Бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе»



бет1/6
Дата19.07.2020
өлшемі59,44 Kb.
#74663
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.54

/02-2013



ПОӘК

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы



«Мамандыққа кіріспе»

№ 1 басылым

.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мамандыққа кіріспе»



5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

Алғы сөз


I ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы __________ «___28___» ____08___2013 ж. Ж.С. Қасымова, б.ғ.к.., доцент, «Химия» кафедрасы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия» кафедрасының отырысында


«____28____» ______08_______2013 ж., №_ _1__ хаттама.
Кафедра меңгерушісі __________ Б.Х. Мусабаева
2.2 Инженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
«___12___» _____09______2013 ж., №_ _1__ хаттама.
Төрайымы __________ С.С. Төлеубекова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«________» ______________2013 ж., №_ ____ хаттама.

ОӘК төрайымы __________ Г.К. Искакова

4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕҢГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4.


Курс форматы

5.


Курс саясаты

6.


Баға қоюдың саясаты

7.


Әдебиет тізімі


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Қасымова Жанар Сайлаубековна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент

Химия кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел:35-05-90, оқу ғимараты №9, кабинет №409

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 409

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

Хими́ялық техноло́гия - тұтыну өнімдеріне және аралық өнімдерге шикі табиғи материалдарды ең экономикалық және экологиялық әдістерімен өндеу туралы ғылым. Химиялық технология жеке білім саласы және оқу пәні ретінде XVIII ғ. екінші жартысында бөлінді.

Химиялық технологияның барлық процестерін жалпы кинетикалық заңдылықтарға тәуелді 5 негізгі топқа бөледі:



  • гидромеханикалық;

  • жылу;

  • масса алмасу (немесе диффузиялық) процестер;

  • химиялық процестер;

  • механикалық процестер.

Ұйымдасу-техникалық құрылысына байланысты процестер периодты және периодты емес болады.

Химиялық процестер бейорганикалық заттардың (қышқылдар, сілтілер, содалар, силикат материалдары, минералдық тыңайтқыштар, тұздар және т.б.) технологиясына және органикалық заттардың (жасанды каучук, пластмассалар, бояғыштар, спирттер, органикалық қышқылдар және т.б..) технологиясына бөлінеді. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандарының жетістіктері жаңа ғылыми-өндіріс бағыттарын құру және жетілдіру негізі болып табылады. Адам қызметінің барлық салаларына химиялық технологияның еңуі оны терең оқытуды қажет етеді.


1.3Пәнді оқып-білудің мақсаты: өздері таңдаған мамандықпен, оқу бағдарламасымен, химик-технолог кәсіптік дайындығына негізгі талаптарымен, химиялық технологияның даму тарихымен, химиялық өндіріс саласының мазмұнымен таңыстыру.
1.4Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

- химиялық өндірістің инженер-технолог кәсіптік қызметінің ролі және маңызы; инженерлік қызметінің объектілері, мысалы ШҚО және жалпы Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды зерттеу; технология пәні қалыптасуының негізгі жолдары; химиялық өндірісте технологияның ролі және маңызы; өндірістің химиялық саласы мазмұның, негізгі бейорганикалық синтез технологиясының әдістері мен әдістемесін зерттеу туралы студенттердің білімін қалыптастыру.


1.5Оқып-білудің нәтижелелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • кәсіптік қызметінің мәнін және қоғамда маңызын, қызмет істеу нақты саласын анықтаушы негізгі ғылыми мәселелерін; технологиялық объектілерді жобалау негіздерін; химиялық технология гидродинамикалық, жылу, масса алмасу және реакциялық процестерінің, сонымен қатар термиялық, каталитикалық процестерінің, физика-химиялық негіздерін; заттарды химиялық және инструменталдық анализ әдістерін, олардың сапасын бақылау, автоматтық басқару жүйелерінің функцияларын, құрылу принциптерін және жеке базасын; өндіріс ғимараттары конструкцияларының және кәсіпорындарының бас жоспарларының негізгі элементтерін; кәсіпорындар қызметінің ұйымдастыру-экономикалық негіздерін; бейорганикалық заттар мен материалдар шығару және өндеу технологиялық схемалар құру және технологиялық құралдарды таңдау принциптерін; аз қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологияларды құруды білуі тиіс;

  • ойлау және ой білдіру мәдениетін; қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды, ақпаратты жинау, сақтау және өндеу компьютерлік әдістерді; техникалық, қаржы және адам факторлары есебімен негізгі өндіріс қатынастарын және басқару принциптерін; техникалық құралдардың жобасын, конструкциясын құру, таңдау, есептеу тәсілдерін меңгеру тиіс;

  • алынған тәжірибе мәліметтері негізінде химиялық есептер техникасын игеру тиіс;

  • қазіргі замаңғы ақпараттық білім беру технологияларды қолданып, жаңа білімдерді; мамандық бойынша әдебиетті оқу, рефераттарды, іс қағаздарды құру; кәсіптік функцияларды еңгізумен байланысты мақсат қою және есептер қалыптастыру, оларды шешуде зерттелген пәндердің әдістерін қолдана алуы тиіс;

  • негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді және химиялық технология даму болашағын түсіну тиіс;

  • ғылым, техника және өндіріс дамуында химиялық технологияның орны және ролі; негізгі химиялық өндірістер, шикі зат көздері, химика-технологиялық жүйелерді құру және талдау принциптері; химиялық технология даму тенденциялары; бейорганикалық заттардың химиялық технология өндірісі және өндеу саласында негізгі ғылыми-техникалық мәселелер мен даму болашағы және жақын салалармен өзара байланысы жайында мәлімет болуы тиіс;

  • технологиялық құралдарды таңдау және есептеу; химиялық өндірістің жылу және материалдық балансын құру; инженерлік шешімдердің техника-экономикалық анализі, бейорганикалық заттар мен материалдарды алу және зерттеу әдістері жайында мәлімет алуы тиіс.

1.6Курстың пререквизиттері:

1.6.1 физика (мектеп бағдарламасы);

1.6.2 сызу (мектеп бағдарламасы);

1.6.3 химия (мектеп бағдарламасы).

1.7Курстың постреквизиттері:

1.7.1 бейорганикалық химия;

1.7.2 аналитикалық химия;

1.7.3 органикалық химия;

1.7.4 физикалық химия;

1.7.5 жалпы химиялық технология.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет