Бағдарламасы «Құқық негіздері»


ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТ БӨЛІНІСІ



бет3/3
Дата10.10.2020
өлшемі113,5 Kb.
#64082
түріБағдарламасы
1   2   3
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТ БӨЛІНІСІ

№1 Кесте





Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиеттер

ДС

ЛС

СС


СОБӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Мемлекет ұғымы және мәні.

2




2

1

20

Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

2

Қоғамда құқықтың алатын орны.

2




2

1

Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.


3

Конституциялық құқық -Қазақстан Республикасының маңызды құқық саласы ретінде.

1




1

2

Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: Оқу құралы. – Астана: Фолиант. 2001. – 176б.

4

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері.

2




2

1

Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2001. – 252 б.

5

ҚР еңбек құқығының негіздері.

1




1

2

Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. Алматы, 2005.

6

Отбасы құқығының негіздері.

1




1

2

Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 256 б.

7

Әкімшілік құқықтың негіздері.

1




1

1

Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы :2004. – 248 б.

8

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы-құқық саласы ретінде.

1




1

2

25

Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 624 б.

9

Экология құқығының негіздері

2




2

2

Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: Оқу құралы. – Астана: Фолиант. 2001. – 176б.

10

Халықаралық құқықтың негіздері.

2




2

1

45

Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы. Астана: Фолиант, 2001. – 252 б.


3 ПӘНДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

«Құқық негіздері» пәні бойынша семинар сабақтары құқықтық білімді нығайтудың негізгі жолы болып табылады. Семинар сабағында студент тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап тауып қана қоймай оны қорытып дұрыс жеткізе білуі қажет. Семинар сабағында студент өзінің дәріс сабағында алған білім деңгейін тереңдетуге, талқыланып отырған тақырыпқа қатысты өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Семинар сабағына дайындалу барысында жаңа термин сөздерге мән беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.

Студент семинар сабағына дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді мұқият саралауы керек және ол ұсынылған әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге өз тарапынан ізденіп баспа материалдарын да қарастыруы қажет.

Құқықтық білім адам өмірінің барлық кезеңдеріне қажет, сондықтан аталмыш пәнге деген қызығушылықтың болуы студенттің құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. Семинар сабағының басты кеңесшісі ол пән оқытушысы. Сол себепті түсініксіз сұрақтарға оқытушыдан кеңес алып отырған жөн. Семинар сабағында тақырыпқа қатысты мәселе көтеріліп, әр түрлі әдістердің қолдануымен шешіледі. Әдістер: ахуалдық есептер шешу, баяндау, пікір таластыру, ойын және т.б. Есептер дегеніміз күнделікті өмірімізде туындап жатқан құқықтық мән – жайлар, мәне соларға жауапты іздеу барысында студент қажетті нормативті құжатты дұрыс тауып, талдауы керек. Жауапты баяндау барысында арнайы деректерге сүйене отырып, өз сөздеріне дәлелдемелер келтіріп отыруы керек. Жауап беру барысында баяндап тұрған мәселеге тұжырым жасай алуы қажет.



ЭССЕ ЖАЗУҒА, ПРЕЗЕНТАЦИЯ ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.



Презентация — жаңа бір нәрсені, жаңа ғана пайда болған, жаңадан құрылған жағдайды қоғамдық елестету. Ақпаратты елестетудің, берудің жаңа тәсілі, жаңа формасы. Презентацияның түрлерінің бірі мультимедиялық, яғни бір файлда жинақталған слайдтар жинағы. Презентация жоба туралы қысқаша немесе шағын әңгіме түрінде де болады. Студент презентация арқылы берілген ұғымды топтап, шағын түрде жеткізуі керек. Презентация арқылы студент өзінің фантазиясы, креативті ойы, терең білім деңгейі арқылы көзқарасын ортаға салады.

4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ

Курс дәріс, семинар сабақтарынан, студенттің өздік жұмыстарынан тұрады. Пәнді толық игеру мақсатында студентке оқытушыдан кеңес алуға арнайы сағаттар бөлінген. Шентік бақылау студенттің білімін аттестациялау үшін беріледі. Шептік бақылау нысаны тест түрінде болуы мүмкін.



5 ПӘННІҢ САЯСАТЫ:

  • Сабақтарға уақытында келу;

  • сабақ үстінде басқа істермен шұғылданбау, ұялы телефонды өшіріп қою;

  • себепсіз сабақтан қалмау, ауырған жағдайда дәрігерләк анықтама әкелу;

  • босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта келіп тапсыру;

  • тапсырманы орындамаған жағдайда, қорытынды баға төмендейді;

  • оқу процессіне белсенді қатысу;

  • күнделікті сабаққа қатысу;

  • шыдамды, жауапты болу керек, курстастарымен және оқытушылармен жақсы қарым – қатынас орнату.

Талаптар: сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысу үшін, студенттердің құқық негіздері пәніне деген қызығушылығы қажет. Барлық тапсырмаларды уақытында орындау керек. Сабақта материалды талдау үшін, сұрақтар қойып, сын көзқарас білдіру үшін, мәселені көтеру үшін алдын ала дайындалып келу керек.
6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

1-7 апта аралығында студент барлығы 300 балл жинақтайды, 8-15 аралығында 300 балл жинақтауы керек. Жалпы балл -600. Емтихан- 400 балл.


7 ӘДЕБИЕТТЕР

Нормативті-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” 16.12.1991.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “Қазақстан Республикасының сот жуйесі және судьялардың мәртебесі туралы” 25.12.2000.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” 28.12.1995

  5. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 18.12.1995.

  6. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “Республикалық референдум туралы” 02.11.1995.

  7. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” 28.12.1995.

  8. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы. 23.07.1999.

  9. «Неке және отбасы туралы» ҚР заңы. 17.12.1998.

  10. «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» заңы. 10.12.1999.

  11. Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығы “Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы” 29.12.1995.

  12. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 16.07. 1997.

  13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 17.12.1994.

  14. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 01.07.1999.

  15. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001.

  16. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13.07.1999.

  17. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. 13.12.1997

  18. Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару кодексі. 13.12.1997.

  19. Бюджетке төленетін салық және міндетті төлемдер туралы.12.06.2001.

  20. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 20.06.2003.

  21. Қазақстан Республикасының Су кодексі. 17.07.2003.

  22. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. 08.07.2003.

  23. Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілер туралы заңы. 24.03.1998.

Ұсынылатын әдебиетер тізімі:

  1. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы,1998

  2. Жоламанов І.Д.,Мұхтаров А.І., Түкелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы,1999

  3. Ғ. Сапарғалиев ҚР Конституциялық құқығы, Алматы-2004

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права.-М.,1998

  5. Комаров С.А. Общая теория государства и права.-М.,1998

  6. Теория государства и теория/Под ред.Н.И. Матузова.-М.,1997

  7. Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқығы.-А.,1997

  8. Төлеуғалиев Ғ.Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Оқулық.1-том.-Алматы,2001

  9. Алғабаев А.Н. Қылмыстық құқық.-А.,1998

  10. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім.-Алматы,2001

  11. Гражданское право.Т.1: Учебник/Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. М.,2000

  12. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

  13. Заманов С.З. Конститутция и Парламент Республика Казахстан.-А.,1998

  14. Черняков А.Л. Конститутционное право Республика Казахстан :Проблемы теории и практики.-А.,1997

  15. Гражданское право. Ч.1: Практикум/Под ред. Н.Д. Егорова, А.П. Сергеева.-М.,2000

  16. Трудовое право/Под ред. О.В. Смирнова.-М.,1998

  17. Е. Баянов. ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері,-Алматы-2003












Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет