Бағдарламасы Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты



бет1/7
Дата23.11.2022
өлшемі35,14 Kb.
#159519
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сайлауалды бағдарлама Тоқаев


Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы


Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.
2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Бұл – біздің болашақ дамуымыздың стратегиялық бағытын айқындайтын науқан.
Парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды жұмылдырған Халық коалициясы мені Президент үміткерлігіне ұсынды. Осыған байланысты еліміздің алдағы жеті жылдық кезеңдегі даму барысы туралы пайымымды ортаға салғым келеді.
Ең алдымен экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтермекпін. Алдағы реформалар халықтың мұң-мұқтажына тиімді жауап болмақ, сонымен бірге сыртқы сын-қатерлерге қарсы тұрақтылығымызды күшейтпек.
Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өткеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу керек.
Мемлекет монополияларды жояды, табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз етеді. Қолынан іс келетін еңбектенем деген әр азамат өзіне лайықты жұмыс табады. Көмекке мұқтаж кез келген азамат мемлекет пен қоғамнан қолдау көреді.
Біз ауызсу тапшылығы мәселесін біржола шешеміз, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеміз. Мемлекет ауыл тұрғындарын кәсіби медицинамен қамтамасыз етеді.
Мемлекет өскелең ұрпаққа білім беру үшін осы салаға инвестиция құя береді. Білім саласының барлық деңгейінде қордаланған мәселе шешіледі. Бала тәрбиесі мен олардың алаңсыз өмірі біздің жіті назарымызда болады.
Ауылда өмір сүру, жұмыс істеу қаладан еш кем болмайтындай етіп, ауылшаруашылығын қайта жандандырамыз. Фермерлер экономиканы ілгерілетуші жаңа күшке айналады.
Ел тұрғындары мен қонақтары өзін қала мен ауылда бірдей жайлы сезінуі үшін көше қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.
Біз ұлттық мүддені қорғауды, барлық мүдделі мемлекетпен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сыртқы саяси бағытты жалғастыра береміз.
Біз өзара байланысты үш қағидат негізіндегі жаңа мемлекеттік саясатқа көшеміз: ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ– ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ.
Барлық шешімді екшеп, ашық әрі әділ, ең бастысы - қоғам мүддесі мен талабын ескере отырып қабылдаймыз. Сондықтан бірінші қағидат саяси жаңғыру үдерісін жалғастыруды, мемлекеттік және корпоративтік кәсіби басқаруды енгізуді көздейді. Үкімет, әкімдік, сот, прокуратура мен полиция қызметі азаматтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты негізгі міндеттерді шешуге бағытталады.
Екінші қағидат азаматтар, бизнес және мемлекет мүддесі мен игілігі теңгеріміне, сондай-ақ ел ресурсын тиімді пайдалануға негізделген экономика құруды білдіреді. Сол үшін қоғамның жұмыспен жоғары деңгейдегі қамтылуын, азаматтардың әлеуметтік ауызбірлігін, сонымен бірге теңгерімді аумақтық дамуды қамтамасыз ететін өнімді еңбек нарығы құрылады.
Үшінші қағидат дамыған әлеуметтік инфрақұрылым жасауды және адам әлеуетін іске асыру үшін жан-жақты мүмкіндік беруді көздейді. Біз саламатты, білімді, еңбексүйгіш, әлеуметтік қорғалған және отаншыл қоғам қалыптастырамыз.
Аталған өзгерістің бәрін жақын арада жүзеге асыруға ниеттімін. Халық қолдауы осы мақсаттарға жетудің басты кепілі болады. Көзделген игі өзгерістерді іске асыруға неғұрлым көп азамат қатысса, нәтижеге соғұрлым тезірек жетеміз.
Қазақстан азаматтарының жақсы өмір сүргенін қалаймын. Мұны халқымыз түгел қолдайтыны маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет