Бағдарламасы х.ғ. д., доцент Абдулкаримова Р. Г., х.ғ. к., м а. доцент Нажипқызы М., х.ғ. д., профессор Мансуров З. А. құрастырған


Нанообъектілер мен наножүйелердің диагностикасы және зерттеу әдістері



бет3/11
Дата03.11.2023
өлшемі118 Kb.
#189242
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Наноматериалы и нанотехнологии хим - каз
белый фон - Поиск в Google, Теор. вер. дәрістер 2кр .docx Теор вер лек каз 6
5. Нанообъектілер мен наножүйелердің диагностикасы және зерттеу әдістері.
Электронды растрлы және жарықтандырғыш микрокопиясы. Электронды томография. Электронды спектроскопия. Дифракциялық зерттеу әдістері. Диагностикалаудың оптикалық және сызықты емес-оптикалық әдістері. Конфокальді микроскопия ерекшеліктері. Сканирлеуші зондты микроскопия. Күштік микроскопия. Атомдық күштік өзара әрекеттесу спектроскопиясы. Туннелдi микроскопия және спектроскопия. Сканирлеуші зондты микроскопияны нанотехнологияда қолдану.
6. Нанокөміртек.
Көмiртектi нанотүтікшелер. Бiр қабатты және көп қабатты нанотүтікшелер. Көміртекті емес нанотүтікшелер. Хиральдікке байланысты көмiртектi нанотүтікшелердің қасиеттері. Графен – құрылымы, физико-химиялық қасиеттері. Фуллерендер, фуллериттер, көміртекті нанотүтікшелер, құрылымы және физико-химиялық қасиеттері.
7. Сфералық және түтіктік нанобөлшектердің түзілу механизмі.
Дислокациялық модель, бу-сұйық-кристалл (БСК) өсу механизмі, карбидтік механизм, Нанобөлшектердің түзілу және өсу модельі. Сирстің дислокациялық модельі. Вагнер-Элистің бу-сұйық-кристалл (БСК) механизмі. Карбидті механизм, шектеуші сатылар. Бөлшектердің түзілуінің кватарондық моделі. Нанотүтікшелердің түзілуінің магниттік механизмі.
8. Нанообъектілердің коллоидтық химиясы. Капиллярлылық және жұғу.
Беттік энергия және беттiк керiлiс. Қатты және сұйық беттегі тамшылар. Толық және толық емес жұғу. Беттік (электростатикалық және молекулалық) және капиллярлық күштер. Жұғу бұрышының гистерезисі: химиялық әртектіліктің және кедiр-бұдырлықтың рөлi. Асагидрофобты беттер. Жұғу және жайылудың динамикасы.
9. Биомедициналық нанотехнология.
Биоматериалдар. Бионанотехнологиялар. Медицинада нанобөлшектердi қолдану принциптері. Адамдардың ауруын емдеу мен диагностикалауда принципиалды дамудың жаңа әдістерінде нанотехнологияны қолдану салалары. Биоэнергетика.
10. Наноматериалдарды қолдану.
Құрылымдық наноматериалдар. Гидрофобты қасиеті бар күйенің қолданылуы. Наносорбенттер және оларды қолдану. Наноматериалдарды қолдану саласындағы тарихи аспектілер. Наноөлшемдi катализаторлардың қолданылуы.
11. Нанотехнологияның дамуы.
Нанотехнологияның принциптері және даму тиімділігі. Нанобизнес. Наноиндустрия. Нанотехнологияға инвестицииялар. «Ақылды» материалдар. Әскери нанотехнологиялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет