БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2015 жыл Мазмұны: Паспорт 4 Ағымдағы жағдайды талдау 10



бет4/9
Дата25.02.2018
өлшемі2,12 Mb.
#38191
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2.3. Инфрақұрылымдық кешен.

2.2.3.1 Телекоммуникация және байланыс

Телекоммуникацияны негізгі жеткізуші «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы болып табылады. Қала аумағында «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі бар, негізгі телефондық нөмірлер 4050 құрайды. Бүгінгі күні осы компания «Мegaline» линиясы бойынша интернет ұсынады, ондағы мәліметтерді беру жылдамдығы 4 мбит/сек. жетеді.

Сонымен қоса интернет провайдер болып «IT LINK» ЖШС табылады, онда «Транстелеком» АҚ оптоволокондық линиясын қолданумен тұрғындыр үшін баламалы интернетті ұсынады, сонымен қоса WiFi байланысы бойынша сымсыз интернет қоладындалы.

Мобильді байланыс операторлары болып Beeline, K-Cell, Теле -2 табылады. 2013 жылы Activ компаниясымен елді мекенге 3G интернетін енгізу және толық қамту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жеке және ұялы байланыс компанияларымен жаңа технологияларды енгізудің арқасында «Қазақтелеком» АҚ интернет байланыстарын ұсыну бойынша нақты бәсекелестік бар.

Инфрақұрылымдар жүйелерін дамыту саласында қаланың негізгі проблемалары мен қажеттіліктері мыналар болып табылады:



  • «Қазақтелеком» АҚ интернет қызметтерін ұсыну жылдамдығының төмендігі;

  • тозған байланыс каналдарын қолдануы;

  • байланыстың оптоволокондық каналдарына ауыстыру қажеттілігі;

  • тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін байланыс жылдамдықтарын көтеруде қажеттілік.

Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа қамтамасыз ету

Қалада бүгінгі күні халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру бойынша белгілі жұмыстар жүргізіледі.

№ 3 орта мектепте тұрғындарды компьютерлік сауаттылық дағдыларына оқыту үшін компьютерлік сынып бар. Бүгінгі күні сыныпта интернетке қосылған 15 компьютерлер бар. Тұрғындарды оқыту бойынша үйретуші аттестаттаудан өтіп және онымен тұрғындарды оқыту кезеңінде келісім – шарт жасалған.

Қала тұрғындарын компьютерлік сауаттылық деңгейі көтеру үшін қазіргі кезде мынадай қажеттіліктер бар:

- ең соңғы ақпараттық технологиялар саласында тұрғындарды оқыту үшін қосымша үйретушілерді даярлауда және қайта даярлауда;

- үздіксіз интернетті қосумен компютер сыныптарының жұмысқа жарамдығын қамтамасыз етуде;

- курстың аяқталуы туралы сертификаттармен үйретушілерді қамтамасыз етуде.

Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының индикативтік көрсеткіштерінің жетістіктері үшін негізгі мақсаттар болып:

- қала тұрғындарын компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру және сапасын жақсарту;

- тұрғындарын компьютерлік сауаттылығын 68 пайызға дейін көтеру болып табылады.

Ағымдағы жағдайды талдау нәтижесін мынадай кесте түрінде ұсынуға болады.

Ағымдағы жағдайға SWОT –талдау нәтижелері

Күшті жақтары

1.Телекоммуникациялық қызмет жүйесінің дамуы;

2.Тұрғындарға интернет қызметтерді көрсету бойынша бәсекелестік;

3. Компьютерлік сауаттылық дағдыларына тұрғындарды оқыту үшін компьютерлік сыныптың болуы.



Әлсіз жақтары

1. Байланысты негізгі жабдықтаушылардың байланыстың ескі, тозған каналдарымен интернетті қолдануы;

2. Жаңа телекоммуникациялық жүйелерді енгізу бойынша қаржыландырудың болмауы.

Қауіптері

1.Жаңа инфрақұрылымдық жүйелерді енгізу бойынша ұйымдастырудың даяр еместігі;

2. Көрсетілетін қызметтердің сапасына тұрғындардың қанағаттанбауы.

Мүмкіндіктері

1.Инфрақұрылым кешенін дамытуда мемлекеттік қолдау;

2. Күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануға ұйымдар мен азаматтарды көшіру.

3. Жаңа телекоммуникациялық жүйелерді енгізу бойынша басқа елдердің халықаралық тәжірибесін қолдану.



2.2.3.2 Құрлыс


Құрылыстың басқа салалардан басқа және құрылыс өндірісімен ұйымдар мен басқармалардың ерекше нысандарының қажеттілігін мәжбүр ететін өз сипатының ерекшелігі бар.

Бұл – құрылыс үрдісі қатысушыларының сан алуандығы, капиталдың баяу айналымдылығы мен қауіптің жоғары дәрежесі.

Құрылыс саласының одан әрі қарай дамуы, сонымен қоса қауіпсіздікті көтеру мен қазіргі заман жағдайында құрылыс өнімдерінің сапасы экономикалық және саяси тапсырмалар болып табылады. Құрылыс кешені толықтай экономикаға үлкен ықпал етеді, яғни әлеуметтік саланың жағдайына маңызы кем емес.

17 кесте

млн. теңге

Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Өсу қарқыны 2013/2011

Барлығы құрылыс жұмыстары

1632,3

786,6

1097,2

67,2 %

Құрылыс-монтаж жұмыстары

732,5

632,6

752,9

102,8 %

Ағымдағы жөндеу

797,0

26,6

296,0

37,1 %

Күрделі жөндеу

102,8

120,3

48,3

47,0 %

Құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің игерілуі 752,9 млн. теңгені құрады немесе өткен жылға 119,0%.

Салушылардың өз қаражаттарына қалпына келтіріліп және жалпы алаңы 3,936 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе өткен жылдың деңгейінен 2,1есеге жоғары.

18 кесте


Көрсеткіштер

Өлшем. бірлік.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Негізгі капиталға түскен инвестициялар, соның ішінде.

млн. теңге

3127,1

2276,3

1797,7

Шетел инвестициялары

млн. теңге

0,4

0,0

0,0

Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге

1162,2

1632,2

786,6

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар

млн. теңге

363,4

157,2

214,5

Тұрғын үйді іске қосу (пайдалану алаңы)

мың. шаршы метр

15,808

3,850

8,132

Саланың даму жағдайын SWOT- анализ:



Күшті жақтары:

1. Құрылыс – монтаж жұмыстары көлемінің артуы;

2. Тұрғын үй құрылысы сияқты секторларда құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты өсуі.

Әлсіз жақтары:

1. Құрылыс саласында мамандардың жетіспеушілігі;

2. Қыс айларында істелінбеген жұмыс қуаттылығына себепші болатын (жоғары шығындар), құрылыс жағынан мерзімдік сұраным;

3. Құрылыстың ескірген сметалық-нормативтік базасы.

4. Құрылыс – монтаж жұмыстары көлемінің төмендеуі.

Мүмкіндіктері:

1. Облыс аумағында басым салаларда құрылыс материалдарын өндіру бойынша жаңа қуаттылықтар құру;

2. Өндіріс, жабдықтау ағымдарының теңдескен кестесін әзірлеу, мерзімдік құрылыс жұмыстары және аумақтық орналасу мәселесін шешу мақсатында жаңа және жаңғыртатын жобаларды құру есебінен құрылыс материалдарын тұтыну;

3. Жыл бойы қалыпты құрылысты ұйымдастыру.



Қауіптері:

1. Қыс айларында құрылыс материалдарына шығынның артуы;

2. Құрылыс саласында қажетті білікті мамандардың жоқтығы.

Әлеуметтік жағынан тұрғын үйге қажеттілік бар және адамның өмірдегі негізгі бір қажеттілігі мен барлық қоғамдағы басым проблема болып қалады, ал тұрғын үй құрылысын дамыту қоғамды дамытудың басым тапсырмасы болып қалады. Қала бойынша тұрғын үй кезегінде 200 астам адам тұр.

2012 жылдан 2013 жыл аралығындағы кезеңде қала бойынша 15918 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, соның ішінде жылдар бойынша:

- 2012 жыл – 3 850 кв. метр;

- 2013 жылы – 8132 кв. метр (2012 жылдың деңгейінен 2,1 есеге жоғары).

-2014 жыл – 3936 кв. метр (2013 жылдан 2,1 есетөмен); 2012-2014 жылдарда жеке инвестрлар қаржатынан бір көп пәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілді, 2014 жылы 4 көп пәтерлі тұрғын үй қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды.

Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде келешекте тұрғын үй қорын және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қайта қалпына келтіру жоспарлануда, соның ішінде жеке инвесторлардың есебінен.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:



Күшті жақтары:

  1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы.

  2. Тұрғын үй салынатын аудандарда инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту.

Әлсіз жақтары:

1. Жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың жоқтығы.

2. Қаржыландырудың жетіспеушілігінен жалдық тұрғын үй құрылысының нашар дамуы.

3. Құрылыс индустриясында қалыптаспаған тиімді нарық.

4. Экономикалық тұрғыда белсенді халық санынан негізгі көлемі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілмеуі, соның ішінде жас отбасыларды.

Мүмкіндіктері:


  1. Жек тұрғын үй құрылысын дамыту.

  2. Тұрығын үй құрылысына меншік инвестицияларды тарту және мемлекеттік - меншік серіктестікті ынталандыру.

  3. Апатты тұрғын үйді көшіру мәселесін шешу.

  4. Көптеген тұрғын үйлерді салу мақсатында аумақты кешенді игеру мен салынған аумақтарды дамыту, бірінші кезекте экономикалық топтағы.

  5. Қазақстанның Тұрғынүйжинақбанкі және Қазақстандық ипотека компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту.

  6. Жаңа заманауи технологияларды енгізу жолдарымен құрылыс индустриясын дамыту, энерготиімді және экологиялық талаптарға жауап беретін құрылыс материалдарын, конструкциялар мен бұйымдарды өндіруді арттыру, тұрғын үй құрылысында қазақстандық ұстау үлесін көтеру.

Қауіптері:

1. Тұрғын үй құрылысының төмендеуі, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы.



2.2.3.3 Жолдар және транспорт


Жолдар.

Қаладағы жергілікті маңызды жолдардың қашықтығы 42 км құрайды, оның ішінде 41,2 км – асфальтбетонмен жабылған, топырақпен - 0,8 км, көпір, су өткізу құрылыстары жоқ.

Автожолдар салаларын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігінен жол жағдайының төмендеуіне әкелді.

2013 жылы Абай, Тәуелсіздік, Олимпийская, Школная көшелерінің автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және барлық қаланың автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар жолдарды ұстауға және ағымдық жөндеуге қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі уақытынан бұрын жолдардың бұзылуына негіз болады. Автомобиль жолдарын алдын-алу жөндеудің және ұстау толық көлемде қаражаттың шектелуінен жүргізілмейді, бұл жасанды құрылыс және жер жабындарының жол қызметінің киімі қызметінің қысқаруына әкеледі.

19 кесте


2011 – 2013 жылдарға жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы

Техникалық – эксплуатациялық жағдайының өзгеру динамикасы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

км

%

км

%

км

%

Эксплуатациялық жағдайы бойынша

Жақсы

10,7

35,5

10,7

35,5

10,7

35,5

Қанағатты

12,9

42,9

13

43,2

13,5

44,9

Қанағаттандырылмаған немес бұзылу сатысында

6,5

21,6

6

21,3

5,9

19,6

2011 жылдан бастап 2013 жыл аралығында келісілген келтірілген талдау және мониторинг пайдаланылымы қалалық автомобиль жолдарының техника- эксплуатациялық жағдайы, техника - эксплуатациялық арақатынас көрсеткіші келесі түрде өзгереді:

Жолдың жақсы техникалық жағдайыдағы қашықтығы сол қалыпта қалды және 10,7 км құрады.

Қанағаттандырылған 12,9 км-дан 13,5 км-дейін, 0,6 км өсті.

Техникалық жағдайы қанағаттандырылмаған 6,5 км-дан 5,9 -0,6 км дейін кемеді.

20 кесте



2011 жылдан 2013 жылдары аралығында авто жол саласының негізгі

көрсеткішерінің өзгеру динамикасы

Бағытталған салада қаржыландыру, млн.теңге

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлығы

Қаржыландыру көздері бойынша, тыс. тенге

Барлығы

225,0


94,0

31,8

350,8

Республикалық бюджет

201,8

85,0

4,5

291,3

Қала бюджеті

23,2

9,0

27,3

59,5

Басқада қайнар көздері
















Жүргізілген жөндеулер, км

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлығы

Жөндеу жұмыстарының түрлері бойынша

Барлығы

3,05

0,5

6,9

10,45

Орташа жөнделер

1,95




0

1,95

Ағымды жөндеулер және ұстау

1,1

0,5

6,9

1,1

2011-2013 жылдар аралығына қаланың жол саласындағы бюджет инвестицияның соммалық көлемі 350,8 млн теңгені құрайды.

Осы қаражатқа қаланың автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары 10,45 км, соның ішінде 2011 жылы 1,95 км орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жылдары қала жолдарына іргелі жөндеулерге қаражат бөлінген жоқ.

Капиталдық жетіспеушілігі арнайы жол жөндеу және жол пайдалану техникасында байқалады. Автожолдар маңызынан тәуелсіз ағымдағы жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды орындау үшін негізгі машиналар мен механизмдердің жетіспеушілігі сезіледі.

Қысқы мезгілде жолдарды ұстауға дайындықты ұйымдар 45% қамтамасыз етеді, бұл аталған техниканың 50% техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда, 80 жылдардан пайдалануда болғандықтан ұдайы істен шығады.

Автожолдар салаларына SWOT талдау.

Күшті жақтары:

1. Автожолдар транспорт қатынастарының негізгі көзі болып табылады.



Әлсіз жақтары:

1.Негізгі құралдардың моралдық және нақты тозуы;

2. Инновацияны және автоматизацияны ендіру деңгейі төмен жағдайда.

Мүмкіндіктері:

1.Жеке мемлекеттік –жеке қарым-қатынас механизмінің дамуы;

2.Жол көліктерінің пайдалану транспорттық көрсеткіштің жақсаруы және тұтынушылығын күшейту;

3.Автомобиль жолдары жүйесін сақтау және дамыту;

4.Толық жөнделгеннен кейін автокөлік жолдарын жөндеу мерзімін ұзарту;

5.Сапалы халықаралық стандартқа сай автокөлік стандартын енгізу.



Қауіптері:

1.Ішкі және сыртқы конъюктураның төмендеу мүмкіншілігімен байланысты макроэкономикалық тәуекелдері;

2.Бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы;

3.Баға тәуекелдері;

4.Заңдылық тәуекелдер;

5.Экологиялық және техногендік тәуекелдер;

6.Кадрлық тәуекелдер;

7.Эксплуатациялық жол техникасының қатты ескіруі.


Көлік

Қалада автомобиль көлігі дамыған.

Теміржол тасымалын Семей тасымалдау бөлімшесіне ұсынылған «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компания» АҚ бөлімшесі ұсынады. Теміржол тасымалы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

Дегелен-Екібастұз, Астана - Ридер, Павлодар – Алматы, Қарағанды – Москва.

Жолаушы тасымалы екі қала аралық бағытында Семей және Павлодар қалалары арасындағы байланысты және бір қалалық мезгілдегі маршрутты қамтамасыз етеді. Қалада бір автобекет жұмыс істейді.

Қалада әуе және өзен көліктері жоқ.

2013 жылы жүк тасу көлемі (теміржол көлігін есептемегенде) 59,6 мың тоннаны құрады, жүк айналым көлемі 7546,4 мың ткм құрады.

21 кесте



Көрсеткіш атауы

2011 жыл

2012 жыл

Өсу қарқыны (2011 жылы 2012 жылға)

2013 жыл

Өсу қарқыны (2013 жыл 2012 жылға)

Өсу қарқыны (2013 жыл 2011 жылға)

Жүктер тасымалданған,

мың тонна



126,6

117,1

94,5%

59,6

50,9

47,1

Жүк айналымы, тонна/ км

10011,7

4796,0

47,9%

7546,4

157,3

75,4

2012 жылдан бастап жүк тасымалдауға бір кәсіпорын жұмылдырылды, сондай –ақ ол ағымдағы жылы 2012 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 57,3% артты.

Қазіргі уақытта қалада бейімделген ғимаратта орналасқан 1 автобекет жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта қалада 3 ЖҚС, 3 ТҚС жұмыс істейді.

Қалыптасқан жағдай келесі SWOT талдауда келесідегідей:

Күшті жақтары:

1. Тасымалдау санын көбейту жолымен қала тұрғындары үшін автомобиль көлігі қызметімен қамтамасыз ету.



Әлсіз жақтары:

1. Стационарлық автобекеттердің жоқтығы.

2. Рұқсатсыз құжаттарымен кісі тасуды жүзеге асыратын, заңсыз көлік тасымалдаушыларының болуы.

Мүмкіндіктері:

1.Басқа да қызығушылық танытқан жақтармен бірлесе отырып алдағы мақсаттарға қол жеткізу. Рұқсатсыз құжаттарымен кісі тасуды жүзеге асыратын, заңсыз көлік тасымалдау мәселесін шешу үшін.

2. Өзенмен кеме қатынасын дамыту мүмкіндігі, соның ішінде және жолаушыларды тасу.

Қауіптері:

1. Макроэкономикалық тәуекелдер сыртқы және ішкі конъюктураларының нашарлауы мүмкіндігіне, инвестициялық белсенділіктің деңгейі мен экономиканың өсу қарқынының төмендеуімен, банк жүйесінің дағдарысы, өнеркәсіптің төмендеуі мүмкіндігімен байланысты. Макроэкономикалық тәуекелдер жүзеге асқан жағдайда, көлік қызметіне сұраныс төмендеуі мүмкін, сондай-ақ, нысаналы көрсеткіште төмендейді.

2. Құндылық қауіпі. Транспорт саласын дамыту үшін шиеленіскен фактор болып энергия жеткізушілер мен құрылыс материалдарына баға болып қалады, бұл жұмыстың өзіндік құнына әсерін тигізеді.

2.2.3.4 Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық


Қаланың инфрақұрылымдық кешені электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жол саласы, транспорт, телекоммуникациялар пошта байланысы және абаттандыру салаларымен ұсынылған.

Инфрақұрылымдық даму кешені экономиканың қажеттілігін және жоғарыда айтылған қызметтермен халықты қамтамасыз етуге бағытталады.


Электрмен қамтамасыз ету.

Курчатов қаласына электрэнергияны беру және бөлумен Ертіс жанындағы аудандық жүйелер бөлімшесі Семей қаласының филиалы «ШҚАЭК» АҚ айналысады. Қарамағында – 68 адам бар.

Ертіс жанындағы бөлімшенің негізгі тапсырмасы кәсіпорындар жұмысына шығынсыз жету және «ШҚАЭК» АҚ СФ жүйесінде коммерциялық жоғалтуды азайту бойынша іс-шаралар жүргізу болып табылады.

Қаладағы электрмен қамтамасыз ету республикадағы станциядан энергетикалық бірыңғайлықпен қамтамасыз етіледі 51 (220/110), 48 км Павлодар облысы аумағында орналасқан және 53 станциядан екі электрмен жабдықтау жүйесімен қосылған (110/35/10). Қала аумағында 1949-1992 жылдарда салынған қуаттылығы әртүрлі 90 трансформаторлық станциялар орналасқан. Электрмен қамтамасыз етудің негізгі көзі Екібастұз ҚАЭС және ЛЭП 220 кв КЭГОК энергетика жүйесі болып табылады.

Қазіргі күні энергетика құралдарының тозу көрсеткіші өте жоғары.

Электрмен жабдықтау жүйесінің негізгі құралдарының жартысынан жуығы коммутарлық аппарат нормативтік эксплуатциялық мерзімі және апатты жағдайлардан қатардан шыққан.

Ұжымның атқарған жұмыстарынан 2011 жылдан 2013 жылдар аралығында электр энергия жүйелерінде ажыратылу аппатық жағдайлары болған жоқ.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақатары:

1. Электр беру жүйесінің дамыту кестесі 110 кВ және төмен.



Әлсіз жақтары:

1. Аймақтық электр жүйесінің ескіргені (65-70 %);

2. Жаңа энергия көздерінің құрылысын қамтамасыз ететін механизмнің жоқтығы.

Мүмкіндіктері.

1. Жаңа энергетикалық қуатқа шығу есебінен энергетикалық қауіпсіздікке жету;

2. Электр энергетикалық нысандарды дамытуға инвестицияларды тарту үшін салалық инвестициялық тартуды жоғарылату бойынша шаралар қабылдау.

Қауіптері.

1. Көптеген тозуларға байланысты қала тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету сапасының төмендеуі.


Сумен қамтамасыз ету

Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 100,0 % құрайды.

Қаладағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің қашықтығы 99,0 км. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық жағдайы нашар жағдайда: құрылыстың бұзылу көрсеткіші орташа (су қамалы, су тазалау станциясы және сорғылар) – 90 %, олардың инженерлік инфрақұрылымы – 90 %, сыртқы магистралдық субұрғыштар және тарату жүйелері, олардың арматуралар және өрттік гидранттар 90 % дейін тозған және осының салдарынан көп мөлшерде суды жоғалтуға, жоғарғы апатқа және шығындарға әкеп соғады.

Су қамалы құрылысының жағдайы нашар жағдайда:

- қазғыш акваториясы, су қабылдағыш сақиналары тұнбаланған және жауын-шашынды ұстап, сорғыш құбырлардан өздігінен су ағу жүйесі бітеліп қалуы мүмкін. Осы себептерден 1-ші көтерімде апатты жағдайлар болуы, Ұлттық ядролық орталықтың өнеркәсіптік алаңын және қаланы сумен қамтамасыз ету тоқтатылуы мүмкін;


  • өздігінен ағу жүйесінің жылжытқыштарын жөнделмеуінен, құдық қабырғаларының толық бұзылуынан суды құм басады;

  • балықтан қорғау торларының, қамалдардың және қақпақтар таттанып, тазалау жүйесі жұмыс істемейді;

  • су көтеру шығындарының түйіндерінде шығын өлшегіші жоқ.

Ауыз суға сағат сайын талдау жүргізетін химиялық лаборатория құралдары құрылысы жүргізілгеннен бері аралықта (1963 жыл) жаңартылмаған.

Суды тазалау бойынша құрылыстарына су жуу және коагулираттауға шығын жоғары (20% дейін РВЧ-тан суды тазалау фильтрда жуу өтеді). Құралдарды ылғалдау және хлорлау жұмыстары телемеханизациялау және автоматтау жүйесінің істен шығуына әкеп соқты.

Осы суды хлорлау технологиясы толықтай залалсыздандырылмайды және инфекциялық аурулардың болмайтындығына кепілдік жоқ, қарапайым потагенді және вирустарға қатысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары толық жасалмайды. Құрамында хлор араласқан ауыз суды пайдалану әр түрлі ауруларға, атап айтқанда бүйрек, орталық жүйке жүйесі, бауыр, асқазандағы темір, қалқанша без ауруларына әкеліп соғады. Су көзінде қалған хлорлар Ертіс өзеніне ағады.

Су құбырларын эксплуатациялау және қызмет көрсетумен «ККЭК» МКК айналысады, бұнда кадрмен қамтамасыз ету жеткіліксіз, құрал-жабдықтардың жоғары пайызы бұзылған. Осыған байланысты алдағы уақытта нысандарды ауыз сумен қамтамасыз етуді тасымалдау мәселесі туындайды.

Сумен қамтамасыз ету жүйесі жұмысының келесі себептер бойынша шығындары жоғары:

-су қамалы құрылысынан суды тазалау станциясына дейін маңызды су құбырларының қашықтығы;

-тазалау құрылыстары және қамал кешені ұлғайған;

- суды тазалау технология реагентін тазалау маңызды шығын, оның ішінде су қамалына ұдайы құюы Ертіс өзені суының ластануын жоғарлатады;

- сумен қамтамасыз ету жүйесінің барлық арматуралары және құбырлардың техникалық жағдайы ескі болғандықтан апаттар және көп мөлшерде су ағуы болады.

2011-2013 жылдары қалалық бюджет қаражаты есебінен 24,7 млн. теңге сомасына сумен жабдықтаудың магистралді жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді, соның ішінде 2013 жылы – 7,8 млн. теңге.

Сумен жабдықтаудың магистральдік жүйелеріне және су тоғанын тезірек қайта жөндеуде аса қажеттілік туындады.

Магистральдік коллекторлармен су тоғанын және сумен жабдықтаудың магистральдік жүйелерін қайта жөндеумен су көтеру станциясын қайта жөндеу қала тұрғындарын сумен жабдықтаудың сапалы қызметтерімен, талап етілетін санитарлық-гигиеналық ережелермен, сумен жабдықтау қызметтерін ұсынуға шығындарды үнемдеуді қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын төмендетеді.

Индустрия мен жаңа технологиялар минстрлігінің жүйесі бойынша 040 республикалық бюджет бағдарламасына сәйкес «Семейгидрогеология» ЖШС кәсіпорны жаңа технологиясы ҚР МСБ бекітілген Курчатов қаласын жер астынан су қорымен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық – ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін анықтау үшін іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілген.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Казцинк» ЖШС өз қаражаты есебінен «ШҚО Курчатов қаласында магистральдік коллекторлармен және су көтеру станцияларымен су тоғанын қайта жөндеу» ЖСҚ әзірлеуді бастады.

Сала жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1. Су қорының жеткілікті деңгейі;

2. Сумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйелерінің болуы;

3. Сумен қамтамасыз ететін жұмыс істейтін жүйе бар;



Әлсіз жақтары:

1. Сумен қамтамасыз жүйесі және көп нысандардың бұзылуы және осының салдарынан ауыз су сапасының төмендеуі, апаттар болуы;

2. Оларды жаңартудан бұрын, өндіріс қоры негізінің ескіруі қарқынды жүруде;

3. Сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестицияның жетіспеушілігі.



Мүмкіндіктері:

1. Жер астында жаңа тұщы суларды игеру;

2. Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету;

3. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникасын жаңарту, суды тазартуға және су даярлауға шығындарды арттыру;

4. Заманауи тиімді технологиялар ендіру мүмкіндігі;

5. Материалдық техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру.



Қауіптері:

1. Ертіс өзенінің ластануына байланысты судың азаюы;

2. Құралдардың тозуына байланысты жұмыс жасалмай қалуы, қоршаған ортаға қауіп төндіру мүмкіндігі;

3. Су қоймаларының техникалық ұзақ мерзімде пайдалану жағдайында болғандықтан қанағаттандырмаушылық жағдайы;

4.Тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін ескірген су дайындықтары;

5.Апаттың өсуі;

6. Инфекциялық аурулардың өсуі.
Жылумен қамтамасыз ету

Қаладағы жылу энергетика кешені ең күрделі, негізгі және қаладағы инженерлік инфрақұрылымдық әлеуметтік-маңызды нысан болып табылады.

Жылу жүйесінің жалпы қашықтығы – 14,285 км құрайды. Жылу жүйесіндегі жалпы қашықтығы 13,134 км (немесе 97 %) ауыстыруды қажет етеді.

2013 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 54,6 мың Гкал жылу энергиясы жұмсалды.

2013 жылғы жылу энергиясын тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне 59%, ұйымдардың тұрмыстық-коммуналдық қажеттілігіне – 21 %, кәсіпорындардың өндірістік қажеттілігіне – 20 % келеді.

Бүгінгі күні тұрғын үй қорына, ұйымдарына, әлеуметтік нысандарға және кәсіпорындарға «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» МКК қатты отында жұмыс жасайтын бес қазандық қызмет көрсетеді, бұдан басқа қаладағы ұйымдар мен кәсіпорындардың жартысында сұйық және қатты отында жанатын өздерінің қазандықтары бар.

Пайдаланған жылдары ішінде қазандық жабдықтары және қазандықтар өндірістік қуаттылығын толықтай жұмсады. Жылу көздері мен желілерді неше жыл қатарынан пайдаланғандықтан жөндеу жұмыстары инвестицияланбағандықтан, технологиялық құралдар мен жүйелердің тозуына әкеліп соқты. Қазандық ғимараттары қаланың шетінде орналасқан, көмірмен жанатындықтан, оның түтіні тұрғын үйлерді ластайды, бұл экологиялық қалыпты дөрекі бұзғандық болып табылады.

Курчатов қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілмеген, тұтынушыларға ыстық су беруге қазандықтың қуаттылығы жетпейді.

Қазандықтарда төтенше жағдайдың орын алу қаупі бар және апат салдарынан, су құбырларының ескіруінен жылу берудің тоқтауы мүмкін.

Жылу жүйесіндегі құралдард 90% ауыстыруды қажет етеді. Жылу көздері мен желілерді неше жыл қатарынан пайдаланғандықтан жөндеу жұмыстары инвестицияланбағандықтан, технологиялық құралдар мен жүйелердің тозуына әкеліп соқты, есептеу құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіші төмен болып қалады.

2013 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 3,8 млн. теңге сомасына жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қала қазандықтары үшін жабдықтарды сатып алуға 14,6 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта көп қабатты тұрғын үйлер және басқа да нысандар қалпына келтірілгендіктен жылуды тұтынушылардың саны ұлғайды. Қазіргі уақытта 6 тұрғын үй қалпына келтірілді.

Қуаттылығы 49 сағ/Гкал жылу орталығы құрылысының қажеттілігі туындады, бұл қызмет ұсынудың сапасын жақсартады, қазандық жұмыстарының шығындарын азайтады, қол жұмысын азайтады, облыстық бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ әзірлеу аяқталуда.

Қалада жылу насостық қондырғылары есебінен жылумен қамтамасыз етілетін нысандар бар: ол «Ядролық технология паркі» АҚ ғимараты және 1 тұрғын үй.

2013 жылы жылу энергия жүйесін жоғалту көлемі 1,5 Гкал құрады және жылу энергия жіберудің жалпы көлемінен 4,6 % құрады.

2011 жылдан 2013 жылдары аралығында («ККЭК»МКК бойынша) жылу энергиясын босатуға шартты отын шығынының өсімі бар. 2013 жылы осы көрсеткіш 26,0 мың тоннаны құрады, бұл 2,4 мың тоннаға немесе 2011 жылдың деңгейінен 21,6% жоғары.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:

1.Жылу көздерімен жылу энергия өндірісі өсті;

2.Жылу энергиясын тұтынушыларды арттыру;

3.Қаладағы қазандықтар үшін арзан отын көздері болып табылатын, көмір орындарының бар болуы.



Әлсіз жақтары:

1.Жылумен қамтамасыз ету қызметінің сапасыздығы;

2.Қазандықтарда қуаттылықтың жеткіліксіздігі;

3.Қала қазандықтарында қол еңбегі бар;

4.Қазандықтар қала шетінде орналасқан;

5.Ыстық сумен қамтамасыз ету қызметі жоқ;

6.Жылумен қамтамасыз ету жүйесін (жалпы қашықтықтағы) 90 % ауыстыру қажет.

Мүмкіндіктері:

1.Болашақта жылумен қамтамасыз ету көздерінің зиянсыздығын дамыту;

2.Қаладағы жылумен қамтамасыз ету кестесін оңтайландыру.

Қауіптері:

1.Жоғары сатыдағы негізгі қордың бұзылуынан қазандық қуаттылықты шығаруы мүмкін;

2.Төтенше жағдайдың орын алу қаупі бар және апат салдарынан су құбырлардың ескіруінен жылу берілудің тоқтауы мүмкін.

3.Бәсекелестік орталықтың дамымауы.

4. Жылу энергиясының жоғарғы дәрежеде жоғалту.
Су өткізу

Қаладағы тазалау ғимараттары тұрғын орыннан 8 км ара қашықтықта орналасқан, пайдалануға 1968 жылы берілген.

Жоба қуаттылығы – 17 мың м 3/ тәулігіне, нақты – 7,9 мың м3/ тәулігіне. Канализациялар жүйесінің жалпы қашықтығы 42,696 км құрайды, жүйенің тозуы 31,459 км жетті немесе 85%, бұл апатты жағдайға әкеледі. Тазалау ғимараттары материалдық және моралдық ескірген. Құрылыстың бетоны бұзылған, ішіндегі металды бөлігіндегі коммуникация толық агресивтік ортадан ажыратылған. Ертіс өзенінің суы ластануда.

Тазалау құрылыс ғимараты кешенді жөндеуді қажет етеді. Канализация жүйелері пайдалануға 1968 жылы берілген, агрессивтік ортадан ажыратылған, 2008 жылы қызмет мерзімі біткен, толық ауыстыруды қажет етеді.

1997 жылдан бері суды биологиялық тазалау көздері жоқ.

Су көздеріне тек хлорлау және механикалық тазалау жүргізіледі. Тазалау тиімділігі 30 %-дан 55 %-ға дейін, тазаланбаған қалдықтар 45-70 % жетті.

22 кесте

ҚСТ арқылы өтетін ағындардың жасалған жылдық көлемі.


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

300 000 м3

300 000 м3

300 300 м3

Қазіргі уақытта республикалық және облыстық бюджеттерден мақсатты трансферттер есебінен жаңа кәріз тазалау құрылысы аяқталуда.

Тазалау имараттарын пайдалану сапа мәселесін шешу және қатардан шығуына жол бермеу мақсатында канализациялық жүйелерді қайта жаңартуға, жаңа тазалау имараттарының құрылысы қажет.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1.Суды ағызу қызметімен тұрғындарды қамтамасыз ету.

2. Кәріз тазалау құрылысы аяқталуды.

Әлсіз жақтары:

1.Құбыр жүйелері 85 % қанағаттанарлықсыз жағдайда және ауыстыруды қажет етеді;

2. 15 км орналасқан коллектор қысымдығының жағдайы нашар, 90 %.

3.СПК №7 және 9 жағдайы нашар, 90 %.



Мүмкіндіктері:

1.Құбырлар жүйесінің, су өткізу нысандарының, тазалау имараттарының нысандарын қайта жаңарту мен құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру тұрғындарды су ағызу қызметімен қамтамасыз ету көрсеткішін жоғарылатуға жол береді.



Қауіптері:

1.Құбырлар жүйесі, тазалау құрылыстарына нысандарға су өткізуді жаңарту құрылыстары бойынша мемлекеттік бюджеттен жобаны қаржыландырудың жетіспеушілігінен тұрғындардың санитарлық-экологиялық жағдайына кері әсерін тигізу.


Тұрғын үй қоры

Қалада 74 көппәтерлі тұрғын үй бар, қала аумағында салынған үйлердің 81,0 пайызы 20 жылдан астам пайдалану мерзімі өткен.

23 кесте

Үйлер саны

Пайдалану мерзімі

%

16

50 жылдан астам

21,6

23

50-40 жыл

31,1

9

40-30 жыл

12,1

12

30-20 жыл

16,2

14

20 жылға дейін

19,0

Алдын ала жүргізілген талдау, яғни бүгінгі күні 60 объектілерге қалдырмай жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететінін көрсетеді, ал 1 тұрғын үйді апатты деп мойындау үшін құрал – саймандық талдауды қажет етеді.

Кондоминиум объектілерін республикалық деңгейде қажетті қаржы нығайтқыштарымен құрал-саймандық талдау бойынша бағдарламаларды әзірлеу қажет.

Жеке кәсіпкерлермен құрылған, тұрғын үй қорын пайдалану және ұстауды үш ұйым қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын енгізу бойынша жағдай қанағаттанарлықсыз. Тұрғын үй қорлары бойынша жылуесептеуіштердің жалпы саны: тұрғын үйлер – 74, орнатылғаны – 10 үй (7,4%), ұйымдар бойынша жалпы саны – 180, орнатылғаны – 7 (3,8%).

Яғни есепке алу жабықтары тікелей энергия ресурстарын үнемдемеуіне қарамастан, көптеген жағдайларда оларды енгізу энергияны пайдалануды төмендетуге жағдай жасайды. Бұл тұтынушылардың өздерінің қанша тұтынғандығы туралы нақты ақпарат алып, коммуналдық қызметтерге өздерінің шығындарын реттеу мүмкіндігі пайда болып және нәтижесінде, тұтынушылар кәдімгі қалыппен энергиямен жабдықтауға уәжделеді. Сондықтан барлық энергия ресурстарды есепке алу жабдықтарын орнату мәселесі мен есептеуіш көрсеткіштері бойынша қолданылған энергоресурстарға есептерді ұйымдастыру энргоресурстарды қолдану тиімділігінің артуының негізгі бір құралы болып табылады.

Бүгінгі күні өзекті мәселе болып қалада МПК құру болып табылады. Нәтижесінде уақытылы және толық көлемдегі жөндеу жұмыстарының өткізілмегендігінен ғимараттардың ескіру үрдісі жылдамдайды.

Жүргізілген талдау яғни эксплуатациялық төлемдер жинағының орташа пайызы 63%, 37% құрайды, пәтер иелері эксплуатациялық шығындарды төлемейді.

Шындығында тұрғын үйлерді салуда жоспарлық-алдын алу жұмыстарының жүйесі жоғалған, соның ішінде құрылыс құрылымының және инженерлік коммуникациялардың жарамсыздығын анықтау мен жою мақсатында олардың ерте кезеңде болуын тексерулер мен жөндеу –алдын алу жұмыстарын өткізу тәжірибесі.

Тұрғын үйлердегі жылумен жабдықталудың бұзылуы бәрінен бұрын едәуір дәрежеде үй іші жүйелері жағдайының қанағаттанарлықсыздығына байланысты.

Басқару компаниялары сонымен қоса тұрғын үй –коммуналдық шаруашылықта энргия үнемдеу жобалары мен іс-шараларды енгізуде негізгі қызығушы тараптары болуы тиіс. Басқару компаниялары негізгі табысты тұрғындарға коммуналдық қызметтерді көрсетуден алады, сапалы қызмет көрсету үшін сәйкес энергетикалық ресурстар сатып алады. Сатып алынған энергия ресурстарының құны мен көрсетілген коммуналдық қызметтер құны арасында неғұрлым үлкен айырмашылық, соғұрлым басқару компаниясының бизнесі нәтижелі.

Энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу көрсетілген коммуналдық қызметтер сапасын сақтауда энергия ресурстарын қолдануды төмендетуге жағдай жасайды.

Көрсететін коммуналдық қызметтердің сапасын сақтау кезінде энергия үнемдеуді енгізу іс шаралары энергия ресурстарын тұтынушыларды төмендетуге рұқсат етеді.

Бұл мақсатта, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық модернизация бағдарламасы аясында термомодернизация жұмыстарын жүргізу басталған. Тұрғындармен 30 астам жиындар өткізіліп басқа мәселелермен қатар термомодернизация бағдарламасы туралы ақпарат қоса мәлімделді.

Термомодернизация элементтерімен қоса кондоминимум нысандарының жалпы мүліктің жөндеулері, иммараттың қабырғаларын жылыту есебі, шатыр және үйдің алды және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жылудың техникалық сипатын жақсартуға мүмкіндік береді, ағымдық жөндеулер кезінде 10 пайызға дейін, іргелі жөндеулер кезінде 30 пайызға дейін жылуды тұтыну үнемдеуге дейін жетеді.

Толықтай 2014-2015 жылдары кондоминимумдер нысандарының жөндеу бойынша жобаны іске асыру жөндеулерді қажет ететін кондоминимумдер нысандарының үлесін төмендетуге мүмкіндік береді, ал 2020 жылға дейін 20 үйлерді жөндеу және 54,0 % үлеске дейін жеткізу жоспарлануда.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:

1. 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын жетілдіру шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізіледі. 2020 жылға дейін 10 пайыздан аспайтын жөндеу жұмыстарын қажет ететін үйлер үлесі күтілуде.

2. Аз қамсыздандырылған азаматтарға тұрғын үй механизімінің көмегінің бар болуы.

Әлсіз жақтары:

1. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін ұстауда тұрғындардың төмен белсенділігі.

2. ТҮКШ саласында метериалды – техникалық база әлсіз бәсекелестік қабілеті төмен.

Мүмкіндіктері:

1. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу мен терможаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайды.

2. Кондоминимум нысандарының жалпы мүлікке жөндеу тұрғын үй көмегін тарту.

3. Тұрғын үй құрылысына және мемлекеттік – жеке серіктестікті ынталандыруға жеке қаражаттандыруды қарату.



Қауіптері:

1. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу мен терможаңғырту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жетіспеушілігі, сонымен қатар 2011-2012 жылдарға арналған тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарының әлсіздігі.

2. Тұрғын үй қорының жоғарғы дәрежеде ескіруі.
Көркейту

Қала аумағында 18 көшелер және жолдар бар, (1099,12 мың м2 тазаланатын алаң) 0,1 мың м2 – бақтар, саябақ, алаңдар, 52 тұрғын үйдің алаң аумақтары, 21 тұрғын үйлерге кондоминиум құрылды, 3 ескерткіш және қоқыс төгетін орын және өнеркәсіптік қалдықтар полигоны бар.

Қаланы көркейту көрсеткішін жоғарылату үшін санитарлық жағдайын қолдап, тұрғындардың санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз етуде жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде көркейту және көгалдандыруда көшелерді және жолдарды, бақ аумағын, алаңдарды, мәдениет орындарының және мектептің аумағын тазалау бойынша іс-шаралары жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтардан іске жаратуды жүргізу, сондай-ақ, көркейту бойынша жұмыстар да жүргізіледі.

Қалада жыл сайын 1,8 мың көшет ағаштары, 4,0 мың метрге бұталар, 0,1 мың кв. дерна және 0,5 мың кв. метр жерге гүлдер отырғызылады.

Қалалық бюджеттен қаланы көркейту үшін 2011 - 2013 жылдар аралығында 98,5 млн. теңге бөлінді, оның 100 % игерілді.

2013 жылы абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілген – көше шеттерін сәндік безендіру, «Буратино» балалар саябағының территориясын көркейту, екі балалар ойын алаңдарға ағымдық жөндеулер, қалаға кіреберісте арка орнатылған.

5,4 мың көшет ағаштар, 4,0 мың погонды метр бұталар, 500 кв.м гүлдер отырғызылды.

Бірақта шешілмеген мәселелер тізімі бар.

Көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула территориясы 70% аула алаңдарын орнатуды қажет етеді, жүріс жөндеулері, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізілген, қурап қалған ағаштардың жарамсыздығын кесу.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Мәдени мекемелері және мектеп аумақтарының, кондоминум нысандарының тұрғын үйлердің аулалық аумақтарын, алаңдарды, саябақ аумақтарын, көшелерді және жолдарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуіне сәйкес аумақтарды көркейту және көгалдандыру бойынша жыл сайынғы іс – шаралар өткізу.

2. ҚТҚ және өнеркәсіптік қалдықтар полигонының бар болуы.

Әлсіз жақтары:

1. Аумақтарды көкейту және көгалдандыру бойынша іс –шараларды қаржыландырудың жетіспеуі.

2. Қала территориясында жарықтың дәрежесінің жетіспеуі.

3. Қаланың көгалдандыру дәрежесі төмен.



Мүмкіндіктері:

1. Саябақ, аулалық аумақтарды , қасбеттерді жөндеу аумақтарды көркейту бойынша мемлекеттік – жеке әріптестік болашағы.

2. Қала территориясын көгалдандыру бойынша тұрғындарға насихаттау, қалада қоғамдық іс шараларды жүргізу.

Қауіптері:

1. Тұрғын үй қорының, көркейту элементтерінің қарқынды тозуы, жабын, қасбет жағдайының қанағаттанарлықсыздығы, жеке құрылыстардың этетикаға сай келмейтін түрі.



2.2.4 Аумақтық құрылым


Қаланың бас жоспары 2008 жылы әзірленіп, 2008 жылғы 08 сәуірдегі № 5/79- IV облыстық мәслихат сессиясында бекітілді, 2013 жылы бас жоспарды түзету жүргізілді, осы жұмыстарға қалалық бюджетте 10,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Түзетілген бас жоспар облыстық мәслихат сессиясының 2014 жылдың 11 сәуірінде № 19/240-V шешімімен бекітілген.

Базалық деңгейде мемлекеттік қала құрлысы қала құрылысы кадастрінің ақпараттық жүйесі әзірленді.

Мемлекеттік қала құрылыс кадастрының базалық деңгейі қаланың құрылыс және қала құрылысы, сәулет бөлімінің электронды кезекші жоспары болып табылады. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүйесінде қала құрылысы қызметі бойынша ақпарат жиналады, жер телімін беру, жоба әзірлеу, жұмыс өндірісіне рұқсат беру, құрылыс мониторингі салынған нысанды пайдалануға беру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкімет» Мемлекеттік бағдарламасын қалыптастырумен іске асыру шеңберінде қалада «Адрестік регистр» ақпараттық жүйесі» мәліметтердің мемлекеттік базасын дамыту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – «Жеке тұлға», «Заңды тұлға», «Жылжымайтын мүлік регистрі», тағыда басқа ақпараттық жүйелер мәліметтерінің мемлекеттік базасы үшін адрестік ақпаратты қалыптастыру мен ұсынудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру.

Саланың дамуына SWOT талдау:



Күшті жақтары:

1. Тұрғындар арасында жағымды тіршілік әрекеттің құру үшін амақтың кешенді құрылысы. Сонымен қатар қала аумағын дамытудың негізгі бағыттары шешілуде, әлеуметтік, рекреациондық, өндірістік, көліктік және инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды қосқанда.



Әлсіз жақтары:

1. Қаланы жобалаудың толық жобасы әзірленген жоқ.



Қауіптері:

1. Толық жобалаусыз нақты жобасыз жер телімдерін ұсыну және нысандар салу Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынған.



      1. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару ортасындағы мемлекеттік саясатты орындауда басқару жүйесін жетілдіру керек, өкілді және жергілікті органдардың жұмыс нәтижесін және тиімділігін көтеру қажет.

Қала әкім аппаратынан қазіргі уақыттағы нәтижеге байланысты айқын және қызметтің есеп беруге тиісті жоғарлату бойынша мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша талап етіледі. Жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін көтеру және үйлестіруді жақсарту жұмыстарын алға қойып келеді.

Дәл осындай мақсатпен Шығыс Қазақстан облысында «электрондық әкімдік» құру бойынша Өңірлік Бағдарламаны іске асыру басталды, «е-үкімет» біреуін құрайтын сияқты.

Бүгінгі күні қала әкімінің аппараты және облыс әкімінің аппараты арасында Бірыңғай көліктік орта (одан әрі қарай - БКО) құрылған.

2011 жылдан бастап, Елбасының 2008 жылғы 27 қазандағы № 01-25.231 тапсырмасына сәйкес қағаз құжатайналымын қысқаруға қатысты, қала әкімінің аппараты Курчатов қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерімен бірігіп ведомствоаралық электрондық құжатайналымды енгізу бойынша жұмысты ойдағыдай жүргізуде.

2009 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде ЭҚАБЖ жұмыс орындарының саны артты 9 дан (2009 жылы) 35 дейін (2013 жылы). Соның ішінде қаланың әкімі аппаратында 13 жұмыс орындары орнатылған және ойдағыдай жұмыс істейді.

2011 жылы қаланың мемлекеттік мекемелері бойынша жалпы құжатайналым 3735 құрайды, оның ішінде: қағаз түріндегі құжат айналым – 2525 (67,9%), электронды түрде – 1200 (32,1%).

2012 жылы жалпы құжатайналым қалалық әкім аппаратында құрады – 4347 құжатты, соның ішінде: қағаз түріндегі құжат айналым – 1093 (25,2%), электронды түрде – 3254 (74,8%).

Бүгінгі күні электрондық құжатайналым жалпы құжатайналымнан 94% құрайды, 2010 жылы электрондық құжатайналым үлесі 24% құрады. 2015 жылы қағаз құжатайналымын 0 % дейін қысқарту жоспарлануда.

Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізу мемлекеттік органдар қызметінің айқын деңгейін көтеруді талап етеді. Осы мақсатпен мемлекеттік органдардың виртуальді қабылдау бөлімдері жұмыс істейді, қалалық сайтта тұрғындарға әлеуметтік сауалдар тұрақты жүргізіледі, форум жұмыс істейді.

Қала әкіміне, оның орынбасарларына, қала әкімінің аппараты басшысына азаматтардың бейне өтініштерін жазуға және көруге жағдай жасайытын, 2012-2013 жылдары «Диалог» ақпараттық-анықтамалық жүйені енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. «Диалог» ААЖ Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан, онда тұрғындардың көп мөлшерде келулері байқалады.

2009 жылы Курчатов қаласы әкімі сайтының жаңа платформасы құрылған. Беттердің жалпы саны 2014 жылдың 1 қаңтарына 3657 құрайды, олардан 533 - ақпараттық және 3124 жаңа беттер.

2012 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі кезеңде барлық түскен өтініштер -3. Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық куәландыру орталығының 3 электрондық сандық кілті бар.

Курчатов қаласында 2010 жылдан басатап «Өңірлік шлюз, электрондық үкіметтің ішкі жүйесі сияқты» («Е-әкімдік АЖ») ақапарттық жүйесі шеңберінде электрондық түрге 10 мемлекеттік қызметтерді ауыстыру жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша және оларды алудың қолайлы түрі ретінде «бір терезе» қағидасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары болып табылады (ары қарай - ХҚКО).

Курчатов қаласында 1 ХҚКО жұмыс істейді.

Курчатов қаласының ХҚКО халыққа баламалы және баламасыз түрде өтініштерді қабылдау және құжат беру бойынша 160 жуық мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні әлеуметтік-маңызды қызметтердің базалық санаттарын автоматтандыру шеңберінде мынадай іс-шаралар іске асырылған.



«Электрондық үкімет» іске асыру шеңберінде құрылған, ақпараттық жүйелердің жұмысы

Қаланың жергілікті атқарушы органдарында жұмыстар жүргізітіндер Е-үкіметтің базалық компоненттері болып табылады:



  • ҚР бірыңғай электрондық құжат айналым жүйесі (ары қарай – БЭҚАЖ);

  • Мемлекеттік ақпараттық жүйесі «Мекен-жай тізілімі».

2011 – 2015жж. жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін жоғарлату бойынша әкімшілік аппараты ішінде ЭҚАБЖ жүйесін енгізі қажет, жүйеде жұмыс жасау бойынша оқытылған қызметкерлердің санын арттыру, автоматтандырылған жұмыс орындарының бөлігі, қаладағы әрбір мемлекеттік мекемеде локалді желі енгізілген.

«Е-әкімдік» ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру

Ақпараттарды сақтаудың негізгі бір тобы болып 2008 жылдың 29 қазанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының куәландыру орталығы болып келеді. Ол USB интерфейсімен кілт – ауысымдық таратушы арқылы қатал екі факторлы авторландыру негізінде оларды өңдеу құралдарына және мәліметтеріне қол жеткізудің әр түрлі құқықтарын қамтамасыз етеді.

ЭҚАБЖ жұмыс істеу үшін басшылар мен әкім аппараты кеңсесінің қызметкерлеріне арналған электрондық-сандық қол қоюдың 12 таратушылары сатып алынды, осындай талап барлық дербес бөлімдерге мәлімделді. Қала әкімдігінің ғимаратында 100 Мбит/сек жылдамдығымен ақпарат алмасуды ұйымдастыруға жағдай жасайтын локальдік жүйе жұмыс істейді. Интернет жүйесіне қол жеткізу «MegalineSmallBusinessBasicIDphone» тарифтік жоспарының 4, Мбит/сек бойынша жылдамдығымен байланыстың 3 линиялары бойынша іске асырылады, 2009 жылдан бастап электрондық поштаның өз домені пайдаланылады - @kurchatov.vko.gov.kz.

Қаланың мемлекеттік мекеме жүйеснің ақпараттық қауіпсіздік қоры өрісінің тиімділігін жоғарлату бойынша қазіргі уақытта қажеттіліктер келесі бойынша:

- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, мемлекттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлауда;

- мемлекеттік мекемелерді серверлік бөліммен қамтамасыз ету;

- жұмысшыларға және оқыту пайдаланушысына нұсқаулық істеп қою.

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының негізгі мақсаты индикативтік көрсеткіштеріне жету үшін негізгі мақсаттар:

- ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту және мониторинг ұйымдастыру;

- тұрғындардың электрондық әкімдік қызметін айқын пайдалануын арттыру,

-қаланың мемлекеттік органдары жүйесін ақпараттық қауіпсіздік қорымен қамтамасыз ету.



SWOT нәтижелері – ағымдағы жағдайды талдау, келесі кесте түрінде көрсетуге болады:

Күшті жақтары:

1. ЖАО жеткілікті техникалық жабдықталу;

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына мониторинг жүргізу үшін негіз бар;

3. Электрондық қызметтер орталығында 123 электрондық қызметтерді іске асыру: 11 интеративтік, 1 виртуальді қабылдау;

4. ЖАО облысы бойынша бірыңғай транспорттық ортаның болуы;

5. Серверлік бөлімесі бар, соның ішінде резервтік;

6. Электронды құжат айналым бірыңғай жүйесі бар;

7. Қалада 3 қоғамдық кіру пункті жұмыс істейді;

8. Мемлекеттік органның өз сайтының болуы;

Әлсіз жақтары:

1. Жауапты мемлекеттік органның электронды мемлекеттік қызметті тұтынушымен өзара әрекеттесу тәртібін реттеуге арналған нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі;

2. Ведомствоаралық қатынастар үшін де, электронды мемлекеттік қызметті тұтынушылармен өзара әрекеттесу үшін де ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы;

3. Халықаралық тәжірибенің заманауй ең үздік тәжірибесі есебімен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігі және сапасын бағалау мен мониторинг методологиясының жетілмеуі;

4. ҚР ГБД заңдық келісілген интеграциясының болмауы;

5. Қаланың мемлекеттік мекемелерінде автоматтандырылмаған негізгі бизнес-шаралар;

6. Интернет-порталда әлеуметтік талап етілетін интеративтік, транзакциондық мемлекеттік қызметтер саны тұрғындардың қажеттіліктерін жаппайды;

7.«Е-үкімет» базалық компоненттерімен ықпалдастықтың болмауы.



Мүмкіндіктері:

1. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуда өңір тұрғындарының қызығушылығы;

2. Мобильдік телефондардың кеңінен таралуы «Е-әкімдік» қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін пайдалануы мүмкін;

3. «Е-әкімдік» құру бойынша басқа елдердің халықаралық тәжірибесін қолдану.

4. ШҚО Курчатов қаласының әкімдігі «Электрондық үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымдарды дамытудың жеткілікті жоғары деңгейі бар - бірыңғай транспорттық орта, құжатайналымның бірыңғай жүйесі, серверлік және тораптық жабдықтар, резервтік серверлік комнатаның болмауы, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапа мониторингісі.

Қауіптері:

1. ЖАО-дың интерактивті электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуде е-үкімет базасының компоненттерімен ықпалдастығының болмауы;

2. Қала тұрғындарының арасында ақпараттандыру төмен болған соң электрондық мемлекеттік қызметтің қажет еместігі;

3. Халықтың электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қанағатсыздануы.



Жоғарыдағы ЖАО туралы аталған мәліметтер негізінде келесі қорытындылар жасауға болады:

ШҚО Курчатов қаласының әкімдігі «Электрондық үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымдарды дамытудың жеткілікті жоғары деңгейі бар - бірыңғай транспорттық орта, құжатайналымның бірыңғай жүйесі, серверлік және тораптық жабдықтар, резервтік серверлік комнатаның болмауы, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапа мониторингісі.



Әлсіз жақтарды бейтараптандыру үшін қажет:

- жергілікті атқарушы органдардың ішкі бизнес-шараларына талдау жасау, автоматтандыруға жататын процестер тізімін құрастыру;

-ақпараттандыру процесстерін қамтамасыз ету бойынша шара қолдану, сонымен қоса ЖАО методологиялық және нормативті құқықтық жүйелерді жетілдіру есебінен АБ;

- бірегей тасымалдауды дамыту;

- қаланың барлық мемлекеттік органдарын ЭҚАБЖ қосу;

- «электрондық үкімет» базалық компоненттерімен ықпалдасу мәселелерін шешу;

- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мониторинг жүйесін аяқтау;

- Үкіметтің веб-ресурстары, қала әкімінің порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде процесстерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру;

- электрондық үкімет қызметтері туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру;

- тұрғындардың компютерлік сауаттылығын 68% дейін арттыру.



Жоғарыда аталған кемшіліктердің негізгі себептері болып:

- мемлекеттік басқарманың нормативті- құқықтық базасының толықсыздығы және қарама қайшылығы.

- ақпараттық құрылымның дамуына кейбір бағыттарының қаржыландырудың болмауы немесе шектеулі болуы.

Осы қауіптерді болдырмау үшін болашақта «электрондық үкімет» дамуында әкімдікте келесі шарттар орындалуы тиіс:

- ЖАО қызметтерін белсенді автоматттандыру кезінде облыс басқармасы органдарының қызметкерлерін дайындау есебінен адами ресурстарының потенциалын дамыту қажет, сонымен қоса тұрғындарды «электрондық үкімет» мүмкіндіктерін қолдануына оқыту;

- «электрондық үкімет» бастамасын насихаттау үшін қала тұрғындарының арасында РR-компаниясын жүргізу;

-мемлекеттік электрондық қызмет көрсетумен тұрғындардың қанағаттану деңгейінің бағалау жүйесін жетілдіру;

- автоматтандыруға болатын, ескішеленген жұмыстарды жою үшін қызметкерлердің еңбегін жеңілдетуге АЖ жетілдіре түсуге және әкімдіктің сәйкес құрылымдық бөлімшелерінде көп тиражбен шығуы тиіс.


Гендерлік саясат

2013 жылы қалада 11,7 мың адам тұрды, оның ішінде әйелдер 6,1 мың адамды немесе 52,2% құрады. Әйелдер ерлермен бірдей қаланың экономикалық қызметінің барлық салаларына белсене қатысып келеді.

Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдердің үлес салмағы басым болып келеді. Әйелдердің қаланың өмірінің барлық салаларына қатысуына жүргізілген мониторингтің нәтижесінде төмендегілер анықталды, денсаулық сақтау саласында 164 әйел, білім беру жүйесінде – 217 әйел жұмыс істейді. Курчатов қаласында шағын және орта бизнестің 12 кәсіпорынын әйелдер басқарады. Олардың қызметінің негізгі бағыттары – ЖЖМ өткізу, кабельдік теледидар қызметі, табиғи тасты өңдеу, азық- түлік және өнеркәсіп тауарларын өткізу, қызмет саласы.

Талдау 2013 жылы экономикалық қызметтегі әйелдердің пайыздық үлес салмағының негізінен өзгермегенін, тек білім беру саласында, коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету, сауда және үй шаруашылығын жүргізуде арқанын көрсетті.

Сонымен қатар ерлер мен әйелдер еңбекақысын төлеуде айырмашылық сақталуда. Орта есеппен қала бойынша ерлердің еңбекақысы әйелдермен салыстырғанда 30,8% жоғары.

Сонымен қатар әйелдер еңбек нарығында барынша бәсекеге қабілетсіз болып келеді. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер 19 адамды немесе 39,6 % құрайды. Мұның өзінде 2011 жылмен салыстырғанда 12,8% қысқаруы байқалады.

2013 жылы ерлердің еңбекақысы 116 355 теңге көлемін құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 13,9% өсті, әйелдерде ол 7,0% өсіп, 80 645 теңгені құрады. Ай сайынғы номиналды әйелдер еңбекақысының ерлер еңбекақысына қатынасы 69,3% құрады.

Қалада әйелдерді саяси жұмыстарға тарту бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Қалалық мәслихаттың 11 депутатының 3 немесе 27,3% әйелдер.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтары:

1. Әйелдер саны тұрғындардың жалпы санының 52,2% құрады;

2. Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдердің үлес салмағы басым болып келеді;

3. Әйелдердің өмір жасының ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары.



Әлсіз жақтары:

1. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдердің үлесі 39,6 % құрайды;

2. Әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде билікке қатысуы жеткіліксіз;

3. Ерлер мен әйелдерге еңбекақы төлеуде айырмашылықтар сақталуда.



Мүмкіндіктер:

1. Әйелдерді саяси қызметке тарту арқылы олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.



Қауіптері:

1. Әйелдердің құқықтарын сақтамау;

2. Әйелдерді жыныстық белгісі бойынша кемсіту.

2.2.5.1 Қала бюджеті


Қала бюджеті бюджеттік әкімгерлердің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің ұлғаюымен ерекшеленеді.

Қала бюджетінің көлемі 2013 жылы 1 524,0 млн. теңгені құрады.

Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттер ұлғайып, 2011 жылға қарсы 83,4% ұлғайды. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттердің үлесі 55,2 % құрайды, меншік кірістер үлесі – 44,8% құрайды.

2013 жылы экономика саласының өсу қарқынының оң жетістігінің және меншік кірістер түсімдерінің кіріс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша облыста жүргізілген жұмыстар арқасында меншіктік кірістің түсуі 2011 жылға қарағанда 16,2 % өсті.

Қала бюджетінің шығындары ақырғы үш жылда 37,7% өсті және 1 462,6 млн. теңгені құрады.

Қала бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, 2012 жылы әлеуметтік саланың қаржыландыру көлемі артып, 2011 жылға 29%.

Бюджеттің қалыптасуы шығын қажеттілігі бағасында жүзеге асырылды, бюджеттік қызмет пен объективті факторларды есепке алу тұтынушылары санына негізделгенде, әр түрлі аймақтардағы шығын қажеттіліктеріндегі әртүрлілікке себепші болады. «Сметалық» тәсілден - ағымдағы шығындарды бағалауға өту жүзеге асырылды, объективті факторларды есепке алумен формульдық кесте бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар саны нәтижесінде, шығындар деңгейінде әртүрлілікке себепші болатын (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдай, көліктік қолжетімділік және т.б.).

Қаланың бюджеттік саясаты қаланың барлық бірге алғандағы міндеттемелерін толықтай және уақытында жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталған, бірінші кезекте ол әлеуметтік міндеттемелер, сол сияқты жұмыспен қамтамасыз етуді қосқанда, қала тұрғындарына әлеуметтік қолдауға жанама әсерін тигізетін іс шаралар.

Сайып келгенде, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталған, қала экономикасы және шығындарды жоспарлауда негізгі басымдылық білім және әлеуметтік қолдауға қатысты, сонымен қатар дағдарысқа қарсы сапалы өсуі үшін жағдай жасау болып келеді.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет