Бағдарламасы іске асырылуы туралы есеп Есепті жыл: 2013 2015 жылдар



бет34/36
Дата13.02.2017
өлшемі4,34 Mb.
#9203
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

«Ақпарттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есептемеге талдамалық жазба
I. Реквизиттері

Ақпарттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген.



Әзірлеуші-орган: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі
Құжатты іске асыру мерзімі: 1 кезең: 2013-2017 жылдар

2 кезең: 2018-2020 жылдар


Осы құжат шешуге бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпарат, құжаттың іске асырылуының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде 4 негізгі міндет көзделген:

1. мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

2. ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3. қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;

4. отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.


1 міндет. Архитектуралық тәсіл негізінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету

Ақпараттандыру арқылы мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру

Мақсаттық индикаторлар

1) «Қазақстан Дүниежүзілік банктің DoingBusiness рейтингінде» 2017 жылы – алғашқы 38 елдің тізімінде, фактілер: 2013 жылы – 50-ші орын, 2014 жылы – 53-ші орын, 2015 жылы – 41-ші орын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның «Doing Business» Дүниежүзілік банкі рейтінгінің 30 еліне кіру тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елдегі бизнес-климатты және рейтингтегі орынды жақсарту бойынша елеулі жұмыстар жүргізді.

Ағымдағы жылы Қазақстан әлемнің 189 экономикаларының ішінде 41-ші орынды иемденіп, қойылған мақсатқа айтарлықтай жақындады (2014 жылы – 53, 2013 жылы – 50). Қазақстан ЭЫДҰ-ың Венгрия (42 орын), Италия (45), Чили (48), Израиль (53), Түркия (53), Люксембург (61) сияқты елдерін басып озды. ЕЭО елдерінің ішінде Қазақстанның орны Белоруссия (44), Ресей (51) және Қырғызстанға (67) қарағанда жақсырақ.

2) 2017 жылы мемлекеттік көрсетілен қызметтерді ұсынудың максималды мерзімі – 5 жұмыс күнінен артық емес, фактілер: 2013 жылы – 35 күнтізбелік күн, 2014 жылы – 26 күнтізбелік күн, 2015 жылы – 24 күнтізбелік күн.

3) 2017 жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара әрекеттестігін автоматтандыру – 80 %, фактілер: 2013 жылы – 97%, 2014 жылы – 99,17%, 2015 жылы – 99,96%.

2013 жылғы 11 ақпанда мемлекеттік органдарда НҚА-ді келісу модулі бөлігінде, сондай-ақ аталған модульді мемлекеттік органдармен пайдалануды қосу бөлігінде жетілдірілген МОИП іске қосылды, көрсеткіш ретінде Мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдануының тиімділігін бағалау әдістемесіне және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 450 қаулысын бекіту ретінде, орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен МО КО ЭЦҚ-ын қолданып МОИП арқылы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2015 жылдың қорытындылары бойынша МОИП АЖ-інде НҚА-ің 14 мыңнан астам жобасы орналастырылды және келісілді. Заңнамалық актілерге сәйкес, мемлекеттік органдар арасында НҚА-ді келісу тек МОИП АЖ арқылы жүргізілетіндіктен 2015 жыл көрсеткіші 80%-дан айтарлықтай артық.
Мемлекеттік органдардың ашықтығы

Мақсаттық индикаторлар

1) Қазақстан Республикасының е-қатысу индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) бағдарламаның іске асырылуы бойында алғашқы 5 елдің ішінде болуы қажет, фактілер: 2012 жылы – 2 орын; 2014 дылы – 22 орын.

Аталған индекс 193 ел арасында БҰҰ-ның электрондық үкіметтің дамуын бағалау жөніндегі Шолу шеңберінде екі жылда бір рет есептеледі. Қазақстанның «е-қатысу» индексі бойынша көрсеткішінің төмендеу факторларының бірі бағалау әдістемесінің өзгеруі болып табылады.



2) «ашық деректер» сервистерінде негізделген белсенді қолданылатын қосымшалардың саны, 2017 жылы – кемінде 3, фактілер: 2014 жылы – 2 қосымша, 2015 жылы – 12 қосымша.

12 (2014 жылы – 2, 2015 жылы – 10)

Порталда қазір, ашық деректер негізінде өнімдер әзірлеу жөніндегі конкурстар нәтижелері бойынша IT-мамандар құрған 12 мобильді қосымша қолжетімді.

«Электрондық Үкіметті» дамыту

Мақсаттық индикаторлар

1) «Электрондық үкімет» индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) 2017 жылы – алғашқы 30 елдің ішінде, фактілер: 2012 жылы – 38 орын, 2014 жылы – 28 орын.

Аталмыш индекс 193 ел арасында БҰҰ-ның электрондық үкіметтің дамуын бағалау жөніндегі Шолу шеңберінде екі жылда бір рет есептеледі.



2) Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасымен қанағаттану индексі 2017 ж. 5 балдың 4,5 балын құрауы тиіс, фактілер: 2013 жылы – 4,1 балл, 2014 жылы – 4,4 балл, 2015 жылы – 3,95 балл.

2014 жылмен салыстырғанда индекстің төмендеуі 0,4 балды құрады. Бұл, біріншіден, қызметтер тізбесінің 2015 жылы толық жаңартылуына байланысты, яғни, баға беру жаңа мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізілді, екіншіден, сауалнама жүргізу кезеңінде орын алған бірқатар әлеуметтік өзгерістер (теңгенің девальвациясы, жанармай, азық-түлік бағасының қымбаттауы) ҚР Үкіметінің жалпы жұмысын бағалауға қатты әсерін тигізді.



3) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бюрократтану индексі 2017 жылға қарай – 3. 2013-2015жж. фактілері 4-ті құрады.

4) Мемлекеттік көрсетілетін электрондық қызметтердің үлесі дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қатынасы бойынша 2017 ж. – 50%, фактілер: 2013 жылы – 78,6%, 2014 жылы – 63,1%.

Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша қызметін бағалаудың жоспар-кестесіне сәйкес аталмыш көрсеткіш бойынша есеп 2016 жылдың 2-тоқсанында ұсынылатын болады.



5) Электрондық қызмет көрсетудің жалпы көлеміндегі мемлекеттік мобильдік электрондық қызмет көрсетудің үлесі 2017 ж. – кемінде 36 %, фактілер 2013 жылы – 1,5%, 2014 жылы – 5%, 2015 жылы – 5,9%.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылғы электрондық қызметтердің жалпы ауқымында мобильді қосымшаға шығарылған электрондық мемлекеттік қызметтер үлесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген тізілімге сәйкес, 5% құрады (28/473*100%=5,9%)



6) Әлеуетті автоматтандырылатындар ішінен мемлекеттік органдардың автоматтандырылған функцияларының үлесі, 2017 ж. кемінде 80 % құрауы тиіс, фактілер: 2013 жылы – 81,5%, 2014 жылы – 75,5%.

Мемлекеттік органдарды автоматтандыру дәрежесін бағалау әдістемесі 2012 жылы басталды. Мемлекеттік органдарды бағалау кезінде көрсеткіштер ОМО және ЖАО бойынша жеке есептеледі, осыған байланысты 2017 жылдың жоспарлы көрсеткішіне 80% бастапқы деп бекітілді, ол ОМО және ЖАО орташа арифметикалық көрсеткіштері ретінде есептеледі.



Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу

Мақсаттық индикаторлар

1) мемлекеттік органдардың меншікті дата-орталықтарының, серверлік бөлмелерінің, серверлік жабдықтарының саны 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 80%-ға қысқартылуы тиіс, фактілер: 2013-2014 жылдары – 2012 жылмен салыстырғанда артты: меншікті дата-орталықтар - 2,8%-ға, серверлік жабдықтар - 27,4%-ға, 2015 жылы –2012 жылмен салыстырғанда меншікті дата-орталықтар - 2,8%-ға артты, 2012 жылмен салыстырғанда серверлік жабдық - 79,4%-ға азайды.

Меншікті дата орталықтар, серверлік бөлмелер, серверлік жабдықтар санын, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» резервтік алаңының инфрақұрылымына және деректерді өңдеудің өңірлік орталықтарына өткеннен кейін қысқарту жоспарлануда (іске асыру мерзімі 2017 жыл).



2) мемлекеттік органдардың меншікті лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы, меншікті ақпараттық жүйелерді құру және қызмет көрсету қызметтерін сатып алуға кететін шығындарын қысқарту 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 40%-ды құрауы тиіс, фактілер: 2013-2014 жылдары –2012 жылмен салыстырғанда 56,6%-ға артты, 2015 жылы – 2012 жылмен салыстырғанда 70,02%-ға азайды.

«Ақпараттандыру туралы» Заңды іске асыруға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру кезінде бос бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланудың басымдығы көзделген. Осыған байланысты ЛБЖ-ын сатып алу шығыстарының қысқаруы орын алды



Құқық қорғауды, қоғамдық қауіпсіздікті, техногендік аварияларды және табиғи апаттар қатерін төмендетуді қамтамасыз етуге арналған АКТ

Мақсаттық индикаторлар

1) 2017 ж. төтенше жағдайларға ден қою уақытының – 10,75 %-ға қысқаруы;

Аталған Мақсатты индикатор БКДҚ 112 енгізгеннен кейін есептелетін болады.



2) Халыққа ТЖ туралы жаппай хабарлаудың заманауи жүйесімен жабдықталған елді мекендердің үлесі, 2017 ж., - 95 %.

ТЖК аумақтық бөлімшелеріне сынақтан өткен және Қазақстан Республикасы аумағында хабарландырудың аумақтық және объектілік жүйелері ретінде пайдалануға ұсынылған хабарландыру жүйелерінің тізбесі жолданды. Аумақтық деңгейдегі хабарландыру аудандық жүйелерін және объектілік деңгейдегі хабарландыру жүйелерін құру бойынша Әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді және облыстардың, Астана және Алматы ққ. әкімшіліктеріне, ТЖК аумақтық бөлімшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жолданды.

Аталған мақсаттық индикатор аталған жүйелерді енгізгеннен кейін есептелетін болады.

3) шұғыл қызмет қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 ж. - 100 %, фактілер: 2013 жылы – 30,6%, 2014 жылы – 45,8%.

2016 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2015 жылдың деректері статистика органдарымен 2015 жылдың наурызында жарияланатын болады.

Аталған мақсаттық индикаторға «Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі 112» (бұдан әрі – «БКДҚ – 112») жобасын енгізгеннен кейін қол жеткізілетін болады, оған, шұғыл қызметтің барлық қызметкерлерін 112 бағдарламалық-аппараттық кешенінде жұмыс істеуге үйрету және олардың компьютерлік сауаттылығын арттыру кіреді.
2 бағыт. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету

Үй шаруашылықтарының ақпараттық инфрақұрылымының қолжетімділігі

Мақсаттық индикаторлар

1) Интернет желісіне қолжетімділігі бар, үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 ж. – 65 %, фактілер: 2013 жылы – 86,7%, 2014 жылы – 86,9%.

2) тіркелген телефон байланысы бар, үй шаруашылықтарының үлесі - 2017 ж. – 80 %, фактілер: 2013 жылы – 87,7%, 2014 жылы – 83,6%.

3) мобильді телефондары бар, үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 ж. – 80 %, фактілер: 2013 жылы – 96,8%, 2014 жылы – 98,4%.

Саланың АКТ-нарығын және АТ-ын ынталандыру

Мақсаттық индикаторлар

1) ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2017 ж. – 3,8 %, фактілер: 2013 жылы – 3,8%, 2014 жылы – 4%, 2015 жылы – 4% (2015 жылғы қаңтар-қыркүйек).

2016 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2015 жылдың деректері статистика органдарымен 2016 жылдың тамызында жарияланатын болады.



2) АКТ саласындағы инновацияларға кететін шығындар үлесі 2017 ж. – 0,5% ЖІӨ, фактілер: 2013 жылы – 0,15%, 2014 жылы – 0,14%.

2016 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2015 жылдың деректері статистика органдарымен 2016 жылдың мамырында жарияланатын болады.



3) елдегі АКТ секторы кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2017 ж. - 7 %, фактілер 2013 жылы – 16,6%, 2014 жылы – 22,1%.

2016 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, 2015 жылдың деректері статистика органдарымен 2016 жылдың мамырында жарияланатын болады.



4) МЖС схемасы бойынша жалпы пайдаланудағы зерттеу зертханаларының саны 2017 ж. - 4.

2013 жылдың тамызында «ҰАТ» АҚ негізінде жеке инвестициялар есебінен Зерттеу зертханаларының орталығы құрылды.

Орталыққа Garthner рейтингінің «қисық технологиясына» сәйкес даму шыңында тұрған қолданбалы зерттеу технологияларымен айналысатын 4 зертхана кіреді:

- Бұлтты технологиялар зертханасы;

- Мобильдік технологиялар зертханасы;

- Ауқымды деректер зертханасы;

- «ЭҮ» архитектурасының зертханасы.
3 бағыт. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру

Адами капиталды дамыту

АКТ саласындағы мамандардың комьютерлік сауаттылығы мен білім деңгейін көтеру

Мақсаттық индикаторлар

1) адами капиталды дамыту индексі 2017 ж. – 0,764, фактілер: 2013 жылы – 0,755, 2014 жылы – 0,757, 2015 жылы – 0,788.

2) электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 ж. – 60 %, фактілер: 2013 жылы – 30%, 2014-2015 жылы – 60%.

3) 100 жұмыс істеушіге шаққанда дистанциялық жұмыспен қамтылғандар саны 2017 ж. – 7 адам, фактілер 2013 жылы – 0,68%, 2014 жылы – 0,4%.

4) халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 ж. – 65 %, фактілер: 2013 жылы – 63,2%, 2014 жылы – 64,1%, 2015 жылы – 74,2%.

Білім мен ғылымдағы АКТ

Мақсаттық индикаторлар

1) бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған, ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі 2017 ж., – 50 %, фактілер: 2014 жылы – 98%, 2015 жылы – 38,5%.

«Электрондық оқыту жүйесін орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына енгізу» жобасы аясында 2011-2014 жылдары, жылдамдығы 4-10 Мбит/сек кең жолақты Интернетке 2959 білім беру ұйымдары қосылған, оның ішінде 2686 мектеп және 273 колледж (38,5%).



2) 2017 жылда мектептер мен ТКБ үшін ашық қол жеткізетін электрондық оқыту контенттерінің көлемі – 60%, факт бойынша: 2013 жылда - 30%, 2014-2015 жылдарда - 60%,

3) ерекше қажеттілігі бар балалар үшін(инклюзивті білім) АКТ көмегімен сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету 2017 жылда - 30%, факт бойынша:2013-2014 жылдарда - 8%, 2015 жылда - 12%.

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту

Мақсатты индикаторлар

  1. Денсаулық сақтау саласының бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі 2017ж.-60%, факт бойынша:2014 жылда-25%, 2015 жылда-91,5%.


2)100 медициналық қызметкерге шаққанда компьютерлер саны 2017 ж.-60%, факт бойынша: 2013 жылда – 19,2%, 2014 жылда – 21,1, 2015 жылда – 70,4% құрады.

3) 2017 жылда «электрондық медициналық карталармен қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі - 60%.

Аталмыш көрсеткішке қол жеткізу Ақпараттандыру платформасын енгізгеннен кейін және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельдігін қамтамасыз етуден кейін жоспарланады.



4)денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерін 2017 жылда бірыңғай интеграциялық платформаға кіріктіру 40%.

Аталмыш көрсеткішке қол жеткізу Ақпараттандыру платформасын енгізгеннен кейін және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельдігін қамтамасыз етуден кейін жоспарланады.



5) медициналық қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығы 2017 жылда - 70%, факт бойынша: 2013 жылда – 37,9%, 2014 жылда - 50%.

Электрондық коммерцияны дамыту

Мақсатты индикаторлар

  1. Жалпы тауарлар мен қызмет нарығында электрондық коммерция үлесі 2017 жылда - 7%.

ҚР қазақстандық интернет-дүкен арқылы бөлшек сауда айналымының жалпы бөлшек сауда айналымындағы үлесі 2013 жылда – 0,5%, 2014 жылда – 0,7%.

ҚР қазақстандық интернет-дүкен арқылы көтерме сауда айналымының жалпы көтерме сауда айналымындағы үлесі 2013 жылда – 0,4%, 2014 жылда – 0,3%.

ҚР қазақстандық интернет-дүкен арқылы көрсетілетін қызмет көлемінің жалпы көрсетілген қызмет көлмендегі үлесі 2013 жылда – 1,6%, 2014 жылда – 1,5%.

2016 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың мәліметтерін 2016 жылғы шілдеде статистика органдары жариялайтын болады.



2)электрондық тәсілмен төленетін қазақстандық интернет-дүкендер айналымының жалпы тауарлар мен қызмет айналымындағы үлесі 2017 жылда - 30%.

Бөлшек саудада электрондық жолмен төленген тауар айналымының үлесі 2014 жылда 7,8%, интернет арқылы төленген көтерме саудада 2014 жылда -49,9%, интернет арқылы көрсетілген қызметтер 2014 жылда 53,1% құрады.

2016 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың мәліметтерін 2016 жылғы шілдеде статистика органдары жариялайтын болады.

Электрондық экономика қалыптастыру

Мақсатты индикаторлар

1)компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру жөнінде білім алған өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің үлесі 2017 жылда - 70%, факт бойынша 2013 жылда – 1,4%, 2014 жылда – 1,8%.

2016 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың мәліметтерін 2016 жылғы шілдеде статистика органдары жариялайтын болады.

Осы саланың басым көпшілігі жеке меншікте болуына байланысты өнеркәсіп кәсіпорындары, осы көрсеткіштердің саланы дамытуға ықпалын ескере отырып, компьютерлік сауаттылықты дамыту саясатын дербес түрде анықтайды.

2)өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнімнің көлемінде АКТ шығатын шығын көлемінің артуы 2017 жылда - 30% (2012 жылмен салыстырғанда), 2014 жылда – -16,7% артты.

2016 жылдың Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес 2015 жылдың аталмыш көрсеткіш бойынша деректері 2016 жылдың 3-тоқсанында ұсынылатын болады.



3)кәсіпорын бюджетінде АКТ өзіндік көлемінің артуы 2017 жылда 30%(2012 жылмен салыстырғанда).

2016 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың мәліметтерін 2016 жылғы шілдеде статистика органдары жариялайтын болады, сондай-ақ ол 2015 жылдың статистикалық есебіне енгізілді.



4)инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылда - 5%, факт бойынша: 2013 жылда - 8%, 2014 жылда – 8,1%.

2016 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың мәліметтерін 2016 жылғы мамырда статистика органдары жариялайтын болады.



5)өнеркәсіп кәсіпорындарының атқарылған өнімдерінің көлмінде инновациялық өнімнің үлесі 2017 жылда - 10%, факт бойынша: 2013 жылда – 2,5%, 2014 жылда – 2,4%.

2016 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың мәліметтерін 2016 жылғы мамырда статистика органдары жариялайтын болады.



Көлік жүйесіндегі АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)көлік инфрақұрылымындағы кәсіпорындардың Интернет ШПД қамтылу деңгейі 2017 жылда - 30%, факт бойынша: 2013 жылда – 51,2%, 2014 жылда – 41,1%.

2016 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың мәліметтерін 2016 жылғы наурызда статистика органдары жариялайтын болады.



2)спутниктік басқару жүйесімен жарақталған жолаушылар мен жүк көліктері автомобильдерінің үлесі 2017 жылда - 30%, факт бойынша 2015 жылда – 60,4%.

Қазіргі кезде жолаушылар тасымалымен 12 500 автобус айналысады, оның ішінде 7 550 автобус спутниктік басқару құралдарымен жабдықталған, ол жалпы санының 60,4% құрайды.



3)электрондық формат арқылы билет сатып алынатын бағыт, бағдарлардың үлесі 2017 жылда - 40 %, факт бойынша 2015 жылда – 41,6% болды.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)Интернет желісіне қол жеткізген АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылда - 80 %, факт бойынша 2013 жылда – 27,3 %, 2014 жылда – 26,4 %.

2)АӨК қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы 2017 жылда - 70 %, факт бойынша 2013 жылда 14,6 %, 2014 жылда – 18,6 %, 2015 жылда – 22,2%.

Энергиямен жабдықтаушы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйе

Мақсатты индикаторлар

1)технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи монополия субъектілерінің үлесі:

сумен жабдықтау және су ағызу саласында 2017 жылда - 30%, факт бойынша 2014 жылда – 3,09 %, 2015 жылда – 22%.

жылумен қамтамасыз ету саласында 2017 жылда - 20%, 2014 жылда – 3,25 %, 2015 жылда – 34%.

газбен жабдықтау саласында 2017 жылда - 30 %, 2014 жылда - 0 %, 2015 жылда – 0%.

2)электр қуатымен жабдықтау саласында электр энергиясын есепке алуды коммерциялық басқару жүйесін енгізген табиғи монополия субъектілерінің үлесі 2017 жылда - 30 %, факт бойынша 2014 жылда – 53,93 %.

3)ТКШ саласы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылда - 70 %, факт бойынша 2013 жылда – 26,4 %, 2014 жылда – 36,3 %, 2015 жылда – 38,8%.

Экология мен гидрометеорологиядағы АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)зиянды заттарды, радиактивтік қалдықтарды көму, шайынды суларды жерге ағызып, өндіріс пен тұрмыс қалдықтарын жерге төгу жөніндегі мемлекеттік кадастрлардың толтырылу деңгейі 2017 жылда - 50 %.

Бұл мақсатты индикаторға 4 көрсеткіш жатады: зиянды заттарды, радиактивтік қалдықтарды көму және жерге шайынды суларды төгу жөніндегі Мемлекеттік кадастр дерекқорының толырылу пайызы; өндіріс пен тұтыну қалдықтары жөніндегі Мемлекеттік кадастрдың толтырылу пайызы; қоршаған ортаның ластанға учаскелерін қоршаған ортаның ластанған учаскелерінің мемлекеттік тіізілімінен алып тасталған пайызы; «Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары Мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің дерекқорын толықтыру пайызы. Бүгінгі күнге «ҚР ТРМК» АЖ ғана жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жоғарыда көрсетілген мәліметтер есептелген соң ғана шығады.



2)болжамдардың расталу көрсеткіштері:

агрометеорологиялық болжамдар 2017 жылда - 83 %;

ұзақ мерзімге берілген гидрологиялық болжамдар 2017 жылда - 83%;

ұзақ мерзімге метеорологиялық болжамдар 2017 жылда - 91%

«Агрометеорологиялық болжамдар», «ұзақ мерзімге берілген гидрологиялық болжамдар», «ұзақ мерзімге метеорологиялық болжамдар» индикаторлары бойынша сәйкес 2013 жылда - 82%, 76%, 75%, 2014 жылда - 82%, 82%, 77%, 2015 жылда - 82%, 81%, 80%.

3)нақты уақытпен «оnline» режимінде өндірістік экологиялық мониторинг туралы мәліметтерді қашықтықтан беру қондырғылары бар І санаттағы өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесі 2017 жылда - 50%;

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жер бетіндегі объектілерде табиғат пайдаланушылардың өндірістік және өзге де қызметтерін өткізу кезінде экологиялық мониторинг ұйымдастыру және өткізу қағидаларының жобасын әзірледі (бұдан әрі – Қағида). Бүгінгі күнге Қағиданың жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуге жіберілді. Жоғарыда аталған Қағида бекітілген соң есеп беріледі.



4)зиянды қалдықтарды атмосфераға шашуды азайту 2017 жылда – 2013 жылмен салыстырғанда 3%, факт бойынша:2014 жылда зиянды атмосфера қалдықтарын шығару 2013 жылмен салыстырғанда 1,12% қысқарды;

2016 жылдағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес осы индикатор бойынша 2015 жылдың мәліметтері 2016 жылғы шілдеде ұсынылатын болады.



5) Республика аумағын бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесімен қамту 2017 жылда - 50%.

Бүгінгі күнге «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесі» құрылмаған, бұл көрсеткіш осы жүйе құрылған соң есептеледі.



6)экология мен гидрометеорология саласы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылда - 70%, факт бойынша:2013 жылда – 31,8%, 2014 жылда – 59,6%, 2015 жылда – 71,4%.

Денешынықтыру және спорт саласындағы АКТ

Мақсатты индикаторлар

1)денешынықтыру және спорт саласындағы нысандардың оқу-жаттығу процестерін автоматтандыру және ақпараттандыру деңгейі 2017 жылда - 75%, факт бойынша: 2013 жылда - 40%, 2014 жылда - 75%.

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет