Ұсынылатын шаралар электрондық сауданы реттеу, электрондық төлемдері қабылдауды көбейту, халықтың және кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, электрондық сауданы жылжыту, инфрақұрылымды және логистиканы дамыту және саланы қамтиды. Реттеу шеңберінде электрондық саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, соның ішінде тиісті органдарға өтініштерін берудің тиімді қашықтықтық құралдарын жақсарту, сатушының есебінен тауарларды қайтару мүмкіндігі, электрондық сауда нарығы қатысушыларының бірыңғай тізілімін енгізуді қамтитын және халық пен қатысушылардың сенім деңгейін арттыруға бағытталған, сондай-ақ бизнесті онлайн саудаға көшіруді ынталандыру бойынша мәселелер регламенттелетін болады. Электрондық сауданы (Е-commerce және Fulfillment) жүргізуде сервистік қолдау орталықтарын құруды қоса алғанда, тікелей және жанама шараларды қамтыған қолдау инфрақұрылымын құру сондай-ақ басымдық болады. Электрондық сауданы дамытуды және таратуды жеделдетуге бағытталған " Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құрудың мақсаттарына сәйкес келетін қызмет (жұмыстар, қызмет көрстеу) түрлері бойынша өзі өндіріп шығаратын тауарлар тізбесін кеңейту мәселелері пысықталатын болады. Жеңілдікті қаржыландыруға қолжетімді болуға жәрдемдесу, электрондық сауда саласының ойыншылары үшін салықтың кейбір түрлерін азайту немесе алып тастау сондай-ақ кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және бизнесті онлайн жүргізуге ынталандырады. Электрондық төлемдерді қабылдауды арттыру аясында халықаралық тәжірибені ескере отырып, мобильдік төлемдерді жүзеге асырудың оңайлатылған механизмін енгізуді, кәсіпкерлерге қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруды ынталандыруды дамыту, электрондық шот-фактураларды пайдалануға толық көшуді қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады. Қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту Қазақстандағы цифрлық қаржылық саланың 2022 жылға қарай көрінісі төлем қызметтері нарығының дамыған инфрақұрылымымен тиімді жұмыс істейтін қаржы саласында негізгі рөлді иемденетін белсенді қаржылық қоғамдастықтың қалыптасуын көздейді. Қаржы секторы бөлінген тізілімдер, жаңа қаржылық құралдарды ұсыну, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру арқылы рәсімдерді оңайлату әрі жеделдету сияқты технологияларды пайдалану арқылы өзгертілетін болады. Мәселен, қаржылық қоғамдастықтың алдын ала белсенділігі ашық технологияларды ("Open API" ) іске асыруды және онлайн ортада алаяқтық деңгейін төмендету, жаңа қызметтер мен өнімдерді енгізу, клиенттік тәжірибені жақсарту, қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін реттегіштің (ҰБ) қолдауымен жалпы банктердің, инфрақұрылымдық компаниялардың және қаржылық технологиялар саласынан компаниялардың бір бірімен белсенді ынтымақтастығын жүзеге асыруды көздейді. Белсенді қаржылық секторды дамытудың мақсаттарына жету үшін клиентке бағдарланған өнімдер мен қызметтерді дамытуға, қаржылық және қаржылық емес қызметтерді (ритэйл, қаржылық консалтинг және тағы басқа) экожүйелерді қалыптастыруға бағытталған инновациялық ұйымдарды дамыту мен құруына арналған шаралар қабылданатын болады. Цифрлық қызметтерді, соның ішінде мемлекеттік, әлеуметтік және коммерциялық қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оңайлату және дамыту үшін қашықтан сәйкестендіру, соның ішінде тәуекелге бағытталған тәсілдеме қағидаларынан шығып, түрлі биометриялық көрсеткіштерге негізделген сәйкестендіру моделін құру ұсынылады. Модель мемлекеттік және коммерциялық компаниялардың дерекқорларын пайдалану арқылы клиенттерді сәйкестендіруді және мемлекеттік органдар, коммерциялық компаниялар, сондай-ақ әлеуметтік салада (білім беру, денсаулық сақтау, халық санағы және т.б.) қызметтерді алуды көздейді. Цифрлық сәйкестендіру тетігін енгізу іргелі негізді инфрақұрылым болады. Бұл қаржылық институттар, клиенттер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл және коммуникация үшін әмбебап цифрлық ортаны құруға мүмкіндік береді. Бұл қаржылық, мемлекеттік және басқа қызметтердің деңгейін және тиімділігін сапалы түрде арттырады. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру оқиғасы, зиянды бағалау, шарттың талаптарын өзгерту қажеттілігі (сатудан кейінгі қызмет көрсету) туындаған кезде сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпарат алмасу, электрондық түрде сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігімен онлайн қызметтерді көрсету үшін, сондай-ақ сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорда электрондық шартты сақтау және клиенттің сақтандыру шартына тәулік бойы қолжетімділігі үшін жағдайлар жасалынатын болады. Қаржы ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, азаматтар мен кәсіпкерлердің электрондық өзара іс-қимыл тетіктері мен стандарттарын енгізу, 2022 жылға қарай " қағазсыз", ашық және транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және транзакциялық шығындарды төмендететін бәсекеге қабілеттілігі жоғары қаржы секторын құруға мүмкіндік береді. Қаржы секторы төлемдерді тез, қарапайым және сенімді жүргізе алуға, контрагенттерді тексере алуға, бизнесті дамытуға арналған қаржылық құралдарға қолжетімділік алуға, мемлекет тарапынан қолдау көрсету құралдарына қолжетімділік алуына мүмкін болатындай электрондық сауданы дамытуға үшін және инновациялық экожүйені құрудың бастамаларын іске асыруға арналған құралдарды ұсынады. Шот-фактураларды, сонымен қатар шарттық қарым-қатынас бойынша өзге құжаттарды қағазсыз ұсыну үшін инфрақұрылымды салумен қатар, банкаралық есеп айырысу жүйесін жаңғырту және нақты уақыт режимінде банкаралық аударымдарды жүзеге асыру мүмкіндігі қажет, бұл ШОБ операциялық шығындарын азайтып, B2B нарығына қатысушыларының қолма қол ақшасыз есеп айырысу құралдарына сенімін арттыруға мүмкіндік берер еді, сондай-ақ тұлғалар (жеке және заңды) арасындағы тікелей есеп айырысуды дамытатын болады. Қолма қол ақшасыз айналымды ынталандыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруға айрықша көңіл бөлінетін болады. ШОБ өкілдері үшін қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары іске асырылады, ірі халықаралық төлем жүйелерімен, банктермен және нарықтың басқа да қатысушыларымен бірлесіп халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізілетін болады. АКТ саласын дамыту АКТ саласын дамыту экономиканың барлық секторларын цифрландырудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Елдің цифрлық күн тәртібін табысты іске асыру үшін Бағдарламаға АКТ саласын қолдауға бағытталған бірқатар шаралар кіреді. Халықарлық сарапшылардың бағалары бойынша 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде басқа салаларда құлдырау болған уақытта, Экономикалық даму және ынтымақтастық елдерінде әлемдік экономикаға өз үлесін қоса отырып, АКТ саласындағы жұмысшылар саны арта түсті. Осы саланың ерекшелігі АТ ұлтық экономиканың басқа салалары үшін нәтижелерге және экономикалық оң көрсеткіштерге қол жеткізуге өз үлесін қоса отырып, қазіргі бизнестің маңызды бөлігін құрайды. Екінші жағынан, ақпараттық технологияларды енгізу киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды талап етеді. АКТ саласын дамытудың негізгі бағыты АКТ қызмет көрсету үлесінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады, себебі тек осы көз ғана АКТ саласындағы жергілікті қамту үлесінің өсуін және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы отандық шағын және орта кәсіпорындарды қолдауды қамтамасыз ете алады. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірі сенімді бағдарламалық қамтылым мен Қазақстан Республикасының электрондық өнеркәсібі өнімдерінің ұлттық тізілімін қалыптастыру болып табылады, оларды пайдалану елдің ақпараттық инфрақұрылымын құру және дамыту кезінде басымдық болады. АКТ саласының бәсекеге қабілетті сала ретінде қалыптастыру үшін мемлекеттің күш-жігері осы саладағы кәсіпкерліктің оңтайлы экожүйесін құруға бағытталатын болады. Бұл экономиканың басым және басқа да АТ сұранысты ынталандыру, ақпараттық технологиялар тауарлары мен қызметтерінің экспортық жолындағы кедергілерді жою, сондай-ақ бірқатар білікті отандық АКТ компанияларды қалыптастыру мен дамыту. АТ саланы дамыту жөнінде жол картасы әзірленіп, бекітілетін болады. Экожүйені қалыптастыруға сондай-ақ отандық АT-компаниялардың венчурлық қаржыландыруға қолжетімділігін ынталандыру, келешегі бар отандық инновациялық технологияларды дамыту және коммерциализацияландыруға гранттар беру, салықтық және басқа да артықшылықтар жатады.

Əдебиеттер:tsifrly-azastan.pdf (primeminister.kz)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет