Бағдарламасы және практиканы өткізу барысы бойынша әдістемелік нұСҚАУ


ӨНДІРІСТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА



бет14/27
Дата31.03.2024
өлшемі373,5 Kb.
#200401
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
Praktika-Tarih-kaz (1)
лаураа, e11a14bf7a6f42fb85873ad20c94e80c, Document (6), Ұлым саған айтамын, Домбыра жеке тапсырма, СҒЗЖ, Экология-2 АБ
4.4. ӨНДІРІСТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
1 Практиканың міндеттері мен мақсаттары
1.1 Кіріспе
Өндірістік практика жалпы білім беретін мекемелерде жүргізіледі:
- инновациялық мекемелерде (лицей, гимназия);
-орта кәсіптік оқу орындарында.
Керекті материалдық-техникалық жағдайлары мен жоғары білікті мамандары бар білім беру мекемелері 6В01606, 5В011400 «Тарих» бағыты бойынша өндірістік практиканың базалары болып табылады.
Өндірістік практиканың міндеттері:
-оқытудың әртүрлі әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, әр түрлі сабақтарды өткізудің дағдыларын қалыптастыру;
-студенттердің зеттеу қызметінің ептілігін дамыту;
-студенттердің теориялық оқыту барысындағы алған білімдерін тереңдету мен бекіту;
-студенттерді практика базасының психологының кәсіби қызметінің және атқарымдық міндеттерінің сипатымен таныстыру.
2. Өндірістік практиканың мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
Біліктілік талаптарына сәйкес мамандықтың студенті келесі негізгі құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
- өзі туралы түсініктің қалыптасуы;
- кәсіби қызметінде барабар кәсіби нұсқауларды жасау.
3. Өндірістік практиканың мазмұны
Студенттер жұмысының мазмұны мен сипаты бойынша өндірістік практика 3 кезеңге бөлінеді:
I кезең - нұсқаулық. Оның мақсаты- практикаға теориялық тұрғыдан дайындалу. Нұсқаулық конференцияда барлық ұйымдастырушылық сұрақтардың шешімдерін қарастырылады, яғни практиканың міндеттерімен, бағдарламамен, есептік құжаттамамен, факультеттік және топтық жетекшілермен (география бойынша әдіскерлер), практиканың бақылау мерзімдерімен танысу.
II кезең - негізгі. Ол екі мерзімнен тұрады: танысу және кәсіби-қызметтік. Бірінші аптада студент білім беру мекемесімен танысады, бекітілген сыныптың оқушыларын зерттейді, барлық сабақтарға қатысады, мұғаліммен тақырыптық жлспар құрайды, ал сынып жетекшісімен тәрбиелік іс-шаралардың жоспарын талқылайды. Бірінші екі күн ішінде практикант күнделікте жеке жоспар құрастырады, оны топтық жетекшіге бекітуге береді.
Күнделікті толтырылатын күнделіктегі жеке жоспар.
Жұмыс кезеңі келесі тоғыз апта бойы жүзеге асады, ол мерзімде студент келесі негізгі тапсырмаларды орындайды: бақылау және есептік тренингтік бағдарламаларды жүргізеді, психология, педагогика бойынша негізгі тапсырмаларды орындайды, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырады, ынталандыру материалдарын дайындайды. Сабаққа 2-3 күн қалғанда әр сабақтың конспектісін әдіскермен (өндірістік практиканың жетекшісімен) немесе психологпен бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет